Азаматтық қоғам институтының түсінігі


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Азаматтық қоғам институтының түсінігі
- Азаматтық қоғам
- Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi - демократия
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Азаматтық қоғам институтының түсінігі
Азаматтық қоғам - саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік - анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.
«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдықкүш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi. » (БҰҰ Бас ХатшысыКофи Aннaнныңұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл
Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекетпен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады.
Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты.
Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.
Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор
Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осыбейүкiметтiк ұйымдарарқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады.
«Бейүкіметтік ұйымдарды» мемлекеттік емесұйымдардеп те аударады.
Азаматтық қоғам - кез келген өркениетті елге тән құбылыс. Демократиялық көріністің алғышарттарының бірі әрі үзіліссіз жүріп жататын үдеріс ретінде мемлекеттің қалыптасуына ықпалы зор. Өйткені, оның негізіне мемлекеттің барлық субъектілерінің бір ізді экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени қарым-қатынастары арқау болғандықтан, ілгерілей дамуы көп жағдайда аталмыш институттардың өзара қарым-қатынасына байланысты екені айтпаса да түсінікті. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестік байланыстың дұрыс түзілуіне, өзара сенімділіктің орнығуына айрықша мән берді. Жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл бағыттағы жаңғыру үдерістері кезең-кезеңмен атқарылып, азаматтық қоғам институттарының сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне айтарлықтай ықпал етті. Сарапшылар Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуын бірнеше кезеңге бөліп қарастырады. Жеке меншік құрылымының енгізіліп, экономикалық дербестіктің орнығуы бұл үдерісті жеделдете түсті. 1990-жылдары экономикалық әлеуметтік, саяси реформалардың жандануы түрлі қоғамдық негіздегі ұйымдардың құрылуына, әлеуметтік топтар мүддесінің қорғалуына үлкен әсер етті. Осы кезеңді сарапшылар Қазақстандағы азаматтық қоғам құрылысының бастауы ретінде қарастырады. Ол түсінікті де. 1990 жылы 100-ден астам қоғамдық ұйымдар пайда болып, олардың қызметі азаматтардың құқықтық проблемаларын, экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік әлсіз топтар, жастар мәселелерін шешуге бағытталды.
1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Үш жыл өткеннен кейін үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) саны 400-ге дейін жетті.
1994-1997 жылдары азаматтық қоғам сан жағынан да, сапалық жағынан да айтарлықтай өскенін байқауға болады. Осы аралықта төрт есеге дейін ұлғайып, кәсіби жетілуімен ерекшеленді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қуатты ҮЕҰ-лардың бірі - «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы жұртшылық тарапынан зор қолдауға ие болды. Билік оның талаптарымен санасып, Семей полигонын жабуына тура келді. Қозғалыстың бастамасымен ядролық сынақтардың ауыр зардаптары жаһандық антиядролық альянстың халықаралық конгрестерінде талқыланып, ұсыныстар қолдау тапты. 2011 жылы 12 қазанда «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ғаламдық ядролық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатымен әлемдік антиядролық қозғалыс құру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Бүгінде Қазақстан ядролық сынақтар мен қарулардан бірінші болып өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде ғаламдық қауымдастық алдында үлкен беделге ие. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы» Жарлығы шығып, ұлттық мәдени орталықтар оның төңірегіне топтасты. 140-қа жуық этнос өкілдері тұратын елімізде ұлтаралық бірлік, татулық идеясы салтанат құрды. Осы жылдары азаматтық қоғамның құқықтық базасы жаңғыра түсті. 1994 жылы әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынасы салалары бойынша әлеуметтік әріптестік жайлы үшжақты республикалық комиссия құрылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1996 жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдар қабылданды. Масс-медиа саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру жүйесі орнықты.
Зерттеушілер 1997-2002 жылдар аралығын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру, оңтайлы тетіктерді енгізу кезеңі ретінде сипаттайды. ҮЕҰ-лардың саны 3500-ге жетіп, қоғамның сан-салалы қырын қамтитын әлеуетті күшке айналды. 1998 жылы Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, еліміздегі партиялық құрылыс үдерістері жеделдей түсті.
1999 жылы ҮЕҰ-лардың «Ақпарат орталығы» ашылып, құқықтық сауаттылықты жетілдіру, түрлі кеңестер беру, ақпараттар алу мақсатын көздеген бастамалар өңірлерде өріс алды.
Елбасы үкіметтік емес ұйымдардың дамуына барлық қажетті алғышарттарды жасаудың маңыздылығын атап көрсетті. Осыған орай 2000 жылы Үкіметтік емес ұйымдардың конфедерациясы құрылды. Әлеуметтік саясат саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды талқылауда конфедерацияның қызметі ҮЕҰ-лар мен билік арасындағы әріптестік ықпалдылықты арттырудың тиімді тетіктерін жетілдіруге жұмылдырылды. 2000 жылы «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы», 2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдар қабылданды. Он жыл ішінде үкіметтік емес сектор демократиялық қоғамды өркендетудің тегеурінді тегершігіне айналды.
2002-2005 жылдары ҮЕҰ-лар мен мемлекет арасындағы байланыс жүйесін реттейтін бірқатар құжаттар қабылданып, азаматтық қоғам дамуын сапалы жаңа деңгейге көтеру ойластырылды. 2003-2005 жылдарға арналған Үкіметтің бағдарламасы қабылданып, ҮЕҰ-лардың қатысуымен әлеуметтік проблемаларды шешудегі рөлі қамтамасыз етілді. Бағдарлама талаптарын орындау мақсатымен республикалық қазынадан 42 миллион теңге бөлінді. 2003 жылы 15 қазанда Президенттің бастамасымен бірінші Азаматтық форум өтіп, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ-лар мен халықаралық ұйымдар арасында сындарлы келісім, тиімді байланыс түзілді.
Үкіметтік емес сектор өкілдерімен жүргізілген әлеуметтік сауалдамаға қатысушылардың 93, 2 пайызы әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын аймақтық және республикалық азаматтық форум мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тиімді байланыс алаңына айналғанын атап көрсетті. 2005 жылы мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-лар арасындағы құқықтық базаны одан әрі жетілдіру мақсатымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң қабылданды. Осы құжат аясында орталық және жергілікті органдардың қаржылық қолдауымен ҮЕҰ-лардың әлеуметтік маңызы зор жобаларына конкурстар өткізу қолға алынды.
ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау бағдарламасы шеңберінде 2003 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға 10 миллион 700 мың, 2010 жылы 1, 2 миллиард, 2011 жылы 1, 3 миллиард теңге бөлінді (Мәдениет министрлігінің деректерінен) .
Осы жылы бірінші қанатқақты жобалар конкурсы өткізіліп, еліміздің барлық аймақтарындағы 109 үкіметтік емес ұйымдардан 120 өтінім түсті. Олардың 20-ы жеңімпаз ретінде танылып, 10, 7 миллион теңгенің жобасын ұтып алды.
2005 жылы ІІ Азаматтық форум аясында ҮЕҰ-лар ұсынысымен үкіметтік емес ұйымдардың Азаматтық альянсы, осы жылы ҮЕҰ-лардың Ұлттық ақпараттық ресурстар орталығы құрылды.
Сөйтіп Қазақстанның азаматтық қоғамын құрылым ретінде шоғырландыру үдерісі аяқталды.
2006 жылы еліміздің азаматтық қоғамын дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, азаматтық институттардың алда атқаратын міндеттері белгіленді. Бүгінгі күндері ҮЕҰ-лар заң жобаларын талқылауға, бағдарламаларды жүзеге асыруға, әлеуметтік маңызды проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар жүргізуге белсене қатысады. «Демократия институты» ғылыми зерттеу академиясы жүргізген әлеуметтік сауалдама қорытындылары бойынша соңғы он жылда билік органдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынасты оң бағалаған сарапшылар қатары үш есеге өскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz