2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы No 636 Жарлығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында айтқан Үшінші жаңғырту үдерістерін іске асырады және жедел экономикалық сапалы өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша міндеттер қояды.
2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың әлемдік қаржы дағдарысының әсерін жеңілдететін және әртараптандырылған тұрақты экономикалық өсуге көшуді жеделдететін стратегиялық жоспардың орнын басады. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен мақсатты индикаторлары орындалды, қалғаны мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы жүзеге асырылуда.
2025 жылға дейінгі басты мақсат - сапалы және орнықты экономикалық дамуға қол жеткізу, бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері деңгейінде адамдардың әл-ауқатының өсуіне әкеледі.
Экономиканың сапалы өсуі бизнестің және адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңартуға, институционалды жағдайды жақсартуға, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс әсерін минимизациялауға негізделуі керек. Сонымен бірге БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары маңызды эталонға айналады.
2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелік реформа мен 2025 жылға дейін елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын жеті басым саясаттың айналасында құрылды. Еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену барысын өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер анықталды.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қызмет етудің мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қызмет етудің 2011-2020 жылдарға арнап жасалған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы No110 жарлығымен бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда өмір сүретін барша этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың басты мақсаты ретінде мемлекеттік тілдің кең жұмыс жасауын қамтамасыз ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарламаның негізгі міндеттері
2025 жылға негізгі мақсат
Қазақстан - 2050 стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру тетіктері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
Пәндер