Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі, діні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

СОӨЖ №11. Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі, діні

Факультет: Жалпы медицина

Курс: 1

Группа:135 А

Орындаған:Капизаев. Б

Тексерген:Омарғазы. Е

Алматы, 2020

Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйысуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа ұласып, буындар бірлігін сақтаушы болатын сабақтастықта жатыр. Сондықтан ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жүйелі жаңғырту жүзеге асырылуда. Ең алдымен ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы - мәдени-рухани мол мұрасын белсенді түрде меңгеру, ұлттық намыс пен жігерді, ұлттық рухты асқақтата түсу ұлттық генетикалық код негізін құрайтын мәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрдің, ұрпақаралық сабақтастықтың сақталу жолдарын негіздейді. Елбасы айтқандай «Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. Қазақстандық мәдениет еліміздің барлық азаматтары үшін патриоттықтың өзегі болуы қажет» [1] .

Мәдени мұра бағдарламасы аясында елiмiздiң тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта қалпына келтiру жөнiнде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк мұражайларда екi миллионнан астам мәдени құндылықтар сақталуда. Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде гуманитарлық бiлiмнiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.

Мәдени мұра бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құрды. Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі дүние жүзі халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрінен көп ілгері болып келді, оның тұнып жатқан асыл маржандарын толықтай жинақтап қазіргі жастарға жеткізу жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтайды.

Әрбір ұлттық мәдениет өзінің дамуында руханият дүниесіне сүйенеді. Сол рухани інжу-маржандардың қадірін біліп, қаймағын бұзбай қазіргі күрделі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтап алуда және оны әрбір жаңадан келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен жүйелі түрде бере білу өзекті сипатқа ие. Аталған істер жүзеге асырылған жағдайда ғана еліміздің Еуразия кеңіс­тігіндегі өзіндік ерекшелігі бар халық ретіндегі мәртебесі өседі, басқа халық­тар алдындағы құрметімізді асқақтата түседі.

Мәдени құндылықтар - барлық адамзат тарихының шығармашылық әрекетінің нәтижесі. Қазіргі адамзат мәдени құндылықтарды сақтау қажеттілігін мойындап отыр. Кез келген мемлекеттің мәдени мұрасын сақтау ЮНЕСКО конвенцияларымен, халықаралық құқық нормаларымен реттеледі, өйткені әр елдің ұлттық игілігі әлемдік мұраның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Біздің еліміздің мәдени мұрасы өте бай. Мәдениет тарихы - тек өзгеру үрдісі ғана емес, өткенді сақтап, мәдени құндылықтарды мұра ету үрдісі. Мәдени мұра - ұлттың рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік капиталы. Табиғи байлықтармен қатар бұл әлемдік қауымдастық мойындайтын ұлт қадірінің негізі болып табылады. Мәдени құндылықтардың жоғалуы қазіргі және болашақ ұрпақ өмірлерінің барлық салаларында әсері байқалады, рухани азғырып, тарихи жадының үзіліп, қоғамның кедейленуіне әкеледі. Бұл зардаптар қазіргі заманғы мәдениеттің дамуымен де, жаңа маңызды туындылармен де қалпына келмейді. Мәдени құндылықтарды жинау және сақтау - өркениет дамуының негізі.

Ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа жол алмақ. Үш ғасырлық бодандық пен жетпіс жылдан астам уақыт кеңестік саясат кезінде жоғалтқан есеміздің орнын толтырып, рухани мерейімізді қандырып, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, әдеп пен иман секілді тектілік қасиеттерімізді жаңғырта дамыту - бүгінгі күннің басты талабы, Мәңгілік Қазақ елі болуының алғышарты.

Қазақтың ұлттық идеяға негізделген төлтума мәдениетін қалпына келтіру үшін, ең алдымен оның дүниетанымдық негізін қалап алу керек. Бұл туралы белгілі философ М. С. Орынбеков былайша ой түйіндейді: «Бүгінгі күні қазақтың өзіндік санасының ішкі логикасын табу өзекті мәселеге айналды. Ал, негізгі мәселелердің қойылуы мен оған деген танымдық жолдарды іздестірудің және сана мәселелерін шешудің алдын алар еді. Бұл ізденіс нақты өмірде Батыс пен Шығыстың, дәстүршілдік пен қазіргі заман ағымының, мұра мен жаңашылдықтардың, жан дүние мен ақылдың, дін мен өмірдің, сенім мен атеизмнің арасындағы қайшылықтардың аясында өтіп жатыр. Ал, таным саласында бұл мәселе сенім мен білімнің, ой мен қимылдың, руханилық пен ақыл-парасаттылықтың, даналық пен құдіреттіліктің, адамның діни еркімен өзіндік еркі арасындағы қайшылықтардан көрінеді» [2] .

2004 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газетінде Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Ұлттық болмыстың негізі» деп аталатын көлемді ғылыми-көпшілік мақаласы жарияланды және бұл еңбекте ұлттық идея тілмен байланыстырылды. Автор бұл мақаласында мынандай ойлар түйіндеді: «Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы және мемлекеттік идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан көптеп келтіруге болады. Адамзат тарихы әуел бастан және көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дәлелдеп келеді. Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі және атрибуты, күрделі бірегейлік рәміз және оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы». Сонымен қатар автор еліміздегі мемлекеттік тілдің жағдайын талқылай отыра, тілді жаңғырту дегеніміз ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай мемлекеттік тіл саясатын жүргізу қажеттігін айтты [3] .

Мемлекет құруда тіл мен рухани тәрбие мәселесінің маңызы адамзаттың даму үрдісінде алатын орны ерекше екенін осыдан екі мың бес жүз жылдай бұрын өмір сүрген, әйгілі Дарий патша былай деп айтып кеткен: «Баянды мемлекет болу үшін халықтың бір тілде, бір дінде болуын қамтамасыз ету керек». Осы қағида тарихтағы және қазіргі кездегі мықты мемлекеттердің тәжірибесімен өзінің өміршең заңдылық екенін көрсетіп отырғанына ешкім күмән келтіре алмайды. Ол үшін экономиканың, саясаттың, ғылымның, технологияның, білім беру мен рухани тәрбие жүйесінің, ақпарат кеңістігінің қазақ тілінде сөйлеуін бірінші кезекте іске асыру қажет.

«Түркілер ұғымында Мәңгілік мақсатты көздемеген іс оңбайды, оны Тәңірі жарылқамайды» [4, 382 б. ] . Сондықтан да, елдік пен бірлік жолында ерік-жігерімізді аямауымыз, мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды ету үшін барлық қажыр-қайратымызды салуымыз «Мәңгілік ел» жолындағы мақсат-мұрат, парызға деген адалдығымыз болмақ. Ата-бабаларымыздың тасқа таңбалап, мәңгіге жазып қалдырған кемеңгерлеріміз жалғастырып, дамытқан сан елдің өзара береке бірлігі мен татулығын, бейбітшілігін тілейтін іргетасы өзара түсіністікке негізделген «Мәңгілік ел» нысанасы, «кемел қоғам» ілімінің иісі түркі жұрты ғана емес, адамзат қоғамына берер тәсілі, тағылымы мол.

Ұлттық дәстүрді тарихи қалыптасқан берік дәстүр ретінде қарау, ол: біріншіден, адамдардың, халықтың материалдық және рухани мәдениетіне тартылуына әсер етеді; екіншіден, халықтың тарихи танымын қалпына келтіреді, ұлттық психологияны дамытады, ұлттық дәстүр, өз Отаны мен халқына деген сүйіспеншілік пен құрметті күшейтеді. Ұлттың өзін-өзі тануына, жеке адамда өз халқының ерліктері арқылы ұлттық мақтаныш пайда болады [5, 17 б. ] . Дегенмен, тарихи үрдістер барысында, әсіресе қазіргідей ғаламдану үрдісінің жедел қарқынмен дамып келе жатқан кезінде ұлттық дәстүрдің, тіпті ұлттық дәстүрге деген көзқарастың өзінің айтарлықтай трансформацияға ұшырауы мақсатымызға күмәнмен қарауға итермелейді. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу - болашаққа ашылған даңғыл жол.

Ұлттық идея - талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш-қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. Көп этносты, көп конфессиялы Қазақстан қоғамы сияқты күрделі қоғамда идеяларға қойылатын басты талап, ол ел тұтастығын қамтамасыз ете алатын күшке ие болу кажеттілігі. Қоғамның барлық мүшелерінің жоғын жоқтап, бәрінің мүддесін бірдей қорғайтын идеялар мен көзқарастар ғана тұтастықты сақтауға көмектеседі. Көпэтносты Қазақстан жағдайында халықтың бірлігін сақтайтын, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы олардың ерен еңбегін, қажымас жігерін тасытатын идеялардың бірі ретінде қазақ халқының рухани түлеу идеясының потенциалын пайдалануды ұсыну да осы талап-тілектен туған шаралар [6, 3-8 бб. ] .

Ұлттық мәдениет - бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты деңгейі. Әлемдік мәдениет - бұл, алдымен, ұлттық мәдениеттер жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық идеалдарға ие ең жоғарғы жетістіктері және оларды бүкіл әлем мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет құрамына енеді. Ұлттық мәдениеттер мәселелері, мән-мағыналары және құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта жаһандану кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Яғни, қазіргі кездегі өркениетті, ақпаратты, постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік ықпалында өзгеріп отырады. Ежелден келе жатқан және жаңадан қалыптастасқан құндылықтарды қалыптастырудың өзі қазіргі кезде жаһандану илегінен өткізіп, қарастырмау сол құндылықтардың шынайы бағасын анықтауға талпынбаумен теңбе-тең.

Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көп этникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт жүйе құрастырушы факторы болып табылады.

Біздің өмір сүріп отырған кезеңіміз жалпы мәдениетке қауіп-қатер төндіріп отыр, соның ішінде, біздің ата-бабамыздың дәстүрлі көшпелі мәдениетіне қауіп-қатер төндіріп отыр. Шындығына келгенде, қазіргі уақытта ұлттың көп бөлігі дәстүрлі мәдениеттен тыс тіршілік етіп отыр. Егер біз дамыған әлемнің қалған құтқан және қоқыстары жиналған орынға-ұлтқа айналғымыз келмесе, онда біз өзіміздің еркіндігімізді және рух еркіндігін сақтап, әлпештеп қана қоймай, дамытуымыз қажет. Ата-баба мұрасы - шаң басқан мұражай экспонаты емес. Бірақ, өмірден өткен, мән-мазмұны және тірі рухы жоқ дәстүрлі мәдениеттің формасын дәл сол күйде қайта жаңғыртуға тырыспау қажет. Дәстүрлі өркениеттің әлемінде абыройлы орынға ие болған дүниелер қарама-қайшылыққа толы қазіргі уақыт әлемінде өзінің байырғы абыройлы орнына ие болып, өмір сүруге қабілетті болуы мүмкін бе екен?! Кезінде біздің ата-бабамыздың соғыстағы ұраны мынадай болған еді: «Өлім жоқ, өмір әр уақытта бар!» Яғни, олар адам баласының денесі өлгенімен, оның жаны еш уақытта өлмейді деп сенген болатын. ХХ ғасырда қазақ мәдениеті ажал құрсауында бірнеше рет болған болатын, бірақ оның рухы өлген жоқ. Біздің борышымыз - оның қайта-қайта жаңғыруына мүмкіндік жасап отыру. Сондықтан да, жаһандану кеңістігінде қазақ ұлты өз мәдениетін қастерлеп, қадірлеп өзге ұлт мәдениеттермен еш қорқыныш-үрейсіз абыроймен өз бойын және негізгі принциптерін көрсетуі қажет.

«Ұлт әлеуметтік организм, әлеуметтік қауымдастық бола отырып өзінің мәдени даму жолдарын жеке өзі анықтайды, бірақ, сонымен қатар, өте маңызды факторды да, яғни әлемдік мәдениетті (осы даму жолына әсер ететін) ұмытпаған жөн. Ұлттық мәдениетті (оның құрамындағы құнарлы және көпмағыналы бояуларын) әлемдік мәдениет дамуындағы заңды қадам ретінде және жалпы адамзат өркениетінің қажетті үлесі ретінде қарастыра отырып, оны ұлттық ерекшелік, өзге ұлттан ерекше және әлемдіктің (жалпы адамзаттықтың) синтезі ретінде анықтауға болады. Бұл жерде әрбір ұлттық мәдениеттің екі түрі байқалады: біріншіден, өзіндік ерекшелікке ие қалып ретінде; екіншіден, әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретінде сезінуі және көрсетуі. Қалай десек те, ұлттық мәдениет осы екі түрде өзінің ерекшелігін айқындайды және көрсетеді» [7] .

Әр ұлттық мәдениеттің өзінің жемістері болады: рухани ізденістер, қайғы-қасіреттер, өмірді көрудің, оны түйсінуі. Мәдениеттің дамуы әлеуметтік қарама-қайшылықтар, прогрессивті дәстүрлердің артта қалған және консервативті жағдайлармен күресі негізінде болады. Қазіргі уақытта әр халықтың болашағы ұлттық мәдениетпен байланысты болуы керек, өйткені ұлттық мәдениет абыройлы өмірдің және жалпы әлемдік мәдениетпен байланыста болудың басты кепілі болып табылады. Әрбір ұлттық мәдениет бүкіл адамзатқа тиесілі, сондықтанда ол бүкіл әлем алдында өз-өзін жүзеге асыруы тиіс. Әр ұлт мәдениетті қайталанбас, таңғажайып, рухани және материалды дүниелерге толы, бұл адамзатты таң қалдыратын табиғаттың тамаша туындыларының бірі - кемпірқосақ тәріздес. Егер сол ұлттық мәдениеттердің бірі жойылса, онда сол кемпірқосақтың бір бояуының жоғалғаны деген сөз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі мен діні
Ұлттық сана және діл
Қоғам, дін және мәдениет
Қазақстандағы ислам жайлы
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Мәдениет және оның қызметтері
Актер шеберлігі мен мақсаты
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Мәдениеттану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz