Жол ережесін бұзу бойынша хабар-ошарсыз болмау институты, азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі мен мазмұны, мәмілелер ұғымы мен түрлері және жарамсыз мәмілелер - тапсырмаларына жауаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

№3 БӨЖ

Шығыстану факультеті, 107-топ, аударма ісі

Қоңырбай Гүлбаршын Алмасбекқызы

БӨЖ - 3. ҚР құқық жүйесі - 4 акад. сағат

1 тапсырма

Ұсынылған тақырыптардың бірін бекіткен студенттердің презентациясын дайындау: "хабар-ошарсыз болмау институты", "азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі мен мазмұны", "мәмілелер ұғымы мен түрлері "және" жарамсыз мәмілелер»

2 тапсырма

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау:

1. Әрекет қабілеттілігін шектеу.

Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленген шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.

Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар адамдар арасында болады. Қатынастарға жеке азаматтармен қатар, заңда көзделген белгілерге ие ұжымдық құрылымдар да түсе алады. “Заңды тұлғалар” терминімен қатар, ҚР азаматтары, шет ел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қамтитын “жеке тұлғалар” терминін қолданады. Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықтың барлық субъектілерінің арасында кез-келген түрде туындай береді

2. ҚР Конституциясымен кепілдік берілген жеке тұлғаның заңды құқықтары мен бостандықтары.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімінде адам құқықтары мен бостандықтары қарастырылады.

Сонымен, адам құқығы - жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап, өздерінің қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін қорғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.

Заң ғылымында адам құқығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.

Адам құқығы - табиғи құқық, оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет Конституцияға кіргізіп, бекітсе, онда ол адам сол мемлекеттің азаматы болады.

Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандығы халықаралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оның түрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, экологиялық, ақпараттық құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.

Азаматтық құқық - адамның табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетті.

Экономикалық құқық - табиғи бостандық пен құқықтың экономикалық талаптары - жеке меншік құқығы кооперацияға мүше болу, акционерлік ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т. б.

Саяси құқық - қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару, қоғамдық ұйымдар, партия қүру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу, сайлауға қатысу, сайлану т. б.

Әлеуметтік құқық - қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты жақсарту т. б.

Мәдени құқықтар - білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен шұғылдану; тіл, дін құқықтары т. б.

Экологиялық құқық - адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол туралы мәліметтер алу, зиянға ұшыраса төлету т. б.

Ақпараттық құқық - ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару, мақалалар жазу т. б. құқықтар.

Халықаралық құқықтар - жоғарыда көрсетілген құқықтардың көпшілігі адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына, жүріп-тұруына шектеу қойылмайды.

Кепілдік - қоғамның экономикалық жағдайы, құралдары, әдіс-тәсілдері бірігіп, адамдардың бостандықтары мен құқықтарын іске асыруға қолайлы мүмкіншіліктің қалыптасуы. Кепілдіктің қағидалары: гуманизм, әділдік, заңдылық, теңдік, демократизм т. б. Кепілдік мазмұны, мақсаты - адамдардың бостандықтары мен құқықтарын іске асыруға қолайлы жағдай жасау. Оның функциясы - осы бағыттағы нормативтік актілерді уақытында, дұрыс орындалуын қамтамасыз ету. Объектісі - құқықтық қатынастардың жақсы дамуына, аяқталуына мүмкіншілік жасау.

Кепілдікті жүйелеудің түрлері толып жатыр. Оның әлеуметтік бағытына қарай үш түрі болады: материалдық, саяси, рухани.

Материалдық кепілдік - экономикалық кеңістік, заттардың орын ауыстыруына, бизнеске, конкуренцияға толық бостандық беру, меншіктің барлық түрін қорғау, адам мен мемлекеттің, жұмысшы мен бизнесменнің, өндіруші мен алушының арасында әлеуметтік теңдікті қалыптастыру.

Саяси кепілдік - қоғамда демократиялық басқару жүйенің қалыптасуы, халықта экономикалық, саяси, әлеуметтік бостандықтың болуы. Ақпараттың жұмысына бақылауды жою. Сын мен сезге толық бостандық беру.

Рухани кепілдік - мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту, отанды қорғау, қадірлеу, әділеттікті, шындықты, теңдікті, инабаттылықты, адамгершілікті, парасаттылықгы жақтау.

Заңды кепілдіктің - түрлері: конституциялық, жалпы халықтық, жеке адамдардың құқықтарын орындау, қорғау кепілдіктері.

Кепілдіктің кеңістігіне қарай екі түрі болады: мемлекеттің ез ішіндегі кепілдік және халықаралық Құқықтық кепілдік.

Мемлекеттің өз ішіндегі кепілдік - адамдардың бостандықтары мен құқықтары Конституцияда, Заңдарда жазылып, олардың орындалуын мемлекет толық бақылауға алып, материалдық, әлеуметтік, саяси мүмкіншіліктер жасалады.

Халықаралық құқықтық кепілдік - Біріккен Ұлттар Ұйымының декларациясында, әр түрлі дүниежүзілік ұйымдардың қаулыларында, халықаралық кұқықта толып жатқан кепілдіктер бар. Олардың орындалуына толық бақылау орнатылған.

Нормативтік актілердің мазмұнына қарай кепілдіктің бірнеше түрі болады: қарапайым, күрделі, аралас, жалпылама, арнаулы, жеке адамға кепілдіктер.

Қарапайым кепілдік - адамның бостандығы мен құқықтарының бір саласын қорғайтын нормативтік актілер жиынтығы. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясында адамдарды «сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» (20-6. 1-т. ) .

Күрделі кепілдік - қоғамның бір саласындағы адамдардың бостандығы мен құқықтарын және әлеуметтік ұйымдарын қорғайтын нормативтік актілер жиынтығы. ҚР Конституциясында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала - мемлекеттік тұрғыдан танылып, қорғалатын басты қазына» (27-6., 1-т. ) .

Аралас кепілдік - адамдардың қоғамдағы барлық бостандығы мен құқықтарын және әлеуметтік ұйымдарын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтық кепілдігі. ҚР Конституциясында «Қазақстан мемлекеті адам кұқығы мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды» (12-6., 1, 4-т. ) .

Жалпылама кепілдік - халықаралық құқықтың және БҰҰ Декларациясының (1948, 1966 жж. ) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында «Адам құқықтары мен бостандықтары - дүниежүзілік қоғамдастық игерген мойындаған және тиісті халықаралық - құқықтық актілерде бекітілген, әлеуметтік және заңдық жағынан қамтамасыз етілген, әрбір адамның құқы ретінде мойындалған, ешкім де еркін шектеп немесе тыйым сала алмайды… Қазақстан мемлекеті адам құқығы мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді, әрі қорғайды» (4-б, 1, 3, 4-т; 12-6. ) .

Арнаулы кепілдік - қоғамда адамдардың мамандықтарына, қызметіне, еліміздің дамуына қосқан еңбегіне карай жеңілдік - қамқорлықтар болады. Соларды реттеп, басқаратын нормативтік актілердегі кепілдіктер. Мысалы, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, мүғалімдерге, шахтерлерге әскери қызметкерлерге т. б. заңды кепілдіктер бар.

Жеке адамдарға төтенше жағдайдағы кепілдік - Мұндай кепілдіктің түрлері толып жатыр: жер сілкінсе, су тасқыны, өрт болса т. б. Кепілдіктің барлық түрін нормативтік актілермен толық қамту мүмкін емес. Біраз нормалар бар және бұл мемлекеттің бақылауындағы мәселе.

Ұйымдастыру кепілдіктері - оның үш түрі болады: кепілдіктің тәртібі, техникалық кепілдік, бақылау кепілдігі. Кепілдіктерді дұрыс, уақытында, сапалы іске асыруды мемлекеттік органдар өз бақылауына алып, жоспар жасалып, қатаң тәртіппен орындалады. Бұл туралы нормативтік актілер сол тәртіппен іске асуы кажет.

Техникалық кепілдік - кепілдіктердің біразы техникаларды қолданумен іске асады. Сондықтан мемлекеттік органдар бұл мәселені сапалы жүргізу үшін біраз іс-әрекеттер жасауға міндетті.

Бақылау кепілдігі - кепілдіктің барлық түрлері мемлекеттің бақылауы арқылы сапалы орындалады. Бұл проблема туралы нормативтік актілер қатаң тізімге алынып іске асады.

3. Жеке тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі қандай элементтерден қалыптастыру?

Жеке тұлғалардың кұқықтық жағдайы кұкық кабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі категорияларымен өлшенеді. Бірақ, аталған екі категория терминологиялык жағынан кұкықтық жүйелердін бәрінде бірдей ерекшеленбеген. Мысалы, Англия мен АҚШ-та әрекет кабілеттілігі мен кұқық қабілеттілігі “кұқықтық кабілеттілік” деп бір терминмен (Legal capacity) аталады. Сот тәжірибесінде сондай-ақ “енжар кұқықтық қабілеттілік” (passive capacity) деген термин колданылады, ал мұның өзі құқық қабілеттілігі ұғымына келе бермейді. “Белсенді кұкық қабілеттілік” (active capacity), “кұқықтық құжат жасауға қабілеттілік” деген ұғым әрекет қабілеттілігін білдіреді. Ал неміс зандарында бұл мәселе туралы үш түрлі терминдер қолданылып жүр, мәселен, “құқық кабілеттілік”, “әрекет қабілеттілік”, “деликт (зиян) қабілеттілігі”.

Қазіргі кезде көптеген елдердің зандарында сот пікірі бой­ынша азаматтық құқық қабілеттілігін жоюға жол берілмейді. Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі тек қайтыс болуымен немесе заңда белгіленген мерзім бойынша хабар-ошарсыз кеткеніне немесе өлді деп жариялануына байланысты тоқтатылады. Мысалы, кейбір елдерде ол хабар-ошарсыз кетуіне орай сот шешімімен жарияланған соң тоқтатылады. Айталық, Франціяда әлі күнге дейін адам қанша уақыт бойы хабар-ошарсыз кетсе де, өлді деп жариялауға рұксат етілмейді, тек тұлғанын хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлауға ғана кұкық берілген. Қазіргі кезде Германия азаматтық кұқығы бойынша хабар- ошарсыз кеткен адамды он жылдан кейін ғана өлді деп жариялауға болады. Бірақ ондай адам 25 жасқа толуы керек, ал жасы 80-ге толған адам жоғалса, оны өлді деп жариялау 5 жыл өткеннен соң жүзеге асады. Көптеген елдердің заңдарында толық көлемде әрекет қабілеттілігіне азамат кәмелетке толғаннан кейін ие болатыны жазылған. Мысалы, Германияда 18 жаскатолған соң, Швейцарияда 20 жасқа, ал АКДІ-та 18 бен 21 жас аралығында ие бола­ды. Шариат заңы бойынша ер адамдардың өрекет кабілеттілігі 15-тен, өйелдер 9 жастан есептеледі.

Кейс-тапсырмалар:

1-тапсырма.

А. мен Б. жұбайларында біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі Ресей Федерациясының азаматы болып табылады. Бала РФ азаматы болуы керек, себебі ол Ресей Федерациясының аумағында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде бала туған кезде тұрақты тұрған. Б., керісінше, бала ҚР азаматы болуы тиіс, себебі ол бала туған кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын жері болған.

1. Бұл жағдайда а. мен Б. жұбайларында туған баланың азаматтығы мәселесі қалай шешілуі тиіс?

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңының 12-бабына сәйкес бала Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы керек. Себебі, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:

1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.

Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.

Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.

2. "Қан құқығы принципі" және "топырақ құқығы принципі"ұғымдары нені білдіреді?

Халықаралық тәжірибеде тууы бойынша азаматтық «қан құқығы» принципінің және «топырақ құқығы» принципінің негізінде алына алады. Қазақстандық заңда осы принциптердің екеуі де жүзеге асырылған.

«Қан құқығы» принципінің мәні, бала туған жеріне қарамастан ата-анасының азаматтығын алатынына жатады. Осылайша, Азаматтық туралы заңның 11-бабына сәйкес бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Өз кезегінде, бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды (Азаматтық туралы заңның 11-1-бабы) .

Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала: 1) Қазақстан Республикасының территориясында туса; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады (Азаматтық туралы Заңның 12-бабы) .

Ал «топырақ құқығы» бойынша бала, ата-анасының азаматтығына қарамастан өзі қай мемлекеттің аумағында туса, сол мемлекеттің азаматы болып саналады. Бұл принцип Азаматтық туралы заңның 13 және 14-баптарында іске асырылған.

Осылайша, ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

3. Азаматтық мәселелері бойынша ҚР заңнамасында көрсетілген принциптердің қайсысы басым?

«Қан құқығы» принципі басым.

2-тапсырма .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Азаматтық құқық пәніен дәрістер
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Азаматтарға жүктелетін құқықтар мен міндеттер
Жеке тұлға құқықтық қатынастың құраушы элементі ретінде
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
Азаматтық қатынастардың негізгі қатысушыларына қойылатын құқықтық талаптарға саралау жүргізу
Сенімхат нысаны, мерзімі және ауысуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz