Психология менің өмірімде және кәсібімде туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті : «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»

Кафедрасы: «Қаржы»

СӨЖ

Тақырыбы:"Психология менің өмірімде және кәсібімде"

Тексерген:Калымбетова Э. К.

Орындаған:Советканов Д. Ж.

Алматы * 2020ж

Эссе

Кіріспе бөлім:

Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар ол - бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.

Алғашында психология - жан жөніндегі ғылымы ретінде қалыптасса, келесі кезеңдерде - сана және мінез-құлық жөніндегі ғылым болып қалыптасты. Психология - психика деректері, заңдылықтарымен тетіктерін зерттеуші ғылым.

Психология қазіргі күнде адамның өмірінде маңызыды рөл атқаратын ғылым саласына айналып отыр. Себебі, тұлғаның дамуында қандай да өзгешеліктер болатын болса, оны жөндеуге психологиялық нормалардың қажеті болады. Яғни, қоғамдық ортада қалай өмір сүру керектігін қаншалықты білетінімізді, жаңа ортаға сіңісіп кету қабілетімізді тексереді. Міне, психологияның адам өміріндегі бірден-бір маңызы осы.

Психология менің өмірімде:

Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемін, адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді. Психология адамның жеке қарым-қатынасы тиімді түрде қалай қалыптасатындығын, ең бастысы - отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым-қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Әр адам мамандық таңдағанда өзі қызығушылық танытқан мамандық туралы "ертең мен осы мамандықпен жұмыс істей аламын ба?"- деген сұрақтарды ойлап, өзін осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психологиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі. Өзің таңдап алған мамандықтың білімді және білікті маманы болумен қатар, кез келген адаммен дұрыс, жағымды қарым-қатынас жасап, тіл табыса білу әр адамның адамгершілігі мен үлкен мәдениеттілігін қажет ететін талап, іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсымыз өзімізді психологиялық тұрғыдан да білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.

Психология менің кәсібімде

Адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі - ол жоғарғы орын оқу орнын аяқтап, дипломын алып жұмысқа орналасуы. Мамандықтың түрлері бірнеше және әрбір мамандықтардың қоятын белгілі бір психологиялық-физиологиялық талаптары болады. Яғни, сенің бұл мамандыққа деген жарамдылығыңда тексереді. Қазіргі мынау ақпараттану заманы жаңа технология дамыған, интернет жүйесіне отырып, саусағынын ұшымен білімді игеру заманында ішкі жан-дүниесін танитын адамға айтып, содан ақыл-кеңес алған ұрпаққа сен өзіңді қалай тыңдатасың? Әрине, ол үшін сегіз қырлы бір сырлы болу керек. Жүрісің, сөйлеу мәнерің, тағы басқа қасиеттер бойыңнан табылуы тиіс.

Мен қазір «қаржы» бөлімінде оқып жатырмын. Өз мамандығымның кәсіби иесі бола отырып, әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, қаржы мәселесімен тікелей байланысты болғандықтан, адамдармен қарым-қатынаста мейлінше жинақы және сыпайы болған дұрыс деп санаймын.

Қорытынды

Психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Өз ойымды Карл Густав Юнгтің мына сөзімен аяқтағым келеді: «Өзгенің бойындағы ұнамаған қылықтардың бәрі өзімізді түсінуге көмектеседі».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология жеке тұлғаның рухани болмысы
Психология менің өмірімде және кәсібімде
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі
Қазіргі психология салалары
Басшылықпен жақсы қарым қатынас
Психология - өмірімде және кәсібімде
Психология өмірде және кәсіпте
Психология менің өмірімде және кәсібімде тақырыбында
РАЙМОНД КЕТТЕЛ: ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Танымдық процестерді дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz