Мектепке дейінгі кезеңдегі сөйлеу бұзылған балалардың ата-аналарымен жұмыс: ұсақ моторика мен саусақ жаттығулары арқылы сөйлеуді дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сөйлеу тілінде әртүрлі ауытқушылықтары бар балалардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру

Баланың тілі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылысқа айналып барады.

Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.

Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз.

Балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты, баланың жасына сай болу керек, баланың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс.

Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге қарай ойысады. Егер оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауға қиналса, онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек.

Баланың ақыл-ойын, танымдығын саусақтар арқылы дамытуға болатындығын біздің ата-бабаларымыз білген. Қазақтың фольклорында, салт-дәстүрінде бекер саусақ ойындарға көп көңіл бөлінбеген. Кең таралған «Қуыр-қуыр-қуырмаш» - деген санау өлеңі.

Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой қабілеттігін, қиял, ес процестерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процестері дамиды.

Саусақ ойындарын ойнатарда алдымен балаларға үй жануарлар қандай көмектесетіндігі, олар қай жерде тұратындығы туралы айтып беру керек. Содан кейін, үй жануарларды қол арқылы көрсетуге болады.

Кез келген тапсырманы оның қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс, және туындайтын жағымды эмоционалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің жақсаруына, психикалық тонусының жоғарулауына әсерін тигізеді. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған әрбір сабақты қолдың білезігі мен саусақтарына өзіндік массаж жасаудың бөлшектерінен бастау керек.

Массаж пассивті гимнастиканың түрі болып табылады. Оның ықпалымен тері рецепторлары мен бұлшық еттерінде бас ми қыртысна жететін импульстер пайда болады.

Өзіндік массаж қолдың білезіктерін босату, сипалаумен басталып, аяқталады:

  • қол білезігінің сыртқы жағына өзіндік массаж.
  • алақанға өзіндік массаж.
  • қол саусақтарына өзіндік массаж.

Бір сабақта 5-6 жаттығу орындалуы қажет. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойыша жаттығулардың барлық кешенің шартты түрде үш құрылымға бөлуге болады:

1 . Саусақтарға гимнастика. Саусақтарға арналған ойындар - бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйқастырылған тарихты, тақпақтарды, ертегілерді сахналау. Жаттығулар әртүрлі деңгейде жүргізілуі мүмкін: еліктеуі, сөздік нұсқауы бойынша.

2. Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады:

  • Пирамида, мозаика, матрешка құрастыру.
  • Қағазға түйме, жіп, замок әртүрлі ұзындықта жапсыру жұмысы.
  • Тиындарды іріктеу.
  • Жарманы жинау.
  • Сірінкемен жұмыс.
  • Қағазбен жұмыс.
  • Бау байлау.
  • Жуан жіппен түйіншек жасау.
  • Құммен, сумен ойнау.
  • Саусағына жұқа сымды орау (жүзік немесе орам жасалады)
  • Бұрандалы шегені, гайканы бұрау.
  • Конструктор, кубиктер ойнау.
  • Ауада сурет салу.
  • Қолөнері.

Саусақтармен ойнау ата-аналарға балаларын қуантуға, сонымен қатар, сөйлеуі мен ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорлық әсерлер алады. Мұндай ойындар балалармен, ересектермен мейірімді өзара қарым-қатынасты қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарымен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыс
Ұсақ моторика мен дидактикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік қорын дамыту
Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасы мен ойын-жаттығулары арқылы сөздік қорын және сөйлеу тілін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда саусақ ойындары мен ұсақ моториканы дамыту әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін саусақ ойындары арқылы жетілдіру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ісмерлік жұмыстары барысында әртүрлі материалдар арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін логикалық және саусақ ойындары арқылы дамыту
Аппликация арқылы мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасы мен көркемдік дағдыларын дамыту: материалдардың қасиеттері мен қолдану әдістері
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын және сөйлеу тілін дамытуда тәрбиешілердің рөлі мен ұсақ моториканы дамыту әдістері
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын қалыптастыруда дидактикалық ойындар, ұсақ моторика және үстел үстіндегі мнемо кестелердің тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz