Әдебиет сыны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абдуалиева Камила

Кя 18/1

19-20 Практикалық сабақ

  1. Әдебие сынның қалыптасуының алғышарттары
  2. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдамалар
  3. Жаңа кезең әдебиеті және әдеби-сын
  4. Ұлттық баспасөздегі әдеби сынның көрінісі

5. Зерттеу еңбектері мен мақалалардағы әдеби-сыни көзқарастар

1

Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын - әдебиеттану ғылымының бір саласы.

Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл. -эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. - аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі - көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә. с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір - аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә. с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә. с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.

Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. АЫбырай Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т. б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә. с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты.

2.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі саяси қысымдардан салыстырмалы түрде болған тəуелсіздік əдеби-теориялық ізденістердің өрістеуіне біршама жағдай туғызды. Пролетарлық əдебиеттің өкіліміз дейтін төңкерісшіл қайраткерлерге əдебиеттің таза эстетикалық заңдылықтарына сүйене отырып жауап қатқан мақалалар соның айғағы. Сөз өнерінің саясат шылауында қалуының неге апарып соқтырарын болжаған Қ. Кемеңгеров «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған «Көркем əдебиет туралы» атты мақаласында: «Шынында, біздің көркем əдебиет қоғам тұрмысын шет-пұшпағынан тартып жүр. Сол шет-пұшпақтың өзін көбінесе кейбір жазушылар романтизмге, символизмге айналдырып отыр. Кейбір жазушылар не үгітке, не жалаңаш порнографияға айналдырып отыр. Осы күнге дейін шын реализммен жазылған Бейімбет өлеңдері (мұның да біразы үгіт, насихат, ұран) шын реализмнен қоныс теппеу себебінен шын тұрмыстың бəрін қисайтып жібергендік», - дейді [2] . Қазақ əдебиеттанушылары ұлттық əдебиеттің болашақ даму жолына байланысты «Тікен» деген бүркеншек атты иеленген автордың «Əдебиет мəселесі туралы» деген мақаласындағы айтылған ойларға да назар аударып келеді. («Тікеннің» кейінде көркемдік əдіс мəселесінде біраз адасушылықтарға ұрынғаны да белгілі) . Ол: «Октябрь төңкерісіне орта жолдан қосылған жазушыларымыз шу дегенде балға, төс, фабрика, завод, автомобиль, аэропланнан бастап, жалпы бұқараның тұрмысынан алыс болса да, интернационализм бағытымен əдебиетке бір тарау жол салды. Міне, бұл - төңкерістің олжасы. Бұл жолдағылардың бағыты болмаса, өлеңдерінде, қара сөздерінде суретшілік кем. Көбі айқай, еліктеу, əдеби ұрлық» дей отырып, əдебиеттің халық өмірімен қабыспай, оның тұрмыс-тіршілігінен бірте- бірте алыстап бара жатқанын дұрыс аңғарап, дер шағында мəселе көтере білді

3.

80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т. б. жанрлық түрлері дами бастады

4.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Баспасөз және сын
Сын және әдебиет
Баспасөз және сын жайында
М.қаратаев - әдебиет сыншысы
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі «Әдебиет танытқыш»
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz