«Камшат» атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Бөлім I.
Зергерлік өнеріне сипаттама.
1.1 Қазақтың қоленершілерінің шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ұсталық өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.3 Зергерлік өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.7
1.4 Қазақтың ою.өрнегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.10

Бөлім II.
Зергелік бұйымдардың жасалу жолдары.
2.1 Зергерлік күміс бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Қылыш, пышақ соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.13
2.3 Зергерлік әшекей бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.17
2.4 Заттың жасалу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Кіріспе
Қазақтың ұлттық кәсібі, халық шығармашылығы сән және қосалқы өнер, музыка, театр, би тағы да басқа халықтың көркем ой туындысынан пайда болған өнер салаларын қамтыды. Қарапайым еңбекші халықтың іс-әрекеті, қоғамдық және тұрмыстық болмысы, табиғат пен өмір жайындағы танымы, діни сенім-нанымы халық шеберлерінің жасаған көркем туындысынан көрініс тауып отырды. Халықтың есеюі, мұраты мен талпынысы, оның алғыр ой-қиялы, ғаламат ақылдылығы мен сезімталдығы, күйініші мен бақытты аңсауы қоғамдық еңбек тәжірибесі барысында қалыптасқан халық шығармашылығында тоғысты. Халық өнерінің сан ғасырлық тәжірибесін бойына сіңірген осынау өнер түрі шындықты көркем пайымдауға тереңдігі, образдарының шынайылығы, әрі шығармашылық түйіннің сомдылығымен ерекшеленеді. Халық ғасырлар бойы таланттар жасаған туындыларды електен өткізіп, асылын тауіып, одан әрі дамытып отырған. Бүкіл дүниежүзі халықтары сияқты қазақ халқының халықтық өнері де қашан да сап алтын күйін жоймайтын дәстүрлі мұра. Оның бүгінгі өнерге үлгі боларлық мәні зор. Халық өнері еңбекші халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, оның өмір сұру ерекшелігімен, өмір сұру дағдысымен біте қайнасып дамыды. Алғашқы бұйымдар дүниеге келсе, көркемдік ойдың ояна бастауына орай әр затқа әсемдік әр беретін нақыштау ісі қолданыла бастады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Ә. Тәжімұратов. «Шебердің қолы ортақ» -Алматы, 1977-126.
2. Арғынбаев. «Қазақ қолөнер тарихы» -Алматы, 1989-406.
3. С. Қасымов. «Қазақ халқының қолөнері» -Алматы, 1995-306
4. С. Төлебаев. «Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары» - Алматы, 1996ж-16 б.
5. И. Нұрмүхамедов «Қазақ қолөнерінің сәндік ою-өрнектері» -Алматы, 1984-406.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Камшат атты қыздар әшекей бұйымдарының жиынтығы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Бөлім I.
Зергерлік өнеріне сипаттама.
1.1 Қазақтың қоленершілерінің
шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 4
1.2 Ұсталық
өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 5
1.3 Зергерлік
өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...6-7
1.4 Қазақтың ою-
өрнегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..8-10
Бөлім II.
Зергелік бұйымдардың жасалу жолдары.
2.1 Зергерлік күміс
бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Қылыш, пышақ
соғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-
13
2.3 Зергерлік әшекей
бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-17
2.4 Заттың жасалу
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
8-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 43 Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...44
Кіріспе
Қазақтың ұлттық кәсібі, халық шығармашылығы сән және қосалқы өнер, музыка,
театр, би тағы да басқа халықтың көркем ой туындысынан пайда болған өнер
салаларын қамтыды. Қарапайым еңбекші халықтың іс-әрекеті, қоғамдық және
тұрмыстық болмысы, табиғат пен өмір жайындағы танымы, діни сенім-нанымы
халық шеберлерінің жасаған көркем туындысынан көрініс тауып отырды.
Халықтың есеюі, мұраты мен талпынысы, оның алғыр ой-қиялы, ғаламат
ақылдылығы мен сезімталдығы, күйініші мен бақытты аңсауы қоғамдық еңбек
тәжірибесі барысында қалыптасқан халық шығармашылығында тоғысты. Халық
өнерінің сан ғасырлық тәжірибесін бойына сіңірген осынау өнер түрі шындықты
көркем пайымдауға тереңдігі, образдарының шынайылығы, әрі шығармашылық
түйіннің сомдылығымен ерекшеленеді. Халық ғасырлар бойы таланттар жасаған
туындыларды електен өткізіп, асылын тауіып, одан әрі дамытып отырған. Бүкіл
дүниежүзі халықтары сияқты қазақ халқының халықтық өнері де қашан да сап
алтын күйін жоймайтын дәстүрлі мұра. Оның бүгінгі өнерге үлгі боларлық мәні
зор. Халық өнері еңбекші халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен, оның өмір
сұру ерекшелігімен, өмір сұру дағдысымен біте қайнасып дамыды. Алғашқы
бұйымдар дүниеге келсе, көркемдік ойдың ояна бастауына орай әр затқа
әсемдік әр беретін нақыштау ісі қолданыла бастады.

Бөлім І. Зергерлік өнеріне сипаттама
1.1 Қазақтың қоленершілерінің шеберлігі

Қазақ халқының қолөнері үй жиһаздарында тамаша әшекейленген, сөйтіп
заттың мазмұнымен ғажайып үндестік тапқан. Қазақ халқының қол өнер
бұйымдары негізінен қыш, жүн, тері, ағаш, сүйек, металл заттардан жасалған.
Қол өнер бұйымдарын жасаудың негізгі екі түрі жеке бір шебердің қолынан
шығатын аркымдық түрде істелінетін болып қалыптасқан.
Халық қолөнерінің алтын қазынасына, оның ертеден келе жатқан көркемдік
тәсілдеріне деген көпшілік ілтипаты өнердің бүгінгі танда өркен жаюына
жағдай жасап отыр. Заттарды көркемдеу тақырып жағынан артып, жаңа металдар
мен қазіргі техника мүмкіндігін орынды пайдалану жүзеге асты. Халық
өнерінің кейбір бүрын болған түрлері қайтадан қалпына келтірілуде. Ежелгі
ұсталар мен ісмерлер өз туындылары арқылы халықтың қазынасын байытқанмен,
оның аты- жөні беймелім болып қала берсе, қазіргі заманда ел таныған
таланттарға арнайы қамқорлық жасалып, олар халық игілігі үшін төккен
терінің жемісін көріп, қуанышына бөленуде.
Зергерлер мен ұсталар көркем бұйымдарын металдан, негізінен алғанда
күміс пен мыс, темірден жасаған.
1.2 Ұсталық өнер.

Ұсталық пен зергерлік өнер әр түрлі металдардан сәндік әшекейлі
бұйымдар жасаумен ерекшеленген. Қазақстан жерінде мыс және темір, күміс
сияқты металдардан әшекейлі бұйымдар жасау ісі ерте заманнан басталды.
Содан бері ұсталар және зергерлер сан-қилы жағдайлар мен кезеңдерге
қарамастан, ұсталық зергерлік өнері біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Ұста мен зергерлерге бірдей қажетті құрал саймандар көрік жасайтын
болды.
Қазақ шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі,
олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы.
Әсіресе ершілер, зергерлер, етікшілер тағы да басқа ұсақ-түйек бұйымдар
жасайтын шеберлер, көбінесе қысы-жазы өзінің түрған үйінде немесе тапсырыс
берушінің мекен жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын
шикізаттары да, кұралсаймандары да көшкенге қолайлы да сыйымды болды.
Сондықтан, олар жаз күндері елмен бірге жайлауға көшсе, шағын киіз үйдің
сүйегін жасайтын үйшілер мен арба, шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар
мен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары, тас өңдеушілер қысқы
мекеннен кете алмай, қыстақта тұратын болған.
Революцияға дейінгі қазақ қолөнерінде бірнеше салалар болды. Біз оның
ішінде ағаш, металл, тас, сүиек, мүйіз, тері мен былғарыдан әртүрлі үй
бұйымдарын, шаруашылық құрал-саймандарын сан-алуан ескерткіштер жасауға
байланысты қалыптасқан қолөнер түрлерін қарастырып өтейік. Дегенмен әлі де
болса қазақ шеберлері жер өндеп, мал өсіруден үзілді-кесілді қол үзе
қоймаған. Ал киіз басу, тоқымашылық, кесте тігу сияқты әйелдердің үлесіне
тиген қолөнер түрлері керісінше жаңа жағдайға байланысты жаңғыра даму
үстінде.
1.3 Зергерлік өнер.

Зергерлік өнер Ү-ҮІ ғасырдан басталып, заман өткен сайын дами түскен.
Эмалды қаралау түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Зергерлер еңбегінде де
халық өнеріндегі белгілі әшекейлердің болмысын, нақыштап, көшіріп, қайта
басу басым екендігі байқалған.
Қазақ зергерлері негізінен, түсті металдан сан-алуан әсемдік бұйымдар
жасаған. Әсіресе, сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, алқа, өңіршек, білезік,
жүзік, белдік, қапсырма т.б күмістен соғылатын сәндік бұйымдар ертеде
кеңінен тараған. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасау кезінде
көптеген зергерлік тәсілдерді қолданған.
Соның ішінде ең көп тараған тәсілдері: отқа қыздырып соғу, балқытылған
металды қалыпқа құю, кептеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу, сым кептеу,
сіркелеу, бедерлеу, оймалау т.б. Күміс бұйымның бетін қаралауды қора
бағдар деп атаған. Мұның құрамы күміс, мыс, қорғасын және күкүрттен
түратын көрінеді.
Халқымыздың зергерлік еліміздің өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше
орын алады.
Өнердің бүл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология
мен топонимика ілімдерінің деректері Қазақстан территориясында мыс, қалайы,
алтын секілді асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің
ежелден дамығанын қуаттайды. Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы
колтаңбалардан ежелгі өнердің көркемдік жағынан биік деңгейін байқауымызға
болады. Қола дәуірі кезіндегі зергерлік бұйымдары формасының
монументтілігімен, көркемдік тілінің әсерлік қуаттылығымен ерекшеленсе, ол
есік обасынан, шілікті, бесшатыр қорғандарынан табылған скифтерге тән
бейнелеу стиліндегі Қарғалы қазынасынажататын үйсіндердің поли хромды
алтын әшекейлері, Бурабай көлі төңірегіндегі обадан қазылып алынған гүлдер
кезеңіне саятын алтын әшекейлер және басқа да кейінгі замандардағы
кеніштерден ашылған көркем бұйымдар зергерлік өнердің шын мәніндегі
қайталанбас асыл мұралары болып табылады.
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен іргелес
халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан.
Үй көбінесе негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда
зергерлік өнердің өзіндік ерекшелігін белгіледі.
Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс істеп, өз өнерінің сырларын өз
ұрпағына ғана үйретіп отырған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке
керекті түрлі сәндік бұйымдар, ас-су жабдықтары, киіз үйдің сүйегіндегі ою-
өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ, көннен жасалатын торсық, музыкалық
аспаптар, қару жарақтар, ат-тұрман әбзелдері және т.б жатады. Бұларды
айтарлықтай етіп әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе күмісті молырақ
қолданған. Зергерлік металдың өңін аіпу шеберлігін жақсы білген. Соғу
арқылы белгілі-бір қалыпқа түсірілген күмістің өзі күңгірттеніп
кететіндіктен, оның үстіңгі бетін қайтадан бипозбен типылдау арқылы
жылтыратып, майда нақыштармен шекілеу тәсілімен өрнектеп, тартымды,
құлпырмалы түске келтіретін болған. Мұнымен қатар зергерлік күміс
бұйымдарды: лағыл, сапфир, гауһар, маржан тағы басқа асыл тастардан көз
қондыру арқылы да әсемдей түскен.
Түрлі-түсті шыныларды және т.б әсем әр беретін заттарды кедеге
асырған.

1.4 Қазақтың ою-өрнегі

Қазақтың қолөнерінде өрімшілдіктің неше түрлі әдемі өрнектері бар.
Біздің бұл көрсетіп отырғанымыз-тек әзірше ізі табылған, әдебиет беттерінде
жұртшылыққа таныс болған, екі үйдің бірінен кездесетін өрнектер ғана. Оның
әлі де болса бізге кездеспеген не көңілден қақас қалған түрлері және әр
жерде әр-түрлі айтылатын атаулары өте көп екені байқалады. Бұл пікірді
зерттеуші этнографтар да ертеден-ақ аңтып келеді.
Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай мынандай топтарға жіктеуге
болады:
I. Ай, күн, жұлдыздарға - көк әлеміне байланысты өрнектер.
II. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
III. Аңға, аңның денесінезіне байланысты өрнектер.
IV. Құрт-құмырсқаларға байланысты өрнектер.
V. Құстарға байланысты өрнектер.
VI. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ бейнелі өрнектер.
VII. Қару-құралдарға байланысты өрнектер.
VIII. Геометриялиқ фигуралар тектес өрнектер.
Қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, жорықшылық замандағы тұрмыстың
айналасындағы табиғатты аңшылықты өрнектейді.
Халықтың қолөнері шығармашылығын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу
ісі басталғалы бері 100-жылдан астам уақыт өтті. Бұл іске, ең алдымен,
біздің отанымыздың ғапымдары, олармен қатар Батыс Европа мен Америка
ғалымдары да кезінде қызыға түсті.
ХІХ-ғасырдан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер
мыс кітаптар шығырылды. Көп шетел ғалымдарының кітаптары және қазақ
ғалымдарының Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Э.Масаковтың, М.Мұқановтың және
тағы басқалардың зерттеу материалдарын айтса жеткілікті. Бұлар өз
еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары шығу тарихы туралы құнды
деректерді келтіреді. Аталмыш зерттеулердің көпшілігі, әсіресе шығыс
халықтарының ою-өрнегіндегі айшықтардың, мүйізге, жапыраққа
геометриялық тұлғаларға ұқсас өрнектердің нені бейнелейтінін және олардың
қандай екенін, қандай ұғымдар негізінде қалыптасқанын ерекше қызыға
қараған. Мысалы: геометриялық тұлғаларға ұқсас сызықтар, дөңгелек және
бұрышты сызықтар (үш бұрыш, төрт бұрыш, роба тәрізді өрнектер) т.б.
Осыдан кейін әр-түрлі ою-өрнектерде киімдер мен кілемдерде,
сырмақтар мен кестелерде және т.б. арғын үлгісі, керей үлгісі немесе
үлы жүз белгісі, кіші жүз белгісі деген мәнерлер пайда болды. Мұндай ою-
өрнектердің, үлгілердің негізінде туған әңгіме, ертек, аңыздардың әр-алуан
қызықты сюжеттерін қазақ ауылдарының қарт шеберлерінен жиі естисіз. Соған
қарағанда кейбір оюлардың шығуында да бір тарихи оқиғаға байланыстылық бар
тэрізді. Найман ер, Арғын тымақ, Адай бөрік, Дулат тымақ деген
атаулар сол елдің үлгісімен істелген заттарды, тігілген киімдерді
білдіреді.
Тіпті сол үлгілердің өздерін де өрнек мәндерін де, кейде осылай
аймаққа, руға бөліп атай береді. Мәселен Жетісу үлгісі, Жетісу мәнері,
Алтай үлгісі, Алтай мәнері деу осыдан шыққан.
Шеберлер халықтың ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын
не қағазға, не жарғақ теріге не матаға түсіріп ойып алатын. Оның қиындысын
үлгі деп атаған.
Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір
есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт формасын дәлдеп,
суреттің неғұрлым сол затқа аумай үқсап тұру жағына көбірек назар аударады.
Ал, ою-өрнек үлгілерін, сыр сипатын өзінше танып,оның дәлме-дәлдігінен гөрі
көркем әшекейлі болу жағына баса назар аударды. Ескі замандағы ел эдетін,
шаруашылық ғұрпын, этногрфиясын білген адамға мұндай
әрекеттерден заттың ұғымын және олардың неліктен бұлай аталтындығын
пайымдау қиын емес.

Бөлім ІІ. Зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары
2.1 Зергерлік күміс бұйымдар

Зергерлік күміс бұйымдары. Өткен заманда қазақтың халқы қол өнерінің
жете дамыған түрлерінің бірі зергерлік өнер ұлттық мәдениетіміздің
тарихында өзгеше орын алады. Бұл өнердің тұптамыры сонау әріде жатыр. Бағзы
бір замандардың өзінде Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы,
қорғасын, т.б металдар өндірілген. Соларды соғу, құю, қалыпқа салу арқылы
еңбек құралдары, әшекей заттар мен әр түрлі бұйымдар жасалған.
Архиологиялық заттарды зерттеу нәтижелері осыны дәлелдеді. Қазақстан
жерінде жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде ертедегі көшпенділер
заманында кеңінен қолданылған алтын мен күмістен тараған және басқа түсті
металдардан жасалған көптеген эшекей бұйымдар табылған. Сол табылған
заттардың көпшілігін хас шебердің қолынан шыққан нағыз өнер туындыларының
қатарына жатқызуға болады. Мысалы, Қарғалы көмбесінен табылған бүкіл әлемді
таң-қалдырған сақ алтыны еліміздің тарихи мақтанышы бола алады.
Зергерлер күміс бүйымдарды асыл тастардан (лағыл, сафир, зүбіржат,
гауһар және агат, хрезолит, інжу, маржан, жақұттан көз қондыру аркылы да
әсемдей түскен, түрлі-түсті шынылардың және тағы басқа әсем рең беретін
заттарды да кедеге асырған.
Күміс-жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін метал және де
жарқыраған ашық түсімен көз тартады, оның осы қасиеттерін зергерлер барынша
пайдаланған.

2.2 Қылыш, пышақ соғу

Металды көркемдеп өңдеудің әртүрлі техникалық әдістері: соғу, құю,
басу, қалыптау, зерлеу, темірге күміс қақтау, алтын жалату қолданылады.
Заттарды ешекейлеу технологиясында зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен
формасын үйлестіреді. Шебер күмістен алуан түрлі бұйымдар жасайды. Бұлардың
ішінде әйелге арналған әшекейлік бұйымдар сыртқы киімнің түймелері, сендік
заттар, киіз үйдің керегесін, уық, шаңырағын қылыш, пышақ, соғу т.б.
жасаған.
Қылыш-шабуға, шаншуға лайықталған өткір жүзді, имек, үшкір қару. Тарта
сермегенде сырғи тілетін имек қылыш терең жарақат салады. Қылыш- негізінен
атты әскер қаруы. Қылыш ерте заманда да жауға қарсы соғысатын басты
құралдардың бірі болған. Біздің заманымыздан бұрын әр елде пайдаланылған.
Болат қорыту ісі игерілгеннен кейін Орта Азияның көшпелі елдерінде, Шығыс
Европада болаттан жасалған қылыш пайда болған. Кейін селебе теріздес қос
жүзді, өткір қылышпен алмастырылған. Қазақ халқының тұрмыстық кәсібінде
өрмек арқауын бекітуге қолданылатын ағаш құралды да қылыш деп атаған. Қоян
қолтық айқаста кесу үшін қолданатын қаруқылыш. Бұл қарудың ертедегі
уақыттағы екі жүзді, түзу түрі семсер деп аталады. Қылыштың, семсердің
бөліктерінің атауларына келетін болсақ, қолға ұстайтын бөлігі сабы. Ол
ағаштан, сүйектен, мүйізден жасалып, алтындалып, сенді түрлері асыл
тастармен ешекейленген. Сабының қолға алып жүру үшін тағылған жібі
бүлдірге деп аталады. Қылыштың сапқа кіргізілетін бөлігі- жетесі,
қолдың тіреліп тұратын, темірі балдақ немесе тірек деп аталады.
Қылыштың түзу бөлігі- алқымы, кесуге қолдантын бөлігі- басы, кесетін
жері- жүзі, қарсы жағы-сырты, түйрейтін жері- үшы. Кейбір қылыштың
басы жалпайыңқырап келеді де, сырт жағы шығыңқы болады, оны жолманы
деген. Қылыштың басының пішініне байланысты қайқы бас қылыш, имек бас
қылыш, жатаған қылыш, деген түрлері бар. Қылыштың жасалған теміріне
қарай ақ алмас, ақ берен, ақ балдақ деп атаған. Жалаң ұстайтын
қынсыз, ауыр қылыш түрі-алдаспан деп аталған. Асыл қылыштарды зүлфыхар
деп атаған. Қылышты салатын қабы - қынап, белге тағуға арналған бауын
қылыш бау деген.
Қылыш қынабын ағаштан жасап, терімен, барқытпен қаптап, қынаптың
аузына сақина, бау тағуға шығыршығы бар құрсау салады. Сендік
кылыштардың қынаптары алтынмен, асыл тастармен ешекейленеді. Қылышты сол
жаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
Қазақ ұлттық киімінің заманауи тенденциялары
Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы
Қолөнер атауларының семантикасы
Қазақ ұлттық сәнді қолданбалы өнерінің түрлері мен даму тарихы
Зергерлік өнердің зерттелу жайы
Қазақ әйелдерінің баскиімдері
Қазақтың дәстүрлі киімі
Қазақ костюм тарихы
Пәндер