БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Канлыбаева Салтанат Рахимбаевна

«Мыңбаев ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылы

І. Кіріспе

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады» [1] . Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі, ой-өрісі ойын үстінде қалыптасады. Дұрыс ойлай алуды, әрі өз ойын тиянақты жеткізуді дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың ойлау қабілетін және сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.

ІІ. Негізгі бөлім

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай: сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Әр ұйымдастырылған оқу қызметіне мазмұнына сай келетін ойынды таңдап алу өте маңызды. Мысалы, көркем әдебиет, драма, ертегілер елінде, тіл ұстарту секілді ұйымдастырылған оқу қызметтерінде сюжетті-рольді ойындарды қолдану өте тиімді [2] . Өз тәжірибемде аталған ойын түрін белгілі бір ертегінің мазмұнын ашу мақсатында қолданамын. Балалар сол ертегі кейіпкерлеріне айналып, солардың ролдерін сомдап шығады. Бұл кезде балалардың бойында сол кейіпкерді қалайша дұрыс сомдап шығу, айтылған сөздердің мағынасына мән беру, ертегінің жағымды және жағымсыз кейіпкері кім екендігіне көз жеткізу, әрі ертегінің қандай ойды жеткізгісі келгендігіне көз жеткізеді.

Осы аталған ойындардың ішінде дидактикалық материалдың көмегімен жүзеге асатын дидактикалық ойындарға тоқталып өтсем. Себебі балаларға жаңа тақырыптың мазмұнын қызықты әрі түсінікті етіп жеткізу мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметінде дидактикалық материалдардың көмегіне жиі жүгінемін. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті енжар балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық. Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде балалардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.

Дидактикалық материалдардың тиімділігі:

1. Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектеседі;

2. Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

3. Бірлікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді;

4. Ойын барысында балалардың жан дүниесін тануға, оны сыртқа шығару жолдарын меңгертеді;

5. Уақытты тиімді пайдалануға ықпал жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Бұл тұста дидактикалық ойындардың үлкен көмегі тиеді. Дидактикалық ойын арқылы баланың қоршаған дүние туралы түсінігі кеңейіп, нақтылай түседі. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарл Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Ол біртіндеп-біртіндеп, әр ұйымдастырылған оқу қызметінде түрлі ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптасатын дүние. арының үшеуін атаңдар және т. с. с. сияқты сұрақтарды қою арқылы, әрі сол сұрақтарға жауап беру арқылы қалыптасады. Яғни бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды. Әрбір дидактикалық ойын ойлай білуге баулып, сөздік қорын көбейтіп, ақыл-ой қызметін қалыптастырады. Әрі дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады.

Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн.

Дидактикалық ойындарды сабақ барысында қолдану:

Дидактикалық ойын «Домино»

Мақсаты: Түстерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру, сөздік қорын молайту, тез ойлау қабілетін дамыту. Бұл ойынды сурет салу, мүсіндеу сияқты ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдануға болады.

Сурет 1-2. «Домино» ойыны

«Сиқырлы дөңгелек»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. Берілген ойын түрін жаратылыстану, қоршаған ортамен танысу секілді ұйымдастырылған оқу қызметінде жиі қолданамын. Мысал келтірсем, айналмалы дөңгелектің үстіне жабайы және үй жануарлардың суреттір орналастырамын. Бала дөңгелекті айналдырып, алдына айналып тоқтаған жануардың суретіне сипаттамасын береді.

Сурет 3-4. «Сиқырлы дөңгелек» ойынының барысы

Дидактикалық ойын «Пазлдарды жина»

Мақсаты: Бөліктерді құрастыра білуге үйрету. Ою-өрнек түрлерімен танысу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін шыңдау, салт-дәстүрді құрметтеу. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Пазлдарды дұрыс әрі тез құрастыру шапшаңдықты және зейінді талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін бұл ойынды құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдануға кеңес беремін.

Сурет 5-6. Оқушылар ою-өрнектердің бейнесін пазлдардың көмегімен құрастыруда

Дидактикалық ойын «Геометриялық лото»

Мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін молайту, көп пішіндер ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді дұрыс атай білуге үйрету.

Сурет 7-8. «Геометриялық лото» ойынының барысы

В. Воскобовичтің «Игравизор» ойын технологиясының тиімділігі:

  • Үнемділігі:тапсырма парақшасын бірнеше рет қолдануға болады;
  • Пайдалану мүмкіндігінің әр түрлілігі:бір парақпен әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады;
  • Өзін-өзі бақылау:өзін тексеріп, қатесін түзетуге мүмкіндік туғызады.

Сурет 9-10. «Игравизор» ойын технологиясын сабақ барысында қолдану

Осы «сиқырлы» ойынның көмегіне жүгіне отырып, бала бірқатар мәселелерді шеше алуға мүмкіндік алады. Атап өтсем: графикалық дағдыны машықтайды, тор көздердің көмегімен түрлі фигураларды бейнелей алады, симметриялық суреттің екінші жартысын жалғастырып сыза алатын болады, парақ бетінде дұрыс бағыт бағдар ұстай алуды үйренеді. «Игравизор»-ды түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдануға болады: сауат ашу, қоршаған ортамен танысу, сурет салу, логикалық ойындар және т. с. с. Сонымен қатар «Игравизорда» графикалық диктантты ұйымдастыру өте сапалы нәтижелерді көрсетеді. Мысалы: белгілі бір жануардың бейнесін салу үшін, балаларға тор көздердің санымен бағыттала отырып айтса, керекті суретті салып береді. Қарап отырғандарыңыздай, бұл әдістің қолданылу аясы өте әмбебап келеді. Сондықтан да мен өз тәжірибемде соңғы 3 жылда осы әдісті жиі қолданамын.

Рефлексия: Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды. Егер қателіктер көп болса, көңілсіз смайликті жабыстырады. Қателіктер аз болса, аузы түзу смайликті, ал егер қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, күлімдеген смайликті жабыстырады.

Сурет 11. Бала сабақ соңында өз білімін бағалауда

Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындар оқушылар мен білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

ІІІ. Қорытынды

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт-бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз. Мектепалды даярлық сыныптарында бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін ұйымдастырылған оқу қызметі барысында ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С. Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағыұғымдарды танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау
Баланың логикалық ойын дамыту
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының даму ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz