Шыны материалдарын өңдеудегі технологиялық процестер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
44.Шыны материалдарын өңдеудегі технологиялық процестер.
Шыны - кристализациясыз суып, қатты құрылымға ие болатын, балқыту процесінің бейорганикалық өнімі. Шыны қатты және сынғыштық қасиетке ие зат. Ол түрлі түсті, ондағы аморфты немесе кристалдық фазалардың ерітіндісіне байланысты мөлдір не мөлдір емес болуы мүмкін. Балқытпа кең диапазонда суығанда шыны біртіндеп жабысқақ және кристалдық құрылымды пайда етпей қатты, морт құрылымға ие болады.
Қауіпсіз шынының екі түрі бар:
1. Қатайған шыны
2. Ламинирленген шыны.
Химиялық құрылымы бойынша көптеген өндірістік шынылар үшке бөлінеді:
1. Натрий-кальций-силикатты шыны. Өндіріс көлемі және қолданыс аймағы бойынша өте маңызды өнім. Бұндай шынылардан жапырақша шынылар және арзан тұрмыстық ыдыс аяқтар және электрлік лампаларға колбалар жасалады.
2. Қорғасын-калий-силикатты шыны. Бұндай шынылар көп мөлшерде қорғасын тотығынан құрылған. Жоғары сыну көрсеткішіне ие болғандықтан, бұндай шынылар оптикада кеңінен қолданылады. Бұндай шыныларды тегістеу және жалтырату жеңіл болғандықтан, олардан тұрмыстық шыны және декоративті ыдыстар жасайды. Жоғары электрлік кедергіге және сәлеленуден қорғанысты қамтамасыз ету қабілетілігінен бұндай шынылар электротехникада және электроникада қолданысқа ие.
3. Борлы-силикатты шыны. Термикалық ұлғаю коэффициенті төмен болғандықтан бұндай шынылар термикалық соққыға төзімді болып келеді. Сондықтанда бұндай шынылар тұрмыстық және лабораториялық ыдыстар жасауда, пластикалық массаларды армирлеу үшін (армирования, материалды немесе конструкцияны басқа материалдармен күшейту) шыны талшақтарды алуда идеал материал болып табылады.
Өндірістік шыныны өндірудегі шихта - бірнеше компаненттердің қоспасы. Шахтада төрттен алтыға дейін компоненттер болады, мысалы, құм, әк тас, доломит, кальциленген сода, бура, бор қышқылы, дала шпаты, қорғасынмен барий қоспасы. Сонымен қатар қосымша 15-20 заттар қосылады, олар шынының сапасын, түсін өзгертуде дайындақ кезеңінде қосылады.
Шикізатты өлшейді, араластырады және шыны қалдықтарын қосқаннан кейін шыны қайнататын пешке ендіреді. Хрустальды заттарды алу мақсатында шыныны қайнатуда сйымдылығы 2 тонна құмыра пештер қолданылады. Шыны қайнататын пеште бір уақытта бірнеше құмыра болады. Бірақта заманауй өндіріс орындарында шыныны қайнату процесі өртке төзімді материалдардан жасалған үлкен регенеративті және рекуперационды пештерде жасайды. Қыздыруда нефть, табиғи газ немесе электр энергиясын қолданады. Соңғы кезде массаның жоғарғы бөлігі салқын болып қалу үшін шихтаны қосымша электрлік қыздыру және электрлік балқыту әдісі қолданады. Бұл әдіс атмосфераға зиянды заттардың шығу дәрежесін төмендетеді, ал қосымша электрлік қыздыру әдісін сапасы жоғары және өнімділікті арттыруда қолданады. Шыны материалдарды формаға келтіруде үрлеу, пресстеу, илемдеу прокатка ж.т.б. Жапырақша шынылар дайындауда вертикальды созу әдісімен алады. Бұнда шынының беті өртпен жылтыратады. Тарту және гравитация күштерінің әсерінен шыны лента азғана деформацияланады. Жапырақша шыны сумен салқындататын валкалар арқылы өтеді де (отжиг) жасыту үшін пешке түседі. Шыны деформацияланбау керек. Осы мақсатта бетте пайда болған дефекттерді тегістеп және жылтыратады.
Соңғы жылдары жүзуші лента принципінде формалаудың ыстық процесі қолданылады. Бұл әдіспен алынған шыны материалдарында дефекттер болмайды.
Осы әдіс бойынша шыны масса пештен шығып, үздіксіз лента түрінде қалайы балқытпасының бетімен жайылады. Балқытпа бетінде сырғанағандықтан шынының бетінің сапасы жоғары болады. Шыны сырғанау барысында оның температурасы төмендеп қатаяды да, оны жасыту пешіне роликтер арқылы жібергенде шыны бетінде із қалмайды. Ваннадағы инертті газдың атмосферасы қалайының тотығуына кедергі келтіреді. Жасытудан кейін шыныға қосымша өңдеу қажет емес, алынған өнімді автоматты түрде кесіп, орап, жөнелтуге дайын.

45.Құймаларды өңдеу әдістері.
Құю өндірісі - әр түрлі машина бөліктері, механизмдер, қондырғылар үшін керекті дайындаманы өндіретін сала. Құю өндірісінің мәні-машина бөлшектерінің өнімдері немесе дайындамалары балқытылған металды қалыптарға құю арқылы алынады. Алынған құйма бөлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денелердің физикалық қасиеттері
Құрылыста және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру
Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі
Өндірістік қалдықтар
Пластмассалар және оны өңдеу
Санитарлық-техникалық керамикалық бұ­йымдарды өндіру технологиясы
Керамикалық бұйымдардың кептірілуі
Жарма өндіру технологиясы
Өндірістік тәжірибенің мақсаты
Пәндер