М. ЖҰМАБАЕВ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕРДІҢ ЖАН ЛҮНИЕСІ МЕН СЫРШЫЛДЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
М. ЖҰМАБАЕВ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕРДІҢ ЖАН ЛҮНИЕСІ МЕН СЫРШЫЛДЫҒЫ

Авилхан Н.Б.
6-сынып оқушысы, №17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебі

Ғылыми жоба тақырыбы: М.Жұмабаев поэзиясындағы лирикалық қаһарманның жан дүниесі немесе сыршылдық
Жобаның көтерген проблемасы: Ақын поэзиясындағы лирикалық қаһарманның жан дүниесіндегі өрілген сезімнің немесе сыршылдықтың құпиясы неде?
Ғылыми болжам: М.Жұмабаевтың лирикаларындағы өрілген сезім немесе ақын сыршылдығының құпиясын анықтай алсақ, онда біз ақынның лирик ретінде, тұлға ретінде жаңа қырын аша аламыз.
Пәні мен нысанасы: Ақын поэзиясындағы терең әрі бай сезімнің көзін анықтау үшін шығармалары мен ақынның жан дүниесін салыстыра зерттеу. Зерттеуге таңдалған лирикалары: Жұлдызды-жүзік, айды алқа қып берейін, Мен жастарға сенемін.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен терең танысу;
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеген ғалымдардың еңбегімен танысу;
Ақын лирикаларындағы терең сезімнің құпиясын тану;
Өзгелерде сирек кездесетін өлең жолдарының астарында жатқан тұнық сырларды беру шеберлігін анықтау.
Талдауға таңдалған шығарма:
Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін
М.Жұмабаевтың бұл өлеңінің қазақ поэзиясындағы лирикасының ең бір тамаша үлгілерінің бірі екендігін ғалымдар атап көрсеткен. Мысалы, 1929 жылы жазылған мақаласында Мұхтар Әуезов: Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. ...Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына ба-рып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп,сезінгендей боламын...Мағжан - культурасы зор ақын. ...бүгінгі күн-нің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалатын сөз - Мағжанның сөзі. 1927 Лениншіл жас журналында Жүсіпбек Аймауытовтың Мағжанның ақындығы туралы деген баяндамасының мәтіні басылған екен.Сол мақалада ғалым былай деп жазыпты: ...Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы,негіздібілімкерек.
...Мағжан-күшті ақын. ...нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол - кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Адам баласының өмірінде орны бөлек, өмірді ұстап тұрған сезімдердің ең патшасы-махаббат. Ана мен бала арасындағы, екі ғашық арасындағы, әке мен бала арасындағы махаббат, адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы сияқты күшті сезімдердің бәрі де махаббат деген ұлы сезімнен тұрады. Адам баласының қадірлеп, құндылығына айналған сезім. Ал осы сезім ақын өлеңінде қалай өрілген? Өлеңді оқыған адам махаббаттың құдіретіне бас игендей. Өлеңдегі сезімнің тереңдігі қалай беріледі? Лирикалық қаһарман ғашығы үшін аспанды бағындырып, айдың өзін алқа, жұлдызды жүзік етіп бермекші. Махаббаттың сиқырлы күші қаһарманға қанат бітіріп, ол кез келген ерлікке дайын. Ол махаббат жолында өлуге қуана келіседі:
...Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін,
Сүйші, сәулем, неге өлейін? демейін,- деп, өлімнің өзін бір тәтті сезімге балайды. Ал оқырман ақынның сол шешіміне сенеді, себебі қаһарман сендіретіндей сезіммен баурап тұр. Махаббаттың құдіретін ақын сиқырға балап, оның ақыл-есті тұман басқандай есеңгіретіп қоятынын, ал махаббатқа алқынған жүректің дариядай таситынын ерекше асқақ сезіммен береді. Ғашықтықтың, сағыныштың сырын ақын:
...Айнам, саған арнап жырлар жазамын,
Қаламымды малып жүрек қанына,-деген төрт сөзге сиғызып, сол арқылы өзіндегі өрттей лаулаған сезімді оқырманға дәл сол күйінде, ыстық күйінде жеткізген. Лирикалық қаһарман ғашығын Күнім, көзім, жұлдызым деген символдық ұғымдармен еркелетеді.Сонымен бірге оқырман бұл ұғымдарда қол жетпейтін қымбат, бағасы асыл құнды, нәзік сұлулық сияқты да астарлы түсініктердің де бар екенін танытады. Ақын жүрегіндегі алып-ұшқан сезімді сол қалпында бере алуының құпиясы-ақынның сезімінің шынайылығында болар. Ал екіншіден, ақынның лирик ақын ретіндегі артықшылығында. Өлең жолдарындағы әр сөз, әр сөздегі дыбыстардың өзі өзара үндесіп, ақынның жан дүниесіндегі мөлдір сырдың мүлтіксіз сыртқа шығуына қызмет етіп тұр.

Мысалы: Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші, сәулем, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
Қазақ поэзиясындағы ақ қайыңмен сырласу мотиві
Есенғали Раушанов поэзиясының поэтикасы
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Мағжан Жұмабаев – қазақ жерінің жыршысы
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Пәндер