Кедендік бақылау жүргізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ю-17-1
Алдебаева Фариза

Кедендік бақылау жүргізу

Кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары жүргізеді.
2. Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты оларға осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандары және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.
3. Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.
4. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралардың таңдалуы қағидатын негізге алады.
Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.
5. Кеден органдары кедендік бақылаудың нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданады.
Шығарғанға дейін кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдануы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылады.
6. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық, радиациялық бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және лауазымдық өкілеттіктері шегінде кедендік бақылауды жүргізуге уәкілеттік берілген кеден органдарының лауазымды адамдары жүргізеді.
Кеден органдары кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, сондай-ақ өзге нысандарда немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кеден органдары лауазымды адамдарының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүргізеді.
8. Кедендік бақылау тауарлардың осы Кодекстің 34 бабына сәйкес айқындалатын кедендік бақылауда болу кезеңінде жүргізіледі.
Алдын ала кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 394 бабының бесінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау объектілеріне қатысты кедендік бақылау кедендік декларация тіркелген кезден бастап жүргізіледі.
Осы Кодекстің 34 бабның 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кедендік бақылау осындай мән-жайлар басталған күннен бастап есептелетін, осы Кодекстің 89, 143 баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін кедендік бақылау олар осындай тізілімдерде болған кезеңде, сондай-ақ осындай тізілімдерден алып тасталғаннан кейін осы Кодекстің 89, 143 баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері ішінде жүргізілуі мүмкін.
9. Тауарлардың шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдарында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы бұзыла отырып, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде жүргізуі мүмкін.
10. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарына оны жүргізуге Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары, нұсқамалары не қаулылары талап етілмейді.
11. Кеден органдары және олардың лауазымды адамдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасында көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқығы жоқ.
12. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және мүдделері кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қозғалатын өзге тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше нысандары ретінде
Жүкті кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібі
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Пәндер