Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңын талдау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Заң факультеті
"Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Заңын талдау
Орындаған: Ыдырыс Әділет
Тексерген: Туякбаева Н. С.
"Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Заңын талдау.
Заңның қабылдануының нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың өсуі күтілуде, венчурлік қаржыландыру нарығындағы қатысушылар инвестициялық жандандырылады, жаңа жұмыс орындары ашылады және халықтың кәсіпкерлік белсенділігі артады.
Ең алдымен, заң ұғымдық аппаратты енгізуді және венчурлік қорлардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін анықтауды көздейді. Осылайша, венчурлық қорға, венчурлік қаржыландыруға және венчурлық басқарушыға заңды түрде анықтама беріледі. Акционерлік қоғам, шаруашылық және қарапайым серіктестік түріндегі венчурлік қорларды құру нысандары бекітіледі. «Венчурлік қор» ұғымы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерінің бірі ретінде анықталады. Бұл қазақстандық инвесторларға және инноваторларға отандық юрисдикциядағы мәмілелерді құруға мүмкіндік береді, бұл инвестициялар мен инновациялардың шетелге кетуіне жол бермейді. Бүгінгі күні ЭЫДҰ елдерінде жеке венчурлік капитал инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бұл жағдайда, көбінесе, әлемдік тәжірибеде ұлттық инновациялық жүйеге венчурлік инвестициялар жергілікті болып табылады.
Венчурлық инвестициялардың жоғары тәуекелдермен байланысты екенін ескере отырып, венчурлік қорлар қаржыландыратын инновациялық жобаларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау тәсілдері өзгерді. Атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында мемлекет қаржыландыратын венчурлік қор жобаларының барлық портфелінің нәтижелері ескеріледі. Осылайша, жеке инвесторлар дамудың бастапқы кезеңіндегі тәуекелді жобаларды сенімді түрде инвестициялау мүмкіндігіне ие болады. Тағы бір жаңа енгізілім - бұл өздерінің салымдарын біріктіріп және пайда алу үшін заңды тұлға құрусыз бірлескен венчурлік қаржыландыру қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл тәсіл бірлескен қызметті жүзеге асыру және оң экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін енгізілген венчурлік қор келісімшартының конструкциясын пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, венчурлік қаржыландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басқа да институттарға венчурлік қаржыландыру функциялары бөлінді, мысалы, «Зерде» ұлттық холдингі IT технологиялар саласындағы кәсіпорындарды қаржыландыру үшін венчурлік қор құра алады.
Инвесторлар, венчурлік басқарушылар, венчурлік қорлар және инноватор-кәсіпкерлердің өкілеттіктерін және міндеттерін орындаған кезде арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін заңмен корпоративтік құқықтың жаңа келісімшарттық құралдарын енгізу қарастырылған. Бұл түзетулер ағылшын заңының элементтерін заңнамаға енгізуге мүмкіндік береді. Аталған келісімшарттық құралдар мен құрылымдар венчурлік қаржыландыру үшін пайдаланылады, бірақ заң қабылданбағанша азаматтық заңнамамен толық реттелмейді. Оларды пайдалану мүмкіндігінің болмауы Қазақстанда венчурлық мәмілелерді жасауға қиындық тудырды.
Осылайша, «акционерлік келісім» заңымен көзделген келісімшарттық құрал акционерлер арасында мүдделердің теңгерімін орнатуға, сондай-ақ осындай заңды тұлғаның қызмет ету тиімділігіне байланысты адамдар арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді (менеджерлер, компания директорлары, кредит беруші, тұтастай алғанда қоғам және т. б. ) . Бұл келісім классикалық көзқараста қоғамды басқару, акциялар айналымымен және басқаға қатысты мәселелердің кең ауқымды реттейді.
Заңның тағы бір жаңа енгізілімі серіктестікке қатысушылардың құқықтарын іске асыру туралы келісім болып табылады. Бұл келісімшарттық құрал серіктестер арасында келісілген «ойын ережелерін» бекіту, соның ішінде бизнеске «кіру» және «шығу» шарттары, сондай-ақ корпоративтік жанжалдардың тәуекелдерін азайту үшін арналған. Келісім қатысушыларға өз құқықтарын мүмкіндігінше қорғауға және жарғыда, серіктестіктің құрылтай шартында реттелмейтін аспектілерді реттеуге мүмкіндік береді. Келісімнің шарттарын оның қатысушыларының келісімінсіз өзгерту мүмкін еместігі басқа қатысушылардың мүдделерінің теңгерімін бұзбай миноритарлық акционерлердің құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Аса маңызды жаңа енгізілім - Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да мүліктен басқа, венчурлік қордың қатысушыларына қатысушы серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде қаржылық қарыздар бойынша серіктестікке талап ету құқығын пайдалану болып табылады.
Сондай-ақ, заңмен венчурлік қаржыландыру нарығының қатысушыларына шарттарға куәландырулар мен кепілдіктер туралы ережелерді енгізу мүмкіндігі ұсынылады.
"Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2004 жылы 7 шілдеде қабылданған. Заң 8 тарау, 48 баптан тұрады.
Тараулардың әр қайсысына жеке тоқталатын болсақ, 1 тарауда осы заңның жалпы ережелері көрсетілген. Яғни, осы заңда қолданылатын негізгі ұғымдар, инвестициялық қорлардың түрлері, инвестициялық және венчурлық қорлардың атаулары, инвестициялық қордың активтерін басқару мәселелері, аудитке қойылатын талаптар көрсетілген. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" заңының 4 бабында көрсетілгендей инвестициялық қорлар 2 түрге бөлінеді: 1) акционерлiк инвестициялық қор; 2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры. Осы заңның 6 бабында басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратынын көрсеткен. Сонымен қатар, осы тараудың соңғы бабында, яғни 7 бабында аудитке қойылатын талаптар мәлімделген. Келесі тарауда инвсетициялық қордың алғашқы түрі болып табылатын акционерлік инвестициялық қор туралы мәселелер көтерілген. Осы заңның 1 бабында көрсетілгендей акционерлік инвестициялық қор дегеніміз - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның акционерлік инвестициялық қор етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам. Заңның 8 бабында акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын талаптар мәлімделген. Ол талаптар келесідей: 1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлiк инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды. 2. Осы инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан, орталық депозитарий, аудиторлық ұйым және бағалаушы акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi бола алмайды.
Негiзгi қызмет түрi жылжымайтын мүлiк қорларының активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiкке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлiк қорлары еншiлес ұйымдар құруға құқылы. Жылжымайтын мүлiк қорлары қордың активтерi есебiнен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi жалға беруге құқылы. Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы өзара үлестес болмауға тиіс. Келесі қарастыратын мәселенің бірі Акционерлiк инвестициялық қордың жарғысы заңның 10 бабында қамтылған. Ол бапта акционерлiк инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:
1) қызметiнiң ерекше түрi оның инвестициялық декларациясының шарттарына және Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;
2) акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерi болуға тиіс деп жазылған. Келесі баптардың бірінде акционерлiк инвестициялық қордың акциялары туралы мәлімделген. Акционерлiк инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi. Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi. Заңның 14 бабында Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлiк инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, cондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы екені көрсетілген. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату мәселесі 15 бапта қарастырылған. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.
Келесі 3 тарау инвестициялық пай қорына арналған. Осы заңның 1 бабында көрсетілгендей инвестициялық пай қоры дегеніміз - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды. Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмдер де қабылдайды. Осы заңның 21 бабында инвестициялық пай қорының пайы туралы мәселе қарастырылған. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады. Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асырады. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi орталық депозитарийдің iшкi құжаттарында айқындалады. Заңның 23 бабына сәйкес инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валюта ақшасымен ғана төленуге тиiс. Инвестициялық пай қорының пайларына төленетiн ақша оларды орналастыру кезiнде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу мәселесіне келетін болсақ 24 бапта толық көрсетілген. Онда ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамында бар немесе оларды өткiзуден алынған ақша, сондай-ақ осы Заңмен белгiленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады делінген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz