Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы, өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет .

Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т. б. атаулармен аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді . . . Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне, тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер - деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар. Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан» немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. Бұл «жеті» санының қасиеттілігін айқындай түседі деп ойлаймын. Қазақ халқында, бұрыннан жалғасқан салт бар. Бұл «жеті» санына тіркес болып келеді. Бұл туыстық қатынасқа тікелей байланысты. Бұл «Жеті ата» дәстүрі. Яғни, «Жеті ата» дәстүрі бойынша, әрбір ер азамат өзінің ата-тегін білуі қажет. Ол ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене қатары бойынша жалғасуы шарт. Сонымен қоса, туысқан жігіт пен қыз ешқашан отау құрмаған. Бұл қазақ халқының қанының тазалығын білдіреді. Тікелей айтқанда, егер екі жастың жеті аталарында ортақ кісі кездеспейтін болса, жастардың үйленуіне рұқсат етілген. Сонымен қатар, қазақтар үш жүзге бөлінеді. Олар: «Ұлы Жүз», «Орта Жүз», «Кіші Жүз» деп аталады. Ал әрбір жүз бірнеше тарауларға бөлініп, руларға ұласады. Бұл да қанның тазалығына әсер етеді. Қортындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де - осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда - поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.

Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос - соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты.

Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй - қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т. б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы - киіз үй.

Үшіншісі, музыкалық мәдениеті. Музыкалық мәдениетіне мен екі-үш ақ мысал келтірейін: сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген - музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. Нанбасаңыздар, айтып шығайын. Исі 40-тан астам түркі халқының ішінде Қорқыт бабамыздың күйін сақтап қалған жалғыз халық - қазақ. Қорқыттан бізге жиырмаға тарта күй жеткен. Олар әлі күнге дейін үлкен сахналарымызда тартылады. Қорқыттың бергі жағында Шыңғыс ханның алдында күй тартқан - найман Кетбұға күйші. Күйшінің он үшінші ғасырдағы «Ақсақ құлан» күйінің бізге он варианты жетті. Осы орайда айта кетейін, қазір Европа кітапханасында тұрған «Кодекс Куманикус» кітабында сол Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің ноталық жазбасы бар. Қазақ музыкасына үлес қосқан еврей зерттеуші Борис Григориевич Ержакович ескі нотадағы аталған музыканы бүгінгі нотаға түсіргенде «Ақсақ құлан» күйі шығады. Күйді алғаш рет М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында істеп жүрген кезімде естідім. Кетбұғадан кейін сары Салтық, одан бері қарай Байжігіт, кешегі Абылай хан кезіндегі атақты күйшілер, XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы үш саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр. Мәдениет сөз болған уақытта біз ешуақытта бүгінгі аумақтық, яғни территориялық шеңберімізбен шектеліп қалмауымыз керек. Өйткені, қазақ дейтін халықты құрсағында тербеткен ұлы даланың аумағы қазіргі шекарадан әлдеқайда кең болатын. Біз отаршылдықтың қақпанына түскен кездегі жеріміздің үштен бір бөлігінен айырылып, тәуелсіздік алдық. Осы орайда, шекара сыртында жатқан мынадай мәдени 5 түрлі рухани асылдарымызға біз ұдайы назар аударып жүруіміз керек. Бірінші - атамекен жұрттарымыз, екінші - сол жұрттарда сүйегі қалған ата-баба әруақтары, үшінші - шекара сыртында жатқан жалпы мұралар, төртінші - шекара сыртында аналарымыздың, аталарымыздың қолымен жасалған материалдық мәдениеттер, бесінші - шекара сыртында әлемнің қырықтан астам елінде бас сауғалап жүрген қандас бауырларымыздың қолынан туған өнер туындылары. Осының барлығы біздің төл тарихымыздың, төл мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
Мәдениет морфологиясы туралы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Ұлттық сананы қалыптастыру
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz