Оқу –тәрбие үрдісін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алпысбаева Марал
№12 практикалық сабақтың тапсырмалары:

1. Шаталовтың тірек-сигналдар технологиясы
Қазіргі кезде оқу - тәрбие үрдісін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі.
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федоровий Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады.
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдерімен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді қөрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-тәжірибесінде жүзеге асыру авторды жалпы дидактикалық принциптерді және ұғынықты болу (мысалы, шама жету және ұғынықты болу принципі мен қиындығы өте жоғары деңгейдегі жұмыс принциптерінің арақатынасы және т.б.) талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтың басты еңбегі-оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көрінуде. Жасыратыны жоқ, Оқыту әдісі дегеніміз оқытушының іс-әректеі мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс-әрекетіне назар аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті (кітапша авторының есебі бойынша әр оқушының бір күнгі әр сабақта 2 минуттан сөйлеуі) әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда автор оқушылардың іс-әрекетін басқару жөніндегі совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан нақыштай білген.
В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мұғалімнің көмегімен түсіндірілуін тыңдау түрінде өтіледі. Автордың атап көрсеткендей, мұнда ерекше тұрғыда ұйымдастырылған материалды блокты қабылдау жүреді. Сонан соң- мұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) творчестволықжұмыс орындау және т.б.
Психологиялық жағынан алғанда бұл мұғалімнің тексті мағыналық тұрғыдан өңдеу тәсілдерін қалыптастыруын оқушылардың өздерінің оқу ісін ұйымдастырудағы құралы ретінде тірек сигналдарын пайдалануын, мнемотехникалық тәсілдерді, оқушыларда ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамытуды білдіреді. В.Ф.Шаталовтың бақылауынша оқушылар жаңа текстермен жұмыс істегенде осы әдістерді кеңінен пайдаланылатыны есте қаларлық нәрсе.
Бұл тұрғыдан алғанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Гальпериннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдардың қасиеттері мен белгілері және олар белгілі бір жүйе бойынша ақыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі психологиялық жағынан меңгерудің негізгі бірліктері түрінде жүзеге асырылады (П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты. В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын-оның түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды жәймен магнитофонға ауызша йту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тыңдау және бағалау-міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың қажеттігін тудырады, ал тірек парақтарын пайдалану бұл дайындық уақыты (әр сабақ үшін 20 минутқа дейін) қысқартады. Орындалған жаттығуларды тексергеннен кейін оқушылар шығарылған есептер парағындағы тор көздерді бояп қояды.
Сөйтіп, оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнің ізінше) және олардың жүйелері мен байланыстарын бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаша және ауызша қайта жаңғырту жөнінен оқуға деген белсенді іс-әрекет қолма-қол көрініп отырады. Сондай-ақ мұғалімнің күнделікті сабақ сұрау жүйесімен т.б. үнемі ұйымдастырылып жүзеге асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айқын көрінеді.
В.Ф.Шаталовтың ең маңызды жетекшісінің бірі тұтасымен оқу үрдісінде және оның ішінде сабақ кезінде қолайлы психологиялық жағдай тудыра білуі және оқушылардың өздерінің еңбектеніп оқуға деген жоғары деңгейдегі ішкі әзірлігін қалыптастыруы болып табылады. Бұған оқытушымен оқушының өзара қарым-қатынасының мынандай көптеген ерекшеліктері септігін тигізеді: оқушыларға үйде тапсырма орындау міндеттелмейді, тек ұсынылады; есептерді шығару жартылай міндетті жағдайда жүргізіледі: сабақ сұрау ақырын, жәймен, сенімді, оқушылардың қателігі көзге түртіп көрсетілмейтін формада өткізіледі; оқушылар сабақ айту үшін орнынан тұрып жатпайды; мұғалімнің бағасының талассыздығымен қатар талап жағдайы жоқ және т.б. Нәтижесінде - әр оқушының жақсы оқуына болады деген сенім, әр оқушының өзін-өзі қадірлей білу сезімі нығайып, тіпті қиын жұмысты да орындауға шамасы жететініне сенім қалыптасады. Міне, осының бәрі автордың кітапшасының аты етіп қойған проблеманы шешу жолдарын көрсетеді. Автордың жазуынша мұндай жағдайда дәстүрлі оқытудағы келеңсіз көріністер - сыбырлап көмектесу, көшіріп алу, уақытты босқа зая кетіру жойылады.
Оқушылар творчествосы бұл қашан да мұғалім творчествосының жаңғырығы. Кітапшаның әрбір беті мұғалімнің көптеген әдістемелік тақырыптарын ашып отырады: сабақ өткізуге ыңғайландыруға болатын 6-8 оқушының жауап беруіне арналған үлкен тақта (тақта алдындағы баспалдақ, тақтаға қосымша қондырылған қанаттар және т.б.), оқушыларға арналған кластағы анықтама-автомат, қабырғаға ілінген ашық үлгерім стендісі, оқу барысында релелік тапсырмаларды қабылдау, аралық мәреге жетер алдындағы мұғалімнің көмегі- педагогикалық десант т.б.
Сонымен, Донецскіде үлкен жұмыс жасалған және ол жүзеге асырылып, жалғасуда. Қандай да шын мағынасында озық тәжірибе сияқты Донецк мектептерінің тәжірибесі көкейде, қиялда жүрген идеяларды жүзеге асыруға бейімдейді. В.Ф.Шаталовтың қазіргі педагогикаға қосқан үлесі оның әлгі идеяларды зерттеп, нақтылап, дамытып және олардың әдістемелік жаңа шешімдерін табуында.
Ал енді осы әдістемелік жүйеге толығырақ тоқталайық. Мұнда тірек сигналдары оқытудың көрнекілік принципі кең жолға қойылған.
Мұғалім тірек сигналдарын пайдаланғанда олардың әрқайсысының мән-мағынасын ұғынықты түрде түсіндірсе және көрнекі суреттермен, бояулы схемалармен, сондай-ақ тірек сигналдары бар жеке парақтармен көрсетіп әңгімелесе, алғашқы онша күрделі емес тірек сигналдарын ойда қалуы бойынша еске түсіру қиын ба? Сызбалар мен жазуларды қағазға түсірудің алғашқы әрекетінің өзінде - ақ оқушы бұл істің қолынан келетінін сезеді. Ал бұл алғашқы, ең қарапайым қадам, мұны ең нашар деген оқушы да орындай алады. 2-3 күннен кейін ол бұл жұмысты ынталана орындайтын болады: себебі оның көз алдында бүкіл класс күн сайын үлкен қайтарыммен жұмыс істеп жатады және ол жазба жұмысы үшін күнде жоғары баға алуға болатынын көреді. Оларды дауыстап оқығанда қиындықтар туа берсін, практикалық жұмыс кезінде кейбіреулері ойдағыдай болмай-ақ қойсын- мейлі! Білімді жинақтау үрдісі, істің ішкі мәнін терең толғау үрдісі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Класс алдында қате жауап беруден оқушы қысылатындай дәстүрлі жауап беру емес. Өзінің білімсіздігін жұрт алдында жайып көрсету кімге жағымды? Ал мұнда мұғаліммен бетпе-бет отырып жәймен сабақ айтсын немесе одан да оңайы-магнитафонға жазсын. Нашар оқушы өзінің магнитафонға жазғанын мұғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабымда қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінің жақсы біледі. Оның есесіне жауабы жақсы болатын болса, ертеңіне оны бүкіл класс болып тыңдайды. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл кей жағдайда өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететіндерге қаншама рухани күш береді. Бірнеше ақырын және магнитафондық сабақ сұраулардан кейін балалар тақтаға батыл шыға бастайды және тарих, география сабақтары бойынша тірек сигналдарын еркін дауыстап айта алатын болады.
Тілді былайша дамыту спираль бойынша өрлеуді еске салады: математикалық цикл пәндерімен жұмыс кезінде қол жеткен табыстар тарихи оқиғаларды, табиғаттағы түрлі өзара байланыстарды неғұрлым терең ұсынып түсінуге және әдеби шығармалардың құрылымын логикалық түрде талдауға үйретеді.
Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі- жариялық принципі. Оқушылардың магнитафонға жазғандарын ашық тыңдау-соның кішігірім элементі.
Магнитафондық сұрау енгізілгеннен кейін-ақ үйлерінде магнитафондары бар оқушылар өздерінің жауабын магнитафон лентасына жазып, оны таңертеңгі денешынықтыру жаттығулары кезінде, сызу жұмыстарын орындауда, әйтеуір оған деген сәл мүмкіндік болған кезде бірнеше қайтара тыңдайтын болады. Нәтижесінде, сабаққа әзірлену уақыты қысқарғаны, жауаптары сауаттанып, нақтылана түскені, көптеген оқушылар үшін тәртіп қатаң әрі ұтымды бола түскені бірден байқалады.
Ауызша сабақ сұрау кезінде оқушылар тірек сигналдары бар қағаздарды (магнитафондық және жәймен сұрау кезінде) немесе тірек плакаттарын пайдаланады (тақта алдында жауап берген кезде). Бұлай сабақ сұраудағы оқушылардың психологиялық еркіндігі мынадай объективті жағдайлармен айқындалады:
Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В.В.Давыдовтың зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.
Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер (міне, ой, иә, осылай және т.б.) іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін-жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.
Тапсырмаларды еркін таңдап алудағы еріктілік өтілген материалды еске түсіруге көмектесетін және ауыз екі сөйлеуді қалыптастыратын тірек сигналдарының көрнекі жүйесі бәрі - бәрі бір ғана мақсатқа жұмылдырылған: оқушы оқуда жеңіске жетуі тиіс! Канадалық психиатр Ганс Сельенің әр түрлі жағдайда жүргізген көптеген психологиялық тәжірибелері қатты (стрестік) шаршаудың үнемі көңіл қалу меп сәтсіздіктің салдарынан болатынын дәлелдеген. Жұмыс әдеттегіден қиын болса да ондағы қол жеткен табыстар жұмыс тонусының көтерілуіне сабақ оқудағы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпалын тигізеді.
Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56-60%)болады. Айтарлықтай дәрежеде бұл белсенді және салғырт еске түсірудің үйлесімді болуымен түсіндіріледі. Әдетте әрбір оқушыда үйде сабаққа дайындалу кезінде берілген материалды айтып берудің өзіндік, жеке жоспары қалыптасады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз.
Көптеген есептеулер мынаны көрсетті: алдын ала дайындықсыз таныс емес тексті дауыстап оқығанда оқу жылдамдығы минутына 220 сөзден, ал таныс тексті оқығанда минутына 240-250 сөзден аспайды екен. Ал енді қандай да бір оқиғаны үлкен шапшаңдықпен әңгімелеп көріңіз, сіз бәрібір минутына 180 сөзден артық айта алмайсыз.
Сабақтың сөздік көлемі 2500 сөзге сирек жетеді. Жаңа әдістеме жағдайында жұмыс істеу сабақтың, сөздік көлемі 1,5-1,7 есе арттыруға мүмкіндік береді! Бұған ең алдымен тірек сигналдары көмектеседі. Бағыт-бағдар белгілерін пайдалана отырып, оқушы қиналмай-ақ сөйлеу шапшаңдығын арттыра алады және сөз арасындағы үнсіздікті қысқартады, артық, қыстырма сөздерді жояды. Егер бұған қоса сабақ сұраудың жаңа екі-жәймен және магнитафондық түрін ескетсек, онда әрбір оқушының үлесіне тиетін сабақтың сөздік көлемі 2,8-3,1 есе өсетінін ғылым дәлелдеген.
Тірек сигналдары бар парақ қағаздың толық толтырылған түрі төмеңгі суретте көрсетілгендей.
Бірінші көңіл бөлетін нәрсе-блоктардың орналасуының ассиметриясы және оларды шектейтін контурлардың стандартты болмауы. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені, біріншіден тірек сигналдары қағазын толтыратын автордың, қолында симметриялық қатаң фигуралардың көп мөлшері жоқ және оларға сүйенуге болмайды, оқу пәндері көп болғандықтан олар бойынша жасалатын парақ-беттер де көп, сол себепті авторлар амалсыз шаблонға ұрынады, ал эстетикалық қабылдау тұрғысынан олармен жұмыс істеу қанша жабырқаңқы болса, адамның есте сақтау заңдылықтары тұрғысынан сонша қиын. Шеңбер, квадрат, үшбұрыш және тік төртбұрыштарды шұбырған сансыз көп қатары бір кітапша беттерінен екіншісіне ауыса отырып, бір сарын әрі жалықтыратындай көрініс береді.
Екіншіден, бұл схемаларды орындау, сабаққа дайындалу кезінде және тікелей сабақ үстінде, яғни репродукциялық жұмыс үрдісінде оқушылар белгілі дәрежеде еркіндік алады және алуан түрлі контурлар салуға алғаш рет дағдыланады. Осы арада мынадай бір детальды атап өткен қызықты болар. Қарапайым есептеулер бойынша тірек сигналдарымен 23 жыл жұмыс істегенде математика, физика, астрономия, география, тарих және басқа да бірқатар пәндер бойынша 2000-ға жуық парақ бет жасалыныпты. Бұл парақтардың бәріне 5000-дай блок салынған және олардың бірде - біреуі мына көрсетілгендей контурмен орындалмаған. Форманың көп түрлілігі-қоры ешуақытта сарқылмайтын психологиялық-педагогикалық қуатты қару.
Кейбір оқырмандарда (мұны тіпті алдын ала болжауға болады) барлық тірек сигналдарын есте сақтап қалуға және қағазға қайта жазып түсіруге қанша уақыт кететінін тексеріп көруге ынта пайда болады. Мұндай мини-эксперименттің мақсатқа сайлығы айқын: есте сақтау механизмдері мен іштей сөйлеуге тірек сигналдарының әсер күші кідірусіз жүреді. Жалған тұжырымның қауіптілігін ескерту қажет. Оқырман қолында тек осы кітіпшаның беттері ғана болған. Дыбыссыз және біркелкі. Оқушы оқулықты оқуға бірден кіріспей, тек жұмыстың бесінші кезеңінде ғана кіріседі. Ол кезеңдерді атап өтейік.
Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі.
Өтілген жаңа материалды тірек плакаттарының көмегімен қайта баяндау.
Тірек сигналдары бар беттерді арнайы стендте көрсетілген үлгі бойынша бояу.
Тірек сигналдарын сол көрсетілген үлгі бойынша үзіліс кезінде алғаш керіп, есте сақтау. (Көпшілік жағдайда бір пән бойынша сабақ пен сабақтың арасында 12-18 үзіліс болады, сол уақыттарда тірек сигналдары бар қағаздар балалардың көз алдында болуға тиіс.)
Оқулықпен жұмыс істеу.
Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудыруды және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындық кезінде диалготарды жаттағандағыдай іске асыру керек.
Тірек сигналдарын қағазға қайта түсіру уақыты бірнеше рет жаттыққан соң біраз қысқарады. Сондықтан көпшілік оқушыларға белгіленген уақыт ішінде жазба жұмысын орындап шығу онша қиындық туғызбайды.

2. Проблемалық оқыту технологиясы
3.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл оқыту студент ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

- Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, студенттердің таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқыту шығармашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалық оқытудың ерекшеліктері жайлы
Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
ОҚЫТУ МАТЕРИАЛДАРЫН ТІРЕК СИГНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары пәнінен дәрістер кешені
Қөркемеңбек сабақтарында инновациялық Қөркемеңбек ларды қолданудың әдістемесі
Әлеуметтік педагогика пәнінің ғылыми негізделуі
Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану мүмкіндіктері
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу, оқыту
Пәндер