Қазақстандағы табиғи және техногендік төтенше жағдайларды алдын-алу және жою


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Апат айтып келмейді . . .

Адамзат жаратылғаннан бері әр түрлі табиғи апаттарды басынан өткеріп, табиғат ананың қаншама сұрапыл, жойқын, бұзушы күштеріне куә болып келеді. Табиғи апаттарға - жер сілкінісін, сел жүруді, қар көшкінін, су тасқынын, қалың қар басуды, қатты дауылды, табиғи өртті жатқызуға болады. Қазақ халқы бұл тізбедегілерді «табиғи апаттар» деп ресми түрде айтпай-ақ, зілзала деп те атаған. Осы зілзалалардың қайсысының болсын табиғатқа да адамға да әкелетін зардабы мен шығыны аз болмайды. Зілзала көбінесе күтпеген жерден болатын болғандықтан, адамдардың қалыпты өмірінің аяқ астынан астаң кестеңін шығарады, материалдық тұрғыдан да зор зардабын тигізеді, тіпті адам өміріне қауіп төндіріп, ажалға да себеп болады. Зілзаланың тек белілі бір елді мекенге ғана емес, тұтастай мемлекетке әкелетін зияны мен шығыны шаш етектен болуы мүмкін. Біздің елдің алып жатқан жер көлемі өте үлкен екені баршаға аян. Осы кей байтақ жерде тау да, жазық та, өзен де, көл де, орман да, шөл дала да бар. Сол себепті де әр түрлі зілзала туу қаупі де жоқ емес. Мысалға алатын болсақ, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалалары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Яғни, осы аумақтарда кез-келген уақытта жер сілкінісі болу қаупі бар. Еліміздің таулы аймақтарында сел жүру, қар көшкіні болуы ықтималдығы да басым.

Осы жоғарыда айтылған тосыннан келетін, табиғаттың зілзалаларынан басқа біздің өмірімізде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар да болып тұрады. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай деп - адам қолымен жасалған апаттар мен қирауларды түсінуге болады. Осы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға - өнеркәсіптерде орын алатын апаттар, көлік (автокөлік, темір жол көліктері, әуе көліктері, су көліктері) авариялары, өрт, жарылыс, күшті әсер ететін улы, радиоактивті, биологиялық жағынан қауіп төндіретін заттарды тарататын апаттар, үйлердің, ғимараттардың қирауы, бөгеттердің (су қоймаларының) жарылуы, электр-энергетика желілерінде, жылу, су құбырларында орын алатын авариялар жатады.

Қандай апат болмасын, кез-келген төтенше жағдайда ең бастысы адам шығыны болмауы әр қашанда басты назарда болады. Әрине, зілзала мен төтенше жағдай кезіндегі материалдық шығынның да қандай елдің болсын экономикасына өз салқынын тигізбей қоймайтыны жасырын емес. Мемлекетті құрайтын қоғам болса, сол қоғамды құрайтын адам өмірін сақтап қалу қай елдің болсын ең басты миссиясы. Ал төтенше жағдай кезінде бұл жауапты іс, әрине төтенше жағдайлар қызметіне жүктеледі.

Төтенше жағдай кезінде құтқарушылар болсын, өрт сөндірушілер болсын, жалпы осы салада қызмет атқаратындардың қай-қайсысы да өзгенің өмірі үшін өз өмірін тәуекелге тігеді.

Соңғы 25 жылда төтенше жағдай қызметкерлері аз-көп болсын 374 мың адамды құтқарған екен. Бұл дегеніміз 374 мың өмір, бұлардың артындағы миллиондаған жақындарының қуанышы.

Төтенше жағдайлар қызметінің жұмыс атқарған жылдарынан бері төтенше жағдайды жою үшін 1 миллион 353 мың шақыртуларға барған.

Біздің елде жылына орта есеппен 18 мың шамасында табиғи апаттар мен техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелетін болса, оның ішінде 15 мыңы өртке тиесілі екен. Жылына орта есеппен құтқарушылар апат аймағынан 8 мың адамды құтқарса, 20 мыңнан көп адамды эвакуациялайды, 4, 5 мыңнан астам зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетіледі екен.

Ширек ғасыр көлемінде еліміздің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Төтенше жағдайлар бойынша заңнаманы қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын сатып алу, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет атқару үшін жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрлар даярлау, өрт сөндіру-құтқару спортын, халықаралық ынтымақтастықты дамыту секілді біраз жұмыстар тындырылды.

1, 5 мыңнан астам түрлі техника мен 20 мың өрт сөндіру-құтқару жабдығы мен жарақтары сатып алынса, 30-дан астам өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 31 Халықаралық келісім жасалды.

Төтенше жағдай қызметкерлері төтенше жағдайлардың алдын -алу шараларын ұйымдастырып тұрады. Төтенше жағдайдың алдын-алу - күні бұрын жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін мүмкіндігінше барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды алдын-алу және жою: халықты қорғау, эвакуация және құқықтық негіздер
Қазақстандағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу, алдын алу және жою: заңнама мен жергілікті атқарушы органдардың рөлі
Қазақстандағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлар: сипаттары, алдын алу, жою және құқықтық негіздер
Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар: алдын алу, жою және халықты қорғау
Қазселденқорғау мемлекеттік мекемесінің табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою қызметі
Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар: қауіпсіздік түсінігі, жіктелуі, алдын алу және жою тәртібі
Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою: персоналдың құқықтары мен міндеттері
Қазақстандағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлар: құқықтық негіздері, жіктелуі және алдын алу мен жою шаралары
Төтенше жағдайларды басқару: құқықтық негіздер, алдын-алу және жою шаралары
Техногендік төтенше жағдайлар: түрлері, себептері және Қазақстандағы алдын алу мен жою шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz