Рухани жаңғыру идеяларын білім беру саласына қолдану
aethrthtӘОЖ 514.15
Аңдатпа. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру идеясы халқымыз үшін стратегиялық маңызы бар Қазақ елінің өркендеуіне қатысты өзекті мәселелерге аса назар аударған. Бұл жұмыста елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру идеясын білім беру саласында неғұрлым жеңіл, әрі тиімді пайдалану көзделеді. Білім рухани жаңғырудың басты алғышарты екенін ескере отырып, білім беру саласындағы жаңа өзгерістерге назар аударған жөн.
Түйін сөздер: Рухани жаңғыру, білім, идея, ғылым,технологиялық оқыту, Smart education.
Рухани жаңғыру идеяларын білім беру саласына қолдану
МАТ-17-1 тобының студенті Ерке Ү.Б
ғылыми жетекші: аға оқытушы Бағдатұлы М.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы еліміздің көркеюінің жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын айқындайтын күрделі ой, құнды пікір, тиімді шешімдерге құрылған маңызды құжат болып табылатыны баршамызға аян.[1] Бұл мақалада сананы рухани жаңғырту, ұлттық болмысымыз бен ұлттық кодымыздан айырылып қалмай, оны әрмен қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру және әлемдік құндылықтармен, принциптермен үйлестіріп, рухани жаңғыру идеяларын білім беру саласында Қазақстан Республикасының игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе қарастырылады. Көздерінде от ойнар,
сөздерінде жалын бар, көзі ашық, көкірегі ояу білімді азаматтар мен азаматшалар елімізге ауадай қажет. Республикамызда білімнің жалпыға ор - тақ салтанаты болуы тиіс. Оның тайға таңба басқандай айқын себеп - - тері бар. Технологиялық революцияның дамуын қарасақ, алдағы он-жиырма жылдықтарда қазір - гі кәсіптердің, мамандықтардың жартысына жуығы жойылып кетеді. Бүгінгі жаңа нәрсесі ертең-ақ ескіге айналатын экономиканың дамыған заманында заманнан қалып кетуге болмайды. Бұл жағ - дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер - туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге аса назар аударып әлем - дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты - на қосыла аламыз. Табысты болудың ең тиімді, басты факторы білім екенін әркім мейлінше терең түсінуі керек. Еңбек пен малдан бұрын білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана жетістікке жетеді. Білім барлық істің бастауы, берекесі,мәні мен мағынасы екенін естен шығармаған жөн. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегенділік пен ұлттың алға жылжуын жылдамдататын қозғаушы күш. Бұл - егемен еліміздің жарқын болашағы мен уайымсыз келешегі үшін жасалып жатырған елеулі жұмыс. Өйткені, рухани байлығымыздың терең болғаны азаматтарымыз бен азаматшаларымыз үшін де, әрбір қоғам үшін де, кіндік қанымыз тамған туған жеріміз үшін де өте маңызды үдеріс.[1]
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтса айтқандай-ақ, қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман болып отыр. Білекке емес, білімге сенетін заман туды. Заманауи әлемде елдің күш-қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытта өмір сүріп жатырғанымыз белгілі. Сол білімімізді пайдаға, тұрмыс игілігіне жарата білсек қана бағаланады. Пайдасыз білімге емес, пайдалы білімге ұмтылу, міне- бүгінгі таңдағы басты мақсат. Елбасы мақаласы назарда тұратын мәселелерді қамтыған. Мақалада маңызға ие болған саланың бірі- білім беру. Осы тұрғыда мемлекет басшысы білім беру сапасын арттырып, жастардың бәсекеге қабілетті болуын меңзейді. Елімізде Болашақ бағдарламасы арқылы көптеген жастар шетелдердің сапалы университеттерінде білім алып, мемлекет қолдауы арқылы мамандар дайындалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық деп айтқан еді. [2]
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады - деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. [2]
Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланса, ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл - жаңа әлем, жаңа білім. Оның үстіне, латын тілі - жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуына жағдай жасалып жатырғандай. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. [3]
Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар саны жетіп артылады. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.
Облыста 1321 білім беру ошағы бар. Олардың 565-і жалпы білім беретін мектептер. Бүгінгі күні 514 мектеп Күнделік.кз бойынша жұмыс істейді. Яғни, қағаздардың бәрі электронды түрде толтырылады. Ол үшін мектептер 1400-ден аса мультимедиялық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ, оқу орындары Рухани жаңғыру жобасы аясында робототехника элементтерін пайдалануда. Қазақстандағы қазіргі білім берудің маңызды бөлігі - осы үштұғырлы тілде білім беру. Бұл білім алушылардың басқа ұлтардың мәдениетін білуі,өмір сүру салтын, дәстүрін білу, халықтардың рухани құндылықтарын тану,өзге ұлтардың мәдени құндылықтарын сыйлау қадірлеу жүйесі. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі - Үштілділік мемлекеттік бағдарламасы. Үш тілде оқыту - заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Сананы жаңғыртудың мазмұнын негіздей отырып, білім берумен қатар, эволюциялық дамыған, ұлттық бірегейлігі сақталған, бәсекеге қабілетті, көзі ашық, көкірегі ояу саналы азаматтарымызды көбейту басты назарда. Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Білім ұйымдары E-learning негізінде электронды оқытуды 2015 жылға қарай 50% ал 2020 жылға қарай 90% іске асыратыны мақсаттық индикатормен анықталған. Бірақ соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды. Сәйкесінше, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына smart қоғам қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер - АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Заман талабының білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі оқыту процесін ақпараттандырудың қажеттілігі болып табылады. Осыған байланысты көкейтесті сауалымызға жауап табу мақсатында тақырыбымызға байланысты ақпараттарды саралап көрейік. Smart education негізгі идеясы неде екенін білу үшін білім берудің дамуының үдерісін қарастыруымыз қажет. Шартты түрде оны үш кезеңге бөлуге және келесі көзқараста қарастыруымызға болады.
I кезең: Кешегі таңда студенттің білім алатын көзі оқытушы болды. Басқа жерден білім ала алмады. Тек қана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz