Қазақ тілі сабағында жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту әдістемесі

Жалпы осы қазақ тілі, ол осы қазақ тілін зерттейтін ғылымның бірден-бір негізгі саласы болып табылады. Қазақ тілін оқу барысында негізінен, біз бойымызға сіңіре, және үйрене алатын ең негізге қасиет ол - жалпыадамзаттық құндылықтар. Бұл құндылықтар бізге өмір есігін ашқан сәттен бастап, бойымызда қалыптаса бастайды. Және, өзіміздің достарымыз, ортамыз, ата-анамыз, мектебіміз, осының барлығына қарап, бойымыздағы осы бір құндылық қалыптасады. Яғни, ортаға қарап бой түзейді. Жалпы адамзаттық құндылықтар, негізінен көне заманнан бері келе жатыр. Олар ғылымның әртүрлі салаларында, әр қырынан зерттеліп, бізге дейін жүйелі түрде қалыптасып келе жатыр. Құндылық түсініге негізінен алғаш Сократтан бері негізге түсінік алған болатын. Яғни, Сократ құндылықты адамның өмірді бағалауы деп алған болатын. Ал, жалпы адамзаттық құндылықтарға педагогикалық тұрғыдан қарасақ, педагогикалық сөздікте, құндылықты адамның ізгіліге, мейірімділігі, адалдығы деген сияқты адамның бойындағы жақсы қасиеттермен бейнелейді. Дәл осы біздің, қазіргі заманда, менің ойымша жалпы адамзаттық құндылықтардың орны ерекше. Себебі, адамның бойында осы жақсы құндылықтар, қасиеттер болмаса адам өз өмірінің мәнін жоғалтады. Ондай адамның, қоршаған ортада, өзінің алар орны да, құрметі де болмайды. Ондай адам қоғам үшін негізсіз болып қала береді. Адам әр қашан әртүрлі эмоцияға беріледі. Ол, айналасындағы болып жатқан оқиғаларға байланысты. Көп адам өзінің эмоциясына қатты ерік беріп қояды. Ондай адамдар, бір қалыпта бола алмайды. Өз эмоциясын ұстай алмайтын адам, психологқа жүгінуі керек. Бірақ, адам өзінің эмоциясын кез-келген жерде көрсете бергені дұрыс емес, адам жалпы өзінің эмоциясын, бойындағы құндылықтарымен басып отыру керек. Адам өзін ақылға жеңдіруі керек. Тек сол кезде, ол өз ортасына сыйлы болады. Жалпы адам, ол өз алдына жеке тұлға. Менде сізде жеке тұлғамыз. Бірақ, қандай тұлға болатынымыз тек өзімізге байланысты. Бойымыздағы құндылықтарды, рухани жаңғырта білсек, тек сол кезде біз өзіміз қалайтын тұлғаны қалыптастыра аламыз. Тұлға бірден қалыптаспайды, ол өмір бойы өзгерісте болады, яғни, бір орында тұрмайды. Оның барлығы, сіз сыртқы оқиғаларды, адамдардың әр алуан мінезін, сөзін, болып жатқан іс-әрекеттерді қабылдауыңызға байланысты болып келеді. Жалпы адамзаттық құндылықты өз тұлғамызда қалыптастыра білсек, бұл тек бізге емес, сонымен қатар біздің ортамыздағы басқа да адамдарға жақсы әсерін тигізуі мүмкін. Ол адамдар, бізге қарап бой түзейді. Сол себепті, біз өз тұлғамызды жақсы қалыптастырып, жалпы адамзаттық құндылықты дамыта отырып, бойымыздағы надандықпен азғындықтан құтыла аламыз. Және, тек өзімізді ғана емес, басқа да жақындарымызға үлгі болып, надандықты жоюға жол аша аламыз. Сол себепті, қазіргі біздің елде, қазақ елінде, бұрыннан келе жатқан адамзаттық құндылықтарымызды, еліміздің ізгі қасиетін, халықтың болашағына арқау болар адамгершілік, адалдық қасиеттерді жоғалтып алмауымыз қажет. Ол үшін, әрбір адам өзінің жеке тұлғасын өз алдына жақсы жағынан қалыптастыруы қажет.Яғни, өз-өзімізді тәрбиелей білуіміз керек, себебі тек адам тәрбиелі болған жағдайда, жалпы қоғамның тәрбиесі дұрысталады. Жалпы, қазіргі заманда технологияның дамып жатқан дәуірінде, біз, өзіміздің, жалпы қоршаған ортадағы адамдардың негізгі құндылықтарының төмендеп бара жатқанын байқап жүрміз. Тіпті атап айтып кетсем, көшедегі қоқыстан бастап, қарттар үйі, қоқысқа тасталған тастанды бала осының барлығы біздің, мейіріміміздің, тұлғаны қалыптастыратын негізгі құндылықтардың азайып кеткендігін көрсетеді. Кейде, осының барлығына не себеп болды деген ойға келемін. Көп адам заман бұзылған деп айтып жатады. Бірақ неге заман? Сіздер заман деген ұғымды ойлап көрдіңіздер ме? Жақсылап ойласаңыздар олай айтпайтын едіңіздер. Себебі, заманды қалыптастыратын, оған негізгі әсер етуші күш ол адам. Демек, қоғамның да заманның да қалыптасуы мына бізге, адамдарға байланысты. Бұл шындық, оны жоққа шығара алмаймыз. Иә, бойымыздағы құндылықтардың жоғалып бара жатқандығы өтірік емес, бірақ ендігі кезекте оны қалай қайта қалыптастыра аламыз, біздің негізгі мәселе сол. Егер, барлығы дәл осылай жалғаса берсе, біз өзіміздің адамзаттық құндылықтарымыздан айрыламыз. Ал, біз оны қалай жасаймыз? Негізінен адамға тәрбие беру, ол баланың өмірге келген сәтінен басталады. Оның мектеп кезі баланың тұлғалық қасиетін қалыптастыратын бірден-бір орта. Ал, балаға әсер етуші, оның адам ретінде қалыптасуына ықпал ететін ол - ұстаз. Ұстаз ол елдің жас ұрпағын тәрбиелеуші, шәкірттің өмірге деген көз қарасын қалыптастыру. Бірақ, оны қалыптастыру үшін ұстаздың өзі білімді болуы керек. Қазіргі кезде, өзінің бойынан адамдық қасиетін көре алмайтын ұстаздар бар. Оларда шәкірт тәрбиелеп жатыр. Бірақ, оның шәкірті ертең кім болады? Қоғамға пайдасын тигізе ала ма? Осы мәселенің барлығы ұстаздың берген біліміне тікелей байланысты болып келеді. Ұстаз - ұлы тұлға. Және, сол ұлылығын сақтап, алдындағы шәкірттің алдында абыройын түсіріп алмай, шәкіртке адамдық құндылықтарды бойына сіңіруге, көмек көрсететін, оны тәрбиелейтін бірден-бір жан. Ұстаз, ол ақиқатты ұстанушы. Ал, ақиқат дегеніміз не? Ақиқат дегеніміз ол шындық. Өтіріктің антонимі. Адам, ақиқатпен, яғни, шындықпен өмір сүре білу керек. Ақиқат деген ол жарық шам. Адам өмірін ерекше жарық қылып тұрады. Ал, өтірікпен өмір сүрген адамның алды тас қараңғы. Өмірде адасушылық, міне осыдан туады. Адам тек ақиқатпен өмір сүру арқылы, бойындағы құндылықтарын қалыптастыра алады. Ал, ұстаз осы ақиқатты шәкіртке жеткізуші, түсіндіруші, шәкіртті ақиқатпен тәрбиелеуші. Негізгі үғым - тәрбие. Айтамыз, естиміз түсінеміз. Бірақ, не ол тәрбие деген?
Тәрбие, ол жеке тұлғаның бейнесін қалыптастыратын бірден-бір негізгі күш. Тәрбие әртүрлі болады, сәби кездегі тәрбие, бала кездегі, жастық шақ тәрбиесі, қоғам тәрбиесі, ортадан алатын тәрбие және т.б. Ал, негізгі тәрбиені балаға ата-анасы, содан кейін ұстаз береді. Ұстаз, балаға сабақтан бұрын, тәрбиені үйрету керек. Атақты ойшыл, ғалым Әбу Насыр Әл Фараби, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген болатын. Мен осы пікірге толығымен қосыламын, адам үшін, ең маңыздысы оның тәрбиесі. Қоршаған ортада, сенің өз-өзіңді ұстауыңа байланысты сенің тәрбиеңді көреді. Ешкім сенің түріңе қарап баға бермейді, адамдық құндылықтарыңа қарап бағалайды, тек бойыңдағы қасиеттеріңе қарап сен туралы пікір қалыптастырады. Ал, бұл қасиеттердің барлығы тәрбиемен келеді. Біз, елдің болашағы жастар дейміз. Бірақ, сол жастардың тәрбиесіне, адамзаттық құндылықтарына, жақсы тұлға ретінде қалыптасуына мән бере алып жатырмыз ба? Біз оларға жақсы жағынан әсер ете аламыз ба? Жастар дегеніміз кімдер? 14 пен 29 жас аралығындағы адамдар. Иә, адамның ең қуатты, өмірге деген құлшынысы артып тұрған шақ. Жастар, мемлекеттің негізгі қозғаушы күші. Білімді жастар, елдің негізгі болашағын қалыптастыра алады. Бірақ, ел болашағын қалыптастыру үшін, ең алдымен өз өзін қалыптастыру керек. Яғни, өзін тұлға ретінде көрсете білу керек. Адам тек өзінің кім екенін білгенде ғана, басқаларға әсер ете алады. Ал оған дейін, ол тек өзіне жұмыс жасауы қажет. Қазақстан халқының, 30 пайызын жастар құрайды. Сол себепті де, елімізде жастарға көп мүмкіндік жасалған, болам деген баланың бетін қақпа, белін бу деген керемет сөз дәл осы ұстанымға келіп тұрғандай. Иә, расымен. Боламын дейтін бала, қазірден бастап әрекет жасайды. Жалқаудың ертеңі бітпес дейді қазақ, сондықтан елдің ертеңі бүгіннен басталатынын естен шығармаған дұрыс. Ол үшін, жастардың білімін арттырып, адамдық қасиеттерін қалыптастырып, дұрыс тәрбие беруіміз керек. Тек сол кезде, ұстазда өзінің еңбегінің жемісін көреді. Ал, тәрбиесіз, тек білім бере берген ұстаздың, еңбегі далаға кетеді. Құр жаттанды сөзден, ешқандай пайда болмайды, әр балаға ерекше назар аударып, оның санасына, адамдық құндылықтарды сіңіре білсек, тек сол кезде ғана, еліміз өркендей түседі. Тәрбие өз алдына, ал, тіліміз ше?
Қазақ тілі, біздің ана тіліміз екенін жақсы білеміз. Бірақ, қазіргі кездегі тіліміздің абыройы қандай? Расында, тіліміздің жағдайы мәз емес. Қазақ тілін қолданушылардың азайып бара жатқаны да өтірік емес. Оған не себеп болды, неліктен олай болды? Сұрақ көп. Жастарымыздың, өз ана тіліне қарағанда, өзге тілде сөйлеуді абырой санауы өкінішке орай шындық. Ана тіліміздің дәрежесі төмендеп жатқанда, еліміздің абыройы асқақтайды дегенге сенгім де келмейді. Қадыр Мырза Әли атамыз, балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды деген. Иә, расымен, тілі жоқ ұлт, өлі ұлтқа айналады. Тіл, біздің басты қаруымыз. Кезіндегі орыспен тарихтан белгілі ара-қатынасымыз, біздің тілімізге кері әсерін тигізді. Сол кездегі, тілімізге енген терминдерден бастап, орысша сөйлей бастауымыз, аға буынның орыс тілінде білім алуы, қазіргі кезде көп қазақ отбасының орысша сөйлеуіне алып келді. Ең өкініштісі, көп қазақтың орыс тілінде сөйлеуіне қысылудың орнына, оны мақтан көруі. Өзінің ана тілін ұмыта бастау, ол ешқашан жақсы нышан бермейді. Қоғамда, тіл қадірін арттыруға та салысып жүрген көптеген тұлғалар бар, олардың еңбегін жоққа шығармаймын, бірақ, жүз адамның тек он адамы тілге құрмет жасап, қалған тоқсан адам өзге тілде сөйлеп жүрсе, одан пайда болмас. Ортадағы адамның барлығы надан, тек сен ғана ақылды болсаң, уақыт өте келе сенде надан боласың, ал ортаның барлығы ақылды, бір ғана надан болса, уақыт өте келе ол надан, ақылға келеді. Адамды тәрбиелейтін, ол орта. Сіз, өзіңіздің жаныңызда қазақ тілін дұрыс білмейтін адамның, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, оған үйрете бастаңыз. Барлығымыз, солай жасасақ, бұл үлкен нәтиже береді. Егер ұлтымызды сақтап қалғымыз келсе, тілімізді жоғалтып алмауымыз керек. Тіл, ұлттың тамыры. Тамырынан айрылған ұл, көп ұзамай солып қалады. Дәл өсімдік тәріздес, өсімдікке су құйып, көңіл бөліп баптасаң, ол құлпырады өседі өркендейді. Ал, өсімдікке қарамасаң, су құймай қойып қойсаң, тамыры қуарады, ал тамыры жоқ өсімдік өзі де, қуарып жоғалады. Біз, біреу талпыныс жасап, қазақ тілін үйренгісі келсе қолдайық, қатесіне күлудің орнына, оны жігерлендірер сөздер айтып, шабысын үдете түсейік. Тек сол кезде біз нәтижеге жете аламыз. Тілімізді сақтап қалсақ, ұлтымыздың ұлттық және адамдық құндылықтарымызды аман алып қаламыз. Адамдық құндылықты ұлт тамырына, яғни, тілімізге сіңіре отырып, оны ұрпағымызға жеткізе аламыз. Қазіргі жастар барлығын қолға алып, қазірден бастап әрекет жасасақ, келесі келген ұрпақ та бізге қарап өседі, егер бәріміз қазақ тілінде сөйлеп жүрсек, болашақ балалар орыс тіліне деген қызығушылықты аспаннан алмайды ғой, бізге қарап, оларда қазақ тіліне деген құрметі артып, ана тілін анасындай сыйлайтын болады. Сол үшін, біз қазірден бастап алдымызға мақсат қойып, ана тіліміздің абыройын асқақтатып, надандықтан құтылуға әрекет етуіміз керек. Ел боламын десең бесігіңді түзе дейді қазақ, бұл дегеніміз, ел үшін жастардың маңызы зор екенін білдіреді. Жастарда аға буынға қарап өседі, сондықтан сіздер не істесеңіздер, біз сіздерге қарап бой түзейміз. Бір-біріміздің кемшілігімізді толықтырып отырсақ қана, толық қоғамды құрастыра аламыз. Мемлекеттік тілімізді әрбір қазақ құрметтеуі керек. Ал, біздің мемлекеттік тіл - қазақ тілі! Қазақ тілін дамыту әр қазақтың парызы. Бұл тек жастарға тиесілі емес. Қарапайым түрде қарасақ, қазіргі кезде қазақ тілінен көрі, орыс тілінде ақпарат көзі көп. Оны мойындау керек. Өтіріктен қазақ тілім керемет деп ұрандата берудің түкте пайдасы жоқ. Біз, басқа тілдерден үлгі алып, өз тілімізді дамытуымыз керек. Ол үшін, жоғары буындағы ағаларымыздың ат салысуы қажет. Тек өз тілімізді өркендете отырып, біз жалпы адамдық құндылықтарымызды дамыта аламыз. Тілі әлсіз ұлттың, осал тұсы көп болады. Ана тілін құрметтемейтін, оны білмейтін адам тұлға ретінде қалыптаса алмайды, ода не тәрбие, не білім, не адамдық құндылық болмайды. Тіпті, болған күннің өзінде, оның бойында надандық басым болады. Оның қоғамда алар орны жоқ. Өзінің тілін құрметтемейтін адам, ол өзін құрметтемейтін адам. Ал, адам өзін құрметтемесе, оны ешкім құрметтемейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, көп жерде барлық халықты қазақша сөйлету керек деген пікірді ұсынатындар бар. Менің ойымша бұл қате, біз өзіміз қазақша толық білмей жатып, қалай басқа біреуге қазақша сөйле деп айтамыз? Бұдан басқа, бұл үлкен халықаралық қақтығыс туғызуы мүмкін. Біз, өзгеге үйретерден бұрын, өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Көшеде біреу қазақша дұрыс сөйлей алмаса, оған күліп шала қазақ деп келемеж етеміз, сонда, өз баурымызға біздің жанымыз ашымаса оған кімнің жаны ашиды? Өзінің ана тіліне немқұрайлы қарау, ол бүкіл елге, ұлттың болашағына сенімсіз қарау. Жалпы, қазіргі таңда, қазақ тілінің ахуалы нашар. Оны, көтеру, қайтадан аяққа тұрғызу біздің, әр азаматтың парызы деп ойлаймын. Біздің күшіміз бірлікте. Біз, тек бірге болсақ мақсатымызға жете аламыз. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді дейді, сондықтан, біреуміз ана тілімізге мән бермесек, оның өзі келешек ұрпақты құрдымға жіберуі мүмкін, егер тіліміздің мәртебесі асқақ болса, ұлтымыздың да абыройы жоғары, еліміздің көк туы желбірей береді. Мен осыған сенемін, және барлығыңызды тілді құрметтеуге шақырамын. Оның барлығын, бізде мектеп кезінен бастап үйрететіні рас. Бірақ, сол мектептердің бізге қаншалықты әсері бар? Қазіргі кездегі мектептегі білім деңгейі қандай? Осы мәселені де бір қозған қарасақ. Өмірдегі білімге деген алғашқы ұмтылыс осы мектеп кезінде басталады. Және, сол ұмтылыстың, оқуға деген қызығушылықтың не ары қарай өсерін, не сол жерден өшерін ұстаз шешеді. Барлығы ұстазға байланысты. Иә, мектеп қабырғасында өткен әрбір күн бізге қымбат. Қайта оралмас он бір жыл. Мектептегі қызықтар, мұғалімдердің алдында табан асты айтылған талай сылтаулар, ойын сауық, күлкі, қызық, иә, керемет. Бірақ, біз мектептен өзімізді тұлға ретінде қалыптастырарлықтай не алдық? Бізге пайда болды ма? Әрине, адам өмірінде мектептің орны ерекше. Мектеп білімі, біздің ең алғашқы баспалдағымыз. Адам болып қалыптасуымызға зор ықпалын тигізді. Ең керемет білім, мектепте берілетін білім деп айтар едім. Мұғалімдердің, анаңдай саған жаны ашып, сынып жетекшіңнің сен үшін жан таласып жүгіруі, шынымен ұмытылмас кездер. Ең бастысы ол емес, ең бастысы біздің тұлға болып қалыптасуымызға, бойымызға адамдық құндылықтарды сіңіруге көмек берді. Мектеп біздің өмір дейтін қалаға ең алғашқы саяхатымыз секілді. Ал мектептегі білім, біздің қолдағы сол қаланың картасы. Ал ұстаз, бізді жетелеуші, қазіргі тілмен айтқанда гид. Саған он бір жыл бойы, сол қаланы жетік білуді үйретеді. Қолың карта, яғни, білім береді. Егер сен білім алмасаң, сен алғашқы он бір жыл ештеңе болмағандай жүре бересің, себебі, он бір жыл бойы, қолыңда карта болмасада сені жетектеп жүрген гид, яғни ұстаз бар. Бірақ, он бір жыл өткен соң, ол ұстазың сені қалдырады. Сол кезде, кім он бір жыл бойы білім алып, сол картаны жаттап үлгерді, солар, ары қарай ол қаланы бағындыра түседі. Ал, кім тек ұстазға сеніп жүрді, олар дәл сол сәтте абдырап, қайда барарын білмей адасады. Міне, адамның өмірде адасуы да осыдан басталады. Сол себепті, адам өмірінде мектептің алатын орны тым бөлек. Жалпы адамзаттық құндылықты жоғалтып алмауымыз үшін, біз өз өзімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Қоғамнан тыс қалып қоймауымыз қажет. Қазіргі кезде, көптеген жастар қоғамнан тыс қалып жатыр. Яғни, олардың бойында белсенділік жоқ, қоғамдағы оқиғалар, іс-әрекеттер оларды қызықтырмайды. Ондай жастар, қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Біз, оларға көмектесуіміз керек, ондай адамдарды өз ортамызға тартып, олардың қорқынышын жеңіп, және олардың қызығушылығын тауып, сол қызығушылығы арқылы басқа да, дүниелерге олардың көз қарасын қалыптастыруға көмектесуіміз қажет. Міне, біздің бойымыздағы адамдық құндылықтар, сол кезде сыртқа шығып тек бізді ғана емес, басқа бір тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі. Адам ешқашан өзін ғана ойлап, шектеліп қалмау керек. Басқаларға көмектесу арқылы, басқаларды үйрету арқылы адам өз өзін дамытады. Яғни, басқаға әсер ету арқылы сіз өз өзіңізге әсер етесіз. Әр адам өзін жақсы жағынан көрсетіп, биікке ұмтыла алады. Бірақ, кейбір адамдарға жігерлік жетіспейді, бір нәрседен қорқып, бұғып қалатын адамдар көп. Оларға жігер сыйлап, алға ұмтылуға тыныс берсек, олар өзін көрсетіп, өзіндік тұлғасын қалыптастыра алады. Ешқашан, адамдарды тастап кетуге болмайды, бұл басқа біреуге кері әсерін тигізеді, және сіздің жақсы тұлға болып қалыптасу барысында, сізге де кері әсерін тигізетін болады. Адамдардың күші бірлікте, ешбір адам тек өзін ойлап жүріп, өзіндік оймен ғана жүріп, жеке жетістікке жете алмайды. Жанында қолдаушысы бар адам, өзінің ортасы бар адам ол қандай қиындық болмасын өзін сол қиындықтан алып шыға алады. Өмір, жалпы қиындықтармен сынақтардан құралған, сол сынақтардан кім сүрінбей өтеді, кім қиындыққа шыдай алады солар мықты, ол адамдар өздерін жақсы жағынан қалыптастыра алады. Әр қиындық келген сайын сіз ұмытпаңыз, ол қиындықтың уақытша екенін және оның артында бір жақсылықтың бар екенін. Біздің бойымыздағы жақсы қасиеттеріміз, адами құндылықтарымыз жақсы дамыған болса, ол бізді түзу жолдан адастырмайды. Біз кезінде бойымызға жинаған жақсы қасиеттер, белгілі бір кезде, бізге өз көмегін тигізеді. Тіпті, жаңа ортаға келген кезде, тез сіңісіп кетуіңізге, сіздің адами құндылықтарыңыздың маңызы зор. Педагог, яғни, ұстаз өз кезінде шәкіртінің бойына осы бір жақсы қасиеттерді сіңіріп, жақсы тәрбие беру, білімнен жоғары тұратын құндылықтар. Адам, педагогикалық әдіс-тәсілдердің арқасында, мектеп қабырғасында, алдағы өмірде өзіне керек болатын, өзін адам тұлғасында дамыта алатын негізгі қасиеттерді бойына дарыта алады. Әрине, мұның барлығы тек ұстаздың қалауымен болмайды, бұл жерде шәкірттің де қалауы аса үлкен рөл атқарады. Себебі, адам кез-келген нәрсені өз қалауымен орындамаса, оның еш пайдасы болмайды. Адамды, қысымшылықпен бір нәрсеге үйрету деген, тасты сөйлетуге тырысқанмен бірдей. Сол себепті де, ұстаз психолог болу керек деп жатады. Яғни, шәкіртке тек кітаптан жаттанды сөзбен білім беріп қана қоймай, оның мінезін, оның қызығушылықтарын зерттей білуі керек. Ұстаз, шәкірттің сеніміне кіре алуы керек, оқушының жан сырын түсіне білген жағдайда ғана, ол шәкіртке оң жағынан әсер ете алады. Егер, оқушының қалауын дәл таба алатын болса, ол оқушыға да ұстазға да жақсы жағынан әсер етеді. Сен тимесең мен тиме болып жүре берсеңіз, мектеп кезінен соң, ол оқушы өмірде өз орнын таба алмай қалады. Ал, өмірде өз орнын табу, әр адам үшін ең маңызды дүние. Ұстаз, оқушыға жақсы тәрбие беріп, оның бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, оның рухани байып, алға ұмтылуына зор ықпал етеді. Адамдар бұл өмірден бақыт іздейді, бірақ сол бақыттың өзінде жасырынып жатқанын көп адам біле бермейді. Жалпы адам, өз өзін дамыта білу керек, бұл өзімшіл болу деген сөз емес, ортаңда сыйлы болу керек. Бұл өмірде, адамға ерекше әсер ететін дүние көп. Бірақ, ең қатты әсер ететін ол сенің досың. Иә, қазіргі кезде жастар, досым көп деп шығады. Бірақ қайсысы шын, қайсысы өтірік? Барлығын бірдей жақын тартып, дос көріп жүргенмен, адамдардың ойы әр түрлі болатынын ұмытпау керек. Өмірде адал доспен қатар амал доста бар. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. Бірақ, қазіргі кезде дұшпанның, жанымызда жүрген досымыз болып шыққан кезде таңғалмайтын болдық. Мен, адамдарды жек көр деп жатқаным жоқ, не болмаса досыңды дұшпан көр деп те жатқаным жоқ. Мен, сақ болуға шақырып жатырмын. Өзгенің кесірінен өзіңнің зардап шегуіңнен сақтан. Жақсы дос, саған жақсы әсер етеді. Сенің кемшілігіңді толтырып, сенің жақсы болғаныңды қалайды. Адами құндылығыңды дамытып, сенің жоғары көтерілгеніңді қалайды. Жарайды, мектеп кезі осымен бітті. Алда, студенттік шақ. Шыны керек, өмірдің ең қызық кезі студенттік кез дегендерді көп естідік. Бірақ, әлі студенттік шағымның дәмін татып үлгермедім. Иә, карантин деген аты шулы басталды. Жарайды, бастысы ол емес, бір семестр оқысам да көп нәрсені аңғарып қалдым. Алыстан оқуға кеттім деп келген көп студент, оқудан бұрын көңіл көтеруді жөн көріп жүр. Үйіндегі ата-анасы бар тапқанын, балам оқысын деп салып жатыр, үйіне бәрі жақсы деп жүріп, оқудан шығып кеткендерді де көрдім. Ал, кейбіреуі ерекше өнерге көңіл бөлгендер. Өте керемет жандар. Кез-келген мерекеде, сахнада өз орындары табылатын жандар. Қатты қызығамын. Ал, кейбір студенттер тек оқудан бас алмайды. Олар үздік, мұғалімдердің де ата-анасының да үмітін ақтап жүргендер нақ осылар. Ал, кейбіреулер өз бетімен жүреді. Оның не істеп жүргенін өзі де, мұғалімдер де білмейді. Әйтеуір, студент санын толтырып жүргендер. Бірақ, әркімнің алар орны ерекше. Тіпті, оқымай өз бетімен жүргендердің ішінде керемет қабілеті бар студенттер де бар, бірақ, олар өз ортасын дұрыс таңдамаған. Бәлкім, дұрыс таңдай білгенде, студенттердің алды болар ма еді. Студент, мектептегі оқушыдай емес, оған қарағанда ақыл тоқтатқан, ересектер. Нағыз жалындаған жастық шақта жүргендер. Нақ, елді дамытуға ат салысатын кезең. Бірақ, оны ойлап жүргендер аз. Әркім өзін ойлап, студенттік шағын барынша қызықты өткізуді ойлап жүріп, өз болашағына аса мән бермейді. Соның әсерінен, алған дипломы да, оған пайда әкеле қоймайды. Себебі, адамның өзінің ниеті болмаса, дипломың қанша жерден мықты болсын, саған оның пайдасы аз. Адам, өзінің қалаған мамандығына түсу керек. Жалпы, өз қалауымен өмір сүрген дұрыс деп ойлаймын. Біреудің ақылымен, біреудің басқаруымен өмір сүрген қате, себебі, бұл сенің өмірің, сенің шешімің, сүрінсең ауыртпалығын көтеретін де сен. Бірақ, ақылды қабылдаған дұрыс, дегенмен, оны өз ішіңнен тағы бір сарапқа салып алу керек. Өмірде ақыл айтатындар көп, біліп айтатындар, және білмей айтатындар. Сондықтан, оның барлығын сарапқа салып отырмаса, өмірде адасып кету бір-ақ сәт. Ең бастысы адам, өзіне деген сенімді жоғалтпау керек. Кез-келген істі бастар алды, қорықпай, алға нық қадам жасаңыз, тек сол кезде оның нәтижесін көре аласыз. Бір рет қателестім деп мойымаңыз, сізде екінші мүмкіндік бар. Өмір дейтін мүмкіндіктерден құралған. Ең бастысы сол мүмкіндіктерді орынды пайдалана білу.
Өмірдің мәні деген ол бір нәрсе не ол зат емес. Әр адам үшін өзіндік өмірінің мәні болады. Және ол өмірдің мәні бір ғана нәрсемен шектелмейді екен. Уақыт өте келе ауысады екен. Мысалы, Абайдың оқудан оралған соң, оның өмірінің мәні жанындағы анасы мен әжесі еді. Уақыт өте келе, Абай өзінің ғашықтық сезімін сезінген соң, өмірдің мәні оған басқа да секілді көрінді. Бірақ, ол да уақытша болды, кейін оның халық өміріне ат салысуы, ғылымға деген ізденісі өмірдің мәнін өзгерте түсті. Зере үшін өмірдің мәні немере балалары болды, ал, Құнанбай үшін өмірдің мәні халық секілді көрінді маған. Өмірдің мәнін әр адам әртүрлі түсінеді. Бай үшін өмірдің мәні оның байлығы, кедей үшін өмірдің мәні жақындары. Бірақ, бір нәрсені түсіну керек, уақыт өтеді, байда кедейде кетеді. Менің ойымша, өмірдің мәні өзіміз. Яғни, менің өмірімнің мәні ол - Мен. Білесіз бе неге? Себебі уақыт өткен сайын, орта да ауысады, сенің жақындарыңда достарыңда ауысады не жоғалады. Ал өмір бойы сенің жаныңда болатын ол сен. Сіз ойлаңызшы, тіпті күн батқан кезде сізді көлеңкеңізде тастап кетеді, сонда сіз кімге сене аласыз? Сондықтан, сен өзіңді жақсы көріп, өзің үшін жұмыс жасап жүрсең, оның пайдасы да өзіңе. Басқаны өмірдің мәні деп алу қате секілді. Себебі, адам біреу үшін емес, өзі үшін өмір сүру керек. Бұл менің жеке ойым, ешкімге бұл ойды негізге ал деп айтпаймын. Жалпы, ұстаз оқушының тұлға ретінде қалыптасып, дамуы үшін негізгі оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана білуі қажет. Ең алдымен ұстаз, оқушының ойын дамытып алу керек. Яғни, оқушының таным, қабылдау түйсігін дамыту керек. Оқушы өз алдына, ойлай алуы, яғни, белсенді ойын бейнелей алуы қажет. Және, оның ой өрісінің кеңдігіне аса назар аударған жөн. Себебі, оқушы ойлау арқылы өзінің басқа да қасиеттерінің дамуына мүмкіндігін ашады. Тұлғаның ой әрекеті, оның белгілі бір қиындықтарды шешуіне үлкен мүмкіндік береді. Себебі, тұлға іс-әрекет жасардан бұрын, оны ойлау жүйесінде сараптап, дұрыс бұрысын анықтай алады. Дәл осы қасиетті оқушыға ұстаз дарыта білуі қажет. Оқушы, ойлай алған жағдайда ғана тұлға ретінде қалыптаса алады. Ойлау, оқушы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Және, оқушының көбінесе не туралы ойлайтынын ұстаз, немесе ата-анасы сұрастырып біліп отыру қажет. Оқушының, ойлау қасиеті, ең алдымен оның не нәрсеге көп мән беретініне байланысты. Бірақ, оқушының тым қатты ойға батып кеткені дұрыс емес, ондай жағдайда, оқушы психологқа жүгінген жөн. Және, керемет ойларды іште қалдырып қана қоймай, оны шынай жүзеге асыра білген жөн! Ой ол керемет дүниелердің басы ғана. Ал, ойдан кейінгі негізгі тәсіл, ол баланың зейінін ашу. Зейін дегеніміз жалпы, адамның белгілі бір психикалық әрекеттерінің тек бір нәрсеге бағытталуы болып табылады. Негізінен, оқушы үшін зейіннің маңызы зор. Ең негізгі, ол оқушының, білім алу процесіне кең әсер ете алады. Жалпы, көбінесе оқушылар тапсырмаға, үй жұмысын орындағанда, көп қателеседі, оның барлығы оқушының аса зейін қоймауынан болады. Оқушының, белгілі бір нәрсеге зейін қоя бастауы, ол сол нәрсенің оқушы үшін маңыздылығына тікелей байланысты. Сонымен қатар, зейін, тұлғаның арманына, өзіндік ерігіне, мінезіне және адамдық құндылықтарына байланысты болып келеді. Оқушыларда көбінесе, белгілі бір нәрсеге аса бір құштарлықсыз, басқа біреудің талабымен орындалатын тапсырмаларына қатты зейін қоя бермейтінін байқауға болады. Яғни, өзінің еркінен тыс. Ал, керісінше, оқушыға өзіне ұнайтын тапсырма берілген кезде, оның зейіні арта түсетіні анық. Негізінен, адамдық құндылықтардың барлығын сүйемелдеп тұратын осы зейін. Жалпы, зейін қажетті ақпараттарды белсенді орындауға, қабылдауға көмектесіп, аса қажетті еместерін тежеп қалатын сүзгі тәріздес. Және де, зейін келген ақпараттың маңызды болуын қамтамасыз етеді. Келесі негізгі тәсіл, ол, оқушыны ес ұғымымен байланыстыра алу. Жалпы ес дегеніміз, ол оқушының, тұлғаның белгілі бір кезде көрген, не болмаса естіген, білген бейнелерді, өзінің ойында өте ұзақ бір уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғыртуына ықпал етеді. Оқушы үшін естің маңызы өте зор. Жалпы, адамның осы бір есте сақтау қабілеті, үздіксіз дамып, жетіліп отырады. Ес жалпы, адам әртүрлі әрекеттерімен бірге байланысты болуымен, жалпы аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан оның белгілі бір түрлері де көп. Жалпы, тұлғаға қойылатын негізгі талап, ол - адамдық құндылықтармен ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру, және жеке тұлға ретінде қалыптасу. Себебі адам, өзінің адалдығымен, адамгершілігімен, әділеттілігімен және қайырымдылығымен ардақты. Адамгершілік тұлғаның рухани арқауы. Адам баласы жалғыз өмір сүре алмайды. Әрқашан, адам өзі арқа сүйейтін жақынына мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама. Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық.Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің тозағын жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
ХХІ ғ. адамның белсенділігі мен шығарма - шылығы артып, оның атқарар қызметін еселетуде. Адамның өнері мен өніміне орай беделі мен берері анағұрлым тез артуда, талпынысы тың өрнек салуда. Өсіп өнген ел-жұрт - кең өрістегі өркениеттің жарасты отағасы, шаруашылықты жүргізудің тұтас әлеуметтік күші екеніне көзімізді жеткізуде. Ынтымағы жарасқандардың жүйелі ұмтылыстан ұтары мол. Бұл қажеттіліктен туындайтын құндылықтар. Өмір сүрудің жаңа мүмкіндігі адамның белсенділігінен туындайды. Адам атам заманнан бері өзін-өзі бақылап, бағалап, түйіндеп келеді, өзіндік шешімнен нәр алуда. Бірақ адам белсенділігін әркім өз деңгейінде қозғап, әрқалай түсінді және түсіндіруде. Не демелік, адамдық өмірдің мәнісін, тұлғалық болмыстың негізін, кісілік қасиеттердің құндылығын, азаматтық сапаның сабақтастығын ұқпай жаңа мүмкіндіктің не екенін ұғыну, адам капиталын үйлестіру, толықтыру екіталай. Адам құндылығы, оның қосымша құнынан айқын және әрдайым білінеді. Адам құндылығымен, оның қосымша құны адам капиталын құрайды. Адам капиталын капиталистік қатынас аясында экономикалық дамудың өнімді және интенсивті факторы, отбасынан бастап қоғамға дейінгі сатылы дамуды берік топтастырып жандандыратын қосымша күш-қуат деп қабылдау орнықты. Тегін емес. Оның құндылығы - адамдық өнімде және адаммен топтасқан еңбекте, еңбекшінің шығармашыл күшінде. Адам капиталы - еңбекпен келетін күш-қуат, өндіріс пен еңбекте жанданатын тұлғалық қарым-қатынас, үдемелі табыстың қайнар көзі. Адамдықтың құнары осында. Адам капиталы туралы сөз қозғағанда, оның ғылыми және идеологиялық, мәдени және саяси жақтарын, сондай жетелі идеяларды ажырата білген абзал. Ол туралы түсінік-көзқарастар бірқалыпты емес (1). Проблема - адам капиталын зерттеудің методологиясында. Методологиялық жүйе реттелінбегенде түсінік әртүрлі, ұғымдық түсініктің мазмұны анықталынбайды. Белгісіз - дікте адам капиталының мәнісі, оған деген сипаттамалар қандай? деген сауалдар күн тәртібінен түспейді. Енді бірде адам капиталы неден және қалай құралады? - деп көп өлшемді түсінікке жүгінеміз. Адам капиталы туралы қай идеялар жүзеге асуда, қай тәсілдер қолдау табуда десек, бұл адам ресурсының қаншалықты өміршең екендігіне тиек. Адам капиталы - таусылмайтын жинақы ресурс, үнемі жаңғырып, жалғасын табатын үдемелі қуат пен шабыт бастауы. Оның өтімді мәні - адамның кісілігі мен кірісін қатар көбейтетін қаражат көзін демеуінде, әрі тұлғалық қабілет-қасиетті ту етіп, соған тұрақтауында, соны өндіре жүзеге асыруда. Адамның қимыл-әрекетінде тұлғалық, кәсіби және әлеуметтік қабілеттер бірін-бірі толықтырған сайын, оның бойынан қосымша қасиет, қабілет қуаты өмірлік күш алады. Адам капиталының бастамасы жалқы емес әрқалай, оның калыптасу бағыты бірсарында емес, түрлі деңгейде тарамдалып жатады деген тоқтам туындайды. Ал, оның өлшемдері салыс - тырмалы түрде дара және бір-бірімен түрлі байланыста болатынын аңғарамыз. Әйтседе, адам капиталын тану жолдары мен өзгерту тәсілдері нақты да кешенді болатынына да күмәнданбаймыз. Адам келбеті мен кісілігі оның капиталын құрастырады. Адам капиталы іргелі де түрлі ерекше идеяларға негізделеді, солардан демеу табады. Оның экономикалық, саяси, ұлттық және тұлғалық түрлері қомақты идеяларды жинақтайды, жебелейді. Адам ресурсы туралы идеяны сабақтау оның бұрынғы даму тәжірибесін жинақтауға және болашақ өзгерістерін болжауға септігін тигізеді (2). Адам капиталының тәуелсіз де үйлес өл - шем - дерін - мәдени негізін, әлеуметтік тірегін, идеологиялық өлшемін, саяси бағытын, тұлғалық құндылықтарын ескерген сайын, олардың мән-мағынасын толығырақ ұғынуға мүмкіндік ашылады. Саясат пен идеологияның мақсаттары, ғылыми және мәдени түсініктері бірде өзара ұқсап, енді бірде өзіндік ерекшелігін білдіреді. Адам құндылығы туралы саяси және азаматтық көзқарастар әрқашан бір-бірімен үйлесе бермейді. Бірақ қос көзқарас бір арнада тоғысқанда өзекті мәселені дұрыс түсіндірудің дүниетанымдық бағыты тұрақтанады немесе адам факторының рөлін жетілдірудің тың жолдары ұсынылады. Әр нәрсенің құнын ұқпақ адам құндылықтан қосымша табыс көзін ашсам, соны иемденсем деп үміттенеді. Өзіндік қуатты табыс көзіне айналдыру - алғашқы табыс және соны үнемі қолдау. Әрбір әрекеттің құндылығын жадында түйіндеген, өз ынтасына ықылас танытады, нәтижелі де өнімді іске жол салады. Өнімді іс - өрелі өрістің өлшемі. Соны анықтау барысында, адам өзін-өзі қайрайды, өз қылықтарының салдары мен қабілетінің құнын анықтауға ықылас танытады. Жұмыс күшінің қуаты мен қосымша құны - жігерлі талпыныста. Ал, оның қоғамдық пайдасын идеологиялық өлшем арқылы анықтай аламыз. Адам құнарының қуаты - мәдени капиталда, оның өлшемі мен өресінде. Адам капиталының әрбір мәдениет аясындағы қалыптасу қарқыны бірдей емес. Себебі адам және мәдениет капиталының өзара ықпалы біржақты, бірсыдырғы емес. Г. Беккер (1964) мен Дж. Коульман (2001) адам мен мәдениет капиталы арасындағы байланыстың мән-мағынасын алғаш талдағандар. Олар адамның қабілет-қасиеттері адамның іштей, мәдени жаңғыруына қозғаушы бастама екендігін дәйектеп берді. Мәдени капиталдың негізін денсаулық, кісілік қасиеттер мен құлшыныстар, экономи - калық табыс пен тиімділік, әлеуметтік бірлестік пен серіктестік құрайды. Бұл негіздер өмірлік мақсатқа жетудің кепілдігі, ұйытқысы. Адам құндылығы игілік пен ізгілікті жасауда жалғасын табады, арнасын кеңейтеді. Еңбектегі құлшыныс, жасампаз күш-қуат - құндылықтың темірқазығы, қажеттіліктің құрамы және құралы. Қосымша күш-қуаттың қарқындауы, оның айналымда алмасуы - мәдени капиталдың құнары. Ол а)өндіріс тиімділігінің өсуіне, ә)жаңа техниканың және информациялық технологияның даму қарқынына, б)құрылымдық қатынастың эволюциясына, в)адамның ақыл-ойы мен қабілет- қасиетінің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Мәдени капитал адамның материалды және рухани игілікті жасау қабілетімен, тәжірибесімен өлшенеді. Адам капиталын тәжірибелік, салт-дәстүрді, идеологиялық, интеллектуалды және нәтижелі тұрғыдан сипаттауға, түсіндіруге, бағалауға болатынын жадымызда сақталық. Танымдық талпыныста бұл өлшемдердің тетік күйін қалай қалыптастыруға немесе қолдануға болады деген ойтүрткі туындайды. Әр өлшемнің тетігін анықтау аралас тәсілдерге тәуелді. Тұрмыстық өмірде адам капиталы мәселесін қозғау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz