Коммуникация. Іскерлік коммуникация мәдениет ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университеті

Тақырыбы:

Коммуникация.Іскерлік коммуникация мәдениет ретінде



Орындаған:БФЭ-11 студенті
Әсетова Н.Қ.
Тексерген:Экономика және аудит жоғарғы мектебінің аға оқытушысы,PhD докторы Нурсапина Х.У.


Орал қаласы,2020 жыл
Іскерлік қарым-қатынастың тəсілдерін жақсы меңгеру болашақ іскер адамдарға қажеті зор болмақ. Мұндай қабілет келешекте келісімшартқа отырғанда немесе пайдалы іс жасағанда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынастың маңызы артып оны жан-жақты зерттеу қазіргі заманның басты мəселелерінің бірі болып тұр.
Іскерлік қарым-қатынас немесе байланыс қазіргі таңда, жаңа заманда қоғамның барлық салаларында кездесіп отыр. Қоғамның коммерциялық, іскерлік салаларында өнеркəсіптің барлық түрлері мен формаларында сондай-ақ жеке іскерлер мен кəсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар кірісе бастады. Іскерлік байланыс саласындағы құзырлық кез-келген білім, ғылым, өнер, өнеркəсіп, сауда сияқты салаларда сəттілікке жету немесе жетпеуге байланысты болып отыр.
Адамдармен дұрыс қатынас жасай алу іскерлік салада, қызметттік жəне кəсіпкерлік іс-əрекетте сəттілікке жетудің ең маңызды факторларының бірі болып отыр. Дейл Карнеги 30 жылдарда ақ адамның қаржылық мəселесіндегі сəттілігі тіпті техникалық немесе инженерлік салада болса да 15 пайызға оның кəсіби шеберлігіне байланысты да 80 пайызы оның адамдармен қатынас жасай алуына байланысты екенін аңғарған. Іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасаудың негізгі түрі. Мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі. Адамның моралдық нормаларды түсінуіне, оның мазмұнына байланысты оның іскерлік қарым-қатынасқа жеңіл немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуы байланысты. Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы үшін барлық компоненттерді, соның ішінде коммуникативті құзырлықты жете білу міндетті. Коммуникативті құзырлық деп қоршаған адамдармен, топтармен, аудиториямен өзара қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу тəсілдері мен білім жинағы. Коммуникативті құзырлық білімі деп коммуникация функцияларын, коммуникация үрдісі ерекшеліктерін, үн қату, серіктестердің психологиялық типтері жəне əлеуметтік ролдерін, презентация жасай алу тəсілдерін, коммуникацияның вербалды немесе вербалды емес құралдарын айтамыз. Іскерлік қарым-ұатынас практикалық пəн болып есептеледі, дегенмен, əлеуметтану, психология, антропология, менеджмент теориялары мен пайымдауларын оқып үйрену жəне қолдану практикалық тəсілдерді түсіну мен ұғынуды тереңдетеді.
Іскерлік қарым-қатынас ғылыми сараптама мен теориялық зерттеулер пəні ретінде сан түрлі концептуалды əдістері арқылы ерекшеленіп пəнаралық байланысқа ие болады. Сондықтан іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік, психологиялық, мəдениетаралық, лингвистикалық, лингвомəдениетаралық тұрғыдан қарастырылады.
Іскерлік коммуникация іскерлік байланыс саласына қызмет ететіндіктен оған қойылатын талаптар өте қатаң, əсіресе, ең алдымен сөйлеу сапасы (дұрыстығы, дəлділігі, нақтылығы) жəне этикалық нормаларды қатаң сақтау. Көп жағдайда байланыс жəне коммуникация терминдері ортақ мағынада синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша коммуникация дегеніміз ақпарат беру үрдісі орын алатын байланыс. Сондықтан ақпаратты қабылдаушы нысан тек адам ғана емес, сондай-ақ машина, жануар болуы мүмкін. Ал байланыс деп байланыс субъектері тең дəрежелі серіктестердің өзара қарым-қатынасына негізделген екі жақты үрдісті атаймыз.

Байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғамдық субъектердің, əлеуметтік топтардың, халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, тəжірибе, іс-əрекет қабілеттері мен нəтиже алмасуы жүретін өзара қатынас жасау үрдісі.
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-əрекет мақсатында немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз мағынасының дамуы және ақпарат
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Әлеуметтік саладағы коммуникативтік мәдениет
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде
Мәдениетаралық коммуникация бойынша практикум құраст
Мәдениетаралық қарым - қатынастағы маңызды айырмашылықтар
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Коммуникативтік қызмет пен тіл мен қоғамның өзара қызметі
Қазақ интернеті
Пәндер