Америка Құрама Штаттарының бұқаралық ақпарат құралдары


Америка Құрама Штаттарының бұқаралық ақпарат құралдары
Америка Құрама Штаты- әлемнің көшбасшы мемлекеті десек артық емес. АҚШ- өзіндік ерекшелігі көп мемлекеттің бірі. Әлем бойында экономика жағынан өздерін мойындада білген. Дамушы ердерге үлгі боларлықтай, мемлекет болып есептелінеді. Сондықтан да, әлем назарын өзіне аудара білген мемлекет. Сонымен қатар, журналистика саласымен де, танымал елдердің бірі де, бірегейі. АҚШ журналистикасы- оның баспасөз беттері болсын, телевегиялық бағдарламары болсын, радио желілігі болмасын тек өзінің елінде ғана емес, әлем бойынша үздіктер қатарына кіретін мемлекет. Ең алғашқы баспасөз газеттері Батыс Еуропа елдерінен кейін, осы Америка елінде шыға бастады. АҚШ- тың ең алғашқы баспасөзі Бостон қаласында, 1690 25 қырқүйекте жылы «Паблик оккорэнсиз энд демостик» («Publick Occurrences, both Forreign and Domestick») деген атпен жарық көрген. Бұл газетті Бостон қаласынаң тұрғын Ричард Пирс текстін жазумен айналысса, ал редакторлық қызметін - бұрын Лондон қаласында газет шығарарумен айналысқан, өз маманның шебері- Бенджамин Харрис болды. Газет беті 6-10 бет шамасында шығарылған. Алайда, бұл газеттің тарихы көпке созылмай, бір саны ғана шығып үлгенген. Газеттің шығуына ағылшынның отармау үкіметі қарсы болып, артынша 1690 жылы 29 қырқүйекте жабылып қалған. Келесі газет 14 жылдан кейын жарық көрді. Яғни 1704 жылы Джон Кембеллдің бастауымен "Бостон Ньюслеттер" атты газет дүниеге келді, Бұл газеттің тарихы 15 жылға дейін созылды. Алғашқы таралымы 300 данамен шығарылып, көлемі жағынан қазіргі газеттерден сәл үлкендеу көлемде жарияланған. Газет негінен Лондындық «Флайнинг пост» газетінің көшірмесі ретінде шығып тұрған. Газеттің алғашқы беттерінде, отандық жаңалықтар емес, шетелдік жаңалықтар жарияланған. Ел ішіндегі жаңалықтардын айтарлықтай құнды ақпараттарды жаза алмаған.
Себебі, үкімет басшасы саяси тақырыптағы мақалаларды жариялауға рұқсатын бермеген. Негізінен америкалық алғашқы басылымдар қымбат түрде сатылымда болған. Мәселен, бір газеттің құны 8-10 доллор көлемде сатылған. Сондықтан, алғашқы басылымдарды ақсүйек, ауқатты адамдар ғана алып, оқи алған. Ал, қарапайым халықтың оны алып, оқитын қалтасы көтермеген. Негізінен америкада баспасөз 18 ғасырда дами бастады. Осының ішінде беделге ие болған 1719 жылың желтоқсанның 21-де Уильям Брукердің бастауымен «Thе Bоston Gаzette» деген атпен шығарылды. Бұл газетте отандық саяси, экономикалық және басқада тақырыптарда, жан-жақты қамтып, жарияланып отырған. Газет ұзақ 79 жыл өмір сүрген. Яғни, 1798 жылы газеттің соңғы саны шыққан. Америкада 30- жылдарында арзан қол газеттер шығарылып, соның арқасында баспасөздің кең түрде дамуына жол ашты. Кейінен газет беттерінде саяси тақырыптарды қамтып, жариялай бастады. Американың алғашқы баспасөздерінің негізі монополиялану бағытына түскен. Себебі, басқа саладағы концентрациялану процесі баспасөздерге де әсерін тигізген.
Америкада газет-баспа бірлестігі 19 ғасырдың 60-70 жылдарында пайда болды. Соның арқасында 70-80 жылдары Скриппс пен У. Р. Херс дейтін ірі компаниялары ашылды. Hеаrst Cоrpоration- газеттер тізімі жағынан 15 күнделікті шығатын және 36 апталық газеттермен қоса 300 ден астам журналдары, соның ішінде әлемге танымал Harper's Bazaar, Cosmopolitan секілді журналдарды шығарады. Компания тек баспасөзбен тоқтамай 31 телеарнасы бар. Ең танымал телеарна- Hеаrst Tеlеvіsion. Бұл компания ең ірі компаниялардың бірі.
EW Scrіpps Cоmpаny- бұл компанияның Эдвард Уиллис Скриппс негізін қалаған. Алғашында компания тек газет шығарумен айналысқан. Кейінен Sсripps Media деп аталатын теледидар станцияларында аша бастаған. Қазіргі таңда, 62 теледидар станцияны 3 бағытта басшылық етеді екен.
Негізі бұл компаниялардың көбісі отбасылық түрде жұмыс істейді. Жоғарыда айтып кеткен екі компанияда отбасылық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан компания. Әлі күнге дейін өз жұмыстарын атқаруда. Американың соңғы жылардағы деректер бойынша 113 газет баспа тобы бар екен. Олардың ішіндегі ең танымалдары- «Ганнеттің» «Ньюс корпорейшннің» «Дженерал элнетриктің» «Херст корпорейшннің» «Тайм Уорнердің» деген секілді газеттер тобының алар орны ерекше.
Америкада негізінен соңғы жылдарда күнделікті газеттерге қарағанда жексенбілік газеттер сұраныс жоғарлаған екен. Бұның сесебін зерттеушілер- адамдардың жұмыс басты болуы деп есептейді. Яғни, таң ертесімен асығып жұмысқа кетуі, кешке шаршап жұмыстан келуі, адамзат шаршаған соң, газет оқуға да шамасы болмайды. Сондықтан да, жексенбілік газеттер өтімдірек болуда. Осының кесірінен де, күнделікті газеттердің тираж жағы құлдырап, кейбір газеттер жабылып жатқаны. Мәселен, күнделікті газеттің саны жағынан 1552-ге дейін қыстарып, 59, 8 млн-ға дейін тираж саны төмендеген. Осылардың кесірінен газет беттерінде көптеп жарнамалар беріле бастаған. Мәселен, газеттердің беттері көбейіп, көлемі 1, 5 есеге өскен. Тіпті салмағының ауырлығынан мектеп оқушылары көтерып, сата алмайтын дәрежеге дейін жеткен. Негізі газеттердің да, жағдайын түсінуге болады, Себебі, осы жарнамалар арқылы күндерін көріп отыр. Мәселен, газеттер жарналмалар арқылы 80% табыс табады екен, ал 20% жазудан табады екен. Америкада ерте кездері газеттер жарнаманы өздері іздесе, қазіргіде бұл жұмыспен арнайы жарнама агенттігі айналысады. Қазіргіде 7, 5 мың америкада жарнама агенттігі жұмыс жасайды екен. Соңғы жылдадағы газеттердің шығу дизайнына келер болсақ., бұрынгылардан әлде қайда жақсы десек болады. Мысалы, газеттің бірінші беттері түрлы-түсті бояулармен безендіріп, әртүрлі графикалар, суреттер, схемалар салынатын болған. Сонмен қатар, мазмұндық жағында да, біраз өзгерістерді байқауға болады. Бұрынғы газеттерде газетке ақпарат жарияланды болса, қазір оның мазмұнына қатты назар аударады. Қазіргі кезде газеттің басты беттерінде- жергілікті және халықаралық хабарлар, саяси, экономикалық жаңалықтар беріледі. Негізінен АҚШ-тың экономика жағдайы жақсы дамыған. Газеттердің шетелдегі тілшілеріне бір жылда 250 000 доллор шамасында ақша кетеді екен. Соның ішінде- «Нью-Йорк Таймс», «Лос-Анжелес таймс», «Вашингтон пост», «Крисчиан сайенс мониторлар», «Бостан голуб» секілді әлемге танымал газеттер шет елден тілшімен жұмыс істеуге қауқарлы. Осы баспасөз әлемінің әр газеттің өзіндік көшбасшылары болары анық. Солардың ішіндегі ең озығы Джозеф Пулитцер .
«
Пулитцер сыйлығы»
Джозеф Пулитцер- 1847 жылдың 10 сәуірде Вергрияның Мако деген қаласында дүниеге келген. Әкесі бай еврей саудагері болған. Пулитцер бала кезінен неміс және француз тілдерін жетік меңгерген. Алайда әкесі қайтыс болғанан кейін, жағдайлары нашарап, саудагерлік жолы дағдарысқа ұшырап, әбсәтте кедей отбасыға айналған. Осылайша, Пулитцер америка жеріне 1864 жылы қоныс аударады. Жат елге келген Пулитцердің жағдайы өте нашар болады. Азамат соғысынан ашыққан солдат бұл жақтан тұрақты жұмыс таба алмай біраз қиналады. Жұмыс тапсада, 1-2 күн істеп кейін жұмыстан шығарып жыбере берген. Ол жұмыстан алатын ақшасы да, ешнарсесіне жетпеген. Осылай қиналып жүргенде, Лунзиана штатындағы плантацияға баруды ұйғарып, сол жақта жұмыс істеуді ойлаған Пулитцер, бұларды артқан кеме жарты жолдан тастап кетеді. Амалы жоқ жұмысшылар Сен-Луисқа дейін жаяу жүреді. Пулитцер жолдағы көрген азабы мен қиындығын, қасындағы жұмысшылардың шыдай алмай жан тапсырғандарын көріп, әзер дегенде Сен-Луисқа жетеді. Осы көрген барлық азабын, қиындығын «Вестлихе пошт» газетіне мақала түрде жазады. Міне, осы сәттен Пулитцердің жұлдызы жана бастайды. Өзінің бастан кешкен оқиғасы арқылы көрермендерінің жүрегіне жол табады. Осылайша, журналистика саласындағы қызметін бастады. Бірінші мақаласынана кейін Пулитцерді «Вестлихе пост» газетіне тілшілік қызметіне шақырады. Содан бұл газетте герман тілінде жұмыс атқарады. Пулитцер ағылшын тілін жетік меңгермеген соң, жаңалықтарды алу, оны тарату қиынға соқты. Алайда соған қарамастан, өзінің ізденімпаз қасиетінің арқасында ақпараттарды бірінші болып іздеп тауып отырған. Пулитцер осындай, талпыныздары мен ізденістерінің арқасында 1878 жылы «Сент-Луис пост энд диспетч» деген атаумен алғашқы газетін шығаруда бастайды. Бұл газет басқа газеттерге қарағанда өзгеше болады, себебі, «жаңа журнализм» әдісін қолданып, «азаматтық репортаждар» жазып, бұқараны өзіне аудартады. Сонымен қатар, Пулитцер саясатпен де араласып, сайлауда бағын сынап көреді. Сөз шеберлі шешен, білікті журналист аудиторияны басқара отырып, өзінің саясатына қарай аудиторияны ыңғайландарады. Пулитцер аудиториясына біріне- оқылатын дүниелерді, екіншісіне- ойланатын дүниелерді ұсына білді. Пулитцер осы жұмыстың бәрін, өзі редактор, баспагер, журналист, бизнес-менеджер бола отырып атқарды. Пулитцердің тағы бір жемісті еңбегі- 1883 жылы «Нью-Йорк уорлд» газетін иеленуі болды. Бұл газетте ашық түрде «жаңа журнализм» әдісінің жарқын көрінісі болды. Газеттің бір жыл ішінде таралымын 15 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріп, 3 жыл ішінде 4 млн- ға дейін жеткізген. Осы газетте 1889 жылдан бастап неше түрлі комикстік сериал жариялай бастады. Осы газетпен қоса, «Сан-Франциско игзэмир» газетінде өз қарауына алды. Бұл газетте көптеген қызықты, шым-шытырық оқиғаларды үзбей жариялап, көрермендердің назарын аударды. Мәселен, газетте «Кішкентай Лоттаның нақсүйерлері», «Құпия өзенден», «Уорт-стриттегі террор» секілді айдарлары болған. Америкада Пулитцер «сарыжағал» деген тағы бір басылымның негізін салушы, дамытушысы болады.
Жалпы Пулитцердің баспасөз беттерінде осылай нәтежие көрсетуі- қатаң тәртіптің арқасында. Газет беттерінде динамикалық репартаждарды тұрақты түрде беріп, тілші журналистерге адам сенбестей жаңалықтар жасауды тапсырды. Бірі жындыханалардың жағдайын тексеру үшін жындыханаға жатса, бірі бүкіл әледі шарлап, адам білмейтін ақпараттармен бөліскен. Сонымер қатар, 1909 жылы тамыз айында Колумьия университетінен журналистика факутетін ашуға көп септігін тигізіп, қаржылай жағдайын өз есебінен төлеген. Осылайша. 1911 жылдың 29 қазанында Джозеф Пулитцер 65 жасқа қараған шағында дүниеген өтеді. «Жақсының аты өлмейді ғалымның хаты өлмейді» дегендей Пулитцер артына өшпес із қалдырып кеттен. Джозеф Пулитцер- ел арасында «кәсіпкер-журналисттің» символы ретінде және ауыр тағдырын күресіп жеңген адам ретінде сақталып қалған. 1917 жылдан бастап АҚШ- та үздік журналистерге «Пулитцер сыйлығы» беріледі екен. Ең алғаш осы сыйлықтың иегері- америкалық журналист Герберт Байярд Своуп болды. 1916 жылы «Нью-Йорк уорлд» газетінде «Изнутри Германской империи» атты мақаласының арқасында сыйлыққа ие болған.
Нелли Блай.
Нелли Блай шын есімі- Элизабет Кокрейн. Элизабет 1867 жылдың 5 мамырында Кокранс-Миллз қаласы, штат пәтері- Пенсильвания дүниеге келген. Ауқатты отбасыдан шыққан. Әкесі жергілікті сот қызметінде жұмыс істеген. Элизабет кішкентай кезінен журналист болуды армандап, соған дайындалған екен. Элизабеттің 6 жасында әкесі белгісіз себептерден қайтыс болып, осы сәттен тұрмыстық жағдайлары нашарлай бастайды. Осылай жүргенде 11 жасында анасы екінші күйеуге шығып, қыздарына көңіл бөлмей кетіп, Элизабет өзін асырау үшін жұмыс істей бастайды. Алғашында Питсбургте тілші болып жұмыс істей бастайды да, алайда бастығымен келісе алмай жұмыстан шығып кетеді. Кейін Нью-Йорк қаласына келуге шешім қабылдайды. Алайда, бейтаныс қалаға сіңісу оңайға соқпайды. Қалаға келе салып, әмиянын ұрлатын алады. Кейінен «Нью-Йорк уорлд» газетінің редаксиясына келіліп, Джозеф Пулитцерге өзінің бастан кешкен оқиғасын баяндап береді. Пулитцер де қызды түсініп, жағдайын өзінікіе балап, қарызға ақша беріп, сенім артып, жұмысқа алады. Нелли Пулитцерді сенсациялық мақаласымен таңдай қаққызды, тек Пулитцерді емес әлемді дұр сілкіндіретіндей жаңалық шығарды. Ол жаңалығы- Нью-Йорк қаласындағы жындыханалар ауруханасын бақылау болды. Бұл жұмысты іске асыру үшін Нелли көптеген психикалық кітаптарды, бағдарламаларды көріп, оқып жаттығулар жасап, біраз уақыт дайындалды. Бұл әс астыртын әрекет ретінде жүргізіледі. Сонымен әбен дайындалған Нелли алба-жұба киініп баспанасыздар үйіне барады. Ол жерде Нелли шынында да есі дұрыс емтің рөлін шынайы сомдап, жындыханаға жөнетіледі. Оны дәрігерлер жан-жақтан тексеріп, 4 адам жынды деп тапса, 1 адам есі дұрыс дейді. Нелли осы жындыханада бірер апта жатып, аурухананы мұқия зерттеп, әлемді шулататындай мақала жазған. Бұл мақалада: ауруларды салқын жерде ұстайтындығы, дәрігерлердің қаталдығы, тамақ жағынан тапшы екендігін, аурулардың жәбір көргенін бәрін жіпке тізгендей жазып жариялайды. Осы мақаланың арқасында, аурухананы үкімет басшылары тексеріп, айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Бұл жерде Неллидің асқан барыт қыз екендігін, тек журналист емес, адамдарды сендіре білген актрисалы өнері бар екендігін көреміз. Келесі сенсациялық мақаласы 1889 жылы Пулитцердің демушілігімен, жер шарын айналып шығу болды. Бұл сапарға Нелли бар болғаны 4 күнде дайындалып сапарға шығып кетті. Жюль Верннің Филеас Фогы жасаған 80 күнде жер шарын айналып шығудан рекордын бұзады дегенге ешкім сенбеді. Осылайша 1889 жылы 5 қазанда «Августа Виктория» кемесіне мініп, жолға шығады. Әр тоқтаған сайын телеграф арқылы қызықты мағұлматтарды репортаж жіберіп отырды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Англиядан келген соң, Ла-Манштан өтіп, Амьенге жол тартып арнайы Жлью Верге жолығуға барады. Сонымен, Нелли 25 қаңтар күні сапарын аяқтайды. Осылайша, 72 күнде, 6 сағатта, 11 минутта, 24899 мильді жүріп өтіп, Жюль Верннің рекортын жаңартады. «Нью-Йорк уорлд» газетінің редакциялары, көрерменнен келген құттықтау хаттар толассыз келіп жатты. Соның ішінде ең алғашқылардың бірі болып-Жюль Верн құттықтады.
Осындай, жеңістен кейін Нелли өзінен 42 жас үлкен миллионер Роберт Симонға үйленіп, өз саласынан қол үзіп қалады. Нелли безнес саласына ден қояды. Алайда, 1904 жылы күйеуінен айырылып, кейін жасап отқан бизнесін дұрыс жүргізе алмай банкротқа ұшырайды. Күнін көру үшін өх саласына орналып, 1913 жылы дүниежүзілік соғыстан репортаж жасайды. Кейін 1920 жылы 30 қаңтарды соңғы репартажын Синг-Синг түрмесінде қылмыскерлерді жазалау сәтін жазған болатын. 1922 жылы 27 қаңтарды 57 жасында Нью-Йорк қаласындағы Сент-Маркс ауруханасында (St. Mark’s Hospital) пневониядан қайтыс болады.
Кэтрин Грэм- 1917 жылы 16 маусымда әкесі Юджин Мейер ірі қаржыгер отбасыда дүниеге келген. Әкесі- Дүниежүзілік Банктың тұңғыш президентті болған. Ал, анасы Агнест Эрнсттің балаларының тәрбиесімен айналысуға уақыты болмаған. Себебі аналары үнемі саяхаттап жүруден босамаған. Сондықтан да, Кэтрин және оның бауырларының балалық шағы әке-шешенің уақыты болмаған соң, ата-ана жылуы мен мейірімін көрмей өскен. Осылай жүріп, Кэтрин журналистік салаға қызыа бастап, әкесі 1ғ933 жылы «Вашингтон пост» газеттін 825 мың доллорға сатып әпереді. Бұл кезде Кэтрин 16 жаста болады. Бұл кезде Кэтрин жас болған соң, өзін шындау үшін газет ісі деген секілді оқумен оқып, оң-солын азыратып, газетке 1939 жылы келген де, Филипп Грэм есімді жігітке тұрмысқа щығып, газеттегі барлық билік сол адамға өтеді. Кэтрин өз жүмысынан біраз уақыт қол үзеді. Алайда 1963 жылы куйеуі қайтыс болған соң, газет басшылығын өзі алып барлық адамдарды таң қалдырды. Себебі ол кездегі дәуірге қайтыс болған ер адамның бизнесін әйелі емес, оның баласына, не болмаса туысқандарына өтуі тиіс болған. Кэтрин соған қарамастан сол кездегі менталитетке қарсы шыға білген қыз. Редакторлық қызмет атқарған кезде Бэн Брэдли көп көмектесіп, үнемі қолдаушысы болған. Бұл газетті Ақш түгілі Вашигтан тұрғандарының өзі білмейтін газетті негізгі таралымы 50 мың ғана болған, кейінен кейін газет Амениканың ықпалды институтына айналдырды. Кэтрин осылай дәрежесі мен қоғамда өз орнын қалыптастыра бастады. Алайда, 1971 жылы «Нью Йорк таймс» газеті «Пентагон құжаттарын» басқаны арқылы федералды сот тарапынан шағым түсірді. Бірақ Кэтрин соған қарамастан ары қарай жасғастыра берді. Бұл туаралы Вьетнам соғысына қатысты Ақш Қорғаныс министрлігінің халықтан жасырған құпиялары әшкере болды. Сол себепті билік басшылары баспасөздің ауыздарын жабуға тырысты. Кэртин өзінің басына қауіп төнсе де, шындық үшін тайсалмады. Сосын осының үстінен сот ісі қозғалды. Шешім 1971 жылы маусымныңм 30-ына қабылданды. Шешімде Кэтрин жеңіп, бұл күнді сөз бостандығы деп атап кетті. Осы кезде «Вашингтон пост» газеті жалпыұлттық газетке айналды. Кэтрин осылай он шақты жылда әлемге белгісі тұлғаға айналды. Сонымен қатар саяси аренада тек жеңіске жетіп, әділдік орната білді.
Кэтриннің тағы бір жеңісі- 1972 жылы 17 маусымында президент сайлауына 5 ай қалған кезінде Вашингтон полициясы бес қаскөйді қолға түсіреді. Бұл тыншылар Ақш демократиялық пртичсының штаб-пәтеріне жасырын кіріп, құжаттарды тексеріп, стол астына жасырын диктафон орнатып жатқан сәтінен ұсталады. Осы оқиғаны ең алғашқылары болып «Вшингтон пост» газетінің тілшілері Боб Вудворд пен Карл Бернстейн оқиғаны толықтай біліп, құнды нөмер тайындайды. Бұл ақпарат елді дүр сілкіндіретіндей жаңалық болды. Бұл екі тілшіге қауіп төнген соң, Кэтрин тілшілердің амандығын өз мойнына алады. Бұл оқиға Ақ үймен тікелей байланысты бола бастады. Халық арасында саулауда өз орнында қалу үшін Ричард Никсонның қылмысты өзі ұйымдастырды деп әңгімелер көбейді. Осы оқиғаға байланысты Ақш-тың бас прокуроры Джордж Митчелл талай рет Кэтринді қорқытып, қоъхан-лохы жаса са, соңында әділдік орнап, президентіктен өз еркімен Ричард Никсон кетеді. Бұл оқиға тек Америка елін ғана емес, бүкіл әлемді таң қалдырды. Осы түста Кэтриннің дарынды журналист және білікті редактор бола білді. Ең басты жеңісі презитентің өз қатесін мойындата білген қайратты да төзімді, шыдамды әйел бола білді.
Осындай дәрежеде 1979 жылы өз орнын босатып, газет басшылығын ұлы Дональдқа табыстады. Кэтрин басшылықты тапсырғын мен өз жұмысын тастамады. Бұл жұмыстан кетуі- әйгілі «Ассошиэйтед Пресс» агентіктің директорлар кеңесінің мүшесі, Америка газеттерінің ассоциациясының төрайымы болып қызмет атқарды. Кэтрин өз жұмысын сонша жақсы көргены қайтыс болар сәтінде де бір адамнан сұхбат алып келе жасқан сәтте, баспалдақтан талып құлап, сол жерде жан тапсырады. Кэтринің жиі айтатын сөзі- «Біздің бәріміздің бір ғана мақсатымыз бар: бір істі бітіруге қабілетіміз тоусылғанша өмір сүру керек, одан кейінгі өмірдің қажетіде жоқ». Басқасақ, Кэтрин 85 жыл өмірін әділдікке, қоғамға, мемлекетке өз пайдасын тигізіп, осы айтқан сөзіне өзі мысал ретінде келтірсек болады.
Американың алып баспасөз империялары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz