Кәсіпкерліктің бизнес - жоспары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІС №7. Кәсіпкерліктің бизнес-жоспары
Дәріс жоспары:
1. Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері
2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны

1. Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері
Жоспарлау -- менеджмент міндеттерінің бірі кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді біддіреді: фирма қаңдай бағытта дамиды: қандай қарқынмен; қойылған мақсатка қалай жетуге болады, тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін істеу керек. Тиімді жоспарлау -- ол тек мақсаттарды, процесі ғана емес, сондай-ақ сол арқылы жетістікке же жоддарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру де және оның әрі қарай даму кезендерінде де кажет.
Жоспарлауды ұйымдастыру - халық шаруашылығын басқарудың барлық саласында, олардың қызметін анықтайтын, болжамдар мен жоспарларды жасалу тәртібін бекітетін, маңызды көрсеткіштерді орындалуына дейін жеткізетін және олардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыруда жоспарлау мекемелер жүйелерін қамтиды. Жоспарлауды ұйымдастырудың ғылыми негізі болып қағидалар табылады, яғни талаптар, негізгі ережелер.
Қазіргі кезде жоспарлауды ұйымдастырудың маңызды қағидасына жататындар:
oo Децентрализация және демократизация.
oo Демонополизациия.
oo Елдің экономикалық пайдалылығы үшін интреграциялық процестеріне қатысу.
oo әлеуметтік және экологиялық мәселелрді болашақта шешу.
Жоспарлау - қоғамның әр-түрлі салаларында болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметті.
Жоспарлау - алдағы уақытта белгілі бір жағдайға қол жеткізуді мақсат етіп қою болып табылады.
Болжам - алдағы уақытта обьектінің мүмкін жағдайын және оны жүзеге асырудың альтернативті жолдары мен мерзімдерінің ғылыми негізделген ойластырылуы.
Жоспарлау келесі белгілер бойынша жіктеледі:
* масштабына байланысты (көлеміне);
* уақыты бойынша;
* мақсаты бойынша.
1) Масштабына байланысты:
* микроболжам;
* макроболжам.
2) Уақыты бойынша:
* ұзақ мерзімді (5 жылдан 15 жылға дейін);
* орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);
* қысқа мерзіммді (1 айдан 1жылға дейін);
* шұғыл (1 айға дейін).
3) Мақсаты бойынша:
* нормативтік;
* ізденіс.
Сонымен жоспарлау - алға қойған жұмыстарды негіздеугге, міндеттеуге, тиімді, реттеуге, ақпаратты өндеуге, бағытталған ақыл-ой процессі.
Тәжірибеде жоспарлаудың негізгі 5 әдістерін ажыратады:
oo баланстық;
oo есептік-конструктивті;
oo бағдарламалық, мақсаттық;
oo экономикалық-математикалық;
oo нормативті-ресурстық.
Макродеңгейде жоспарлаудың мемлекеттік мекемелері ағымды экономикалық жағдайды талдаумен, экономика дамуының маңызды пропорциясы мен қарқынын жоспарлаумен, приоритетін дәледеумен, эконмика құрылымын қалыптастырумен, материалды және қаржы теңдігін қамтамасыз етумен айналысады. Негізгі назар елдің әлеуметтік және экономикалық даму тактикасы мен стратегиясын жасауға, экономиканы реттейтін (мемлекеттік тапсырыс, баға, салық және жеңілдіктер, мемлекеттік инвестициялар мен ссудалар, сақтандыру және басқа да резервтер) негізгі сандық маңыздыларының нақты жоспарлы мүмкіншіліктерін анықтауға бөлінеді.
Мезодеңгейдегі жоспарлау мекемелері нарықты кешенді зерттеумен, сұраныс пен ұсынысқа болжау жасаумен, уақытқа байланысты салалар мен өңірлердің дамуына жоспар және болжау жасаумен, маңызды мәселелерді шешуге мақсатты бағдарламалар құруға, экономиканы реттейтін параметрлерді қалыптастыруға қатысумен айналысу керек.
Микродеңгейдегі жоспарлау мекемелері басқарудың басқа да мекемелерімен бірігіп, мақсатты анықтау, олардың мақсатына жету үшін болжамдар мен жоспарлар (бизнес-жоспар) жасау, солардың орындалуын ұйымдастыру қажет.
Микродеңгейде, яғни кәсіпорын, ұйым, фирма деңгейінде жоспарлау мен болжау обьектісі болып табылатындар: сұраныс, өнім өндірісі (қызмет көрсету), сату көлемі, материалды және еңбек ресурстарына қажеттілік, өндіріс және өнімді өткізу шығындары, баға, кәсіпорын табысы, олардың техникалық дамуы. Жоспарлау мен болжау субъектілеріне жататындар: кәсіпорынның жоспарлы-қаржы мекемесі, маркетингтік және техникалық бөлімдері. Жоспар кәсіпорын бойынша жалпылай, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімдеріне: цехына, участкесіне, қызметтеріне жасалады.

2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
Жоспарлау жүйесі - бір-бірімен тығыз байланыстағы және бір-біріне ықпал етуші жоспарлау процесстерінің жииынтығы.
Жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:
1. стратегиялық жоспарлау;
2. тактикалық жоспарлау;
3. оперативтік (шұғыл) жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау - фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерззімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты - фирманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
Кредиттік оқу жүйесі
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпкерлік қызмет ұйымдарды қаржыландыру көздері
Кәсіпкерлік пен бизнес
Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi
Кәсіпкерліктің мәні
Шағын бизнес және оның құрылуы
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Пәндер