Қазақстанның әлеуметтік жағдайы


Қазақстанның әлеуметтік жағдайы
Жаппарова. Н. Т
Е. А. Бөкетов атындағы-Қарағанды университетінің
саясаттану мамандығының студенті
(Ғылыми жетекші:т. ғ. к. доцент Жұмасұлтанова. Ғ. Ә. )
Әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болады. Сондай-ақ, еліндегі жүргізілетін саясаттың қандай екенін де білдіртеді.
Конституциямызда Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Демек, бұл бағыттағы жемісті саясат Ата заңмен де тығыз байланысты. Дегенмен әлемдегі дамыған алдыңғы отыздыққа ену мақсатын қойған Қазақстанымыз үшін әлі көп іс атқарылуы керек екені де анық.
27 қаңтарда Н. А. Назарбаев Парламентте «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдау жолдаған еді. Осы жолдауында Н. А. Назарбев келесі тұжырымдамасың айтып кеткен еді: ^Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Осы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттері нақ осыдан көрінеді. Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында тиімді тепе-теңдік табуының өмірлік маңызы бар. Мен әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін нақ осыдан көремін. Жолдау-2012-де мен Үкіметке нақты тапсырмалар бердім, - және мемлекеттік механизм жұмыс істеп берді. Алайда, мен Жолдауымның орындалу қарқыны мен сапасына қанағаттанбаймын. Әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды. Ал бұл, өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді. Біздің жүзеге асырылмаған резервтеріміз бен мүмкіндіктеріміз неде? Әлеуметтік саясат орнықты, жасампаз болуы үшін тағы не істеу керек?^-деп сөз қалдырған еді.
Осы мақаланы жазу барысында осы сұрақтарға жауап беруге тырысатын боламын.
Жаңғырту үдерістерінде тәуекел бар ма?
Әлеуметтік жаңғырту бүгінде ықтимал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсінік болуын талап етеді. Және мұны тек барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жаңғыртулар бағытталып отырған бүкіл қоғам, барша халық түсінуге тиіс.
Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін ескеруіміз қажет. Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты дамыту, әлеуметтік кепілдемелерді кеңейту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерістер қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін дер кезінде түзетуді талап ететін болады.
Екінші. Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жаңғырту үдерістері азаматтар белсенділігінің күшеюімен, олардың шығармашылық әлеуетінің ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің құқықтары мен бостандықтарын белсенді қорғауға деген ұмтылыстары кеңейіп, қоғамның өзін өзі ұйымдастыру дәрежесі жоғарылайтын болады.
Үшінші. Қазақстанда мемлекет - әлеуметтік жаңғырту үдерістерінің бастамашысы және басты қозғаушы күші. Бүгінде қоғамда жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет - шетсіз-шексіз донор емес, азаматтар әл-ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды.
Жолдау-2012. Әлеуметтік жаңғырту.
Жолдау-2012 әлеуметтік саладағы жаңғырту үдерістеріне қуатты серпін берді. Алайда, іс жүзінде әзірше проблематикалардың ең үстіңгі «қабаты» ғана «ашылды». Осы себепті, олар одан әрі шешуді қажет етеді.
Сондықтан, әлеуметтік жаңғыртудың барлық мемлекеттік органдар басшылыққа алуы тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін айқындау маңызды. Және бұл түсінік барша халыққа қолжетімді болуы тиіс.
Мен өзімнің болашақты қалай көретініммен бөлісейін.
Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады.
Жаңғырту үдерістері шеңберінде қандай маңызды міндеттерді шешу қажет? Бұл тізім құрғақ және ұзақ-сонар көрінуі мүмкін, бірақ оны атап айтқан жөн.
● Жанжалды жағдайларды ескертудің, реттеу мен шешудің әділетті заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызметін қабылдап, іске қосқан ұтымды.
● Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап енгізу міндеті тұр.
● Негізінде мемлекеттің, жеке сектор мен кәсіби бірлестіктердің әріптестік механизмдері болатын әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасының тиімді моделін құру маңызды.
● Қазақстандықтардың өмірінде өзін өзі ұйымдастыру, оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетік болуы тиісті азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек.
● Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық құрамдасын біршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкіндіктерін азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардың тұрақты «кері байланысын» нығайту мәселелерінде де кеңейту міндеті тұр.
Жаңғыртудың маңызды аспектісі - Қазақстанда биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен «тігінен» және «көлденеңінен» құрылған әлеуметтік үдерістердегі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру.
Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс.
Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады.
Біріншіден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты.
Ешқандай да «алға озу» болмауы тиіс. Әлеуметтік саладағы барлық өзгерістер даму деңгейімен Қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесуі тиіс.
Жаңғырту үдерістерінің алгоритмі кейін қалған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму көрсеткіштеріне «тартуға» арқаулануы тиіс.
Екіншіден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК қағидаты.
Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жекеменшік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.
Жаңғыртудың табыстылығы үшін әрбір азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсіністік жағдайында ғана кең көлемді қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткізуге болады.
Үшіншіден, ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫСУ қағидаты.
Барлық жұмыс мемлекеттің, бизнес пен азаматтың тығыз өзара іс-қимылы негізінде құрылуы тиіс. Бұл жерде биліктің міндеті - мемлекет, қоғам мен жеке адам мүддесінің рационалды тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Шынайы әділеттілік дегеніміз, міне, осы.
Әлеуметтік әріптестікті белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес секторын, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды
Осыдан 20-25 жылдай уақыт бұрын әлеуметтік хал-ахуал қиын еді. Ұлттық валютамыз айналымға енгеннен кейін үш айға жетпей, он еседей құнсызданды, ал, жылдық есепте тіптен сұмдық болды. Гиперинфляция экономикаға аз соққы болмаған еді. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын да нашарлата түсті. Күнкөріс қамымен мұғалімдер мен дәрігерлердің басқа да қызметкерлердің базар жағалап, табысы жақсылау салаға жаппай дерлік ауысып жатқан кезі де сол тоқсаныншы жылдар еді…Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау - халықтың жаңа қоғамдық саяси-экономикалық жүйеге бейімделуі оңай болған жоқ(олай болуы біршама түсінікті еді) . Қарапайым халықтың да. Биліктің де. Мәселен, үкімет екі қолыңды бос қойдым, ал, қалағаныңды жаса дегендей сыңай білдірсе, халық та бас-көзсіз түрлі салаларға ұмтылып жатты. Еңбек нарығы, экономикалық заңдылықтар өкінішке қарай сақтала бермеді. Сондықтан да кей салада дисбаланс жүрді, яғни тепе-теңдік бұзылды. Оған бір дәйек, экономика, құқықтану, заңгер т. б. мамандықтарда жоғары жалақы болғасын көп адамдар соны оқуға тырысты. Ал, мұндай мамандарға еңбек нарығында жылына онмыңдаған сұраныс жоқ. Бұл мұғалімдік болмаса, дәрігерлік емес еді. Жөн-жосықсыз, жүйесіз ұмтылыс кері нәтижесін берді. Мысалы, еңбек нарығы толды: заңгер, экономика мамандарына. Қалғаны қайда барды? Жұмыссыздардың қатарына, болмаса, басқа…
Дегенмен бұл қиын әлеуметтік-экономикалық үрдіс бірнеше жылға созыла келіп тежелді. Шамамен 2000-жылдардың басы. Мұнай, басқа да шикізат бағалары қымбаттап, экономикада ілгерілеу басталды. Әлеуметтік жағдай да көтерілді. Бірақ, барынша тұрақты әлеуметтік даму қалыптаса қоймап еді. Қай тұсымыз әлсіз екенін, әдетте, АҚШ-тан басталды делінетін әлемдік экономикалық дағдарыс байқатты. Дағдарыс 2007-2008жж. шамасында жүрген бері, біздің елімізде бұл 2009-жылы әжептәуір айқын көрінді. Девальвация; тауар, қызмет көрсету саласының қымбаттауы; тұрғын үй, жер телімдері нарығы құлдырауы, кей банктердің әлсіреуі; өндіріс орындарының қысқаруы, жұмыссыздар санының артуы т. б. біріне-бірі жалғасқан әлеуметтік-экономикалық қиындықтар басталды да кетті.
Қазақстан бұл дағдарысқа жартылай дерлік дайын болғандай. Жартылай деп отырған себебім, мұнай бағасы шарықтаған тұста құрып алған ұлттық қорымыз экономиканы тым тұралатып алмай, керісінше, дағдарыстан жаңа серпінмен шығуға үлкен қаржылық мүмкіндік берді. «Экономика атасы» саналатын Адам Смитттің: адамның қалауы, ешқашан әрекетке жатпайды деп келетін сөзі бар. Біздің елдің де сол дағдарыстан былай шықсақ болады деген қалауымызды іске асыруға қаржылық мүмкіндік - сол ұлттық қорда жатыр еді. Бұл жерде әңгіме жол картасы бағдарламасына қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz