Суық қарутану мен жарылғыштану. Суық қарутанудың түсінігі, түрлері
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Суық қарутану мен жарылғыштану Суық қарутанудың түсінігі, түрлері. Жарылғыштанудың түсінігі, түрлері.
Орындаған: Қуанышқалиева Н.А
Тексерген: Атаханова Г.М
Қару туралы түсінік
Қару - соғыс кезінде жаудың әскери күшін жою үшін қолданылатын жарақтар мен қондырғылар. Алғаш аңшылықта қолданылатын қорғану және шабуыл құралы ретінде пайда болып, кейін қарулы соғыс жүргізу құралына айналды. Қаруды жүйелеудің әр халықта қалыптасқан дәстүрі бар, ал тұрақты қалыптасқан ғылыми жүйелеу бойынша әскери шабуыл құралдары жауынгердің жеке қаруына және соғыс жағдайында бірнеше адамның қызметін қажет ететін үлкен әскери қаруларға (түрлі қондырғылар, әскери машиналар, т.б.) бөлінеді. Жұмсалу тәсіліне қарай адамның дене күшін пайдалану арқылы қолданылатын суық қаруға және оқ-дәрінің күшін пайдаланатын атыс қаруына бөлінеді. Құралымына, жасалатын материалына, жарақат салу тәсілдеріне, қызметіне, жасалу әдісіне қарай ерекшеленетін жауынгерлік қарудың көптеген түрлері бар. Қазақтардың дәстүрлі қару-жарақ жүйесінде жауынгердің жеке қаруы "ер қаруы" деп аталады. Қазақтар жарақат салу тәсіліне сәйкес ер қаруының негізгі бес түрін (ату, кесу, шабу, түйреу, соғу) айырады. Атыс қаруы пайда болып, оның жетілуі барысында 19 ғасырдан бастап соғыс әдістері күрт өзгеріп, дәстүрлі суық қару қолданыстан шығып қалды. 20 ғасырда ғылым мен техниканың дамуына қарай қарудың, әскери техниканың жаңа түрлері, бактериологиялық, химиялық, атомдық, ғарыштық, т.б. жаппай қырып-жою түрлері пайда болды.[1]
Қару-тipi немесе басқа нысаналарды жою үшін құрастырылып жасалған, сондай-ақ, дабылдар беруге арналған құрылғылар мен заттар. Бұлар: атыс қаруы, суық қару, газ қаруы, электр қаруы, пневматиқалы қару,дабыл қаруы, лақтыру қаруы болып саналады.
Сатып алуға, жанында ұстауға және қаруды сақтауға лицензия алған қаруы бар заңды және жеке тұлға қару иесі бола алады. Зани көзкарас тұрғысынан - заңсыз алып жүру, сақтау, сатып алу, дайындау және сату қылмыстық жауапкершілікке апарып соғатын зат. Шаншитын (стилеттер, кездіктер, шаншитын найза түріндегі және т.б.), шаншып-кесетін (фин пышағы, қанжар, аншы пышағы, найза пышақты және т.б.), шабатын (қылыш, семсер және т.б.), уататын (кистендер, қастеттер және т.б.) суык. қаруды дайындау немесе сату, заңсыз алып жүру оқиғалары барынша жиі кездеседі.Суық қару (холодное оружие) -- әскерде көне заманнан оқ-дәрі мен атыс қаруы ойлап табылғанға дейін қолданылған қоян-қолтық ұрыс қаруы. Шабуылдау мен қорғануға арналған. Суық қару соққылы (найза, қылыш, семсер) және сілтегіш (садақ, қысқа сапты найза, сілтегіш машиналар ж. т.б.) болып бөлінеді. Суық қарудың кейбір түрлері қазірге дейін сақталған, қазіргі әскерлердің жеке құрамдарының жарығында атыс қаруларымен қатар қолданылады (сүңгі, армиялық пышақ, кездік т.б.)
Суық қару және оны пайдалану іздерінің криминалистикалық зерттеуі.
Суық қару деп тікелей механикалық дене жарақаттарын түсіру үшін арнайы жасалған, шабуылдау немесе белсенді корғану максатына арналған және тікелей өндірістік немесе тұрмыстық шаруашылық кажеттілігі жоқ заттарды атайды. Суық қару жасалынатын кұрылымы, өлшемдері және олар жасалған материалдары, шабуылдау немесе белсенді қорғанудың мақсатына жетуді қамтамасыз ету керек.
Суық қару дәлелдемелік зат ретінде мынадай жағдайларда есептеледі, егер ол кісі өлтірудің немесе дене жаракаттарын түсірудің қаруы болса, сонымен катар қорқыту күралы болып табылса. Суық қаруды колдану фактісі болмағанда да суық қаруды жасауға, алып жүруге, сатуға байланысты ол (суық қару) -- криминалистикалық зерттеудің объектісі бола алады, өйткені осы әрекеттердің барлығы кылмыстық жазаланатын әрекет құрамын құрайды (Қазақстан Республикасынын ҚК-нің 251 және 252-баптарына сәйкес).
Барлық айтылған және соған ұқсас жағдайлардың бәрінде суық, қару болып табылатындығын және қарудың қандай түріне жататындығын анықтау туралы сұрақтарды шешуге тура келеді.
Суық қарудын жіктелуі өте күрделі бола тұра, олардың мақсаттарына байланысты іс-әрекеттерімен, кұрылыстарына байланысты, жасалу әдісіне байланысты және т.с.с. тұрады.
2.Іс-әрекеттеріне байланысты суық, қару:
- түйрейтін;
- кесетін;
- шабатын;
- кесіп-түйрейтін;
- шауып-түйрейтін;
- ұрып-жаратын;
- комбинациялық болып бөлінеді.
Бұлар өз алдына жүзді (клинковый) және жузсіз болып бөлінеді.
Арналуы бойынша суық, қарудың барлығы келесіше жіктеледі:
- әскери суық қару;
- аңшылық суық қару;
- азаматтық суық қару.
Әскери суық қару штатты бола тұра жакын ұрыстарда адамның денесіне жаракат салуға арналған оларға штыктар, қылыштар және т.с.с. жатады.
Аңшылық суық қаруларға ан аулау кезінде пайдаланатын аңдарды пышақтауға, союға, етін жіліктеуге, басқа да косымша шаруашылыктық тұрмыстық жұмыстарды орындауға арналған саймандар жатады.
Азаматтық суық қару -- азаматтық тұлғалармен бейбітшілік уақытында өздерін корғау максатында немесе тұрмыстық мақсаттарда қолдану үшін (ұлттық пышақтар, кинжалдар және т.с.с.) жасалған қару деп білуіміз керек.
Жасалу әдісі бойынша суық қарулар келесілерге бөлінеді:
1) заводтық (стандарттық, фабрикалық, фирмалық);
2) ұсталық, қару жасау шеберлерімен кәсіби дәстүрлерді ескеріп жасалатындар;
3) қолдан жасалғандар -- қару шеберлері болып табылмайтын жеке адамдармен жасалғандар.
Жүзі бар қарулар олардың кұрылыстық ерекшеліктері мен конфигурациясына, өлшемдеріне байланысты қолға ұстау ыңғайлары бойынша жіктеліп бөлінеді. Осыны ескере отырып, оны шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
- тұтқалы жүзді қару (кылыштар, шпагалар, ятагандар, кинжалдар, пышактар, кортиктер, жүзді штыктар және т.с.с);
- ұзын сапты жүзі бар қару (мысалы, найзалар, дротиктер, айбалталарт.с.с);
- сабы да, түтқасы да жоқ бірақ ұзын ұңғылы атыс қаруларға бекітілу үшін кондырғылары бар жүзді суық қару (жүзді штыктар).
Қару жүзінің ұзындығы бойынша: қысқа жүзділерге және ұзын жузділерге бөлінеді. Қысқа жүзділерге - қанжарлар, аңшылық, ұлттық пышақтар және т.с.с. жатады. Ұзын жүзділерге -- қылыштар, рапиралар жөне т.с.с. жатады.
Жүзінің түрі бойынша: тік жүзді және қисық жүзді қаруға бөлінеді.
Түйрейтін жүзді қаруларға: кортиктер, қырланған штыктар, шпагалар, рапиралар жатады.
Шабатын жүзді қаруларға: кылыштар, балталар; ал түйреп-шабатындарға ятагандар жатады.
Криминалистика тәжірибесінде ең кең тарағаны -- сапты жүзді қару болып отыр. Оған: кинжалдар (әскери, азаматтық, аңшылық) пышақтар (әскери, азаматтық, оның ішінде ұлттық, аңшылық) жатады.
Ұрып-жаратын қаруларға: шоқпарлар, шабуыл қамшылар, кастеттер, арнайы қол сақиналар және алақанға киіп ыңғайланған суық қарулар жатады.
Тұрмыстық заттар ретінде жасырын түрде жасалған қарулар, мысалы кол таяктың ішінде, қолшатыр ішінде, қамшы т.б. қарулар.
3. Тінту немесе қарау тергеу әрекеттері кезінде суық қару табылып алынса, тергеу әрекетінің хаттамасына суық қарудың түрі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін белгілер жеткілікті көлемде бейнеленуі керек.
Суық қарудың материалдық бөлігін қарау оның құрылымы, кұрылысы мен мөлшерлерін өлшеуден басталады. Осы жерде бөлшектерінің толықтығына, жүзінің сабына бекітілу тәсіліне; қарудың белшектерінің қандай материалдан жасалғанына; заводтық сипаттамаларының бар-жоктығына, түсіне, беріктігіне (тегіс, кедір-бұдырлы, ара тісті); жүзінің түріне (қисық па, түзу ме), лезвие және ұшының қайралғанына, қайралу деңгейінің өткірлігіне; қаралып отырған қару қандай белгілі бір үлгідегілермен сәйкестігіне, ұқсастығына назар аудару кажет.
Алынған затты әрі карай суық қарудың белгілі бір түріне жатқызу арнайы анықтамалық альбомдар мен құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Объект суық қару болып табыла ма және суық қарудың қай түріне жатады деген сұрақты шешу үшін криминалистикалық сараптама тағайындалады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz