Облыстар тұрғысынан туризмнің дамуының жай - күйі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Облыстар тұрғысынан туризмнің дамуының жай-күйі

Туризмнiң қарышты және тұрақты дамуына сырттан келушiлер мен iшкi туризм көлемiнiң өсу қарқыны мен туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң құрылуы куә бола алады.
Бұл ретте елдiң туристiк имиджiн қалыптастыруға және ұлттық туристiк өнiмдi туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына шығаруға айрықша назар аударылды: 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Берлин (ГФР), Лондон (Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (РФ) қалаларында, ал 2006 жылғы қаңтардан бастап Утрехт (Голландия) қаласында өткiзiлетiн iрi халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етiлiп келедi.
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристiк ұйымдарының өкiлдiктерi кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнiмнiң сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгiнде (Лондон қ. ) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бiрiншi туристiк өкiлдiгi ашылды.
Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның Іс-шаралар күнтiзбесiне енгiзiлген КIТF - Қазақстан халықаралық туристiк жәрмеңкесi Алматы қаласында, "Белуха" халықаралық туристiк фестивалi Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiледi. 2005 жылы KITF жәрмеңкесiне әлемнiң 23 елiнен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттерi 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негiзгi мақсаты туристер ағынын елдiң орталық және солтүстiк өңiрлерiне тарту, ел ордасы - Астананың үшiншi мыңжылдық қаласы ретiнде имиджiн қалыптастыру болып табылатын "Астана-Демалыс" халықаралық қазақстандық туристiк көрме жыл сайын өткiзiлiп тұрады.
Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткiзу қамтамасыз етiлген. Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету үшiн инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткiзушiлердегi басқа да жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.
Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға және туристiк индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн тигiзедi, оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделi мүшелерi қатарынан туризм жөнiндегi шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы туризм" Интернет-парағын ашу туралы шешiм қабылданды.
Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң қолданыстағы барлық түрiн ұсынып отыр. Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада туризмдi дамытудың iскерлiк, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi сияқты басым бағыттары айқындалды.
Туристiк қызмет көрсетулердiң негiзгi жеткiзушiсi туристiк ұйымдар болып табылады, оларды туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристiк ұйым мен 30 жеке кәсiпкер ұсынады. Әрекет етушi туристiк фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсiпорындарының басым көпшiлiгi Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) . Қазақстанның туристiк қызмет көрсетулер нарығында 3, 2 мыңға жуық адам, 1, 5 мың кәсiби гид пен экскурсияшы жұмыс iстейдi. Туристiк нарықтың барлық ұйымдарының 98, 3 %-iн шағын кәсiпорындар (жұмыс iстейтiндердiң саны 50 адамға дейiн) бiлдiредi. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсiпорындар 1, 3%-тi, ал iрiлер 0, 4%-тi құрайды. Талдауға қарағанда, туристiк ұйымдардың көпшiлiгiн шағын және орта кәсiпорындар құрайды, олар әлем елдерiнiң көбiнде инновацияларға негiзделген экономикалық өсiмнiң тиiмдi генераторы болып табылады. Қазақстанның туристiк ұйымдары әлемнiң жетпiс елiмен ынтымақтаса жұмыс iстейдi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379, 3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17, 8 процентке артық.
Жоғарыда көрсетiлгендермен қатар, ұлттық туристiк нарықта шетелдер қатысатын 37 туристiк ұйым қызметiн жүзеге асырады.
Тек қана туристiк ұйымдардың қызметiнен Қазақстан Республикасының кiрiсi 2005 жылы 5902, 6 млн. теңгенi құрады.
Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристiк индустрия кәсiпорындарының кiрiсi 16, 8 процентке көбейiп, 30553, 4 млн. теңгенi құрады, сонымен қатар бюджетке 6526, 5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37, 6 процентке артық . Көрсетiлген қызметтердiң жалпы көлемi де 43, 3 процентке артып, 24516, 8 млн. теңгенi құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң төлем теңгерiмiнiң деректерi ("Сапарлар" бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемi 2005 жылы 684, 5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемi 667, 1 млн. АҚШ долларын құрады. 2005 жылы елдiң IЖӨ-ге туризмнiң салымы 1, 3 проценттi құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша сырттан келушiлер туризмi көлемiнiң 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейiн тұрақты арту үрдiсi байқалады. Iшкi туризм бойынша көрсеткiштер 2004 жылғы 2793, 8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейiн өсуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерiн талдау сырттан келушiлер туризмi географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161 елге дейiн кеңейгенiн көрсетедi.
Сырттан келушiлер туризмiн талдау көрсеткендей, туристердiң 58, 4 процентiнiң бiздiң елге iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келгенiн көрсеттi. Елiмiзде демалу мақсатында 12017 турист (30, 1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10, 2 процент коммерциялық мақсатпен - 1, 2 процент турист келген.
Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмiнiң көлемi артуда. Егер 2000 жылы туристiк фирмалар шетелге 67360 туристi жiберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристi құрады. Алыс шетел мемлекеттерiнiң iшiнде Түркия - 63, 1 мың адам (30%), Қытай - 48, 6 мың адам (23, 1%), Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi - 23, 8 мың адам (1 1, 3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.
Сыртқа шығушылар туризмiнде бос уақыт, рекреация және демалыс (44, 7%) мақсатымен шығу басым болып келедi. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық - шоп-турлар (29 %), iскерлiк және кәсiби (18, 7%) болып табылады.
Елде әр түрлi туристiк қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдiк азаматтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға кең мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк кешеннiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасалуда, ұлттық туристiк өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету үшiн стандарттар әзiрленiп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшiн жағдайлар айқындалды.
Туризмдi дамыту көлiк инфрақұрылымын дамытумен тiкелей байланысты. Елiмiзге туристер негiзiнен әуе көлiгiмен келедi. Iшкi туризм мақсатында көбiнесе автожол көлiгi пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тiзбесi толықтырылып, олардың құрамында iрi туристiк объектiлерге апаратын жолдар бар.
Сырттан келушiлер туризмi мен iшкi туризм көлемiн ұлғайтудың негiзгi факторлары тармақталған көлiк желiсiн дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерiнiң географиясын кеңейту болып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
Қазақстандағы туризмнің жай-күйі және оны дамытудың проблемалары
«Қазақстандағы туризмнің қазіргі жағдайы және оны дамыту проблемалары»
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстанның туристік келбетін қалыптастыру
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Ішкі туризм туралы ақпарат
Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары
Қазақстан туризмі
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz