Болмыс философиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Болмыс философиясы[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол "бол", "болу" сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық "әлем деген не" сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз - бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде болмыс құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский). Қайта Өркендеу, әсіресе Жаңа Дәуірден бастап жаратылыстану - механика, математика, физика үлкен қарқынмен дами бастайды. Болмыс-жаратылыстану мен адамның практикалық іс-әрекетінің негізгі объектісі болып табылатын табиғат. Ол белгілі заңдылықтарға сүйеніп жұмыс істейтін механизм тәрізді. Адам бұл уақытта табиғаттың жоғарғы жеңісі, күрделі механизм деп түсіндірілді. Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж.Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы идеялар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классикалық философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірді. Мәселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерді жинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады. Ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе - болмыс. Яғни, ол заттар мен руханилық әлемін, өтпелі мен мәңгілікті білдіреді. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Біріншіден, табиғат болмысы - онық күллі заттары, құбылыстары, процестері. Ғылыми көзқарас бойынша, табиғат адамнан тыс, тәуелсіз мәңгі өмір сүреді. Ол барлық жерде, тіпті адамның өзінде де бар. Табиғатты өзгерту нәтижесінде адам күрделі де жан - жақты екінші табиғатты, яғни жасанды заттар, қатынастар, процестер әлемін, немесе мәдениетті тудырды. Мәдениет-адам іс-әрекетінің жиынтығы, оның өмірінің жаңа әлемі. Екіншіден, бұл тән мен рухтың, табиғилық пен әлеуметтіктің бірлігінен тұратын ерекше тірі жан-адам болмысы. Табиғат дамуының жемісі мен жеңісі бола отырып, адам өзіндік таптырмайтын ерекше рухани әлемнің иесі. Гетеның әр адам бұл фәниден аттанғанда, онымен бірге букіл адамзат тарихы да өледі дегенініқ мәні осыда болса керек. Үшіншіден, бұл-адамдардың рухани іс-әрекетінің өзара қарым-қатынасының әлемі болып табылатын қоғамдық болмыс. Қоғам адамның ойы мен еркі әрекет ететін сфера, мұның өзі оған ерекше тыныс береді. Әрине, қоғам ең алдымен, өз заңдылықтарымен өмір сүреді (саясат, экономика, т.б.). Сонымен қатар, ол табиғатпен де етене байланыста. Төртіншіден, бұл-руханилық әлемі. Руханилық-өзіндік ерекшілігі мол реалдылық. Ол көзге түспейді, қолға ұсталмайды, бірақ адам іс-әрекетінің бәрінде көрініс табады. Бұл адамдардың практикалық іс-әрекетінде орын тепкен-сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд адам психикасының қара күштері деп бағаланған бейсаналық та орын тепкен. Руханилық-бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйеніп, өмір сүреді, физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Болмыс - адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді деп көзделген.
Материя, оның жалпы қасиеттері мен өмір сүру тәсілі[өңдеу]
Материя ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған. Ғылымның ірі жетістіктері әлемнің механикалық үлгісінің іргесін босатты. Материя туралы білімнің аясы одан да кеми түсті. Ғылымда қалыптасқан осы бағытты қорытындылай отырып, В.И. Ленин 1908 жылы материя ұғымының кеңейтілген анықтамасын берді: "Материя дегеніміз - адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория". Яғни, материя дегеніміз біздің сана-сезімізден тыс өмір сүретін реалдылық, өйткені ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған, болады және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасуда болып отырады. Материяға біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әр түрлі бөліктері мен қырлары өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымның сезімдік формасы
Даналыққа құштарлық және философиялық пікірлер
Жаңа заман философиясы(xvii-xix ғасырлар)
Болмыс формалары
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Антика мәдениетіндегі философия
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Мартин Хайдеггер өмірбаяны
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Пәндер