Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар

Орындаған: Сейіт Ж.А
Топ: ҚЯ-701
Тексерген: Сабырбаева Р.К

Семей-2020

1991-2013 жылдардағы Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, Ә. Тарази, Д. Исабеков, А. Ашири, Л. Сон, Б. Мұқай, С. Сматаев, Т. Нүрмағамбетов, И. Оразбаев, Қ. Ысқақ, Р. Отарбаев, М. Байсеркенов, Т. Әбдіков, Ш. Мүртаза, С. Балғабаев, С. Асылбекұлы. Т. Ахметжан, Р. Мұқанова, т.б. драматургтердің туындылары зерделенді.1990-жылдардан бергі отандық драматургиядағы ұлттық рухани түлеу тарихи тақырыптарға бетбұрудап айқын аңғарылады. Қазақ мемлекеттігі қалыптасуының қилы кезеңдерін баяндап, елі мен жерін қорғаған ұлт қаһармандарын ұлықтайтын драмалық туындылардың өскелең ұрпақты отаншыл, елдік рухта тәрбиелеуде маңызы өте зор. Осы орайда Тәуелсіздік дәуірінде жазылып, ұлттық сахналарда көрермен назарына ұсынылған Ш. Құсайыновтың Томирис, Қ. Ысқақтың Қазақтар (Ш. Құсайыновпен бірге), А, Аширидың Идикут, Р, Отарбаевтың Бейбарыс сұлтан, Иран-Ғайыптың Шыңғыс хан, Махамбет, Сырым батыр, Ә. Кекілбаевтың Абылай хан, С. Жүнісовтің Сабалақ Абылай -- Хан Абылай, М. Байсеркеновтың Абылайдың аманаты, Т. Мәмесейіттің Бәкей қыз, Л. Сонның Память (Хроника первых лет), т.б. туындылар қазақ драматургиясының қорына қосылған елеулі үлес саналмақ.Қазақ тарихының қилы кезеңдерін қамтитын тарихи драмаларды көркем уақыт тұрғысындағы хронологиялық ретіне қарай зерделеген абзал. Себебі оларда қазақ елінің ұлт болып қалыптасу тарихының түркілік дәуірден бүгінге дейінгі шежіресі баяндалады. Осы ретте алдымен Шахимардан Құсайыновтың Томирис атты трагедиясына назар аударған жөн.Ұлы Тұран даласын жайлаған Сақтар тарихының айтулы кезеңдерін арқау еткен Томирис трагедиясы Сақ елін билеген Тұмар патшайымның ерлік істерін баяндайды. Көрерменді жеке тағдыры қым-қиғаш саяси интригалардан зардап шеккен әйел қолбасшының ержүректігі мен қайсарлығы, қайғы-қасірет пен өмірдің тосын сыйларына төтеп берер қайрат-жігері тәнті етеді. Сахналық туындыдағы кейіпкерлердің әрқилы мінез табиғаты мен өмірлік мақсат-мүддесі тарихи трагедияның идеялық мазмұнын байыта түскен. Ұлт болып қалыптасу жолының алғашқы баспалдақтарынан сыр шертетін туындыдағы Шұғыла патшайымның елі мен жеріне адалдығы отаншылдық рухтағы мәңгілік құндылықтарды насихаттайтыны сөзсіз. Шұғыла патшайым мен оның жары Балхаштан туған Спаргапистің өз мүддесі үшін әкесін құрбан ететін жауыздығы, атақ-даңқ пен билікке қол жеткізудегі айлакерлігі мен сатқындығы оның жеке басының пенделік әлсіздігінен хабар берсе, әкесі Балхаштың сүйген жары Шұғылаға адалдық танытуы махаббат, адалдық сынды жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын айғақтай түседі.Құрсағынан туған Спаргапистен де, адал жары Балхаштан да, жалғандағы жалғыз сүйіктісі әрі хас дұшпаны Кирден де айрылуы патшайымның жанына батса да, жігерін мұқалта алмайды. Халқының қазынасын жеке басының бақытына айырбастамайтын арлы патшайым Сақ елі мен жерін аман сақтап қалуға жанын салады. Әйгілі грек трагедияларын еске салатын осындай асқақ ойға құрылған драмалық туындының пафосқа иек артуы орынды.Осы уақыттық шамадағы Рахымжан Отарбаевтың Бейбарыс сұлтан атты тарихи драмасы Дсшті қыпшақтың он жасында құлдыққа сатылып кеткен жетім баласының қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің билеушісіне дейінгі осу жолын суреттейді. Өмірінің үзақ жылдарын Мысыр елінің әскери қауіпсіздігіне, қоғамдық-саяси дамуына арнаған Сұлтан аз-Захир Бейбарыстың ғұмырбаяны сахналық шығармада қым-қуыт тарихи оқиғалар аясында бейнеленеді. Шьгн мәнінде, жетімдік пен құлдық қамытынан құтылу жолында тіршіліктің барша қиындығынан, өмір сынағынан өткен, сөйтіп шыңдалған, ақыл-парасаты кемелденген тұлғаның ғұмыры күрделі әрі қайшылықты болуы заңды. Бейбарые сұлтанның мазмұнды өмір хикаясын көркем суреттеген драмалық туындыда таразының бір жақ басьша оның жеткен жетістіктері -- атақ-даңқ пен билік тізгіні салынған болса, екінші басында ешқашан ұмытылмас туған жергс деген ұлы сағыныш сезімі мен жеке басының азаттығы жатары анық. Тағдыр тәлкегімен өзге елге сұлтан болуға мәжбүр Бейбарыстың туған елі мен жеріне деген алғаусыз махаббаты бәрінен биік тұрары да сөзсіз.
XX ғасырда адамзат қоғамы мәдениет, ғылым мен білім; медицина, технология, т.б. салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Алайда ғылымның зор трагедиясы оның пайдасы мен зиянының қатар жүруінде. Ғылым әуел баста ізгілік жолындағы ізденістерден тамыр тартатын. Өткен ғасырдағы адамзаттың өзін-өзі жоюға бағытталған өлермен ізденістері ядролық қару атты жойқын күшті ойлап тапты, Осы орайда Семей полигонын тек қазақ ұлтының ғана емес, жалпыадамзаттың басына төнген ауыр трагедия ретінде зерделеген жөн.
Баққожа Мұқайдың Заманақыр (О. Сүлейменовпен бірігіп жазған, 1991) трагедиясындағы оқиғалар 1953-1983 жылдар аралығын қамтиды. Қазақ драматургиясында тәуелсіздік жылдары полигон зардаптары туралы жазылған Р. Мұқанованың Мәңгілік бала бейне трагедиясымен тақырыптық үндестік, идеялық сабақтастық айқын сезіледі. Заманақыр Семей полигонындағы жарылыстардың басталуы мен соның алғашқы отыз жылдағы салдарын суреттесе, Мәңгілік бала бейнеде ядролық сынақтардың қазақ ұлты үшін ғасыр қасіретіне айналғаны айқын бейнеленеді.Заманақырда Салиха ана мен оның балаларының трагедияға толы тағдырлары арқылы полигоннан зардап шеккен бүкіл халықтың қайғы-қасіреті бейнеленеді. Драмадағы Салиха мен Оспан, Мәлике мен Дастан сынды жастар, бала Әли, партия қайда жұмсаса, сонда деп ұрандап, коммунизм идеясына ынты-шынтысымен берілген Нарбек пен полковник Бласов бәрі де -- жарылыстан зардап шегушілер. Драматург осынау бүтін бір әулетті жұтып жіберуге шақ қалған айдаһар -- ядролық сынақ кім үшін, не үшін қажет деген риторикалық сауалға жауап іздейді. Әрине, жасау анық: кінәлілер -- билік басындағылар. Қауіпсіздік желеуімен осыншалық жойқын күшті қаруды ойлап табу, шындығында, билік тізгінін ұстағандардың Құдай жаратқан тіршілікті жоюға бағытталған адами мейірімнен ада, жауыз пиғылынан туған.Шығармада Салиха, оның балалары Мәлике, Әли басына түскен барша ауыртпалықты Алладан келген іс, көнбеске шара жок деп мойынсына қабылдаса, Дастан жақсылық атаулыдан мүлде күдер үзген. Себебі анасы мен үш бауырының айықпас дерттен қаза болуы, мына жалғанды көре сала, көз жұмып, бақиға аттанған жеті бірдей сәбиінің қайғысы Дастанның еңсесін езіп жіберген. Басына төнген қасірет үшін кімнен жауап аларын білмей аласұрған жігіттің: ...Менің пешенеме Құдай қайғы мен қасіреттен басқа ештеңе жазбапты, әкри. Ә-ә-й-й, қолыма түссе, сол Құдайыңның шыбын жанын шырқыратып суырып алар едім. Аямас едім, аянбас едім..., -- деуі оның Жаратқан иеден де күдер үзгсндігін айғақтайды. Бірақ Дастанныд бұл зауалдың озі секілді адамдардың қолынан келгендігін түсінуге мүршасы жоқ. Құдайынан, жақсылық атаулыдан үміті үзілген жігіт үшін күнә, кешірім, рахым ұғымдарының мәні жойылған. Жер дүние бей-берекет хаосқа айналған. Белгілі бір дәрежеде ситуацияның Дастан үшін заманақыр секілді көрінуі заңды. Жарық дүние тамұққа айналған мына заманға лағнет айтқан Дастан Жаратқаннан да именер емес. Аяқ-қолсыз сегізінші сәбиінің дүниеге келуі оның төзімін ақыры шегіне жеткізіп тынды. Айықпас жан жарасына дауа таппаған бейбақ алдымен томар болып туылған перзентін, сосын өзін бақилық қылады.
Қазақтың ұлттық тарихындағы дербес мемлекеттік құрылыммен қалыптасуымызға, халық болып танылып, сақталуымызға қайраткерлікпен-көсемдікпен өмірін арнап, еңбек еткен хандарымыздың (Керей, Жәнібек, Абылай, Кенесары), би-шешендеріміздің (Төле, Қазыбек, Әйтеке, т.б.), ақын-жырауларымыздың (Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет, т.б.), батырларымыздың (Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым, Исатай, Жанқожа, т.б.), ғұлама-ағартушыларымыздың, қоғам қайраткерлерінің (Әбунасыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов), т.б. ондаған тарихи тұлғаларымыздың сөз өнері туындыларындағы көркем бейнеленуі жаңаша серпінмен өркендеді. Әсіресе, XX ғасырдың 80-жылдарының ортасынан басталған ұлт тарихының бұрын әдейі назарға алынбай келген тұстары асқақ рухты романтизм мен сыншыл реализм көркемдік әдістері тұрғысынан мол қамтыла жазыла бастады. Әдеби тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларының барлық салаларында елеулі туындылар жазылып, оқырмандарға ұсынылды.

Бүгінде халық ықыласпен қабылдаған тың туындылар жазылып, республика театрларында сахналанып келеді.
Сәкен Жүнісовтің "Кемеңгерлер мен көлеңкелер" (Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілбаевтың "Абылай хан", М. Байсеркеұлының "Абылайханның ақырғы күндері", "Кек қылышы Кенесары", Жолтай Әлмашұлының "Сана дерті", "Абақты-ғұмыр", "Фрустракция" (Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен Сейфуллин туралы) пьесалары - қазақ тарихының ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген туындылар.
Жолтай Әлмашұлының пьесаларындағы қазақ тарихының қайраткер тұлғаларының бейнеленуі - әдебиетіміздің өзекті тақырыпты игерудегі жаңашылдық. XX ғасырдың басындағы қазақ сөз өнеріндегі шығармашылықты мемлекеттік жауапты қызметтерімен сабақтастыра еңбек еткен қайраткерлердің саяси қуғын-сүргін жазалауларына ұшыраған - Ұлттық трагедиямыз. Табиғи қабілеттерін туған халқына, ұлтына қызмет етуге арнаған дарынды тұлғалардың жазықсыз жазаланғаны - қазақ ұлтын әлсіретуге, тарих сахнасынан біржолата жоюға арналған зұлым саясаттың жендеттік ұстанымының нәтижелері.

Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы қайраткерлер өмірі мен қызметі драма шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың "Жан қимақ", Оразбаевтың "Шыңғыс хан", "Естайдың қорланы", С.Сматаевтың "Той үстінде топалаң", Б.Әбілдаұлының "Төле би", О.Дастановтың "Әзірет Сұлтан", А.Бекбосыновтың "Соңғы сезім", Таразидің "Алатау сынды алабым", Шахимарденнің "Томирис"пьесаларында халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ал Сүлейменов пен Мұқаевтың "Заманақыр", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына әкелген трагедиясын суреттейді. Қазіргі қазақ драматургиясы туралы филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегеновтың мақаласында нақтырақ талдау жасалған.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің драматургия саласы бойынша мына шығармаларды атап өтуге болады: Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан", Ә.Таразидің "Ақын, Періште. Махаббат", С.Жүнісовтің "Кемеңгерлер мен көлеңкелер", М.Байсеркеновтің "Абылай ханның ақырғы күндері", Р. Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтан", Шахмардан Құсайыновтың "Томирис", И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан", Т.Нұрмағамбетовтің "Бес бойдаққа бір той", Қ.Ысқақовтың "Қыл көпір", "Жан қимақ", Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің "Алатау сынды алыбым", И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы", С.Балғабаевтың "Тойдан қайтқан қазақтар", "Ғашықсыз ғасыр", "Ең әдемі келіншек", Ә.Ақпанбетұлының "Дүние-думан", Д.Амантайдың "Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң", С.Сматаев пен Т.Теменовтің "Көгілдір такси", А.Жағанованың "Жан алқым", Н.Әбутәлиевтің "Өттің, дүние", А.Бекбосыновтың "Соңғы сезім",Д.Исабековтың "Актриса", "Тор", "Ескерткіш", Иран-Ғайыптың "Естайдың Қорланы", Б.Мұқайдың "Сергелдең болған серілер", "Өмірзая" т.б. Аталған драмалық шығармалар - тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиеті қорына қосылған рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі жайлы
Тәуeлcіздік жылдaрындaғы қaзaқ әдeбиeті
Ә. Кекілбаев өмірі және алғашқы шығармашылық қадамдары
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Қазіргі театр өнері
Пәндер