Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі мен діні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СОӨЖ №11. Қазақ халқының рухани мәдениеті: тілі, ділі, діні

Кіріспе
Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Сондықтан да ұлттық құндылықтар деп мемлекет құрушы ұлттың рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалғастырып, болашағын айқындап отыратын және мемлекет мүддесінің негізін құрайтын, жеке адамды мемлекетімен, ұлттық болмысымен біріктіріп отыратын дүниелерді айтамыз. Ұлттық құндылықтардың қатарында дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекен жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері мен игіліктерін ұлттық құндылықтар дейміз. Қазақ халқының заманауи мәдениеті мен болмысын терең түсіну үшін оның архаикалық түп тамырын зерттеу керек. Себебі Әл-Фараби айтпақшы Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын .Қазақ болмысын, оның мәдениетін және оның ерекшеліктерін рухани мәдениеті ал оның ішінде тілі, ділі, діні көрсетеді. Бұл рефератта рухани мәдениеттің негізін құрайтын тіл, діл және дін талқыланатын болады.

Тіл
Тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған басты себеп сол ұлттың не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.
Тіл - ең ұлы қару. Тіл - ең асыл құндылық. Тіл - ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл - ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге?
Қазақ тілі - әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.
Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Әрине Абайға дейін де поэзия болды. Бірақ ол зар заман жырлары мен дастандары. Ал Абай тілінде сұлулықпен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.
Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөле ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхно жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз.

1. Діл
Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым.
Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын діл саналы талқыға түсіп отырады. Yenлттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Діл әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар.

Діл -- әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет -- өзгеше ойлау типі. Менталитет -- табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады.

Дін
Исламға дейін
Қазақстанда дін тарихы басқа мәдени элеменеттер секілді өте терең әрң көптеген өзгерістерге ұшыраған.
Бізге Ислам енгенге дейін қазақтарда болған дін туралы аз білеміз . Соңғы жылдары кейбір зерттеушілер бұл дінді тәңірлік деп атай бастады және оны үйлесімді философиялық жүйе ретінде суреттей бастады. Бұл жоғарғы көктегі құдайы бар политеистік дін болған, ал "Құдай" (Тәңірі) атауы Оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық сана және діл
Қоғам, дін және мәдениет
Қазақстандағы ислам жайлы
Ислам мәдениеті мен ғылымы
Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Мәдениет және оның қызметтері
Актер шеберлігі мен мақсаты
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Мәдениеттану
Қазақстан мәдениеті
Пәндер