Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Әлеуметтану кафедрасы, Әлеуметтану мамандығының 2 курс студенті Көміртай Аружан

Тақырыбы: Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі.

Кіріспе: Қазақстан Республикасы əлемдегі елдердің ішінде аумағы бойынша тоғызыншы орында, қарлы мұздақтардан бастап, құмды бархандар мен тау шыңдарына дейін барлығы бар. Қазақстанның жеке аймақтарында таңқалдыратын түрлі табиғи ландшафттар мен адам қолы тимеген жабайы табиғат, бай тарихи жəне мəдени мұрасы, белсенді демалудың таусылмайтын мүмкіндіктері бар. Осының бəрі Қазақстанда ішкі туризмді дамытудың жəне шетелдік туристерді қабылдаудың үлкен əлеуеті бар екендігін көрсетеді.

1. 1. Зерттеу мәселесі: Туризм саласы әлемдік экономикада басты рөльдердің бірін алады. Деректер бойынша туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Ал біздің елімізде туризм саласы қаншалықты деңгейде? Туризм саласына келсек, ел экономикасына туризм саласының ықпалы онша мардымды емес. Елдің ЖІӨ-гі үлесі шамамен 1, 7 %, басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда əлдеқайда төмен. Қазақстандағы туристік сала негізінен сыртқа шығу туризмінің дамуына бағытталған. Ал сырттан кіру жəне ішкі туризмді дамытуға назар қойылмаған.

1. 2. Зерттеу өзектілігі: Жалпы елімізде туризм саласы енді дамып келе жатқан экономиканың бірден бір саласы. Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп туризм индустриясы басқа секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие. Туризм саласы экономиканың басқа саласымен салыстырғанда әлде қайда көп табыс келтіретін сала және басқа секторларға ұқсамайды, тез қарқынмен дамиды. Егер елімізде туризм дәрежесі жоғары дәрежеде болса, жұмыссыздық азаяды. Жалпы өзімнің байқағаным, қазіргі таңда еліміздің тұрғындарының өзі Қазақстаннан қарағанда шетелде демалып келген арзанырақ екенін айтады. Осы факторлардың негізгі себеп-салдарын іздестіріп, шешу жолдарын анықтау қажет.

1. 3. Зерттеу объектісі: Қазақстандағы туризм саласына 18 жастан жоғары азаматтардың әсері.

1. 4. Зерттеу пәні: Қазақстандағы әлеуметтік экотуризм, ішкі туризм.

1. 5. Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы қазіргі туризмнің төменгі дәрежесінің себептерін айқындап, оның дамыту жолдарын зерттеу.

1. 6. Зерттеу міндеті:

-еліміздегі туризм таралу аймақтарын анықтау;

-туризм саласының экономика сферасына тигізетін оң әсерін анықтау;

-туризмге лайық тұрған аймақтарды анықтау;

-еліміздің дамуы үшін туризмді дамытудың қажеттілігін анықтау;

-болашақта елімізде туризмді қарқынды дамыту мәселелерінің шешімін анықтау.

1. 7. Зерттеу гипотезасы 1: Қазақстан туризм саласын дамыту үшін үлкен әлеуеті бар туристік аймаққа толы

Зерттеу гипотезасы 2: Респонденттер арасында Қазақстан туралы негативті ассоциациялардың басым болуы

Зерттеу гипотезасы 3: Болашақта қазақстандық туризм шетелдік туристер үшін тартымды болуы

1. 8. Зерттеу концептуализациясы:

Туризм - адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы.

Ішкі туризм - Қазақcтан Республикаcының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұрaтын адaмдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.

Экологиялық туризм - туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі; сауықтырушылық, танымдық, қарым-қатынастық қажетсінулер ұштастырылатын, халықтың тынығуға қатысты қажетсінулерін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін туризм саласы.

Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады.

1. 9. Зерттеу операционализациясы:

Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толықтырылып, олардың құрамында ірі туристік объектілерге апаратын жолдар бар.

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласында 26 келісім қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім жобалары контрагенттерге келісу үшін жіберілді. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Дүниежүзілік туристік ұйыммен және Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.

Резидент еместерден ел экономикасына шетелдік валюта ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристік жәрмеңкелер өткізуді қоса алғанда, туристік қызмет жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға бөлінді. 2003 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы - 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаржы қаражат сомасы 39, 5 млн. теңгені құрады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. https://www. chitalkino. ru/turizm/partizanskiy-marketing-v-turizme/

2. https://kazakh-tv. kz/kz/view/business/page_136756_kr-syrtky-turizm-salasy

3. https://www. chitalkino. ru/turizm/partizanskiy-marketing-v-turizme/

4. https://www. chitalkino. ru/turizm/osnovnaya-deyatelnost-turistskoy-firmy/

Сұхбат

Респондент №1

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Менің атым Жұлдыз Хайруллаева (күлді) (қыз бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

Жасым он сегізде

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Иә болдым, 2-3 мемлекетте болдым. Олар: Египет, Франция, Дубай

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Шынымды айтсам, Қазақстанның тек солтүстік бөлігінде, Бурабайда болдым. Тағы қай жерлерді атасам болады(ойланды) . . . тек сол жерде болған екенмін.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

(ойланды) Өкінішке орай Қазақстанның туризм саласы дамымаған деп ойлаймын. Себебі Қазақстанда қаншама әдемі, туристтерді шақыратын жерлер болғанымен оларды дамытып жатқан мемлекет жоқ, әлде қаражат бөлінбей жатыр ма білмеймін. Басқа да мәселелер бар шығар, соның салдарынан дұрыс дамымай жатыр деп ойлаймын.

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Себебі Қазақстандағы демалыс орындары туралы ақпарат табу өте қиын деп ойлаймын. (ойланды) Кейде ғаламтордан әдемі-әдемі жерлерді көрсекте оның қайда орналасқанын табу өте қиын. Бағасына сапасы сай қонақ үйлерді де табу өте қиын.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

(ойланды) Шетелде Қазақстанға жіберетін туристік орталықтарын ашсақ туристтер көптеп келеді деп ойлаймын.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Баянауыл, Бурабай, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігінде (ойланды) ЭКО туризмді дамытуға арналған көркем жерлер өте көп, Шарын шатқалы, Алматының таулы аймғы, Шымбұлақ және Шығыс аймағындағы таулар. (жымийды)

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Оңтүстік бөлікті атауға болады, себебі(ойланды) ондағы ландшафт керемет және потенциалы өте жоғары деп ойлаймын.

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Оңтүстікке барып көргім келеді. Ешқашан Алматы қаласында болып көрмегенмін. Күзде немесе көктемде Алматының тауларына барып көргім келеді. Шетелді емес, Қазақстанды таңдаймын.

Респондент №2

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Менің аты-жөнім Ботагоз Өтеген (қыз бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

Жасым жиырмада

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Ия, Түркияда болып көрдім(күлді)

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Өзім оңтүстіктің адамы болғандықтан, алдымен Сарағашта болып көрдім, Бурабайда болып көрдім және Алматы қаласындағы Шымбұлақта болып көрдім.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

Орта деңгейдеміз деп ойлаймын, себебі біздің елге де шетелден адамдар келіп, біздің табиғатпен тамсанады. Алайда бүкіл әлемге танымал емеспіз, сондықтан орта деңгейдеміз деп ойлаймын. (жымийды)

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Біріншіден олар басқа елдерді де көргілері келеді, екіншіден(ойланды) Қазақстандағы демалыс орындарын қызық емес деп ойлайды. (жымийды) Менің өзіме таңдау берілсе менде шетелді таңдайтын едім

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Ең алдымен мемлекет қаржылай қолдау жасап, адамдарды қызықтыратын жарнамалар жасау керек. Демалыс орындарының жанынан әдемі ғимараттар салу керек деп ойлаймын.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Алматы қаласының маңында өте көп демалыс орындары бар, қала таулы аймақта орналасқандықтан кез келген уақытта тауға серуенге шығуға болады, Бурабайды да атап өткеніміз жөн

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Батыстағы Каспий маңын дамытуға болады деп ойлаймын, Каспий әлемдегі ең үлкен өзен, ауасы таза, денсаулыққа пайдалы

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Дубайды таңдаушы едім. Себебі мен ыстық ауа райын ұнатамын және сондағы үлкен ғимараттарды көргім келеді, Сахараны көргім келеді.

Респондент №3

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Аты-жөнім Боранбек Айдарбек (ер бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

Жасым жиырма бірде

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында болғанмын

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Қазақстанда(ойланды) Бурабайда және Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде болып көрдім

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

Туризм саласы жақсы дамып келуде, (ойланды) бірақ жаңалықтар енгізу керек. Жалпы деңгейі жақсы деп ойлаймын

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

(ұзақ ойланды) Туристтерге қолайлы жағдай жасалмағандықтан деп ойлаймын. Шетелмен салыстырғанда жағдай қолайсыз.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Туристтік жерледі 21 ғасырға сай автоматтандыру керек. Сонда жақсы болады деп ойлаймын.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Бурабай бар, Баянауыл бар, Шарын шатқалы бар

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Түркияның президенті айтып өткендей Түркістан қаласын Орта Азиядағы ең үлкен туристік орталық қылуға болады.

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Араб әмірліктерін таңдайтын едім. Өзіме жақын, сонда барып көргім келеді(ойланды), ұнайды

Респондент №4

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Менің аты-жөнім Дәулетбай Арман (ер бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

Жасым жиырмада

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Түркия және Қытай елінде болғанмын

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Көкшетау облысының Бурабайында, (ойланды) Қарағанды облысының Қарқаралы жерінде

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

Білмедім. (ойланды) Орташа деп ойлаймын. (Бұл сұрағымызға толық жауап бере алмады)

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Басқа елдің дәстүрін, жерін көру үшін барады деп ойлаймын

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Өзіміздің салт-дәстүрімізге қызықтыруымыз керек деп ойлаймын

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

(Сұрақты бір қайталап алды) Солтүстіктің Бурабайы, Қарқаралы, Зайсан жерлері, Бархан жерлерін білемін

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Алматыдағы Шымбұлақты, себебі онда тау және ауасы таза. Барлық жағдай жасалған дамыту үшін

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Жапон еліне барушы едім. Себебі Жапон елінің салт-дәстүрі қатты ұнайды маған.

Респондент №5

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Алімжан (ер бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

Жиырма сегіз

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Ммм . . . (ойланды) Ташкент қаласына барып көргенмін

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Алматыдағы Көлсайда, Тарбағатай. Көп жерлерінде болғанмын оның бәрін еске түсіру қиын.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

Орта деңгейде, енді дамып келеді. Себебі әлі ашылмаған керемет табиғи орындар бар. Әлі алдағы 20-30 жылда(ойланды) бізге белгісіз керемет орындар ашылады деп ойлаймын.

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Себебі шетелде жағдай жасалған. Әрбір кіші бөлшекке мән береді. Бағалары да қол жетімді, ал бізде қымбат.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Д. Құдайберген арқылы қызықтыруға болады деп ойлаймын, қазір шетелге шығатын сол кісі ғана, басқа ешкім жоқ.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Бурабай, Алакөл, оңтүстік бөліктегі табиғи жерлер

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Оңтүстік өңірді, Шымкентті дамытуға болады деп ойлаймын

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Қазіргі жағдайда шетелге шыққым келмейді, Қазақстанның ішінде, Алматының шығыс бөлігіне барар едім.

Респондент №6

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Тасманбет Дана. (қыз бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

19.

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Қазір . . . Мен әлі басқа мемлекетке барып көргенім жоқ.

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

(күлді ) Өкінішке орай әлі болып көргенім жоқ.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

(ойланды) Егер де бағалайтын болсақ, менің ойымша 10 балдық шкаламен 7 немесе 6 беруге болады. Себебі, ойлап қарағанда бізде туризм ондай қатты дамымаған және де бізде көрікті жерлер ондай көп емес, яғни демалыс орындары немесе отельдер секілді туристік орындар жақсы дамымаған деп ойлаймын.

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Себебі ол жерде, біріншіден, яғни, бағасы арзан болып табылады және (ойланды) яғни оның жарнамалауы және де бағада.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Әрине ол біріншіден, яғни жарнама жасау. Хикая немесе кино тусіру. Баска мемлекеттерді қызықтыру үшін солай әртүрлі көрмелерге қатысып, экспо секілді және де жарнаманы көбейтіп, демалыс орындарын немесе отельдерді көбірек салған дұрыс деп ойлаймын.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

(ойланды) Туристік орындарын деген кезде көбінесе қалаларды айтуға болады немесе сол ең танымал дегенде осы Бурабай, Ақтау қаласында туризм дамыған деп айтуға болады.

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Ақтау

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

(ойланды) Қай елді . . . Қазақстанды. Ақтауға барып көргім келеді.

Респондент №7

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Шалабаев Тимур. (ер бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

32.

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Иә. Турция, Европа, Англия, АҚШ.

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Есіме бірінші келгені Бурабай.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

Орташа. Себебі сәл баскалардан қалып тұрмыз. Алға жылжу керек (күлді) .

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Бірінші-ол сервис, бағасы, сапасы осылар ең басты туристтерді тартады.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Көбірек мереке-мейрам, жарнама, даму керек. Мысалы, Димаш-керемет мысал. Осындай адамдар көбейсе туристтер өздері тартылады. (мақтан тұтып айтты)

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Медеу, Бурабай, Шарын және әрқарай.

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Негізінде біздің табиғат бай. Кез келген жерде дамытуға болады. Кез келген жерімізде қызық болады.

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Мен Австралияны таңдар едім. Австралия-уникалды ел. Өзіне ғана тән табиғаты, жануарлары бар.

Респондент №8

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Нығметова Эльвира. (қыз бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

21

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Иә, әрине. Кипрда болып көрдім.

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Ақтауда болып көргенмін.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

(ойланды) Бұл жерде шынымды айтсам, Қазақстанның туристік жағдайы, бәріміз білеміз орташадан сәл төмен. Себебі бізде сервис дамымаған және өте қымбат.

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Шетелде бәрі әдемі, сервис . . . Шетел ол шетел!Қазақстан бізде ТМД елдерінің кейіпінде қалып кеткен, яғни бізде экзотика аздау.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Мәселен, қазіргі таңда көптеген жағдайлар жасалуда. Ақтауда экзотикаландыру үшін пальма әкелініп жатыр. Бұл да бір өз үлесін қосып жатыр. Бурабай қандай керемет және де Түркістанды тарихи қылып салып жатыр, “Самарканд” стайлында. Маған бұның бәрі ұнайды. Осылай жалғастыра берсе, менің ойымша, жетеміз.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Өзім атадым ғой жаңа ғана. Батыс Қазакстандағы Каспийдің жаңы, Солтүстік Қазақстандағы Бурабай, Оңтүстік Қазақстанда Ходжа Ахмет Йассауи-бұл жақта кесенелер әртүрлі көп. Әр облыс өз ерекшелігін көрсете алады.

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Менің ойымша қазіргі таңда сол Каспийдің жағасы. Себебі теңіз адамды тартады, адамдар шомылғысы келеді теңізде. Алайда естігенім бар, Каспийдың сууына шомылуға болмайды. Білмеймін енді, эксперттер жұмыс істейді ғой онымен.

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Бразилияны таңдар едім. Карнавал, Бразилия өзінің ерекше мәдениетімен ерекшеленеді, сонда барғым келеді. Және де табиғаты, джунгли, Амазонка осының бәрін географияда оқығанбыз. Соларды көзіммен көргім келеді.

Респондент №9

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Сәлеметсіз бе, менің есімім Толғынай. (қыз бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

Менің жасым 22-де.

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Жоқ басқа мемлекетке барған жоқпын.

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

Павлодарда болдым және (ойланды) Алматыда.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

Менің ойымша Қазақстандағы туризмге реклама жетіспейтін сиақты (ойланды) және көп шетелдік азаматтар бізге келмейді және біздің елдегі адамдар шетелге көп барады.

6. Неге отандастарымыз өзімізден қарағанда шетелге демалуға барады?

Өйткені, біріншіден шетелде баға арзанырақ, екіншіден сервис жақсы болғандықтан, үшіншіден(ойланды) басқа жерлерді көргілері келеді.

7. Шетел азаматтарын қалай Қазақстанда демалуға қызықтыруға болады?

Ең біріншіден бізге рекламамызды жақсы көтеру керек. Реклама болған жерде шетелдіктер қызығып келеді. Қазақстанда әдемі жерлер өте көп.

8. Қазақстанның қандай туристік орындарын білесіз?

Алматыда көп туристік орындар бар және Павлодавр жакта бар. Өзім Павлодардікімін. Павлодарда Жасыбай, Семейде Қатон-Қарағай. Негізінде әдем жерлер көп.

9. Қазақстанның қай бөлігінде туризмді әлемдік деңгейде дамытуға болады?

Бурабай, ең біріншіден(күлді), одан кейін(ойланды) Алматы және Ақтауда көп қызық жерлер бар.

10. Егер сізге туристік билет берілсе қай елге барар едіңіз? Неге?

Дубай, өйткені(ойланды) онда сервис өте жақсы барлық жағынан, сондықтан ойлаймын Дубайды таңдаймын деп. Негізінде Қазақстандағы жерлердіде таңдауға болады, өзіміздің туризмдік деңгейімізді көтеріп.

Респондент №10

1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

Жарқынбек Абылай. (ер бала)

2. Сіздің жас мөлшеріңіз?

18

3. Басқа мемлекетке турист болып барып көрдіңіз бе?

Өкінішке орай жоқ.

4. Қазақстанның қандай туристік демалыс орнында болып көрдіңіз?

(ойланды) Шымбұлақта, Сарыағашта, Қызылкөлде.

5. Қазақстандағы туризм қандай деңгейде деп ойлайсыз? Неге?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм деңгейі даму үстінде
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Шығыс Қазақстан Облысының туризмдік дамуы
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Қазақстандағы туристік өнім
Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
Экологиялық туризм ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz