Жеңіл бетон: жіктелуі, қасиеттері және өндірістік қалдықтарды қолдану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Министерство образования и Науки Республики Казахстан

Южно-Казахстанский Университет им. М. Ауэзова

CРC

Тема: “ Жеңіл бетон ”

Выполнил(а) : Ниязбек Д

Принимал(а) : Нурымбетова Р

Группа: См 19-5к1

Жоспары:

1. Бетон түрлері .

2. Бетондардың жіктелуі.

Бетон - белгілі мөлшерде алынатын щебеннен ( гравийден ), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Бетон көлемінің басым көпшілігін - 85-90% дейін құм мен щебеннен тұратын толтырушылар құрайды. Құрылыста түрлі қасиеттерімен сипатталынатын әр-түрлі бетондар қолданылады. Бетондар мынадай белгілері бойынша жіктелінеді : орташа тығыздығымен, арналу мақсатымен, байланыстырушы және толтырғыштар түрімен. Структура сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның орташа тығыздығына оның басты қасиеттері ( мықтылығы, аязға төзімділігі, су өткізбейтіндігі, жылуөткізгіштігі және т. б. ) байланысты.

Ораша тығыздығы бойынша бетондар өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне жіктеледі. Қолдану салаларына байланысты - конструкциялық және арнаулы бетондар болып бөлінеді. Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны жэне толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлыгы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркэсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішІнде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық жэне өнеркэсіптік құрылыстардың, оның ішінде жерастында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң жэне түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі.

Бетон даярларда қолданатын толтырғыштардың көпшілігі стандарттар талабына толық сәйкестенбейді. Темірбетон конструкцияларын жылумен өңдерде көптеген ыстық бу пайдаланусыз далаға шығындалады, қалып паркінің жаңалануы нашар, бетондық араласпаны даярлауға эбден жарайтын өндіріс қалдықтары әлі де болса аз пайдаланады. Өндірісте, эсіресе қалыптау жэне арматура жасау цехтарында еңбек сыйымдылығы осы уақытқа шекті жоғары болып келеді, қолмен істелінетін жұмыс көлемі көптеу, өнеркэсіп құрылысына қолданатын конструкцияларды жасарда, қол жұмысының үлесі 40% жетеді. Төменгі класстар бетондарынан жасалынатын конструкциялар үлесі айтарлықтай, сонымен қатар, жоғары мықтылық бетондардан жасалатын тиімді конструкциялар небэрі 0, 1-Ю, 2% аралығында. Жеңіл және кеуекті бетондардан

жасалатын жинақты жүккөтерімші және қоршаушы конструкциялар көлемі бар болганы 15-20% аспайды. Көптеген нысандар тым ұзақ салынып, техникалық - экономикалық көрсеткіштері төмендеу болатыны жиі кездесіп тұрады. Оның үстіне ғылым және техника- технология жетістіктерін шаруашылық салаларына енгізу жұмыстары бүгінгі күннің талабына сәйкестенбейді.

Осы келтірілген құрылыстағы олқылықтарды жою негізінде бағдарлама жасап, күрделі кұрылыста бұдан былайғы уақытта индустриялау процесін дамыту жэне еңбек өнімділігін асыру бойынша пэрменді шара жүргізу құрылысшы мамандар мен ғалымдардың маңызды мақсаттары мен міндеттері болып саналады.

Қазіргі нарықтық жағдайда құрылыс саласындағы әрбір маман міндеті қаражат шығынын, эрбір еңбек сағатын, эрбір материал (цемент, бетон, металл, темірбетон жэне т. б. ) өлшемін тиімділікпен пайдалануды дәл есептеу. Өндіріс экономикасын тереңірек түсінбей, өнеркэсіп өндірісінің тиімділігін асырудың жолдары мен негізгі багыттарын таңдау және бағалау тәсілдерін меңгермейінше, материал жэне еңбек қорларын үнемдеу амалдарын білмейінше, бұл міндеттерді шешу мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл бетондар: классификациясы, қасиеттері және өндірістік технологиясы
Жасанды қиыршық тас негізіндегі жеңіл бетон блоктарын өндіру зауытын жобалау
Бетон толтырғыштарының жіктелуі, негізгі қасиеттері және зерттеу әдістері: Тасқала опокасынан жасанды қиыршықтас өндіру
Бетонның жіктелуі және көбікті бетон өндірісінің технологиясы
Бетон толтырғыштарының классификациясы, қасиеттері және сапа талаптары
Бетон түрлері мен қасиеттері, қоспаларын дайындау және тығыздау технологиясы
Байланыстырғыш заттардың жіктелуі, өндірістік технологиялары және құрылыстық қасиеттері
Автоклавты ұялы бетон блоктарын өндіру технологиясы және өндірістік қуатты жобалау
Наноматериалдар: өндірістік технологиялары, қасиеттері және қолдану салалары
Жоғары берікті бетон: қасиеттері, материалдары, өндіру технологиясы және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz