Ж. Жабаев поэзиясындағы азаматтық сарын, елшілдік сана мен рухтың көрінісі. Омар Шипин поэзиясы және азаттық рух



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Абдуалиева Камила
Кя181
17-18 практикалық сабақ
Ж.Жабаев поэзиясындағы азаматтық сарын, елшілдік сана мен рухтың көрінісі
Омар Шипин поэзиясы және азаттық рух
Иса Дәукебаевтың шығармашылығы
ХХ ғасыр басындағы оқу-ағарту ісінің мәселелері
М.Әуезовтің Әдебиет тарихы, Жеткіншек, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін оқу кітабі және т.б. еңбектері
Ж.Аймауытовтың Педагогика еңбегі
Б.Майлиннің Шала сауаттылар үшін оқу кітабы, Күш, Жаңаша оқы және жаз оқу құралдары
А.Байтұрсыновтың Баяншы және т.б. әдістемелік еңбектері
1.
Жамбыл Жабаев шығармашылығы сөз болғанда әдебиет әлемінің жаңашылдығына зер саламыз. Сарай ақындарынан бастау алып, жыраулар поэзиясында көрініс тапқан, кейін иірімі өзгеше жаңа поэзияның қарқынына ілесе білген ақындар қауымы көп емес. Жамбыл сол үрдісте жаңашылдық танытқан жасампаз ақын. Ол - өз заманының ұлы ақындарының бірі. Жамбыл есімі жаңашылдықтың үрдісінде көш бастайтын, шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет ететін бірден-бір тұлға.Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл өлеңдері қазақ даласынан бастау алып, күллі майданды шарлап, қаншама жас өрендерге рух, жалын, жігер бергені сөзсіз. Кеңестік саяси жүйені өлеңге қосып, социалистік даму жолының артықшылықтарын, жаңа құрылып жатқан қоғамның табыстарын өз жырына арқау ете білді. Бізге танысы, жатталған жырдың бірі - "Ленинградтық өренім" жыры. Өлең тарихы белгілі. Ленинградты қорғаушы бар майдангерлердің құлағында радиодан жатталып, сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыр күндерде әр жауынгерге дем берді. Адам санасына психологиялық қолдаудың физиологиялық күштен артық қажет екенін ақын тәжірибесі бірден білсе керек. Оның рухты өлеңі тек Ленинградтық өрендерді ғана емес, майдан шебіндегі қан жұтқан қаншама сарбазға күш-қуат бере білді. Ақын интуициясы өзін де, халықты да ешқашан алдаған емес. Себебі, оның өлеңінің басты құны - шындықты жырлайтыны.
2.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы. Алғашқы өлеңдері осы тұста ел аузына ілікті. Арман, 1916 жылғы, Амангелдінің айбаты, Торғай соғысы толғауларынан Амангелді батыр дастанына дейінгі көптеген шығармаларын халықтың патша өкіметіне қарсы күресіне арнады. Патша тақтан түскенде, Октябрь нұры, Ақын үні, т.б. жырларымен жаңа заманды шаттана қарсы алды. 1943 жылы Ленинград майданына қостанайлықтардың сәлем-сауқатын апарып қайтқан делегация құрамында болды. Отан қорғау, бейбітшілік, тың игеру тақырыбына талантты жырлармен үн қосты.Масаты қыз, Қойшы Күлен, Жеткіншек, Сыбызғы үні дастандарында қазақ халқының өткендегі күрделі тағдырын суреттеді. Шығармаларының 10 жинағы жарияланды. Орыс тілінде де (Стихи и песни, 1954) басылып шықты. 80 жасқа толуына байланысты мерейтойы (1959) өтті. 3 - 4-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.Ленин, Құрмет Белгісі ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1961 жылы Қазақ КСР-інің халық ақыны құрметті атағы берілді.
3.
Поэма Июнь жарлығы, Елдің қамдануы, Елге әскер шығуы, Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны, Би, қажырлардың жауабы, Бекболаттың екінші рет жаулап алуы, Бекболаттың жауабы, Соттың жауабы мен үкімі, Бекболат дарға бара жатқанда, Дар түбінде төрелердің Бекболатқа айтқаны, Бекболаттың ақырғы сөзі тәрізді тақырыптар мен шағын тараушалардан тұрады.Шығарма желісінде 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығының қазақ даласына жеткен хабары, оған халықтың қарсы шығып, көтеріліс жасауға бел байлауы, жергілікті ұлықтардың күш көрсетуі, елдің көтеріліске дайындала бастауы, елге қарулы әскер шығып, көтерілістің күшпен басылуы, көтеріліс басшысы Бекболаттың қолға түсіп, қамалуы, ақырында дарға асуы баяндалған.Автордың идеялық нысанасы - әділеттілік пен азаттық үшін күрескен халықтың көтерілісі жеңіліске ұшырағаннан кейінгі азапты күндері мен аянышты халін, көтеріліс басшысы Бекболаттың ел тағдыры үшін ерлікпен қаза табуын жырлау.Иса Дәукебаевтің Бекболат поэмасы 1916 жылғы көтерілісеке байланысты туған эпикалық туынды. Дастанда негізінен жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сөз болады. Көтеріліс басшысы - Бекболат батырдың қолға түсіп, дарға асылуы, оның қайтпас қайсарлығы мен жау алдында тізе бүкпеген ерлігі жырланады
4.
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3 -- 4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
5.
Ғалымның әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы айтқан пікірлері мен ойлары өте маңызды. Өкінішке орай қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніп айтылған бұл ойлар кеңінен өріс ала алмады, керісінше ғалымның ұлтшыл ретінде айыпталуына (1929-1932) байланысты тоқталып қалды. М.Әуезовтің бұл саладағы алғашқы күрделі еңбегі Әдебиет тарихы (1927, Қызылорда) пайдаланылудан алынып тасталып, тіпті идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды, осылайша халық игілігіне пайдаланудан тыс қалды. Бұл кітап Қазақстан өзінің ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігіне қолы жеткеннен кейін ғана ұлтшылдық ағым ақталып, соған қатысты тиым салынған әдебиеттер ішіндегі М.Әуезовтің Әдебиет тарихы (Алматы,1991) да толық күйінде қайта басылып шықты, сөйтіп рухани байлығымыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
Характер мен жағдайдың байланысы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар
Жамбыл және оның ақындық ортасы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
М. Жұмабаев
Пәндер