Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ. бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және жәдид.
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ) же), گ(ге), چ( че) پ( пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ک(ңе), و(ве), 1-і ауған жазуынан (ى) иамәжһул, е) алынды.
Араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28 әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жазылады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3 таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгілеріне қарап топтастырылды: фатхамен а,ә, (е), кесрамен ы, і, е; даммамен о, ө, ұ, ү.
Бірақ қадим жүйесінің басты ерекшелігіне дауысты дыбыстардың таңбаланбауы жатады. Мысалы: нече - هچن (нче), йане - هني (йне), мұнда - ادنم (мнда), қырғыз - زغرق (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың астына не үстіне қосымша белгі болып қойылады.
Араб графикасындағы е фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда а, ә,е фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзіндік таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында е фонемасы міндетті түрде иа-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында а,ә - лермен бірге һаарқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы e-нің дифтонг реңкі жазуда ескерілген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыстардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді.
Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда белгісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді.
Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөзді тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына келтіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды.
Сөйтіп, дауыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты. Жазу бір буынды сөздердің мағынасын ажырату-да қиындық тудырды. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сияқты түбірлер бірдей жазылды.
Жалпы, араб графикалы жазуда араб жазуының дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда бұл жазу өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды.
Н.Уәли айтқандай, халықтық тілден едәуір айырмашылығы бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе болды.
Ал дауыссыздар жүйесін белгілейтін әріп таңбалары - 20. Мұндағы 3 әріп шеттен енген сөздерді таңбалады: х, ф, ч: хазірет, хабар, хош.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша п, фонемасының сөз басында парсылық пе-мен, сөз аяғында арабша ба-мен сөз ор-тасында бірде ба, бірде пе-мен берілу жүйесі қатаң. Бұдан сөз аяғы қатаң [п]-мен аяқталмайды дегенді білуге болады. Сондай-ақ б фонемасының сөз ортасында ба-мен, бірге ве-мен де берілуін интервокал позициядағы босаң б вариациясын білдіруі деп түсінуге болады.
Жалпы, араб әліпбиінің түпнұсқасында болмаған п дыбысының әрпі өзге әліпбиден (парсы) алынса да, толық өз функциясында жұмсала алмаған дейміз.
Араб әліпбиінде г фонемасының да таңбасы болмағандықтан кейде орнына ғ әрпі пайдаланылған. Сол себепті басқа тіл-ден енген сөздердегі г -к әрпімен таңбаланып отырған дейді проф. Б.Әбілқасымов: акроном, дәркер, емке, крек.
Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан ш графемасынан дифференциацияланбай, екі әріп таңбалары бірінің орнына бірі қолданыла берген, ч әрпі қатаңмен іргелес келгенде де, дауысты, үндімен іргелес келгенде де таңбаланған кездері аз емес: айтчы, елчі.
Орыс тіліндегі в фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай, біресе у, біресе б таңбасымен (чинобник, бистафка), біресе ф әрпімен берілді (Жапаноф, Ибаноф).
Араб жазуының емлесіндегі бір ерекшелік ерін үндесімінің басым берілуі, тіпті қосымшаларда да таңбалануы болды: болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұнлұқ, үстүнен. Яғни, ерін үндесімі позициялық өзгерісті бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бірге оғыз-қарлұқ архаикалық элементінің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұб, бірақ барұб, келүб.
Проф. Р.Сыздық Қ. Жалайырдың еңбегінде лабиалды үндесім тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың еріндік вариан-ты мүлде кездеспейтінін айтады. Бұл тенденцияны орта түркі шағатай тілінің орфографиялық нормасынан қазақ тілінің өз емле нормасы бөлініп шыға бастағаны деп түсіндіруге болады.
Қосымшалардың түбірге үйлесімсіз бірыңғай ұяң вариантпен жазылуын Г.Мамырбекова инвариант-вариант принципі бойын-ша ұяң нұсқасы инвариант болып табылған да, ауызша тілде үйлесім варианттарымен дыбысталғаны деп көрсетеді.
Жалпы, мұнда қосымшалардың мазмұн межесі (мысалы, көптік жалғауының қазақ сөйлеу тілінде 9 варианты бар) бір тұрпат межесіне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын көруге болады: 9 лар, лер, лөр, дар, дер, дөр, тар, тер, төр 1лар.
Сөз болып отырған жазу емлесі морфологиялық ұстанымға негізделді. Дегенмен, ерін үндестігінің позициялық түрленімінің таңбалануы, орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң езуліктердің айтылуы бойынша түсіріліп жазылуы, интервокал позициядағы қ фонемасының х әрпімен (йахшы, йарылханыб, ахыры, ахшар) берілуі, қ, ғ әріптерінің жуан дау-ыстылармен іргелес жазылуы араб жазу дәстүрінен қазақ тілінің өзіне тән жазу жүйесі түзіліп келе жатқанынан хабар берді.
Бұл кездегі емле дәстүрі, негізінен, мыналар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жазуының бастаулары
Қазақ жазу тарихы
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Қазақ жазуының тарихы
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
Қаншама қазақтың ошағы сөнді
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
Пәндер