Тарихи ескерткіштер, ұлттық келісім және демографиялық реформалар - Қазақстан халқының азаматтық таңдауы


Тұрғынбек Диана Жм 001-1к
«Тарихи ескерткіштер, ұлттық келісім және демографиялық реформалар - Қазақстан халқының азаматтық таңдауы».
Ескерткіш -ол, ең бірінші ата бабамыздан қалған мұра . Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп, келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Бүгінгі күні аудан көлемінде 85 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекет қорғауына алынған, олардың 6-ы республикалық, 43-і жергілікті маңызы бар объектілер. Ал, 36 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген. Археологиялық ескерткіштер - 43, сәулет және қала құрылысы ескерткіштері - 42. Қолданыстағы заңдылықтар негізінде бүгінгі күні аудан көлеміндегі 75 ескерткішке облыстық және жергілікті бюджеттен қорғау тақталары толық орнатылып, төлқұжаттары жасалды. Қазақ халқының ғасырдан-ғасырға ұштасқан тарихи мұрасын сақтау, өткені мен бүгінін жақындастырып, байланыстыратын құнды жәдігерлерді қорғау - бүгінгі біздің басты міндетіміз. Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау, насихаттау және сақтау мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
Егемендіктің алғашқы жылдары кезінде үрдіс алған демографиялық дағдарыстың ең ауыр нәтижесі - Қазақстан халқы 1989-1999 жылдар аралығында 1, 5 млн-нан астам адамға, яғни 8, 2% азайды, халық саны азаюы 2002 жылға (қоса есептегенде) созылып, 2003 жылдан бастап аз да болса өсе бастады. 2007 жылдың басында 15 млн 394 мыңнан аз ғана асты. Бұл жағдайдың негізгі себебі тек 1991-1999 жж. арасында сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде Республика халқы 1 млн 854 мыңнан астам адамға кеміді. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы халқының жалпы саны әлі де 1989 ж. деңгейіне (16, 5 млн) жете қойған жоқ. Сыртқа кеткендердің басым көпшілігі өз тарихи отандарына қайта оралғандар еді, олардың ішінде тек 1993-1998 жж. - 1 млн астам шығыс славяндар (орыс, украин, беларус), 400 мыңға жуық немістер болды . Бұл көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберді. Қазақтар 1939-1989 жылдардан кейін, алғашқы рет 1999 ж. өз Отанында көпшілікке айналып, 53, 4 пайызға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30, 0%-ға тоқтап, төмендей түсті. 2007 ж. басында Қазақстан халқының ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар 9, 1 млн-нан асып, үлесі 58, 6%-ға жетті; орыстар - 3 млн 945, 1 мың - 25, 6%, украиндар - 440, 5 мың - 2, 86%; өзбектер - 439, 6 мың - 2, 85%, ұйғырлар - 233, 2 мың - 1, 5%; немістер - 222, 3 мың - 1, 4%. Осы 1989-2007 жж. арасында Республика халқы құрамында қазақтардың үлесі 18, 5%-ға өссе, орыстардың үлесі - 11, 8%, украиндардың - 2, 6%, немістердің - 4, 4%-ға төмендеді. Енді, яғни қазіргі жағдайда және болашақта Республика халқының өсіп-өнуі, яғни табиғи өсімі мен көші-қон сияқты оның негізгі екі қайнар бұлағы еліміздің 60% құрайтын қазақ ұлтының демографиялық қасиеттері мен олардың даму үрдісіне байланысты болып отыр. Дәлірек айтқанда, қазақтардың табиғи өсімі мен көші-қоны Республика халқының демографиялық сипатын анықтайтын жағдайға қолымыз жетті . [1]
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы үлгісі - бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстықжағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақтаұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласыпкетпеуінің алдын алу болып табылады. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz