Мемлекеттiк саяси қызметке кiру тәртібі, А және В корпустарының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

8-тапсырма

Тақырыбы: Мемлекеттiк саяси қызметке кiру тәртібі, А және Вкорпустарының ерекшеліктері
Орындаған: Нурболатов Д.Е

Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары.
Мемлекетік қызметші дегеніміз мемлекеттік органда заңда белгіленген тәртіппен республикалақ немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдақ өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР ның азаматы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мамлекеттік қызметші ұғымы қысың магынада берілген. Онда Мемлекеттік қызмет, делінген мемлекеттік қызметшілердің мелееттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі.
Аталған заң - мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден бір құқықтық акт.
Заң мемлекеттік лауазымның ұғымын пайдалануға енгізді, мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын топтар мен санаттарға бөлуді белгіледі, мемлекеттік қызметпен мемлекеттік қызметшінің ұғымын айқындады, мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайының негіздерін , мемлекеттік қызметті өткізу тәртібін белгіледі және мемлекеттік қызметтік қатынастармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттеді.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Конституция, жоғарыдағы аталған заң, республиканың өге нориативтік құқықтық актілері жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың Еңбек туралы заңдар кодексімен және өзге де заңдармен реттеледі.
Сонымен, Мемлекетік қызметші дегеніміз мемлекеттік органда заңда белгіленген тәртіппен республикалақ немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдақ өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР ның азаматы болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет -- мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер -- мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер -- тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер -- мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
заңдылык;
патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;
мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);
азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
мемлекеттік қызметкерлердін өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі);
мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы жене есеп беріп тұратындығы;
мемлекеттік қызметкерлердін өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
бірдей жұмысқа тен еңбекакы алатындығы;
бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлерінін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінін өздерініи өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
мемлекеттік құпия больш табылатьш немесе заңмен қорғалатын құпиядан басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
мемлекеттік қызметкердін қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.

Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері
* өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
* қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
* мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
* біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
* орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
* еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
* мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
* зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
* жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
* Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
* Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
* азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
* олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
* өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
* өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
* басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
* мемлекеттік құпияларды сақтауға;
* мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
* кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:
* белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
* сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
* мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кадрлық резервті қалыптастыру және оны пайдалану механизмі
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
Әскери форманың даму тарихы
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтағы жылу пунктін TIA Portal программалық қамтамасы негізінде сымды байланысы бар үлестірілген өндірістік желіні құрастыру және зерттеу мәселелері
Жылу энергиясының шығынын есептеу
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Ерітінділердің қайнау температураларын анықтау
Сот баллистикасының түсінігі, маңызы мен объектілері
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Пәндер