Шал ақынның шығармашылығындағы тәрбиелік тағылымдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қайырлы күн, құрметті оқытушы!

Тапсырма:

  1. Зерттеушілік жоба:Шал ақынның шығармашылығындағы тәрбиелік тағылымдар.

Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Ол Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы болған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы - үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады. Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ауызша жеткен әңгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен, бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi. Қариялардың айтуы бойынша Сергеев (қазіргі Шал ақын) селосының қасындағы «Аютас» деген төбенiң жанында, Есiлдiң оң жағындағы үлкен бейiт iшiне жерленген, бiрақ қабiрi белгiсiз. Құлеке баласы Тiлеукенiң Шал ақын деп аталуы туралы ел iшiнде бiрнеше түрлi әңгiмелер бар. Ол бала кезінде тапқыр, зерек, ойға жүйрік, алғыр болған. Шал өлең шығарумен балауса жас кезiнен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi. Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсiп жүредi. Оның кiшкентайынан үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқанына қарап жұрт Шал атап кетедi. Зерттеушiлердiң айтуы бойынша Шал ақынның тұңғыш өлеңi - «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң». Бұл өлеңдi ақын шығармашылығының басы деп жүр. Өлеңнiң шығу тарихы былай екен. Әйгiлi хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Бiрде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ертiп барады. Хан бала Шалдың көзiнше: «Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?» - деген сөз айтады. Таңертең ерте тұрған Шал ханның қойшыға сазға батып, отарға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап алып кет дегенін естіп қалады. Шал кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне айтады.

http://kazakh-tv.kz/photo/stories/1533879894d8122e3.jpg

Шал ақын ғылым, білімді уағыздап, өзі ұстаған фәлсафасын алға тарта білді. «Кедейлік ер жігітке намыс емес», «Жоқ болсаң қызыл бүйі үйің болар», «Шешен сол-сөйлер сөзден қамалмаса», «Ашу дұшпан болғанда нәпсі -жауың» десе ұлағатты ұлыққа бой ұрған дана дер едік.

Шал ақынды тек қана ауыз әдебиетінің өкілі деушілер бар. Сегіз қырлы, бір сырлы ақында бәрі бар, ол-айтыскер, суырып салма, импровизатор, қолы тиіп алар жерді жұлып алар, көзі түскен жерді үзіп алар өткір экспромт иесі, тапқыр сөздің үздік шебері, ауыз әдебиетінің жазба әдебиетіне көше бастаған қазақ поэзиясының көш басындағы кемеңгері.

Ақынның әзіл сөзі ел арасында кең тарады, әнімен айтылып жүрді. Ақан сері бабамыздың орысша, қазақшасы аралас күлдіргі өлеңдері секілді Шал ақын атамыздың әзілқой әндері жиі айтылады. Шал ақының кім десе, ол-әзіл сөздің атасы дер едім.

Шал ақынның өлеңдерін тапжылмай іздеп, тырнақтап тауып, түбегейлі талдау мен зерттеуден өткізген атақты жазушымыз, білікті ғалым, зиялы азаматымыз Мұхтар Мағауиннің атқарған еңбегі зор.

Шал ендi бiр топ өлеңдерiнде жастарды ибалы, әдептi, қайырымды болуға шақырады. Ары, жаны таза, мәдениеттi жасты аңсаған ақын ондай абзал адамдар алдына зор мақсаттарды қоя бiледi. Бiлiм алғандар парызы елiне, халқына пайдалы қызмет ету деп ашық айтады:

Майда боп, жiгiт болсаң, тал жiбектей,

Жарамайды қатты болу тiкенектей,

Бiлiмiм болса-дағы ұшан-теңiз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпе.

Адамның артықшылығы, жақсылығы көпке, туған елге пайдалы болудан деп қорытынды шығарады.

Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, пасық адамдар тобына да ақын қадала түседі. Өзімшіл, күншіл пасықтарға жаны таза жақсы адамдардың адал ниетті ізгі істерін қарсы қоя жырлап, бірінен жирендіріп, екіншісінен үйреніп, үлгі-өнеге алуға үндейді.

Үй ішінің берекелі, махаббатты болуын аңсаған ақын достыққа, адал махаббатқа негізделген тату-тәтті отбасы тұрмысын, берекелі, бақытты өмірін көксейді. Үй ішінің сәні-жар таңдауға үлкен мән береді:

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқалардан жақын кісің,

Ағайынға, туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Ерге аю, балаға қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрысын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау
Дәстүрдің жаңғыруы, Ежелгі қазақ әдебиетінде бар поэтикалық үлгінің дәуірлер өте келе жаңа қырынан түлеуі
Айтбай Белгібайұлы айтыс жанрындағы келбеті
Өлең сөздің патшасы
Шал ақын шығармашылығындағы әлеуметтік мәселелер
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Асқар шығармашылық тілге көп мән берген жазушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz