Адам генетикасының шежіре әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Тірі табиғаттың сан алуан қыр-сыры ежелден-ақ адам назарынан тыс қалмағаны анық. Алайда тіршілік әлемі сан қырлы болғанымен, белгілі бір түрдің өз белгілерін ұрпақтарына сол күйінде беру қасиеті - тұқымқуалаушылық болатыны олар үшін құпия нәрсе емес-ті. Осы күнге дейін шал-кемпірлердің өнерлі жас көрсе "шіркін-ай, атасына тартуын қарашы, жарықтық, сегіз қырлы, бір сырлы еді-ау" деп тамсанатыны немесе көңілінен шықпаған жастарға "ой, ол қайдан оңсын, әкесі де басбұзар тентектің өзі еді ғой" дейтіні ерте кезден-ақ белгілі қасиеттердің атадан балаға ауысып отыратындығын көрсетеді.
Басқа жан-жануарлар дүниесінен адамзаттың айырмашылығы оның мінез-құлығының қалыптасуы тек тұқымқуалаушылыққа ғана тәуелді емес, сонымен қатар оған сыртқы ортаның әсері де мол. Ұлы Абайдың "Мен закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім" (37 қара сөз) деуі бағзы заманда-ақ тәрбиенің адам үшін маңызды роль атқаратынын көрсетеді. Дегенмен де "асылдың сынығы", "тұлпардың тұяғы" деген секілді сөздер ата-бабамыздың жақсы белгілердің тұқым қуалаушылығына көп мән бергенін көреміз.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында былай делінген: "Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды" Ұлттық кодты қарапайым сөзбен айтқанда, "қазақи тегіміз, діліміз, салт-дәстүріміз" деуге болады. Елбасы жариялаған рухани жаңғыру, ұлттық кодты қалыптастыру туралы мақаласы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арналған нақты бағдар болып отыр.
Шежіре - қазақ руларының шыққын тегі түрік жұртындағы дәстүрлі мәдениет тудырған әлеуметтік, мәдени, тарихи білім, генеалогиялық жады болып табылады. Қазақ шежірелері - тарихи деректану саласында зерттелмеген, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі.
Биология сабақтарында адам генетикасын зерттеудің генеалогиялық әдісін (шежіре әдісі) оқытуда әр оқушының өз тегіне генеалогиялық карта немесе шежірелік карта құрастыруды үйретудің маңызы зор. Адам генетикасын оқытқанда халықтың даналық сөздерімен, тектілік туралы ұлағатты ұғымдарымен байланыстырып, ұлттық дәстүрдің ғылыми негізі бар екенін көрсетуге назар аудару керек. Шежіре әдісін үйрене отырып, әрқайсымыз өз шыққын тегімізге шежірелік карта жасай білуіміз керек. Дұрыс құрылған шежірелік картаға талдау жасау арқылы тек тұқым қуалайтын аурудың ғана емес, дарындылықтың, білімге қабілеттіліктің, өнерге икемділіктің немесе басқа да қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі туралы білуге болады. Биология оқулығында ағылшын королевасы Викторияның әулетіне құрылған шежірелік карта берілген. Ағылшын королевасының шежірелік картасын оқып үйренгенше, өз қазағымыздың дарындыларының шежірелік карталарын құрастырып, оқушыларымызға үйретсек жақсы емес пе?! Мысалы, Құнанбай әулетінен тарағандардың ішінде ақын-композиторлар көп болған. Олар: қазақ әдебиетінің классигі - Абай, Шәкәрім, балалары - Әбдірахман, Мағауия, Ақан және басқалар.
Осы мақсатты алдыма қоя отырып, Маңғыстауға сынықшылық қасиетімен белгілі Мыңкісі ұрпақтарына шежірелік карта құрастыру арқылы сынықшылық қасиеттің қалай және неше ұрпаққа дейін тұқым қуалап тұрғандығын көрсету, оқушыларымды шежіре құрастыруға, генетикалық сауаттылыққа үйретуді қолға алдым.
Қазақ халқында жеті атаны білу, жеті атаға дейін қыз алыспау деген дәстүр бар екенін бәрі біледі. Бұл дәстүр - кең далада көшіп-қонып жүрген бабаларымыздың баға жетпес көрегендігі, білімділігі, даналығы, дені сау ұрпақ өсірудің кепілдігі. "Жеті ата" - дала тұрғындарының ата-тегі жазылған төлқұжаты, сондықтан әрбір адам өз баласына тілі шыға бастағаннан ақ жеті атасын үйретуі керек.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Адам генетикасының шежіре әдісі
Генетика тірі ағзаларға тән өзара байланысты екі қасиетті: тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Адам - өз алдына биологиялық түр болғандықтан, биосфераның бір бөлігін құрайды. Олай болса, тірі табиғатқа тән барлық биологиялық әрекеттердің заңдылықтары адамға да тән.
Адам генетикасында, адамдағы тұқымқуалаушылықты зерттеуде кейінгі кезде бірнеше әдіс қолданылуда. Сол әдістердің бірі - генеалогиялық әдіс.
"Генеалогия" - грек тілінен аударғанда "шежіре" деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс адам генетикасының теориялық және практикалық мәселелері: белгілердің тұқымқуалау ерекшелігін, типін, гендердің тіркесу тобын және хромосомадағы гендердің орналасуын анықтауда, медициналық-генетикалық кеңес беру ісінде қолданылады.
Адамды генетикалық зерттеулердің объектісі ретінде қарастырғанда, оның ерекшеліктері мен әдістері оқушының қызығушылығын арттырады. Оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап-ақ өздерінің шежіресін білуі, туыстар арасындағы жақындықты, бауырлар арасындағы сүйіспеншілікті, ата-баба, апа-әжелерді есте ұстау ұрпақтар сабақтастығында берілетін жағымсыз гендердің көріну ықтималдығын азайтып, туыстық некелердің болмауын қамтамасыз етеді. Мысалы, неміс және еврей халықтарының әрбір отбасында өз шежіресін 200 ұрпаққа дейін біліп, болашақ ұрпаққа жазбаша қалдырып отыратын дәстүр бар екен.
Шежіре әдісі екі бөлімнен тұрады: біріншісі - шежіре құрастыру, екіншісі - оны сараптау. Адам шежіресін құрастырғанда қолданылатын таңбалар, ондағы талданатын ұрпақтар мен туыстардың тұқым қуалау типін көрсететін шежіренің үлгісі және бір ген анықтайтын белгілердің тұқым қуалауы төмендегі кестеде көрсетілген.
Шежіре әдісі бойынша туыстық қатынастарды, туыстар арасындағы аурулардың бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын, оның шыққан тегіне шежіре құрастыру арқылы зерттеп анықтайды. Шежіре әдісінің негізгі мақсаты - жиналған деректер бойынша шежіре үлгісін құрастыру және оны талдау. Шежіре құрастыруды бастайтын адамды пробанд деп атайды. Оның іні-қарындасын сибстер деп атайды. Олар бір әке-шешеден болуы қажет. Егер пробандының іні-қарындасы ата -анасының біреуі басқа некеден болған жағдайда оларды жартылай сибстер деп атайды.
Шежіреде қолданылатын ұрпақтар:
І. Ата ұрпағы
ІІ. Әке ұрпағы
ІІІ. Өзінің ұрпағы
ІV. Балалар ұрпағы
V. Немерелер ұрпағы
VI. Шөберелер ұрпағы
VII. Шөпшектер ұрпағы
Шежіре негізінен бір немесе бірнеше белгілердің тұқым қуалауы бойынша жинақталады. Егер шежіреде көрсетілген мәліметтер неғұрлым көп ұрпақ бойы терең зерттелінсе, соғұрлым шындыққа жақын болады. Генетикалық мәліметтерді жинау сауалнама жүргізуден, сұрақ-жауап алудан және отбасын жеке зерттеуден басталады. Сұрақ-жауап пробандының нағашы жұртынан, ата-әже, олардың әрбір балалары және немерелерінен басталады. Шежіреге түсік тастау, өлі туу, қолдан алдыру және ұрпақсыз некелер туралы мәліметтерді енгізеді. Сонымен қатар пробандыға туыстық қатынасы бар адамдарға қысқаша ақпарат жинақтайды. Онда: аты, әкесінің аты, туылған күні мен жылы, өлген күні мен жылы, жасы, ұлты, отбасының туған жері, мамандығы, отбасында созылмалы аурудың болуы, қайтыс болудың себептері туралы мағлұматтар болуы қажет. Барлық қажетті мәліметтер жинақталғаннан кейін шежіре құрастырылады. Шежіре құрастыру белгілі тәртіппен жүргізіледі.
1. Шежіре құрастыру пробандыдан басталады. Пробандының інісі-қарындасы туылу ретіне қарай солдан оңға қарай орналастырылады;
2. Шежіреге қатысы бар бір ұрпақтың мүшелері бір қатарға қойылады;
3. Шежіреде көрсетілген ұрпақтарды жоғарыдан төмен қарай рим цифрымен белгілейді;
4. Бір ұрпақтың әулеттерін солдан оңға қарай (бір қатар) араб цифрымен белгілейді;
5. Шежіреде жеке зерттелген ұрпақтың мөлшері де көрсетіледі.
Шежіренің графикалық көрінісі горизонтальды - тік немесе дөңгелек болуы мүмкін. Олар түсінік сөздерімен анықталуы тиіс.

Пробанд зерттелетін белгінің иесі.
Шежіре әдісін үйрене отырып, әрқайсымыз өз шыққын тегімізге шежірелік карта жасай білуіміз керек. Дұрыс құрылған шежірелік картаға талдау жасау арқылы тек тұқым қуалайтын аурулардың ғана емес, дарындылықтың, өнерге икемділіктің, білімге қабілеттіліктің немесе басқа да жағымды-жағымсыз қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі туралы білуге болады.

Мыңкісі ұрпақтары
Маңғыстауға сынықшылығымен әйгілі Бөкен Мыңкісі ұрпақтарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардан тараған көптеген адамдармен кездесіп, талдау жасалып шежірелік карта құрастырылды.
"Бөкенұлы Мырзаболаттың баласы Байсал Бекет атамен тұстас өмір сүрген адам екен. Байсал елуден асқанша әйелі Қарашаш 48-ге келгенше балалы болмаған. Содан Байсал бір жағынан әйелі де өтініш жасап, Оғыландыда мешіт салып жатқан замандасы Бекет атаға барады. Байсал көппен бірге жұмыс жасай береді. Жұмыс тік жартас бетінен ақ тасты шауып, болашақ мешіт құрылысын салу. Адамдар бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ал аяғын сылтып басатын, елулер ішіндегі бір қайратты азамат кетпей жүре береді. Бірде Бекет ата жаңағы жанның жанына келіп:
- Жарқыным, неғып жүрген жансың? Жұрт келеді - кетеді, ал сенің келгеніңе көп болды. Үн-түн жоқ, тасыңды шауып жатасың. Не жайың бар? - депті қасиет иесі. Сонда Байсал:
- Бекет-еке, жас елуден асқанша бір перзент көрмедім. Әйелім "Замандасымыз әруақты Бекет Оғыландыда мешіт салып жатыр дейді ғой. Соған бар, жұмысына көмектес. Назары түсіп, шаруаңды сұрап жатса, жайыңды айт" деп еді. Мен сондай ниетпен жүрген жанмын,- дейді баяу үн қатып. Өзін, ата-тегін таныстырады.
- Онда, замандасым, Байсал, ақ-адал ниетіңмен, біраз іс тындырдың. Жұмысыңды көріп жүрмін. Замандас келін де егдеріп қалған екен. Бір бала көрерсің. Ер бала болса атын "Мыңкісі" қоярсың. Алла қаласа, жалғыз да болса көпке татитын бала болар, - депті мына пақыр пендеге жылы шырай бере, мейіріммен қарап" [5].
Содан, қанша күн болғанын кім білсін, Байсал Ақшымыраудағы ауылына қайтып, Бекет атаның айтқан қуанышты хабарын әйелі Қарашашқа жеткізеді. Уақыт шіркін зымырап өте береді, Қарашаш жүкті болып ұлды болады, атын "Мыңкісі" қояды. Жалпы айтуға қарағанда дүниеге келген Мыңкісі - мың жылда бір туатын асқан дарын иесі, алысқанын жыққан алып балуан, ғажайып шебер сынықшы, көріпкел, құмалақшы жан болған, аты ел асып алысқа кеткен. Аяқ жеткен жерден келген мұсылман баласының сынығы оның бір сипағанынан түсіп, науқасы ем-домынан айығып, тән азабы Мыңкісіге бағыттап шыққаннан-ақ азая беретін болған. Ол адамның күйін айттырмай білген, күн ілгері келетінін сезіп отырған. Осы қасиеттеріне қарай ел оны "Әулие" атаған. Міне, оның бұл фәниден өткеніне 160 жылдай уақыт өтсе де, оның әруағын сыйлаған халық басына келіп түнеп, дертіне дауа, жанына сая тауып кетіп жатады.
Мыңкісіден өнген бес ұлдың қай-қайсысы да қасиеттен құр болмаған. Бірақ заманда тумалас адамдар бір су, бір қонысты мекендейді, жайлауға қатар шығып, қатар отыра береді. Сондықтан бәрі сынық ұстап, ем жасап жаппай араласа бермей, бір-біріне бағыштайды. Ал нағыз қажеттілік туып жатқанда бәрі де Пір Бекет, Мыңкісі әруағына сиынып ұстай беретін болған. Сол себептен болар, Мыңкісінің үлкен ұлы Құлшар көбіне ел арасындағы билік, басшылық жайын құнттаған. Қызықбай болса, дәулет біткен ауылда момын, шаруамен айналысатын жан болған сияқты. Жауғашты деген баласы сынық ұстап, Үстіртте бір сынған адамның сынығын ұстағаннан кейін өзі ауырып қайтыс болған. Төртінші ұлы Өтеу негізгі кәсібі ат баптаған, атақты сейіс болған. Мыңкісі ата әруағының көбірек орын алған жері кенжесі Бітім ата ауылы. Және Бөкен ұрпағы ішінде азғана дәулетті де болған ауыл осы. Бітімнен Еснияз, Есман, Ақжігіт, Тұманшы атты төрт бала туған. Еснияздың тірі кезінде Бөкен ауылында одан басқа ешкім сынық ұстап, ем-дом жасамаған. Еснияз түйе шайнап, бөлініп қалған аяқты да салған екен. Ол кісі "Бисмиллә" деп жіберіп ысқылағанда сынық түсе беретін еді дейді көзі көрген үлкендер. Бұл деректер Терекбай Жаңбыршыұлының "Мен айтайын бабаңнан" кітабында толық берілген.
Сынықшылықтың тұқым қуалайтындығына қатысты деректерді Ақжігіт Бітімұлына (1891-1994 ж) қатысты мәліметтермен толықтыра түсейін. Ақжігіт атасынан қалған ата-баба үдерісін жалғастырып, 40 жыл сынық салып, ем жасап, халқына қалтқысыз қызмет жасады. 1982 жылы Шетпе кентінде тұратын Молдаұлы Күсеп деген азамат кездейсоқ апаттан екі аяғы бірдей сынып, Ақжігітке хабар келеді. Күсептің Ақшымырауда тұратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Генетика ғылымының даму тарихы
Адам генетикасын зерттеу әдістері. Медициналық-генетикалық кеңес беру
Генетика ғылымының салаларына сиппаттама беру
Адам генетикасының ерекшеліктері
Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу әдістері
Клетканың зерттеу әдістері
Адам генетикасын зерттеу әдістері
Тұқым қуалайтын аурулардың диагностикасы
Хромосома типтері
Оқыту әдістерінің жүйесі
Пәндер