Элементарлы сенсорлы психика сатысы


- Элементарлы сенсорлы психика сатысы
Мақсаты: Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі және жоғарғы деңгейіндегі психикалық бейнелеудің сипаттамасын қарастыру
1. Элементарлы сенсорлы психиканың төменгі деңгейіндегі психикалық бейнелеудің сипаттамасы
2. Қарапайымдағылардағы қозғалыс белсенділігі мен кеңістік бағдарлану
3. Жүріс-тұрыс икемділігі. Бейімделу құбылысы.
Тітіркену - бұл биологиялық бейнелеудің қарапайым түрі, өсімдіктер мен жан-жануарлар эволюциясының барлық кезеңдеріндегі барлық тірі ағзалар оны меңгерген. Бұл - маңызды биологиялық ықпалдардың әсеріне тірі ағзаның жауап қайтару қабілеттілігі. Сонымен, органикалық дүниеге өту кезінде-ақ бейнелеудің жаңа түрі пайда болады.
Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты тітіркену үрдістері, тітіркенудің арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды келесі ұрпақтарға бере отырып сақтау, өсімдік өмірінде де маңызды. Өсімдік тамырының топыраққа тереңдеп өсуі немесе жарықтың түсуіне байланысты өзегінің қисая өсуі, немесе өсімдіктің күн сәулесіне қарай бұрылуы сияқты құбылыстар-мұның бәрі биотикалық әсерлерден тітіркенудің нәтижесі.
Тітіркенушілік - эволюцияның келесі кезеңіндегі тіршілік түрлері-жануарлар өмірінде де бірден ерекшеленеді. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын тітіркенудің дамуы барысында пайда болады- деген жорамалды А. Н. Леонтьев енгізді. А. Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, жануарлар тікелей зат алмасуға енетін биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес, өмірге қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы жоқ, «бейтарап» әсерлерге де жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, жануарлар қоршаған ортаға белсенді бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және ортаның кез келген өзгерісіне жауап қайтарады. Тіршілікке қажетті әсерлердің пайда болуын білдіретін бейтарап, биологиялық маңызы жоқ тітіркендіргіштерге жауап қайтару қабілеттілігін сезімталдық деп атайды. А. Н. Леонтьевтің жорамалына сәйкес, сезімталдықтың пайда болуы психиканың пайда болуының объективтік биологиялық нышаны.
Егер бейтарап тітіркендіргіштер тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуын білдіре бастаса, онда сезімталдық тіршілік етуді оларға байланысты түбегейлі өзгертеді. Ең бастысы мынада: тіршілік иесі қоршаған ортаға белсенді бейімделе бастайды, ондағы әрбір өзгеріске белсенді жауап қайтара бастайды, яғни өсімдіктер әлеміне қарағанда жеке мінез-құлықтың құбылмалы түрлерін қалыптастыра бастайды.
Психика органикалық материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төменгі формаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет тән. Сезгіштік - психиканың ең бастапқы белгісі. Бұл организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүйесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс.
Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүйесінің дамуымен байланысты. Нерв жүйесінің құрылысының күрделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғары формаларының пайда болуына жағдай туғызған.
Ең төменгі сатыда тұрған амеба, инфузория сияқты жәндіктердің өте күрделі құрылысы бар, жалғыз клеткалы жай түрі тәндерге мұндай реакциялар дараланып кетпеген жалпылама жайылма болып келеді. Оның сыртқы қабатына қандай да бөгде зат тисе, ол аяқтарын шығарып алады да жеуге жарай ма, жоқ па, оған қарамастан осы затқа бас салады.
Даму процестерінде жәндіктердің жүйке саласы, сезім мүшелерінің пайда болып күрделенуімен бірге, олардың психикалық әрекеттері де күрделене келіп, адам баласында психиканың ең жоғарғы айрықша сапасы-сана пайда болады.
Психиканың қарапайым түрі-жүйке жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мен иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. т.
Алғашқыда мұндай жеке құбылмалы мінез-құлықтар баяу қалыптасады бірақ, бұған қарамастан, біржасушалылар жылуға сезімтал болғанымен, жарыққа сезімтал болмайтындығын эксперимент жүргізу кезінде-ақ байқауға болады. Егер оларды бір бөлігі жарық, бір бөлігі қараңғы бірқалыпты жылытылған камераға салсақ, олар камерада біркелкі таралады. Егер, керісінше камераның бірқалыпты жарықтанған бір жағын қыздырса, олар камераның қыздырылған шетіне жиналады. Алайда, камераның қыздырылған шетіне ұзақ уақыт жарық түсіріп, қыздырылмаған шетін қараңғыласа, онда жағдай өзгереді, температураның көтерілуінің сигналын білдіретін жарыққа біржасушалылар сезімтал бола бастайды. Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және тіршілікке маңызды әсерлердің пайда болуы мен олардың іздерінің жай сақталуын білдіретін бейтарап тітіркендіргіштерге қатысты тітіркенудің сипатталған үрдістері біржасушалы жануарлардың тірлігін қолдауға жеткілікті, бірақ көпжасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады.
Көпжасушалыларға ауысуы тірлік ету жағдайларын айтарлықтай қиындатады: сыртқы ортаға бейімделудің белсенділігі арта түсіп, күрделі қозғалыстар мен қозудың тез пайда болуын қамтамасыз ету қажеттілігі туады. Бұл көпжасушалы құрылысының айтарлықтай күрделенуіне, тітіркенудің арнайы сезгіштік талшықтарының бөлініп шығуына және эволюцияның кейінгі кезеңдеріндегі бұлшық ет талшықтары орындайтын функцияны тудырушы талшықтардың пайда болуына, сондай-ақ диффузиялы, тор тәрізді жүйке жүйесінің сипатында болатын, қарапайым жүйке жүйесінің құрылуына әкеліп соғады.
Мұның бәрін ішек құрылымының түріне (мысалы, медуза, актиния немесе теңіз жұлдызы) жататын, қарапайым көпжасушалыларға қатысты дене құрылысынан көруге болады. Көпжасушалылардың бұл даму кезеңі қозудың өткізгіштігінің бірнеше есе үдеуімен сипатталады. Алайда, өзінің артықшылықтарына қарамастан, диффузиялы жүйке жүйесінің шектеулері болады: қозу тор тәрізді жүйке жүйесі арқылы жануарлардың барлық денесіне біркелкі таралады. Қабылдап қана қоймай, сонымен қатар алынған ақпаратты өңдейтін, жадында сақтайтын тұрақты жетекші мүшенің болмауы, бұл деңгейдегі мінез-құлық мүмкіншіліктерін айтарлықтай шектейді. Бұл кемшіліктер эволюцияның кейінгі кезеңдерінде, әсіресе жер беті тіршілігіне ауысқанда және анағұрлым күрделі ганглиозды жүйке жүйесінің қалыптасуы кезінде жойылады.
Көпжасушалы жануарлар. Ішекқуыстылар типі. Гидраның денесіне инемен түртіп әсер етсе, ол жұмырланып, денесін жиырып алады. Мұның мәнісі, гидраның тері-бұлшықетінің астын ала көптеген жүйке жасушаларының орналасуында. Жасушалардың тітіркеністі біріне-бірінің беруіне байланысты бұлшықет талшықтары жиырылады да, гидра бүкіл денесімен жауап береді. Гидра судың температурасын да, онда еріген әр түрлі заттардың ерітіндісін де тітіркену арқылы сезінеді. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап беруі - тітіркенгіштік деп аталады.
Тітіркенгіштік арқылы күрделі құбылыс-рефлекспен таныса аламыз. Тірі жануарлардың денесінде пайда болатын бұл құбылыс үш кезеңде жүзеге асады. Бірінші, гидраның инеден денесінің ауырсынуы, яғни тітіркенуді қабылдауы; екінші, гидра денесіндегі жүйке жасушаларының қозуды денеге жеткізуі; үшінші, гидраның белгілі әрекетке жауап қайтаруы.
Ал, рефлекс дегеніміз - тірі тіршіліктің сыртқы не ішкі тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы. Гидраның денесі қарапайым құрылысты болғандықтан, мұнда рефлекс біркелкі өтеді.
Көпқылтанды құрттар класы. Көпқылтанды құрттар-нерейда мен құмқазардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелерін қарастырайық. Нерейданың екі үстіңгі жүйке түйіні ми деп аталады, онда жоғары сатылы бунақденелілердегі тәрізді әр түрлі орталықтар топтасады. Мидан жұтқыншақмаңы жүйке тармақтары таралып, жұтқыншақмаңы шеңберін түзеді. Құрттың құрсақ жағындағы алғашқы екі жүйке түйіні жұтқыншақасты жүйке түйіні деп аталады. Құрсақ жүйке бағанасы құрттың құрсағын бойлай бүкіл денесіне созылып жатады. Құрсақ бағанасының түйіндері құрттың буылтықтарына сәйкес жүйке түйіндерін түзіп, бір-біріне өте жақын жатады. Жүйке жүйесі құрт денесіндегі барлық буылтықтардағы мүшелерді жүйке жүйесімен жабдықтайды.
Басқа құрттарға қарағанда көпқылтанды құрттардың сезім мүшелері едәуір дамыған. Тіршілігінің күрделілігіне байланысты олардың сипап сезу және көру сезімі оянған. Сипап сезу сезімі бүкіл денесінде, сондай-ақ қармалауыштары мен мұртшаларында орналасады. Бас бөлігінде мұрттары және көзі болады. Көпқылтандыларда көздің екеу не төртеу болуы мүмкін. Оларда арнаулы иіс сезу мүшесі болмайды. Құрттардың кейбір түрлерінен тепе-теңдік мүшелері ғана байқалады.
Балықтар класы. Сазанның жүйке жүйесі омыртқа жотасының өзегінде орналасқан жұлыннан және бассүйек ішіндегі мидан құралады. Олардан таралған жүйкелер ішкі мүшелер мен дене бұлшық еттеріне, сондай-ақ жүзбеқанаттарға тармақталып, олардың қызметін басқарады.
Сазанның миы бес бөліктен тұрады, атап айтқанда: алдыңғы ми, ортаңғы ми, аралық ми, мишық және сопақша ми. Иіс сезу жүйкелері химиялық тітіркенуді қабылдайтын жүйкелер және т. б. жүйкелер - алдыңғы мидан, ортаңғы мидан көру жүйкелері таралады. Мишық - қимылды, сопақша ми - тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, зәр шығару әрекеттерін басқарады.
Сезім мүшелері. Сазан айналасындағы заттарды екі көзі арқылы көреді. Оның көзі бұлшықеттері арқылы жоғары, төмен, алға және артқа қарай қимылдап, балық тұрған кезде де төңірегін толық көруге мүмкіндік жасайды. Сазан басының алдыңғы жағындағы екі танау тесіктері арқылы әр түрлі иісті сезеді. Аузында, сондай-ақ бүкіл сыртқы денесінде сезімтал жасушалар көп болғандықтан, сазан дәмді де ажырата алады. Сазанның сипап сезу мүшесі-мұрты. Сазан өте жақсы болмаса да-сыртқы қатты дыбыстарды естиді және оның есту мүшесі сырттай қарағанда байқалмайды, бассүйектің ішкі жағында орналасады.
Барлық балықтарға тән ерекше мүше-бүйір сызығы. Оны сазан денесінің сыртқы жағынан айқын аңғара аламыз. Бұл-тері сыртында болатын, белгілі ара қашықтықта тесіктер арқылы сыртқа ашылатын сезімтал жасушасы бар өзек. Балықтар бүйір сызықтың арқасында су ағынының бағытын және күшін, өзіне таяп келе жатқан нәрселерді сезіне алады.
Балықтарда болатын рефлекстер. Гидраның тітіркенгіштігін қарастырған кезде рефлекс ұғымымен танысқан болатынбыз. Рефлекстің екі түрі бар: шартсыз рефлекс, бұл туа пайда болады, тұқым қуалайды; шартты рефлекс, тіршілік барысында жүре пайда болып, тұқым қуаламайды. Мәселен, сазанның дернәсілі уылдырықтан шыға салысымен арнаулы безбен су өсімдігінің сабақшасына жабысады да, сарыуыз қапшығындағы қор кеми бастаған кезде кірпікшелер циклоп және сол сияқты өзіне керек болатын тіршілік иелерін аулап жейді. Бұл қылықты ешкім де үйреткен жоқ, сондықтан бұл-туа пайда болған шартсыз рефлекс. Сазан шабағын жарық түсіру немесе арнаулы дыбыс шыққан кезде жем шашылмаса да, шабақтар лезде үймелейді. Бұл-шартты рефлекс. Балықтардың жүріс-тұрысы өте күрделі. Олар айналадағы ортаға қажетіне қарай бейімделіп, шартты және шартсыз рефлекстерді орнықтырады және өзгерте алады.
Қосмекенділер класы. Қосмекенділер - алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болады. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек, олар терісі арқылы да тыныс алады.
Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады. Қосмекенділерде ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған.
Қосмекенділердің миы да балықтардыкі тәрізді бес бөліктен: алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша мидан және мишықтан құралады. Біркелкі қимылдайтын болғандықтан, мишығы нашар жетілген, ал алдыңғы миы ми сыңарларына жіктеліп, балықтарға қарағанда әлдеқайда ірі болады.
Құрбақа балықтарға қарағанда айналасындағыны жақсы көреді. Көздің қасаң қабықшасы дөңестеніп, көз бұршағы қос дөңес линза пішінді болады және көзді ылғал мен ластанудан қорғайтын қабақтары да жетілген. Құрбақаның есту мүшесі болып табылатын ішкі құлағы күрделеніп, дабыл сүйекшесі бар ортаңғы құлақ түзілген. Ортаңғы құлақтың сыртында дабыл жарғағы болады, ортаңғы құлақ қуысы жұтқыншақпен өзек арқылы жалғасып, сыртқы ортадағы қысыммен ішкі қысымды теңестіреді. Дыбыс қабылдайтын дабыл жарғағы көздің артқы жағында орналасады. Ішкі және сыртқы танау тесіктері құрбақаның иіс сезу мүшесі қызметін атқарады. Құрбақаның иіс және дәм сезу мүшелері нашар дамыған.
Бауырымен жорғалаушылар класы. Жүйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделене түскен. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры пайда болған. Аралық мида төбе көзі орналасқан. Мысалы, гаттерияда жақсы жетілген. Жорғалаушылардың сезім мүшелері - көз, құлақ және танау. Иіс сезу мүшесі-танау қуысында орналасқан. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz