Шизофренияның даму тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ШИЗОФРЕНИЯ- этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, науқас тұлғасының типті ӛзгерістерімен және әлеуметтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әртүрлі айкындылық дәрежесіндегі ӛзге психикалық бұзылыстармен кӛрінетін психикалық ауру.
Бұл ауру кезінде науқастар тұйықталады, әлеуметтік қатынастарын жоғалтады, эмоциональды реакциялардың кедейленуі бақыланады. Сонымен қатар түйсік, қабылдау, ойлау, қозғалыстық-еріктік сфераның әртүрлі дәрежедегі бұзылыстары анықталады.
Шизофренияның даму тарихы.
Шизофрения жеке ауру ретінде алғаш неміс психиатры Э.Крепелинмен бӛлініп қарастырылды. Ол гебефрения (Е.Геккер), кататония (К.Кальбаум) және параноидтар (В.Маньян) диагнозы қойылған науқастар тобын алып, катамнездерін бақылағанда, оларда алыс кезеңде ӛзіне тән ақыл кемдігі дамығанын байқаған. Осыған байланысты Э.Крапелин осы үш топ ауруларды біріктіріп, оларды ерте ақыл кемдігі деген атаумен атады. Жеке ауру ретінде қарастыра отырып, бұл дерттің жазылу мүмкіндігін ол жоққа шығармады. Мұндай жіктеу принципіндегі танымал қайшылық ӛзіне назар аудартты және сын кӛзбен бағаланды.
Кейінірек Швейцария психиатры Е.Блейлер (1911ж) бұл ауруға жаңа атау шизофрения (грекше шизо - ыдырау, френ - жан) терминін ұсынды. Е.Блейлер бұл ауруға ӛзіне тән ақыл кемдігі жағдайымен аяқталу емес, тұлғаның психикалық үрдістерінің ерекше диссоциациясы, оның дертті үрдіс нәтижесіндегі арнайы ӛзгерісі тән деп есептеді. Ол бұл дерттің біріншілік және екіншілік белгілерін ажыратты. Біріншілікке ол науқастың әлеуметтік контактын жоғалтуын (аутизм), эмоционалдылықтың кедейленуін, психиканың ыдырауын (ойлаудың ерекше бұзылыстары, әртүрлі психикалық кӛріністер арасындағы диссоциация және т.б.) жатқызды. Осы психикалық бұзылыстардың барлығы тұлғаның шизофрениялық тип бойынша ӛзгеруі ретінде қарастырылды. Бұл ӛзгерістерге шизофрения диагностикасында шешуші мән беріледі.
Е.Блейлермен екінші реттік деп танылған басқа психикалық бұзылыстар сенестопатиялармен, иллюзиялармен, галлюцинациялармен, сандырақтық идеялармен, кататониялық және т.б. бұзылыстармен кӛрінеді. Бұл бұзылыстарды ол шизофрения диагностикасында міндетті деп санаған жоқ, себебі олар басқа ауруларда да кездеседі, дегенмен олардың кейбірі шизофренияға аса тән болып келеді.
Шизофренияның жеке формалары анықталып, суреттелді. Онын үш классикалық:
гебефрениялық
кататониялық
параноидты
қарапайым
Кейінірек басқа да формалары суреттелді: ипохондриялық, кезеңдік және т.б. Формаларды жетекші синдром негізінде бӛлді. Бірақ, клиникалық бақылаулардың кӛрсетуі бойынша шизофренияның әртүрлі формаларына тән психопатологиялық симптоматика ӛзінің тұрақтылығымен ерекшеленбеді. Бастапқы кезде қарапайым формада ӛткен ауру, кейін келе параноидты және басқа формалардың психопатологиялық белгілерімсн кӛрініс беруі мүмкін болды.
Шизофренияның психопатологиялық кӛріністері кӛп түрлілігімен ерекшеленеді. Ӛздерінің ерекшеліктеріне байланысты олар негативті және продуктивті болып бӛлінеді. Негативті функциялардың түсіп қалуы немесе бұрмалануды білдіреді, продуктивті - ерекше психопатологиялық симптоматиканың пайда болуымен: галлюцинация, сандырақ, аффективті күйзеліс және т.б. сипатталады. Науқастың психикалық жағдайында олардың арақатынасы және айқындылық дәрежесі аурудың үдемелілігі мен формасына тәуелді.

Шизофренияға, атап кеткендей, науқас тұлғасының ӛзгерісімен сипатталатын ерекше бұзылыстар тән. Бұл ӛзгерістердің айқын кӛрінуі ауру үрдісінің қатерлілігін кӛрсетеді. Бұл ӛзгерістер науқас тұлғасының барлық психикалық қасиеттеріне қатысты. Дегенмен интеллектуальды және эмоциональды бұзылыстар аса тән болып келеді.
Интеллектуалды бұзылыстар ойлау бұзылысының әртүрлі вариантымен кӛрінеді: науқастар бағынбайтын ой ағымына, кідірісіне, параллелизміне және т.б. шағымдар айтады. Оларға кітаптан оқыған тексттің мазмұның түсіну қиын және т.с.с. Жеке сӛйлемдерден, сӛздерден ерекше мағына түйсіну, жаңа сӛздер ойлап табуға (неологизмдер) тенденция бақыланады. Ойлау жиі қалқымалы болып келеді, сӛздерінде логикалық байланыссыз бір тақырыптан бір тақырыпқа ауысу байқалады. Дертті ӛзгерістер тереңге кеткен науқастардың сӛздеріндегі логикалық ретсіздік сӛз үзілісі (шизофазия) сипатын алады.
Эмоциональды бҧзылыстар моральды-этикалық қасиеттерді, үйірлік және жақындарына деген аяныш, түсіністік сезімін жоғалтудан басталады, ал кейде бұл жек кӛру және ызалылық сезімімен бірге жүреді. Сүйікті ісіне қызығушылық тӛмендеп, уақыт ӛте келе тіпті жоғалады. Науқастар ұқыпсыз, қарапайым жеке бас гигиенасын сақтамайды. Аурудың елеулі белгісі олардың жүріс-тұрыстарының ерекшеліктері де болып табылады. Оның ерте белгілері науқастың тұйықталуы, туыстарынан алшақтау, қылықтарындағы оғаштықтар: бұрын науқас тұлғасына тән болмаған ерекше іс-әрекеттер, жүріс-тұрыс мәнері байқалады және осы әрекеттерін ешқандай жағдаймен байланыстыруға келмейді.
Сонымен қатар шизофренияға ӛзіндік сенестопатиялық көріністер тән: басында және дененің басқа да бӛліктеріндегі жағымсыз сезімдер. Сенестопатиялар түсініксіз, оғаш сипатта болады: науқастар миының жарты шарының кернеп тұрғанына, асқазанның кебуіне және т.б. шағымдар айтады. Сенестопатиялық кӛріністердің орналасуы соматикалық ауруларда болатын ауру сезімдеріне сәйкес келмейді. Қабылдау бұзылуы жиі есту галлюцинацияларымен және әртүрлі сезім мүшелерінің әрқилы жалған галлюцинацияларымен кӛрінеді: кӛру, есту, иіс сезу т.б. Сандырақтық күйзелістер ішінен сандырақтың әртүрлі формаларын бақылауға болады: паранойяльді, параноидты, парафренді, ерте сатыларында - жиі паранойяльды. Шизофренияға авторларының есімімен Каидинский-Клерамбо синдромы деп ат алатын псевдогаллюцинациялармен бірге жүретін физикалық әсер ету сандырағы айтарлықтай тән болып келеді.
Қозгалыстың - еріктік бұзылыстар ӛздерінің кӛрініс берулері жағынан кӛпқилы. Олар ерікті әрекеттер бұзылысы түрінде де және күрделі еріктік актілер патологиясы формасында да кӛрінеді. Ерікті әрекет бұзылысының кӛрнекі түрі кататониялық синдром болып табылады. Кататониялық синдром құрамына кататониялық ступор және қозу кіреді. Кататониялық ступордың жеке ӛзінің екі түрі болуы мүмкін: люцидгі және онейроидты. Люцидті ступор кезінде науқастарда қоршаған ортада қарапайым бағдарлау және ондағы құбылыстарды бағалау сақталады, ал онейроидты жағдайда науқас санасы ӛзгерген. Люцидті ступор жағдайынан шыққан науқастар сол кезеңде болған оқиғаларды есіне сақтайды және әңгімелеп береді. Онейроидты жағдайдағы науқастар ступорозды күйде ӛздерін жаулап алған фантастикалық күйзелістер мен елестер жӛнінде әңгімелейді. Ступорлық жағдай кататониялык қозу жағдайы сияқты күрделі психопатологиялық құрылым, оның құрамына әртүрлі симптомдар кіреді.
Күрделі еріктік актілер, еріктік үрдістер дерт әсерінен бірқатар бұзылыстарға ұшырайды. Апатия және сылбырлықпен аяқталатын еріктік белсенділіктің тӛмендеуі аса тән болып келеді, еріктік бұзылыстардың айқындылык дәрежесі дерттің үдемелілік дәрежесіне байланысты болып келеді. Кейбір науқастарда қандай-да бір дертті идеяларға және сенімдерге байланысты белсенділік артуы мүмкін. Мысалы, сандырақ идеяларымен науқастар аса ауыр қиындықтарды жеңе алады, инициатива мен табандылық танытып, үлкен жұмыстар атқарады. Науқастардың сандырақтық идеяларының мазмұны әртүрлі болады. Сонымен қатар ол заман рухын және әлеуметтік маңызды құбылыстарды бейнелейді. Егер ежелгі заманда науқастар сиқырлы күштер, діни мотивтер басым орын алған болса, ал қазір ғылым мен техниканың жетістіктері жиі кӛрініс береді.
Шизофренияның тұрғындар арасында таралу дәрежесі ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан маңызды мәселе болып отыр. Оған жауап табудың қиындығы тұрғындар арасында мұндай науқастарды толық анықтау мүмкінсіздігінде болып отыр. Бұл шизофрения болмысын түсіндіретін сенімді мәліметтердің және оны анықтайтын диагностикалық критерийлердің жоқ болуымен байланысты. Қолымызда бар эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер оның таралуы барлық елдерде бірдейлігін және жалпы тұрғындарға шаққанда 1-2 % құрайтынын кӛрсетті. Шизофрения дамушы елдерде сирек кездеседі деген бастапқы мәлімдеме дәлелденген жоқ. Дамушы елдерде арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде шизофрениямен науқастардың саны 1000 тұрғынға шаққанда Европа елдеріндегі шизофрениямен науқастар санына сәйкес келді. Тек бұл дерттің клиникалық кӛріністерінің қандай-да бір түрлерінің кездесуінде айырмашылықтар болды. Дамушы елдерде тұратын науқастар арасында сана шатасуымен жедел жағдайлар, кататониялық кӛріністер жиі кездеседі.
Шизофрения кез-келген жас кезеңінде басталуы мүмкін. Дегенмен шизофрения дамуына аса тән жас кезеңі 20-25 жас. Шизофренияның бастапқы клиникалық кӛріністерінің кейбірінің ӛзіндік оптимальды мезгілі бар. Параноидты кӛріністермен шизофрения невроз тәрізді симптоматикамен жиі 30 жастан кейін, ойлау бұзылысы кӛрінісімен - жасӛспірімдік шақта басталады. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда ауру ерте басталады. Клиникалық кӛрінісінде де науқас жынысына қарай ерекшеліктер болады. Әйелдерде ауру жедел ӛтеді, әртүрлі аффективті патология жиі және айқынырақ болады.
Ауру көпжылдық созылмалы, үзіліссіз немесе ұстамалы ағыммен ерекшеленеді.
Үзіліссіз ағымында ауру қатерлі дамиды және 3-5 жыл ішінде ауыр, тұлғаның соңғы ӛзгерісі жағдайына алып келуі мүмкін. Соңғы күйдің типті формасы апатиялық ақыл кемдігі болып табылады: науқастар әрекетсіз, ешнәрсеге қатыссыз, сӛздері монотонды. Оларды қарапайым жұмыстарға баулу қиын. Соңгы жағдай кӛрінісі ортақ тін белгілермен кӛрініс бере тұра әртүрлі болып келеді. Тұлғаның ӛзіне тән ауыр ӛзгерістерімен: апатия, аутизм, ойлау бұзылыстарымен қатар - басқа да психикалық бұзылыстар болуы мүмкін, олар бірігіп соңғы жағдайлардың кең спектрін құрады.
Қосымша психикалық бұзылыстарға фантастикалық жүйеленбеген сандырақтық идеялар, галлюцинациялар, ойлаудың шизофазиямен кӛрінетін ерекше бұзылыстарын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай қолайсыз нәтиже шизофренияның қатерсіз ағымында да байқалуы мүмкін, бірақ аурудың ұзақ ағымынан кейін дамиды. Шизофренияның үзіліссіз ағымының ӛзінде де салыстырмалы түрде қолайлы нәтиже болуы мүмкін. Ауру дамуының жеке сатыларында, және де кейінгі кезендерінде де деріті үрдіс психиканың терең емес -зақымдану симптомдарымен (тұлғаның айқын ӛзгерістерінсіз невроз және психопатия тәрізді, редуцирленген галлюцинациялар және сандырақтық идеялармен) кӛрінуі мумкін. Осындай жағдайларға және аурудың белгілерін толық жоюға ем нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Ұстама тәрізді ағымда ауру ұстамаларының ашық аралықтармен кезектесуі бақыланады. Ауру ұстамасы жедел психопатологиялық жағдайлармен сипатталады. Галлюцинаторлы, сандырақтық немесе басқа психопатологиялық кӛріністер эмоциональды кернеліс күйімен - қорқыныш, депрессия, кӛңіл-күйдің кӛтерілуімен, кейде сана бұзылысымен бірге жүреді. Аурудың ұстама тәрізді ағымында науқас тұлғасының ӛзгерістері айқын болмайды. Тұлғаның бұл ӛзгерістері жӛнінде ұстама аралық кезендерде ғана дӛп басып айтуға болады, ӛйткені ұстама кезінде олар аурудың психопатологиялық кӛріністерімен бүркемеленеді. Ұстамалар санының кӛбею дәрежесіне байланысты науқастардың тұлғалық ӛзгерістері күшейе түседі. Сонымен бірге ұстама аралық кезеңде байқалатын қалдық симптомдар да күшейеді. Науқастарда ұстама саны оның ӛмір кезеңінде әртүрлі, жиі 2-3 рет болады. Ауру ағымының кӛрсетілген нұсқалары бір науқаста қатаң сақталмайды. Үзіліссіз ағымнан ұстама тәрізді ағымға ӛтіп, немесе керісінше болуы мүмкін. Дегенмен ауру ағымындағы ортақ тенденция анық кӛрініп тұр, науқас жағдайы мен дертті күйдің келесі динамикасы арасында тәуелділік бар, бұл байланыс дертгің жақын арадағы, және де алыс кезеңдегі салдарын болжауға мүмкіндік береді.
Шизофренияны жеке ауру ретінде қабылдағаннан бері клиникалық кӛріністерінің әрқилылығына және дерттің әртүрлі аяқгалуына байланысты жүйесін құруға кӛптеген әрекеттер жасалды. Шизофренияның клиникалық кӛріністерін ары қарай зерттеулер мәліметгері оның кӛпқырлылығынын 4 формаға сыйғызу қиындығын кӛрсетті. Басқа да формалары ажыратылды: ипохондриялық, тон тәрізді, кезендік және т.б. Шизофренияның неврозбен және психопатиямен науқастардағы кӛріністерге ұқсас клиникалық белгілері суреттелді. Бұл тек сыртқы ұқсастық болып табылады. Оларды тексергенде тұлғалық ӛзгерістердің күшейгендігі байқалады. Ұзақ катамнездік бақылау арқылы арнайы клиникалық тексерулер шизофренияны жүйелендірудің маңызды критерийлерін анықгауға мүмкіндік берді. Бұл критерий ауру ағымының принципі - шизофрениялық үрдістің үдемелілік ерекшелігі болып табылды. А.А.Снежневский мұнымен қатар аурудың психопатологиялық; кӛріністері мен оның дамуының динамикасы арасындағы тығыз байланыс кӛрсетілді. Осының негізінде шизофренияның үш негізгі варианты кӛрсетілді: үзіліссіз, кезеңдік (рекуррентті), ұстама тәрізді - прогредиентті (тонтәрізді).
Ҥзіліссіз ағымды шизофрения.
Үзіліссіз ағым шеңберінде үрдістің қатерлілік дәрежесімен анықталатын аурудың жеке формалары анықталды: қатерлі (ядролық), орташа үдемелі (параноидты), баяу ағымды немесе аз үдемелі (невроз тәрізді және психопатия тәрізді). Шизофренияның аталған формаларының әрқайсысына белгілі бір психопатологиялық кӛріністер тән.
Қатерлі (ядролы) шизофрения. Жеткіншек жаста пайда болады, қатерлі ағыммен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуынан оның түпкілікті дамуына дейін 2-3 жыл ӛтеді. Бұл науқастарда бірінші кезекте негативті бұзылыстар пайда болады, одан кейін ғана позитивті бұзылыстар қосылады. Позитивті ӛзгерістер психопатологиялық синдромдардың полиморфизмімен ерекшеленеді. Ядролы шизофренияның болжамын нашарлататын факторларға оның терапияға аса резистентгілігі де жатады.
Аурудың басталуы бұрмаланған пубертатты кризді еске түсіреді және екі варианттан тұрады: энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі және эмоциональды дефициттің пайда болуы. Энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі ең алдымен үлгерім нашарлауымен, сабақта ӛнімділіктің тӛмендеуімен, кейде үй тапсырмаларына жұмсалатын уақыттың ұзаруымен кӛрінеді. Мұндай науқастар кейін келе кластар қалдырады, оқи алмағандықтан мектепті тастап кетеді. Энергетикалық потенциал
тӛмендеуі жиі метафизикалық интоксикация жағдайымен бірге жүреді: науқастар глобальді философияны, ғылыми пробремаларды (тұрмыс мәні, тіршіліктің шығу тегі және т.б.) зерттеумен айналысады, бірақ бұл еңбектері олардың арнайы білімінің болмауына және науқастар ӛнімділігінін күрт тӛмендеуіне байланысты ешқашан нәтиже бермейді, науқастар бұл зерттеулерге кӛп уақыттарын жұмсайды.
Эмоциональды дефициттің дамуы ең алдымен ата-анасына деген қатынастың бұзылуымен, жиі тітіркенгіштік пен агрессивтілікке бейімділікпен эмоциональды салқындың пайда болуымен кӛрінеді. Кейіннен науқастарда ӛз тұлғасына немқұрайлылық пайда болады: олар күтінбейді, жуынбайды, ештеңе істемейді және т.б.
Осы суреттелген жағдайлар соңғы апатико-абулиялық - жағдайда ӛтуі мүмкін, бұл кезде басқа психотикалық бұзылыстар редукцияланған күйде болуы мүмкін. Клиникалық кӛрінісінде интеллектуальды белсенділіктің құлдырауы, эмоциональды жетіспеушілік, энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі және т.б., яғни негативті бұзылыстардың басым болуы ядролық шизофренияның қарапайым вариантына тән.
Ядродық шизофрениянын қарапайым түрінен басқа гебефрениялық, параноидты, кататониялық варианттары бар.
Ядролық шизофренияның гебефрениялық вариантының дамуы

энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі немесе эмоциональды дефициттің пайда болуынан басталады. Ары қарай аталған ӛзгерістер фонында сандырақтық галлюцинаторлы күйзелістермен, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, полиморфизммен және симптоматиканың қарапайымдылығымен сипатталатын жедел психотикалық күй дамиды. Одан кейін ол рудиментарлы кататониялық, сандырақтық және
галлюцинаторлы құбылыстармен соңғы жағдайға ауысады. Кататониялық симптом жиі алаңғасар жүріс-түрыспен кӛрініс береді.
Ядролық шизофренияның параноидты вариантының динамикасы күрделірек. Ол жоғарыда аталып ӛткен негативті құбылыстардан басталады, бірақ жедел психотикалық жағдайға дейін ауруларда энергетикалық потенциалдың тӛмендеуі немесе эмоциональды жетіспеушілік фонында невроз тәрізді, паранойяльді, психопатия тәрізді симптомдар дамиды. Невроз тәрізді симптоматика обсессия түрінде, паранойяльді симптоматика тӛмен жүйеліліктегі интерпретативті сандырақпен кӛрінеді. Психопатия тәрізді бұзылыстар қозу, дӛрекілік түрінде, айналадағылармен сыйыса алмаумен, ӛтірікшілдікпен, алкоголизацияға, наркотикалық заттарды қолдануға бейімділікпен кӛрінеді.
Бұл топ науқастарында кейін келе тұрақсыз кататониялық симптоматикамен параноидты синдром - Кандинский-Клерамбо синдромы пайда болады. Осылайша кататония элементтерімен жүретін сӛйлеу үзілісімен (шизофазия) сипатталатын соңғы күй дамиды.
Кататониялық вариантының басталуы аталған варианттардағыдай болып келеді. Жедел психотикалық жағдай ступор және субступор деңгейіндегі люцидті кататониямен корінеді (жеке сандырақтық және галлюцинаторлы кӛріністер де орын алуы мүмкін). Соңғы жағдай

субступор деңгейіндегі рудиментарлы кататониялық симптоматикамен сипатталады.
Параноидты шизофрения. Шизофренияның бұл формасының дамуында паранойяльді, параноидты, парафренді сандырақ сатылары және
соңғы жағдай сатысы ажыратылады. Бұл аталған динамика схемалы, ӛйткені параноидты шизофрения дамуы осы сатылардың кез-келгенінде аяқталуы мүмкін. Шизофренияның бұл формасының екі вариантын ажыратамыз: сандырақтық және галлюцианаторлы.
Бұл варианттардың негізгі айырмашылықтары параноидты сандырақ сатысында псевдогаллюцианаторлы синдромның айқындылық дәрежесіне тәуелді. Параноидты шизофренияның сандырақтық варианты дамуының бастапқы кезеңінде ӛзіне тән ерекшеліктерімен параноялъды жағдай пайда болады. Ол, ереже бойынша, жоғары жүйелілік дәрежесімен ерекшеленеді. Параноидты этапта - Кандинский-Клерамбо синдромының дамуы сатысында қысқа уақыттық жедел пайда болатын үрейлі-сескенгіш күй бақыланады: науқастар қозу жағдайында, қорқыныш сезінеді, ӛздерімен не болып жатқанын түсіне алмайды. Содан соң қозу жағдайы басылып, Кандинский-Клерамбо синдромы дамиды. Бірқатар жағдайларда параноидты сандырақ фабуласы паранойяльді сандырақ фабуласының жалғасы болып- табылады. Параноидты сандырақ сатысы құрамындағы Кандинский-Клерамбо синдромы ӛзгермелі. Кезеңмен синдромның тереңдеуімен ӛршу жағдайлары байқалады. Экзоцербация (ӛршу) үрейлі- сескенгіштікпен қозу жағдайларымен сипатталады. Кейде ӛз динамикасында Кандинский-Клерамбо синдромы оң әсер сипатын алады: науқастардың айтуынша ол әсер жағымды, оларға қанағат, ләззат сезімін шақыру үшін жасалып жатыр дейді. Үрейлі-сескенгіштікпен қозу эпизоды жоғалады, кӛңіл-күйі жиі кӛтеріңкі болады. Уақыт ӛте инвертирленген психотикалық автоматизм деп аталатын жаңа жағдай пайда болуы мүмкін. Науқастар кенеттен ӛздерінің ӛзгелерге әсер ете алатын күштерінің бар екендігіне кӛздері жетеді. Инвертирленген психикалық автоматизмнің пайда болуы парафренді жағдайға ауысу сатысының дамығанын кӛрсетеді. Парафренді сатыда науқастарда экспансивті, псевдогаллюцианаторлы және конфабуляторлы парафрения дамуы мүмкін, және парафренияның бір формасының екіншісіне ауысуы мүмкін.
Соңғы жағдай сӛз үзілісімен, неологизмдермен сипатталады, аурулардың сӛздерінде бұрынғы парафренді сандырақтан үзінділер жиі байқалады, кататониялық құбылыстар да байқалуы мүмкін.
Параноидты шизофренияның сандырақтық вариантымен салыстырғанда галлюцинаторлы вариантында паранойяльды сандырақтың жоғары дәрежелі жүйесі жоқ. Парафренді жағдайға ӛту аздап ӛзгеше болады. Жалған галлюцинациялар сипаты параноидты сандырақ сатысында-ақ ӛзгереді және оның нәтижесі ретінде жалған галлюцинаторлы парафрения дамиды. Экспансивті парафрения да тән емес. Жалған галлюцианаторлы парафрения кӛрінісінде бертін келе шизофазия құбылысы пайда болады және қорытынды ретінде соңғы жағдай дамиды. Параноидты шизофренияның галлюцианаторлы вариантының болжамы нашар және дәрілік терапияның тиімділігі тӛмен.
Баяу ағымды шизофрения.
Бұл форма шизофренияға жалпы тән негізгі белгілермен сипатталады. Сонымен қатар айтарлықтай ерекшеліктері де бар: тұлғаның типті ӛзгерістері баяу дамиды және онша айкын емес, продуктивті психопатологиялық симптоматика редукцияланған түрде кӛрінеді. Баяу ағымды шизофренияға тән бұзылыстар шеңберіне жабысқақтар, истериялық, астениялық, асгеносенестопатиялык бұзылыстар, кейде паранойяльды бұзылыстар жатады.
Баяу ағымды шизофрения диагноз кою кезінде обсессия анықталған жағдайда екі моментті ескеру керек: обсессия пайда болуына бейім емес тұлғада дамуы, және обсессияның сыртқы себепсіз пайда болуы және олардың шеңберінің жылдам кеңеюі.
Диагноз қою үшін кенеттен, сырткы ықпалсыз бұрын науқас тұлғасына тән емес истериялық кӛріністердің пайда болуы да маңызды болып табылады.
Психопатия тәрізді шизофренияның кӛрінісі психопатия кезіндегі психикалық бұзылыстарға ұқсас. Мұнымен қатар шизофренияның бұл формасымен науқастарда, патохарактерологиялық бұзылыстардан бӛлек тұлғаның айқын емес дәрежедегі ӛзгерісі бақыланады: эмоциональды бұзылыстар (суықтық, кейде туыстарына деген дұшпандық қатынас, аффект парадоксизмділігі, кӛңіл-күйдің мотивсіз ӛзгерістері), интеллектуальды бұзылыстар (рефлексияға, ӛзіндік анализге бейімділік, оғаш, айрықша қызығушылықтар және т.б.). Аурудың даму үрдісінде симптоматика күрделенеді - ұзаққа созылатын аффективті тербелістер, аса бағалы және тұрақсыз паранойяльді идеялар пайда болады. Баяу ағымды шизофрениямен жасӛспірімдер мен жеткіншектер ассоциальді орталарға жиі елігеді.
Кейбір паранойяльды бұзылыстар баяу ағымды шизофрения шеңберінде аса бағалы идеялар түрінде ғана емес, сандырақтық бұзылыстар түрінде де бақылануы мүмкін. Жиі баяу ағымды шизофрения диагнозының сатылы мәні болады, яғни азүдемелі шизофренияға тән бұзылыстар фонында параноидты немесе ұстама тәрізді
үдемелі шизофренияға тән психопатологиялық жағдайлар дамиды. Бұл шизофренияның бір формасынан екінші формасына ӛтуін кӛрсетпейді, шизофренияның әртүрлі формаларының бастапқы кӛріністерінің ұқсастығын меңзейді. Баяу ағымды шизофрения болжамы едәуір жайлы. Шизофренияның бұл формасымен кӛптеген науқастар ұзақ уақыт бойы ӛздерінің еңбекке қабілеттілігін сақтайды.
Емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы едәуір жақсарды: үрей азайды, жабырқаулы күй жойыдды, ішкі мүшелер тарапынан жағымсыз сезімдерге аз зейін аударады. Мерез жұқтырып алудан қоркыныш сақталып қалды, бірақ бұрынғы актуальдылығын жоғалтты. Айналадағылардың ӛзіне деген ерекше кӛзқарастарын сезінбейтін болды.
Болашаққа жоспар кұрады, аудандық психиатрдың бакылауына галоперидолмен сүйемелдеуші ем тағайындалып шығарылды.

Кезеңдік (рекуррентті) шизофрения
Шизофренияның рекуррентті формасы әртүрлі ұзактықтағы ұстамалар түрінде ӛтеді (бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін).
Науқастардагы бүкіл ӛміріндегі ұстамалар саны әртүрлі - 1-2 ұстамадан 10 ұстамаға дейін және одан да жиі болуы мүмкін. Кейбір науқастарда әрбір ұстама экзогенді фактордың әсерінен дамиды. Рекуррентті шизофренияға тән ұстамалардың 3 түрі бар. Олар онейроидты- кататониялық, депрессивті - параноидты, аффективті ұстамалар. Науқастарда ӛмір ағымында психопатологиялық құрылымы бойынша әрқилы ұстамалар бақылануына байланысты рекуррентті шизофренияның қандай-да бір вариантын ұстама сипатына қарай ажырату қиын. Ұстамалар айқын аффективтілікпен сиптталады, сезімдік сандырақтың қандай болмасын түрі, кататониялық бұзылыстар жеңіл пайда болады. Ремиссиялары аса сапалы болып келеді. Алғашқы ұстамалардан кейін тұлғалық ӛзгерістердің болмауы интермиссия жӛнінде айтуға мүмкіндік береді. Дегенмен біртіндеп, қайталамалы ұстамалардан кейін тұлғалық ӛзгерістер пайда болады, ол мына кӛріністермен сипатталады: астениялық, гиперстениялық, шығармашылық тиімділіктің тӛмендеуі және эмоциональды кӛріністер кедейленуімен еңбекке қабілеттің күшеюі. Мұндай ӛзгерістер үшінші- тӛргінші ұстамалардан кейін кӛрінеді. Артынан үрдіс белсенділігі тӛмендейді: ұстамалар сирейді, тұлға ӛзгерісі бір деңгейде қалады. Мұндай науқастардың ерекшелігі оларда әрқашан басынан ӛткен психотикалық күйге сын кезқарас бақыланады, және олар дертті жағдай мен саулық күйін нақты ажырата алады.
Мұндай науқастардың еңбекке қабілеті әдетге тӛмендемейді (астениялық тұлғалық ӛзгерістермен науқастардан басқасында). Рекуррентгі шизофрения кезіндегі болжам жайлы, бірақ бұл науқастарда айқын депрессия фонында суицидальды ойлар және әрекеттер болу мүмкіндігін ескеру қажет. Мұндай науқастар арнайы бақылауды қажет етеді. Суицидальды тенденция анықталған жағдайда шұғыл, міндетті түрде ауруханаға орналастыру қажет.
Ҧстама тәрізді - ҥдемелі (шубтәрізді) шизофрения
Бұл форма үзіліссіз ағымдағы үрдіс фонында қайталамалы ұстамамен сипатталады, продуктивті және үдемелі негативті симптоматикамен кӛрінеді.
Шизофренияның бұл түрінде ұстамалар әртүрлі, олар аса полиморфизмімен және біркелкі емес ұзақтықпен (минуттарга созылатын
транзиторлы турінен кӛп жылдарға созылатын ұстамаларға дейін) ерекшеленеді. Бірақ рекуррентгі шизофрения ұстамаларына карағанда жедел емес, баяулау ағымда ӛтеді, оның құрылымында параноидты және галлюцинаторлы кӛріністер басым кӛрініс береді. Кейде ұстама тәрізді үдемелі шизофренияның продуктивті симптоматикасы ұстама кезінде ғана емес, ұстама аралық кезеңде де байқалады, тұлғаның үдемелі дефицитарлы ӛзгерістері, ұстаманың қалдық (резидуальды) симптоматикасы байқалады. Ӛздерінің әртектілігіне қарамастан ұстама тәрізді үдемелі шизофрения кезіндегі ұстамалардың ортақ ерекшеліктері болады. Оларға психоз кӛріністерінің массивтілігі арасындағы диссоциация және науқас жүріс-тұрысының азды-кӛпті дұрыстығы аса тән. Шизофренияның бұл түрінде ұстамалар полиморфтылығымен ерекшеленеді. Мысалы, маниакальды ұстама кезінде науқаста жиі ӛзін - ӛзі кінәлау идеяларымен және жасаурағыштықпен депрессия күйі кӛрініс беріп тұрады. Басынан ӛткізген жағдайға, тіпті ұстама айқын және массивті симптоматикамен ӛтсе де, сьш кӛзқарас толық болмайды.
Ұстама тәрізді үдемелі шизофренияның басталатын жас кезені әртүрлі. Ол балалық шақта, жетілген және егде жас кезеңінде де басталуы мүмкін. Қандай жас кезеңінде басталуына байланысты клиникалық кӛрінісінде де жасқа байланысты ерекшеліктер айқын кӛрінеді. Мысалы, науқаста инфантилизм анықталса, дерттің балалық кезінде басталғаны жӛнінде айтуға болады. Ұстама тәрізді үдемелі шизофрения кезіндегі болжам әртүрлі және ең алдымен аурудың басталған жас кезеңіне, үрдіс ағымының жеделдігіне және тұлға ӛзгерісінің дәрежесіне тәуелді.

Этиологиясы және патогенезі
Шизофренияның этиологиясы мен патогенезі ауру бӛлек нозологиялық бірлік болып бӛлінгеннен бастап арнайы зерттеу пәні болды. Э. Крепелин шизофрения токсикоздың, соның ішінде жыныс бездерінің қызметі бұзылысы нәтижесінде пайда болады деді. Шизофренияның токсикалық табиғаты жӛніндегі идея баска да келесі зерттеулерде ӛзінің дамуын тапты. Осылайша, шизофрения дамуы белок алмасуының бұзылуымен және науқастар ағзасында ыдыраудың азотты ӛнімдерінің жиналуымен байланыстырылды. Салыстырмалы түрде жақын уақыт аралығында шизофренияның токсикалық табиғаты жӛніндегі идеяны науқастар қанының сары суынан арнайы - тораксеин затын табу арқылы дәлелдеуге талпыныстар жасалды. Бірақ шизофрениямен науқастардан қандай-да бір арнайы зат табу әрі қарай тұжырымын тапқан жоқ.
Шизофрениямен науқастар қанының сары суында токсикалық ӛнімдер болады, бірақ олар арнайылығымен ерекшеленбейді, тек шизофрения ауруына тән болып табылмайды. Олар басқа психикалық ауруларда, кей жағдайда сау адамдарда да кездеседі. Сонымен қатар олардың айқындық дәрежесі шизофрениялық үрдістің қатерлілік дәрежесіне тәуелді. Бұл токсикалық заттардың бірқатар қасиеттері бар. Олар жасушалардың мембраналарын зақымдайтын мембранотропты әсерге ие. Экспериментте шизофрениямен науқастар қанының сарысуы эмбрионның жүйке тінінің даму үрдісін тежейтін әсері бақыланды. ОЖЖ дамуының бұзылысы шизофрениямен зардап шеккен жүкті әйелдердің жүктілігін қолдан тоқтатқанда да байқалды. Шизофрения кезінде белсенді фактордың жүйке жүйесін зақымдау әсері милық аутогнер мен аутоантиденелердің пайда болуына әкеледі. Олардың мӛлшері де дерт үрдісінің қатерлілігімен байланысты. Бұл мәліметтер шизофрениямен науқастар ағзасының қызметі нәтижесінде пайда болатын белгілі бір биологиялық бұзылыстарды кӛрсетеді. Бірақ бұл бұзылыстарды түзетін механизмдер мен олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайларды түсіндіретін жеткілікті айқындылық жоқ.
Соңғы жылдары шизофренияны биохимиялық зерттеулерде белгілі бір табыстарға қол жеткізідді, ол оның дамуының биохимиялық болжамын құруға мүмкіндік берді.
Әсіресе катехоламиндік және индолды гипотезалар салмақты болды. Шизофрениямен науқастардың миындағы нейробиологиялық үрдістер бұзылысының механизмдерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары жайлы
Шизофрения туралы
Аутизм түрлері
Шизофрения
Шизофрения ауруының жалпы клиникалық белгілері,емдеу бағыты
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері
Ішімдікке салынған шизофрениямен ауыратын адамдар
Психикалық ауруларға анықтама
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары жайлы ақпарат
Пәндер