БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС - ТӘСІЛДЕР


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңартумен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы- оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білуге бағыттайды.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталғанын түсінеді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ. Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұстастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, зерттеу, пысықтап анализ жасау- әр ұстаздың міндеті.
Сабақ барысында «Миға шабуыл», «Автор орындығы», «Ыстық орындық», «Уақыт тізбегі», «Хикая картасы», «Балық қаңқасы», «Дара диаграмма», «INSERT», «Аквариум», пікірталас, дөңгелек үстел, диалог, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау үшін тиімді әдіс-тәсілдер болып саналады. Мысалы: жаңа сабақ басталар алдында «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазып, уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларын оқиды, идея қайталанбау керек. «3 таяқша» әдісін қолдану барысында әр топ берілген тақырыпқа байланысты оқушылар 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея дайындап, көпшілікке таратады.
Жаңартылған бағдарлама негізінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері:
- Оқушылардың қызығушылығын туғызады;
- Әрқайсысының оқу үдерісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
- Әрбір оқушының сезіміне ерік аударады;
- Кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
- Оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
- Мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.
Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушыларға көмегін тигізеді. Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін және мәтінмен жұмыс жасауға арналған стратегиясы «INSERT», «ДЖИГСО» стратегиясын жиі қолданамыз. Тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады: «Y»- білемін, «-» - білмеймін, «+» мен үшін жаңа ақпарат, «?»- мен таң қалдырады белгілерін қойып отыру оқу арқылы тапсырылады. Оқушы жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекітуде «Фишбоун», «Өрмекшінің торы», «SWOT талдау» әдісін қолданған тиімді. «Фишбоун» әдісінде постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады, денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Бұл берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.
Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі - «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Оқушыларға дәптердің бетін ортасынан түзу сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып, бөліктің оң жағына мәтіндегі әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерге жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.
Ал жазылым кезеңінде «Еркін жазу», «5 минуттық эссе», «5 жолды өлең» стратегиясын қолдану өте тиімді. Оқушылар оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасайды. Проблема бойынша өз көзқарасына рефлекция жасай алады. Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсі керек екенін тағы басқа да өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz