Маркетингтегі тауар және баға саясаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті

Студенттің практикалық сабақ тапсырмасы

«Маркетинг және бизнес-жоспарлау» пәні

Инженерлік экономика және менеджмент факультеті

«Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасы

Оқытушы: Магзумова Лаззат Кенжебековна

Орындаған: Омарова Д. Н
Группа: ХТОВ-18-1

Қарағанды 2020

9-тақырып. Маркетингтегі тауар және баға саясаты

Тапсырма.

Баяндама

«Маркетингтегі тауар және баға саясаты»

Тауар - бұл физикалық объектілерді, қызметтерді, ұйымдастыру орындарын, не болмаса олардың үйлесімдерін қосқанда, қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін рынокта ұсынылатынның барлығы.

Тауар - оған қалған құраушылары: бағасы, таралуы, жылжуы байланысты болатын, маркетинг кешенінің басты элементі. Маркетингтегі тауар деген не?

Маркетинг жүйесінде тауарға жетекші орын тиесілі болады, ол фирманың барлық маркетингтік қызметінің ядросы болып табылады. Тауар - сатушылар мен сатып алушылар арасындағы нарықтық (тауар-ақша) қатынастардың объектісі.

Маркетингте тұтынушылардың мақсаттық тобының қажеттіліктерін аса толық қанағаттандыратын, пайдалы қасиеттердің жиынтығы ретінде қарасты-рылады.

Қызметтер - бұл сатуға ұсынылатын тауарлар, олар әрекеттерден, артықшылықтан немесе қанағаттандыру мүмкіндігінен тұрады. Мұндай тауарлардың мысалдары мыналар болуы мүмкін: шаштаразда шашты кесу, тұрғын үйді жөндеу, қонақ үй нөмірін жалға алу, банкте ақша сақтау, дәрігерге бару, адвокаттан кеңес алу, кинофильм көру - бұл көрсетілетін қызметтердің әлі толық тізбесі емес.

Тауарды жасаған кезде әзірлеуші үш әр түрлі деңгейді есепке алып, өз өнімін бағалауы қажет.

1. Негізгі деңгей - түпкі ойлы тауар. Оған сатып алушы берілген тауарды сатып алудан алуы мүмкін пайдалар қосылады. Түпкі ойлы тауар берілген тауарды сатып ала отырып, тұтынушының алғысы келетін негізгі пайдасын қамтамасыз етеді. Теодор Левитт сатып алушылар: «төрт дюймдік бұрғыларды емес, қабырғадағы төрт дюймдік тесіктерді сатып алады» - деп айтқан.

2. Түпкі ойлы тауарнегізінде нақты орындалған тауар құрылады. Ол енді аса кертартпа және белгілі қасиеттері бар, оларды сатып алушы жеке қасиеттер жинағы арқылы қабылдайды: тұтынушылық қасиеттері, сапасы, орамы, сырт-қы безендірілуі, маркалық атауы.

3. Бекітілген тауар. Мұнда тауар оны тұтынушы пайдаланған кездегі жұмыспен толықтырылады. Сондықтан қызмет тауарға бекітілетін құраушы болып табылады және тауарды пайдалану орнында жабдықтарды жинақтау, сапасы бойынша кепілдіктерді беру, сервис қызметтерін беру түрінде көрсетілуі мүмкін - сатудан кейін қызмет көрсету, «несиеге тауар» төлемдері бойынша қызметтер, келісілген мерзімдер бойынша жеткізу және т. б.

Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес
Нарықтық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс. Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек және ол кәсіпорынның шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi.

Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны төмендету арқылы көптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде көптеп кездеседi.

Баға - өндiрушiлер мен сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының бағаланған өлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.

Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.

Екiншiден, баға тұтынушылармен емес, өндiрушiлермен немесе тауар сатушылардың ұсынуы және бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді және ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.

Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.

Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын және тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар өз салаларында өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол төменгі баға белгілей алады да, соның нәтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.

Шығындардың екі түрі болады - тұрақты және өзгермелі.

Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар. Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес.

Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы валдық шығындарды құрайды.

Баға саясатының негізгі келесі мақсаттары бар:
Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.

Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:

  • -кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;
  • -тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.

Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.

Сападағы лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.

Жаңа нарықтарға шығу кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.

Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.

Мұнда кәсіпорын инвестицияның қажетті қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бағаны анықтауы қажет, мысалы инвестициядан 15%-ық қайтарымдылық. Бұл нәтиже егерде, сату көлемі мен шығындар алдын-ала күтілген деңгеймен сай болған жағдайда іске асады. Ал, бұл мәнді дәрежеде тауардың бекітілген бағасына сатып алушылардың байқататын әсеріне, көзқарасына тәуелді.

Баға саясатын әзірлеу кезінде тек баға деңгейін анықтау ғана маңызды емес, сонымен бірге фирмалардың нарықтағы баға мінезінің стратегиялық бағытын қалыптастыруда маңызды болып саналады. Баға стратегиясы әрбір нақты келісімдегі сату бағасына қатысты шешім қабылдаудың негізі болып қызмет етеді.

\

10-тақырып. Тауарды нарықта жылжыту. Маркетинг жүйесіндегі жарнама.

1. Тапсырма . Кестені толтырыңыз :

Тауар саудасы, түрі
Сипаттамасы
Тауар саудасы, түрі: Көтерме сауда
Сипаттамасы: Тауар айналысының алғашқы сатысы; өндіруші кәсіпорындардың тауарларды, өндіріс құралдарын, ірі топтамалармен сатуын қамтитын ішкі сауданың құрамдас бөлігі; тікелей өндірісте тұтынатын немесе бөлшек саудаға түсіретін тауарлардың ірі топтамаларымен сауда жасау; тауардың өндірушілерден бөлшек сауда орындарына немесе өндіріс құрал-жабдықтары бөлігінде өнімнің тұтынушы кәсіпорындарға жетуі. Көтерме саудаға а. ш. өнімдері мен шикізатын сатып алу да жатады. Ол өндіріс құрал-жабдықтарымен және тұтыну заттарымен көтерме сауда жасау түрлеріне бөлінеді. Кеңестік дәуірде тауарлардың көтерме сауда арқылы қозғалысы тауар қорларын өндіру мен бөлуге сәйкес жоспарланды. Өндіріс құрал-жабдықтарымен көтерме сауда жасау тұтыну тауарларымен көтерме сауда жасаудан ұйымдық тұрғыдан өзгеше болып, айналыстың ерекше саласын - материалдық-тех. жабдықтауды құрады. Өнеркәсіп орындары сауда жасаудан босатылып, бүкіл өнімін көтерме сауда ұйымдарына өткізді. Халық тұтынатын тауарлармен сауда жасау Сауда мин-нің қолына шоғырландырылды. Ал, тұтыну кооперациясының өз көтерме сауда жүйесі болды. Нарықтық экономика жағдайында көтерме сауда өнеркәсіп орындары, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасындағы және көтерме сауда кәсіпорындарының өз арасындағы делдалдық буынға айналды. Қазақстанда шикізат, материалдар, қарапайым жабдықтар көтерме сауда фирмалары арқылы сатылады. Ал, арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін зауыт қондырғылары, технол. желілер өндіруші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар негізінде өткізіледі.
Тауар саудасы, түрі: Бөлшек сауда
Сипаттамасы:

ішкі саудада тауарларды немесе қызметтерді шағын мөлшерде сатып алу және сату. Бірнеше арналар арқылы тұтынушыға тауарды сату немесе тұтынушыға сервисті көрсету арқылы пайда табу проссесін қамтиді. Сұраныс анықталғаннан кейін оны тұтынушыларға көрсетеді. Жарнама арқылы сұранысты көбейтсе болады. 2000 жылдары электронды төлем арқылы тауарларды интернетпен сатып, оларды почта арқылы жеткізу саны көбейді. Почта арқылы тауарды жеткізу бөлшек сауда секторына жатады. «Бөлшек сауда» термині, тек қана сервисті улкен мөлшерде, аз ғана адамға емес, ол аз мөлшерде көп адамға да қамтиды. Бөлшек сауда дүкендері далада, адам көп жүретін көшелерде және ойын-сауық орталықтарында орналасуы мүмкін. Дүкендер көп орналасқан көшелер жаяу жүрушілердің тасымалын шектеуі мүмкін. Шоппингке арналған көшелердің орналасқан жерінің климатына байланысты олар жартылай шатырлы немесе толық шатырлы болуы мүмкін. Дүкендерден басқа бөлшектеп сатудың түрлері ол заттарды онлайн сату арқылы пайда табу және почталарды жеткізу арқылы пайда табу түрін жатқызса болады.

Шоппинг деп әдетте, сауда өнімдерін сатып алу актісін айтса болады. Ол негізі дайын өнімдерді мысалға айтатын болсақ азық-түлік және киім-кешек сияқты қажеттіліктерді сатып алуға мақсатталған, немесе шоппингті ойын-сауық іс-әрекеті ретінде қарастырса болады. Көңіл күйді көтеру үшін арналған шоппинг заттарды терезеден қарау арқылы орындалады сондықтан мұндай сауда түрі әрқашанда сатып алуға соқтырмайды.

2. Тапсырма . Анықтамалар жазыңыз :

Тікелей өткізу - тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делделдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей өткізуді жиі қолданады, өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады.

Жанама өткізу - тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін - тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі мүмкін. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде өндірушілер әдетте тауаларын көтерме саудагерлер арқылы сатады, ал олар бөлшек сауда дүкендерімен жұмыс істейді. Өткізу арнасын қалыптастырудың кезінде басты мәселе оған қатысушылар саны. Өткізу арналарының деңгейі - бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту бойынша тізбектегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез келген делдал. Өткізу арнасының ұзындығы арнаның аралық деңгейлерінің санымен анықталады, осыған байланысты өткізу арналары қысқа және ұзын болып қалыптасады.

Аралас (комбинированный) өткізу - нөлдік деңгейдегі арна. Бұл арна тұтынушы мен өндірушіден ғана тұрады. Ол екеуінің арасында өткізу деңгейі болмайды, сондықтан тікелей маркетинг деп аталады. Тікелей маркетингке шығарып сату, үйде сату, телемаркетинг, пошталық сауда және тағы басқалары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Тауарды нарыққа шығару кезеңі
Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты
Стратегиялық жоспарлау процесі
Маркетинг жүйесіндегі тауар түсінігі
Тауарларды нарықта позициялау
Маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты
Көлік шығындарымен қоса баға белгілеу
Маркетингтегі тауар түсінігі
Тауарды өткізу арналарының мәні және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz