ЯМР мен ЭПР-ді медициналық зерттеулерде қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
БӨЖ №8
ЭССЕ
ЯМР мен ЭПР-ді медициналық зерттеулерде қолдану

Орындаған:Малкайдар Д.
Курс:1 курс Мамандығы:ЖМ Тобы:117 Б
Қабылдаған: Ақтан.Б.Р.
Кафедра: АКТ

Алматы 2020ж

Электромагниттік өрістің "бөлшектері"-фотондар-сәуле шығарушы денеден жарық порциясы немесе радиотолқын (дәлірек айтсақ-өріс энергиясынъң порциясы) ретінде өз еркімен қозғалып жүре алады. Қазіргі кванттық механикаға сай кез-келген бөлшекке толқын немесе толқынның үзілісі сәйкес келеді. Тағы да әрбір бөлшекке өзінің өрісі сәйкестендіріледі. Мұндай мағынада бөлшектер мен өрістің табиғаты бір екенін көруге болады. Алайда екеуі бір-бірінекелтірілмейді; кезінде бөлшекті өрістің бөлігі деп көрсетпекші де болған. Қазіргі кезде бұлар корпускулалык, және толқындық аспектілердің бірлігі деп қарастырылады. Өте тереңгі деңгейде қарастырғанда микрообъектілер бөлшектер де, толқындар да емес. Гравитациялық және электромагниттік өзара әсерлесулерден басқа, элементар бөлшектер әлемінде өзара әсерлердің басқа да түрлері кездеседі. Олардың, мысалы, атом бомбаларындағы және ядролық реакторлардағы жүріп жатқан ядролық реакцияларда, сәуле шығарып тұрған жұлдыздардағы термоядролық реакцияларда алатын орны үлкен, мәні зор. Табиғаттағы барлық процестерді жеке бөлшектердің, денелердің және өрістердің өзара әсерлесуінің нәтижесі деп қарастыруға болады. Бүкіләлемдік тартылыс мұның айқьн мысалы. Жоғарыда келтірілген тартылыс заңының классикалық ньютондық тұжырымы тек салыстырмалы әлсіз өрістер үшін орынды. Күшті гравитациялық өрістер үшін және тағы да үлкен жылдамдықтағы қозғалыстар үшін дәлірек сипаттаманы жалпы салыстырмалылық теориясы береді. 1925 жылы А.Эйнштейн біртұтас өріс теориясын құру туралы проблема көтерді. Жоғарғы температураларда әртүрлі өзара әсерлесулерді бір-біріне бере алатын барлық бөлшектер- фотондар және гравитондар, сонымен қатар глюондар (кварктерді байланыстыратын; күшті ядролық өзара әсерлесу) және аралықтағы векторлық бозондар (әлсіз өзара әсерлесу), осылардың барлықтары суперкүштің әсерін жеткізе отырып бірігуі қажет. Атап айтсақ, дәл осындай суперкүш сингулярлық моментте Үлкен Жарылысқа әкелген болуы керек бірақта біртұтас өріс теориясы әлі шешілген жоқ.
ЯМР-ді 1945-1946 жылдары Ф. Блох пен Э. Персилл ашқан болатын. ЯМР деп - тұрақты магнит өрісіндегі параметрлік ядролардың электромагниттік толқын энергиясын жұтуы кенет өтетін құбылысты айтады.
Электромагниттік толқынның магнит өрісінің әсерінен атом бір энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық деңгейге өтеді. Осы құбылысты 1944 жылы Е. К. Завойский ашқан және ол электрондық параметрлік резонанс деп аталады.
ЭПР- ді зертеуге арналған аспаты радиоспектрометр дейді. Ол біртекті күшті магнит өрісін тудыратын 1- электромагниттен, 2- электромагниттік толқын генераторларынан, 3- зерттелінетін нұсқадан, спектрді жазуға арналған 4- электрондық схемадан, 5-спектрді бақылауға арналған жүйеден тұрады.
Электрлік зарядталған денелердің қасиеттері адамзатқа қазіргі кезден 2,5 мың жылдай бұрын белгілі болған. Зарядтардьң оң және теріс деп, шартты түрде, аталынған екі түрлі болатындығы мәлім. Дененің аттас зарядтары бір- бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар-тартылады. Олардың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен сипатталады, яғни ол зарядтардың шамаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың өзара арақашықгығыньң квадратына кері пропорционал болады. Барлык, зарядтар шамасы е~1,6*10 К кулонга тең минимал элементар зарядқа еселенеді. Дәл осындай заряд теріс зарядталған электронда болады және де барлық басқа зарядталған элементар бөлшектерде: оң протондар мен позитрондар да,оң және теріс мезондарда болады (қос элементар зарядтары болатын кейбір резонан бөлшектерден басқа).
Максвелл теңдеулер жүйесінің ерекшелігі-оның электрлік және магниттік шамаларға қатысты симметриялы еместігі. Теңдеулерге магниттік зарядтарды енгізгенде ғана симметриялылыққа ие болуы мүмкін. Бұл жөнінде атақты ағылшын физигі П.Дирак магниттік зарядтардьң да болуы мүмкін деген болжам айтып, монопольдар (бір полюсты) теориясын ұсынған болатын, бірақ та олар "табылып" дәлелденген жоқ.
Табиғатта оң және теріс электр зарядтары бар бөлшектер тұрақты түрде бақыланады, ал бір "таңбалы" (монопольды) магниттік "зарядтар" ешуақытта жеке әлі кездескен емес. Магниттің екі ұшы әркашан да, әсер ету шамасы бойынша тендей, екі полюске ие боладьі; ол қанша ұсақ бөлікке бөлінсе де ұштарында бәрібір екі түрлі полюс қалады. Магниттік монополъдардың тіптен болмауы да мүмкін.
Қазіргі физикамагниттік күштерді электр күштерінің релятивистілік қасиеттерінің көрінуі деп есептейді. Қозғалмайтын электр заряды барлық бағыт бойында бірдей күш өрісін туғызады Ал қозғалыстағы зарядтың, оньң қозғалыс бағытындағы электрлік өзара әсерлесу күші, қозғалмайтын санақ жүйесінде өлшеулер жүргізгенде, релятивистік эффектілерге байланысты оньң көлденең бағыттағы мәнінен аз болады; осы көлденең құраушысы магниттік құраушысы деп аталды да, бұл, шаманың зарядтың қозғалыс жылдамдығымен (немесе электр тогыньң күшімен) байланысы дұрыс табылды. Сондықтан оны өзгертудің ешқандай мағьнасы жоқ. Магниттік монопольдар эксперимент жүзінде ашылмаса да электромагниттік әсерлесудің зандылықтары әрдайым орынды және процестерді дұрыс сипаттайды.
Магниттік өрістің әсерлесуі әр алуан және өте көп. Электр тоғының, тұрақты магниттердің, Жердің магнит өрісі-барлығы магнит өрісінің айқын көріністері болып табылады.
Қозғалыстағы космостық сәулелердің зарядталған бөлшектерінің Жер магнит өрісіндегі ауытқуына байланысты, сол бөлшектер үшін тосқауылдар-радиациялық белдеулер- пайда болады. Бұл бөлшектер Жердің радиациялық белдеуінде өзінің энергиясын жоғалтқанша айнала қозғалады, циркуляция жасайды; яғни олардың әсері мүлдем төмендеп Жер бетіндегі тірі табиғат сақталады.
Электромагниттік өзара әсерлесуге реал өмірде бақыланатын көптеген күштер жатады, олар-серпімділік күші,үйкеліс күші, сұйықтардың беттік тартылыс күші; осылармен заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерінің қасиеттері, қатты денелердің бүтінділігі, химиялық түзілістер, көптеген оптикалық құбылыстар және т.т. түсіндіріледі.
Мембраналар қызметінің режимі липидтік қос қабаттың микро тұтқрлығына, мембранадағы фосфолипидтер молекулаларының қозғалғыштығына және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық магниттік резонанс пен электрондық парамагнитті резонанс медициналық зерттеулерде қолдану
ЯМР және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде қолдану. Қазіргі кездегі МРТ
Электромагниттік өзара әсерлердің таралу жылдамдығы
Өріс туралы жалпы түсінік
«Зерттеудің физикалық әдістері» пәнінен материалдар
Қатты денелердің беттік қасиеттеріне ультракүлгін және иондайтын сәулеленудің әсері
Атомдар мен молекулалардың сыртқы магнит және электр өрістерімен әсерлесуі. Магниттік резонанс
Магниттік резонанстың шарттарының классикалық сипаттамасы
Органикалық заттарды физикалық әдістермен зерттеу
Беріктілік проблемаларды шешуде статикалық және кинетикалық көзқарастар
Пәндер