Таскескен таңбаларындағы петроглифтік жәдігерлер


КІРІСПЕ
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ХХІ ғасырдың басындағы ауқымды құбылыстардың бірі болып табылатын ғаламдық жаһандану кеңістігіне ену барысында өзінің дербес экономикалық жүйесін құрумен қатар, көне заманнан бастау алған ата тарихы һәм рухани-мәдени мұраларын қайта жаңғыртуда.
Халық қазынасының баға жетпес құнды дүние екені жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстан-2030» бағдарламасы һәм Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасында ерекше атап көрсетілген[2] . Демек, мемлекеттік геосаясатымыздың негізгі нысанасы болып табылатын егеменді еліміздің болашақта әлемдегі дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарында болуы үшін халқымыздың әл-әуқатының жақсаруына, өндіріс орындарының жедел модернизацияланып бесекелестік қабілетіміздің артуына, өнеркәсіп пен кәсіпорындардың өркендеуіне бір кісідей үлес қосуды басты мақсат етуіміз - бүгінгі білім мен тәрбиенің өзекті мәселесі болғаны шарт.
Аталмыш дүниелердің шын мәнісінде халық игілігіне айналдырудың шешімді жолдарының бірі - жас ұрпақтың ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған қасиетті жеріміздің діни-рухани һәм тарихи-мәдени мұраларымызды, бүгінгі заман талаптарын қанағаттандыра отырып терең оқып-тану, қастерлеу, аға ұрпақтың тәжірибелеріне сүйене отырып кешенді зерделеу болмақ. Біздің ойымызша жалпыға ортақ бүгінде жоғарғы мінбелерден жиі айтыла бастаған қазақстандық патриотизм идеясын жас ұрпақтың санасында қалыптастыру үшін ел мен жердің сәулетті болашағын көксеген әр азаматтың өзі мекен еткен туған жеріндегі діни-рухани һәм тарихи-мәдени мұраларды жан-жақты зерттеп, өткен тәжірибелерді жинақтап, толықтырып ерен ғылыми-шығармашылық еңбегі арқылы көрсете білуі абзал демекпіз.
Осы айтылған дүниелердің шын мәнісінде іс жүзіне асуының нақты бір көрінісі әрбір жас ұрпақ өкілінің туған өлкесіндегі көне дәуірден жалғасып келе жатқан рухани қазыналары һәм мәдени мұраларын, сондай-ақ тарихи-этнографиялық маңызы бар ескерткіштерді, жазба деректер мен археологиялық жәдігерлерді терең біліп, оны тәжірибелі ғалымдар мен мұғалім-педагогтардың көмегі, ақыл-кеңесі арқылы мұқият зерттеуді басты мақсат еткені - өз елінің қарыштап дамуына деген қомақты үлес болып табылады. Осыған орай біздің ғылыми-зерттеу тақырыбымыз аталмыш мәселелерге негізделе отырып «Таскескен таңбалары һәм Найман-қала тарихнамасы» деп айқындалды. Жұмысымыз нәтижелі болу үшін төмендегі №1 кестеде көрсетілген жұмыс-жоспарын бекіттік. [№1 кесте]
№1 кесте
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі жоспары
Ғылыми зерттеу жұмысы 2003 жылдан бастап 2 бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші бағыт - зерттеу объектімізге қатысы бар барлық ғылыми деректер мен диссертациялық еңбектер жөнінде мағлұматтар жинастыру болса, екінші бағыты - қол жеткізген маңызды материалдар негізінде сараптау жұмыстарын жүргізу; ғылыми тұжырымдар мен болжамдарды жүйелеу болып табылды. Ондағы ең басты бағытымыз Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай тауындағы Таскескен һәм Найман-қала ауылына ғылыми экспедиция жасау болды [1-сурет] .
Ең алдымен ғылыми жобаның тақырыбы айқындалып, тезистік баяндамалардың жалпы жоспары құрылды. Жоспар ғылыми бағытымыздың негізін көрсете отырып, міндет пен мақсаттардың қажеттілігін анықтады. Осы ретте зерттеу жұмысының мақсаты, гипотезасы, кезеңдері, эксперимент әдістерінің қолданылуы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, шығармашылық жұмыс нәтижелері һәм практикалық маңыздылығы атап көрсетілді.
Аталмыш жұмысты жоспарлау һәм ұйымдастыру кезеңі 2003 - 2006 жылдар аралығын қамтыды. Жинақталған материалдар негізінен ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР ҰҒА Ә. Марғұлан атындағы археология институтының кітапханасы, Ж. Қасым атындағы Көкшетау университетінің археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы және тарихшы-археолог ғалымдардың теориялық, қолданбалы еңбектері, ғылыми-практикалық конференция материалдары, сондай-ақ археологиялық қазба жүргізген тарихи мекендер мен алғашқы адамдар қоныстарына арнайы жорық ұйымдастыру кезінде жинақталған деректер мен жәдігерлер топтамаларын қамтыды.
Ғылыми жұмысты жүргізу барысында жоба авторы, ғылыми жетекші және арнайы ұйымдастырылған топ, жоспар бойынша Таскескен петроглифтері орналасқан аймаққа (Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен, Үшбұлақ, Қарақол, Елтай, Мақаншы елді мекендері т. б ауылдар) туристік-өлкетану жорықтарын ұйымдастырды[2-cурет] .
Тарихи-этнографиялық жорық барысында экспедиция мүшелері Үржар аудандық әкімшілігінде болып, аталған таңбалар жөнінде көп жылдардан бері зерттеу жүргізген өлкетанушылар мен ғалымдар жөнінде мағлұматтар жинастырды, олармен кездесу ұйымдастырылып, қарым-қатынас орнатылды. Экспедиция барысында зерттеу объектісінің археологиялық картасы жасалды, жергілікті жердің климаты, өсімдік-топырақ жамылғысы, рельефі, жануарлар дүниесі т. б һақында мағлұматтар, сондай-ақ географиялық сызбалар, фото-видео материалдар жинастырылды. Экспедиция барысында біздер ежелгі Найман-қала орналасқан Елтай ауылына және Таскескен таңбалары орналасқан Үшбұлақ ауылына сапар шегіп, ауыл әкімшілігі һәм тұрғындарымен жүздестік [3 және 4-суреттер] .
І-ТАРАУ. ТАСКЕСКЕН ПЕТРОГЛИФТЕРІНІҢ ТАРИХИ ДӘУІРЛЕРІ
ТАСКЕСКЕН ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Таскескен - республикамыздың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Тарбағатай жотасының етегінде орналасқан. Аталмыш өңір Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының таулы-орманды, шөлді-шөлейтті және далалық-шалғынды мекенін алып жатыр. Таскескен 1980 жылы өз алдына жеке аудан болып құрылып, кейін 1990 жылдары экономикалық дағдарыстардың салдарынан қайта жабылды.
Аймақтың солтүстік батыс бөлігін Тарбағатай жотасындағы Ақшәулі, Шәуілдір, Биікқызыл тауларынан бастау алатын Қарақол өзенінің аңғары құрайды. Тау жоталары кайназой эрасының плейстоцен дәуірінде түзілген [5-сурет] .
Өзеннің ұзындығы 184 км. Судың жиналатын алабы 1940 шаршы/км. Өзен аңғары өз жолында Таскескен, Тасбұлақ, Шолпан, Қарақол, Сағат атты елді мекендерді басып өтеді. Өзен Алакөл ойысындағы бес көлдің (Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл, Қошқаркөл, Бармақкөл) бірі Сасықкөлге құяды. Судың қоры негізінен мұздықтар мен бастаулардан, жауын-шашын және жер асты сулары (тұмалар) негізінде жиналады. Өзеннің Тарбағатай жотасынан басталған жерінің арнасы кең, суы мол болып келеді. Суда аққайран, мөңке, итбалық, табан және басқа балықтар кездеседі. Жағалаулар тастақ жерлер болғандықтан кей рельефтері қуыс тасты, сүйір тасты болып келеді. Онда ұзынды-қысқалы қалың бұталар, мойыл, жылауық тал, итмұрын және жалбыз қалың әрі бұталы болып өседі.
Тау бөктерінен Алакөл ойысына қарай өзен аңғары шалғынды-бұталы, шөл-далалы және қамыс-құрақты болып келеді. Өзен алабы өзі ағып өтетін елді мекендерде (Таскескен, Шолпан, Қарақол т. б ауылдары) ауылшаруашылығы нысандары үшін, атап айтқанда егін, бау-бақша дақылдарын егу барысында молынан пайдаланылады. Суды үнемсіз пайдалану барысында, әсіресе Шолпан елді мекеніндегі арнайы су плотиналарының салынып, бөгелу үрдісі өзеннің Сасықкөлге құяр сағасының кеуіп кетуіне зиянын тигізіп отыр. Өзен жағалауында жалбыз бен бозжусан өсімдігі мол өседі. Өзеннің гидросфералық алабы жауын-шашын, қар-мұз сулары және грунты сулар арқылы жиналады. Су таза, сондықтан аталмыш мекендегі халықтың ауыз-су ретінде пайдалануына қолайлы. Су алабы негізінен ауылшаруашылығына пайдаланылады.
Өңірдің климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ол жергілікті жердің Балқаш-Алакөл ойысындағы жазық рельефке байланысты. Далалы жазық аймақтың солтүстігінде таулы алқапқа ұласады. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы -15 пен -16 градус аралығында төмендесе, шілде айының орташа жылдық температурасы +21 мен +23 градус аралығында ауытқып отырады. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 200-400 мм шамасында, ал Тарбағатай тауларының бөктерінде 500-800 мм-ге дейін жауады.
Таскескен аймағындағы өсімдік-топырақ жамылғысы мен жанауарлар дүниесі басқа ландшафттармен салыстырғанда анағұрлым бай. Өлкеде қаратопырақты, сұр, таулы-каштанды және таулы-гумусты топырақ қабаттары кездеседі. Өсімдік жамылғысынан тау аршасы, мойыл, жылауық тал, жабайы алма, тау үйеңкісі, итмұрын, селеу, жусан, бетеге, қамыс мол өседі. Жануарлар дүниесінен тау архары, аю, елік, қабан шошқа, борсық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, құстардан жабайы үйрек, сарыала қаз, тырна, аққұтан, бүркіт және басқа жан-жануарлар мен құстар мекендейді.
Жалпы алғанда Таскескен ландшафтысы адамдардың қоныстары мен тұрмыс-тіршілігіне өте қолайлы деп сипаттама беруге болады. Ауданның солтүстігінде ұзыннан-ұзақ созылып жатқан Тарбағатай жотасының аласа таулы тізбектері (абсолюттік биіктіктері 800 м мен 2800 м аралықтарында) ауа циркуляциясының қажетті жағдайда аталмыш өңірді ылғалмен қамтамасыз етуіне оңды ықпалын тигідеді. Тұрғылықты халық негізінен жер-асты суларын пайдаланады. Өңірдің астеносфералық қабаты грунтты суларға бай.
Жауын-шашын мөлшері аудан территороиясында бірдей емес. Таскескескеннің солтүстігіндегі Тарбағатай сілемінде жауын-шашын мол жауады. Қысқы қардың еруі тау етегіндегі ауылды жерлерде көктемнің сәуір айына дейін созылады. Сол себепті жердің ылғалды болып келуі өсімдік жамылғысының мол болуына ықпалын тигізеді. Тарбағатайдың етегінен Алакөлдің ойысына дейін жер рельефі қыратты-шоқылы төбеден ойпаңды жазық ойысқа ұласады. Қарақол өзенінің бойындағы ауылдар (Таскескен, Шолпан, Қарақол) ірі агрошаруашылық кешені болып табылады. Онда мал шаруашылығы (қой, жылқы, мүйізді ірі қара), егін шаруашылығы (арпа, бидай, жүгері, күнбағыс, қауын-қарбыз, түрлі жеміс-жидек түрлері т. б) жоспарлы түрде жолға қойылған.
Кейінгі жылдары аталмыш өңірде бірқатар экологиялық проблемалардың пайда болғаны байқалады. Әсіресе ауылшаруашылығына қатысты Қарақол өзенінің егін суару науқандарына сауатсыз пайдалану - өзен аңғарының тарылуына теріс ықпалын тигізуде.
Дегенмен, Таскескен өңірі адамдардың тұрмыс-тіршіліктеріне қолайлы деп санауға болады. Айтар ойымызға Қазақ ССР энциклопедиясындағы: «Аудандағы ауыл шаруашылығы нысандарына арналған егіндік алқаптар 493, 2 мың га, мал жайылымына арналған жерлер 345, 8 мың га, шалғынды аймақ 128, 9 мың га, мал шөбін дайындайтын аймақ 20, 6 мы га, шалғынды-батпақты аймақ 22, 9 мың га, орманды алқап 2, 8 мың га, егістік алқап (күнбағыс) 10, 1 мың га, бақша 0, 4 мың га, жеміс-жидек 0, 5 мың га, дәнді дақылдар 80, 7 мың га жерді алып жатыр» деген мынадай деректер негіз бола алады [375, 536] .
Таскескен елді-мекенінен 15 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ ауылы Тарбағатай тауының етегінде орналасқан. Тау етегіндегі жазық алқаптардың топырағы құнарлы болып келеді. Бұл жерде өсімдік жамылғысы өте бай. Біздің ойымызша аталмыш табиғат көріністері бұдан 4 мың жыл бұрынғы географиялық жағдайынан көп өзгерістерге ұшырамағанға ұқсайды. Демек, жергілікті жердің табиғаты қола дәуірдің соңғы кезеңдерінде өмір сүрген адамдардың тұрағына айналды деп жорамал жасауымызға болады. Зерттеу барысында біз қола дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрағы жөнінде археологиялық маңызы бар артефактілерді кездестіре алмадық. Дегенмен, аталмыш территорияның табиғаты адам тұрмысы үшін тек қолайлы ғана емес, сонымен қатар уақытша (тас суреттерді қашап салғанша) тұрақ болатын тас үңгірлерді мекен етті деп жобаладық [6-сурет] .
Біздің зерттеу жұмысымыздың негізі тақырыбы болып отырған Таскескен өңірінде қола дәуірде өмір сүрген алғашқы адамдардың тас жақпарларына салған таңбалары мен тас суреттерінің салынуына жергілікті жердің климаттық, биосфералық, гидросфералық және басқа жағдайлар әсерін тигізгені рас. Ол ойымызды төмендегі тұжырымдар арқылы қорытындылаймыз:
- Жергілікті жердің аласа таулы релефьті болуы - атмосфералық жауын-шашынның қалыпты жағдайын қалыптастырып әрі реттеп отырды;
- Тарбағатай етегіндегі гидросфера жүйесінің (Қарақол, Үржар, Қусақ, Егінсу т. б жер асты сулары) аталмыш территорияны мекендейтін отырықшы халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлы болуы;
- Тау шатқалдарындағы үңгірлер мен тас қорғандардың алғашқы адамдардың күннің суығы мен ыстығынан қорғануға жайлы мекен болуы;
- Аталмыш өңірдегі Балқаш һәм Алакөл (Сасықкөл, Жалаңашкөл, Бармақкөл, Қошқаркөл) шөлейттік акваторийлер экожүйесінің қоршаған ортадағы атмосфера циркуляциясының қажетті жағдайда тұрғылықты жердің ландшафтысының табиғи жүйесін қалыпты жағдайдағы тепе-теңдікті сақтап тұруы;
- Тарбағатай етегінде барлық биосфералық һәм гидросфералық заңдылықтардың сақталуы, табиғат зоналарына тән географиялық ареалдардың (таулы алқап, орман-тоғай, шалғынды-далалы жазықтық, өзен-көл алабы һәм грунтты сулар, шөл және шөлейтті аймақ, қамыс-құрақ, өсімдік-топырақ жамылғысы һәм жануарлар дүниесі т. б) болуы;
- Тау рельефінің атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыруы қоршаған ортаны өсімдік-топырақ жамылғысының мол болуына және жануарлар дүниесінің табиғи жағдайда мекендеуіне қолайлы жағдай туғызуы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршіліктеріне оңды әсерін тигізді;
ТАСКЕСКЕН ТАҢБАЛАРЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ
Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Алтай-Тарбағатай тауларын алғашқы адамдар көрнекті тарихшы-археолог З. С. Самашевтың айтуына қарағанда бұдан 4 мың жыл бұрын мекен ете бастаған [376, 128] . Таңбалы тастардың көне дәуір тарихында маңызды орын алғанын Қазақстан тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбегінде: «. . Осыдан төрт мың жыл бұрын, қола ғасыры дәуірінің өзінде-ақ Қазақстан аумағында тарихқа андронов және беғазы-дәндібай мәдениеті деген атпен енген тайпалар мекендеген. Күн күйдірген қара жартастардың беттеріне адамдар би көріністерін, күн сияқты басы бар құдайлардың, ежнлгі құдай бейнелерін көрсететін алып түйелер мен өгіздердің бейнелерін қашап салған. . » деп, адамдардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде сипаттама беріледі [68, 12] .
Ғалымдардың болжамы бойынша алғашқы адамдар тобы Қазақстанның шығысындағы Ертіс өзенінің жоғарғы жағалауын тас дәуірінің оратасынан бастап мекендеген. Ол жөнінде академик С. С. Черников басқарған археологиялық экспедиция материалдары арқылы жинақталған неолит дәуіріндегі ескуерткіштер (тас құраладар, тасүңгір ғибадатханалар, петроглифтер т. б) куә болады [377, 201] . Зерттеуші Ж. Таймағанбетовтың айтуына қарағанда Ертіс жағалауынан басқа тас дәуіріндегі ең ежелгі ескерткіштердің бірі Қозыбай тұрағы (Күршім ауданы, Қаратоғай ауылы, Қалғұтты өзенінің жағалауы) деп көрсетіледі. Аталмыш тұрақ жұртынан тас бұйымдар, үшкір тастардан мүжіліп жасалған шапқылар, екі қырлы болып келетін тас құралдар табылған [378, 26-27] .
Алғашқы адамдар легінің Қазақстанның шығыс бөлігіне, әсіресе Ертіс өзенінің жағалауын қоныстануға миграция жасауы ғалым-географ А. В. Шнитниковтың пайымдауынша жер бетіндегі климаттық өзгерістердің әсерінен деп есептейді [379, 261] . Мұндай пікірді энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетін зерттеген В. Ф. Зайберт те растай түседі [17, 128] . Демек, солтүстік жарты шардағы климаттық өзгерістер Шығыс Европа мен Батыс Азия жазығындағы далалық тайпалардың жер бетіндегі құрғақшылықтың салдарынан сулы-шалғынды алқаптар мен мал жайылымдарын іздеуге мәжбүр болғандығын байқаймыз.
Қазақстан территориясындағы петроглифтер жайында Марьяшев А. Н, Рогожинский А. Е, Новоженов В. А көлемді зерттеулер жүргізді [380], [381] . Аталған зерттеулерде Таскескен таңбалары һақында мағлұматтардың болмағанын байқадық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz