Жердің экологиялық-құқықтық режимі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Кафедра: Құқықтану
Пән: Экологиялық құқық
СӨЖ
Тақырыбы: Жердің экологиялық-құқықтық режимі
Орындаған: Сайлаубекұлы М.
Тексерген: Шуланбекова Г. К.
Алматы 2020ж.
Жердің құқықтық режимі - жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды және олардың өзгерулерін анықтау, келеңсіз cалдарларын бағалауды, алдын алуды және жоюды қамтамаыз ету құқықтық реттеу болып табылады.
Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер учаскеін пайдалану құқығының туындауының негізі болып осындай құқықты, құқықты иеленуші құқық субъектісін және заңды фактіні белгілеу мүмкіндігін көздейтін заң нормасы табылады.
Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының және Жер туралы кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттiк органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды.
Егер Жер туралы кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.
Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.
Жер құқығы қайнар көздерінің ерекше сипаты болып оларда субъект пен объект бойынша жекелеген құқықтық реттеумен қатар жүйеленген кешенді және жеке құқықтық нормалар бар. Оларды жер құқығының негізгі және қосымша қайнар көздері деп бөлуге болады. Жер құқығының негізгі қайнар көзіне Жер турал кодекс жатады.
ҚР Президентінің 1995 ж. 23 желтоқсандағы “Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” жарлығы. Бұл жарлықтың нормалары жеке меншік пен жер пайдаланудағы жер учаскесіне қатысты, құқықтың міндеттемелер бойынша және борышқордың банкроттығы бойынша тоқтатылуы туралы нормалармен байланысты.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 17 маусымдағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” кодексі - жер құқығының негізгі қайнар көзі, жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оларды қорғау және аумақты әлеуметтік-мәдени дамыту үшін бюджеттің өзгерістерін қалыптастыру және жерлерді ұтымды пайдалануды экономикалық әдістермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жер құқығының қосымша қайнар көздеріне, мысалы, ҚР Президентінің 1995 ж. 26 желтоқсандағы 1730 “Мемлекеттік қызмет” туралы жарлығын атауға болады. Бұл жарлық тұрмыс жағдайын жақсартуды қажет ететін мемлекеттік қызметшілер үшін жеке тұрғын үй құрылысы мақсатында жер учаскесін тегін беруді көздейді.
Азаматтық заңнаманың кейбір нормаларын жер туралы заңнаманың нормаларынан ажырату мақсатында қарастрып өткен жөн.
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 16 сәуірдегі “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын, мемлекеттік меншік құқығын, жерге меншіктің тұрғын үйді пайдалану және орналастыру объектісі ретіндегі ерекше нысанын (кондоминиум) қарастырады.
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 шілдедегі “Орман кодексі” бойынша барлық ормандар, сонымен қатар, ауыл шаруашылығына берілген ормансыз жерлер де Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Бұл нормалардың мазмұнынан туындайтын қорытынды, орман пайдалану объектілерінің беру мен оларды пайдалану орман қорының жерін берумен қатар жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 1996 ж. 27 қаңтардағы “ҚР жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” жарлығы ғылыми - техникалық дамуды ескере отырып жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін жер қойнауын - жер қабығының топырақ қабатынан кейін орналасқан бөлігін, ал ол болмаған жағдайда жер қабығынан кейінгі бөлікті пайдалану мен қорғауды көздейді. Жер қойнауын пайдалану үшін шарт жасалады, бұл шартта лицензия бойынша жер қойнауын пайдалануға бөлінген аумақ көзделеді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауы объектісін орналастыру үшін жер учаскелері беріледі.
ҚР-ның Жер кодексінің 139-бабы бойынша, Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi: Жердi қоғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қоғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жердi қоғау мақсаттары:
1) өндірістің экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.
Жердi қорғау. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар: 1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қоғауға;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қоғауға;
3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi өсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi.
Жер мониторингiнiң мазмұны - жер қорының жай-күйін жүйелі түрде бақылау (суретке түсiру, iздестiру, зерттеу), онда болып жатқан өзгерiстердi анықтау және оларға баға беру.
Жер мониторингi:
*жүйелі байқауларды, iздестiрулердi, суретке түсiрулердi, тексерулердi (қайта тексерулердi және түзетулердi) орындау;
*жердiң жай-күйін талдау мен бағалауды жүргiзу;
*жердiң ұүнарлылығына антропогендi әсер етудi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
*белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жердiң сапалық жай-күйін болжауды әзiрлеу;
*жер туралы деректер банкiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Жердiң жай-күйін бағалау жүргiзілетiн байқауларды (кезеңдiк, маусымдық, тәулiктiк) талдау, алынған өЈрсеткiштердi нормативтермен салыстырғандағы өзгерiстердiң бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады. Жердiң жай-күйін бағалаудың нәтижелерi бойынша оларға өзгерiстердiң дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпiнiн, бғ¬ытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса берiле отырып, жедел мәлiметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.
Жер мониторингiн ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингiн Қазаєстан Республикасының бүкіл аумағында мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган оларға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Жер мониторингiн жүргізу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР жаңа Жер кодексі 170-бапта Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының аймағындағы жеке меншік құқығы, жер пайдалану, шартты жер үлестері, шаруа (фермер) қожалықтары, жер пайдалану құқығына қатысты келесі өтпеліережелерді қарастырады.
Шаруа (фермер) қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығ өндірісін жүргізу үшін жер учаскелері уақытша жер пайдалану құқығымен табысталған Қазақстан республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының ҚР Жер кодексінде белгіленген тəртіппен жəне жағдайларда жер учаскесін жеке меншікке сатып алуға құқығы бар.
Өздеріне жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерін шаруа (фермер) қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген азаматтар жəне мемлекеттік емес заңды тұлғалар 2005 жылдың 1-қаңтарына дейін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалдау) туралы шарттарын бұзуға міндетті.
Бұл ретте, аталған шаруа (фермер) қожалығын немесе тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жөніндегі қызметпен дербес айналысуына не жер пайдалану құқығын салым немесе жарна ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық қорына беруге құқығы бар.
Жалға берушілердің аталған құқықтары іске асырылмай қалған жағдайда, кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шарттарды бұзу жəне жер пайдаланушылар (жалға берушілер) құқықтарының тоқтатылуы жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың талап-арызы бойынша сот тəртібімен жүзеге асырылады, ал кейінгі жер пайдалануға берілген жер учаскелері алып қойылады жəне ауданның арнайы жер қорына енгізіледі.
Мəмілелер жасалған кезде қолданыста болған заңдарға сəйкес шаруа (фермер) қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне тұрақты жер пайдалануқұқығын (ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған дейін сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары ҚР Жер кодексі қолданысқа енгізілген кезден бастап ҚР Жер кодексінде белгіленген жер учаскелері нормаларының шегінде жеке меншік құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерінің меншік иелеріне айналады.
Аталған тұлғалардың жер учаскесіне меншік құқығын іске асыруы ҚР Жер кодексінің 24-бабының 3-тармағында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
Өздеріне тиесілі құқықты бұған дейін жалға берген шартты жер үлесіне құқық иелері 2005 жылдың 1-қаңтарына дейін бұл құқығын ҚР Жер кодексінде көзделген тəртіппен жəне шарттарда төменде көрсетілген іс-əрекеттің бірін жасау арқылы іске асыруға міндетті:
1) жер учаскесін жеке меншікке сатып алу;
2) жеке шаруа (фермер) қожалығын жəне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін дербес жүргізу үшін жер учаскесін уақытша ортақ немесе бөлек жер пайдалануға алу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz