Кедендік істі жүзеге асырушы тұлғалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Лекция 19. Кедендік істі жүзеге асырушы тұлғалар.

1 Кеден өкілі қызметі.

2 Кеден өкілі құқықтары мен міндеттер

Кеден өкілдерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді. Кеден өкілінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы шарттық негізде туындайды. Кедендік операциялар жасалған кезде кеден өкілі үшін ҚР Кедендік реттеу туралы Кодекске сәйкес, декларант немесе өзге де мүдделі тұлғалар кедендік операциялар жасаған кезде белгіленгенге және қойылғанға қарағанда неғұрлым қолайсыз жағдайлар белгіленбеуге немесе анағұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары. Кеден өкілі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:

1) Өкілі болып отырған тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен жасалған шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден өкілінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін, сақтандыру шартында белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;

2) Комиссия айқындайтын мөлшерде, ал кеден өкілі ретіндегі қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар жасаумен шектелетін заңды тұлғаға қатысты валюта бағамы қолданыла отырып, бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;

3) уәкілетті органға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;

4) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың болуы.

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылады. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат түрінде беруге құқылы. Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) ҚР Кедендік реттеу туралы Кодекстің 10-тарауынасәйкес, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер;

2) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты.

Көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.

Уәкілетті орган қоса берілген құжаттары бар өтінішті уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

Тізілімге енгізу туралы шешім уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның не уәкілетті орган басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі ҚР Кедендік реттеу туралы Кодекске 489-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш ҚР Кедендік реттеу туралы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады. Тұлға кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган өтініш иесін тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.

Кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер. Кеден өкілдерінің тізілімінен кеден өкілін алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:

1) кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындамау не тиісінше орындамау;

2) кеден өкілдерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден өкілінің өтініші;

3) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;

4) заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;

Кеден өкілдерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім алып тастау себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының не оны алмастыратын адамның не уәкілетті орган басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді.

Кеден өкілінің құқықтар. Кеден өкілі кедендік операцияларды жасаған кезде кеден органдарымен өзара қарым-қатынастарда өзінің мүдделерін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие болады. Өз қызметін жүзеге асырған кезде кеден өкілі: өзі өкілі болып отырған тұлғадан кедендік операцияларды жасауға қажет, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты не басқа да құпия ақпаратты қамтитын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және мұндай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға; ҚР Кедендік реттеу туралы Кодекстің 49 тарауында белгіленген тәртіппен кеден органдары ақпаратты автоматтандырылған өңдеу, кедендік мақсаттар үшін қажет деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын олардың ақпараттың жүйелері мен ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге құқылы.

Кеден өкілі өзінің қызмет аясын тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасаумен, жекелеген кедендік операцияларды жасаумен немесе жекелеген қызмет өңірінде кедендік операцияларды жасаумен шектеуге құқылы. Егер кеден өкілі ретіндегі өзінің қызмет аясын кеден өкілі кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен шектесе және кеден өкілдерінің тізіліміне енгізілген кезде ол кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде қамтамасыз етсе, онда мұндай кеден өкілі өзге тауарларға қатысты кедендік операцияларды және өзге кедендік рәсімдермен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыруға құқылы емес. Жекелеген кеден өкілдеріне айрықша (эксклюзивті) құқықтар мен жеке-дара сипаттағы өзге де артықшылықтарды беруге тыйым салынады.

Кеден өкілінің міндеттері.

1) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізудің ҚР Кедендік реттеу туралы Кодекстің 489-бабында белгіленген шарттарын сақтауға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметі
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экономикалық контрабанда
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметін жетілдіру
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы
Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықты қарастыру мәселелері
Экономикалық қылмыстарды зерттеу
Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz