Қазақстандағы жылқы тұқымын асылдандыру тарихы және мұғалжар тұқымының пайда болуы


Кіріспе.
Қазіргі таңдағы статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 2 миллион 500 мыңнан астам жылқы бар. Соның 90%-ы - өнімді бағытта, қалғаны ұлттық спорт секілді салаларда қолданылады. Елімізде жабы, көшім, мұғалжар, міністі-жегісті немесе спортта қолданылатын Қостанай жылқы тұқымы бар. Алғашқысы - қазақ халқының ғасырлардан бері келе жатқан жылқысы. Бұл тұқымдағы жылқылар Қазақстанның барлық өңірінде бар
бүгінде дүниежүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымы мен тұқымдық топ бар. Осылардың ішінде 17 тұқым қазақ жерінде өсіріледі.
Соңғы 15 жылда Ақтөбе облысында жылқы шаруашылығы қарқынды дамып екі есеге артқан. Сондай-ақ, сапалық жағынан үстіміздегі жылы республика бойынша асыл тұқымды жылқы үлесі 7, 5 % болса, облыста 17, 5% құрап, асыл тұқымды жылқы саны 22, 5 мың бас болды. Жылқыны асылдандыру қазақтың сан ғасырлардан келе жатқан жабы жылқысын сұрыптап, таза тұқым өсіру әдісі арқылы етті-сүтті бағыттағы мұғалжар жылқы тұқымын өсіріп шығару арқылы қол жеткізілді.
Қазақстандағы жылқы тұқымын асылдандыру тарихы және мұғалжар тұқымының пайда болуы
Кеңес үкіметі орнаған соң 1929 жылы қазақ даласында байлардың дүние-мүлкін кәмпескелеу жүргені тарихтан мәлім. Сол саяси науқан кезінде Мұғалжар тауының етегінде өмір сүрген Назар руының ірі байлары Құдайберген мен Шошаның жылқылары да мемлекет иелігіне өтіп, сол жылқылардың негізінде 1930 жылы Темір ауданының аумағында Ембі жылқы зауыты құрылады. Жылқы тұқымын асылдандыру да сол кезде қолға алынған. Сол кезде сұрыпталып алынған 11 айғырдың Аблан, Бұзотар, Зверек, Мальчик, Огонек, Черкас аталатын жетеуінен аталық із қалмаған. Сондықтан жаңа линия (аталық із ) Замок (1927 жылы туған), Писатель (1929 жылы туған), Бүркіт (1929 жылы туған), Заур (1929 жылы туған) төрт айғырдан тарайды делінеді. Осы орайда асылдандыру ісіндегі линия дегеніміз не, соған тоқтала кетейік. Қазір ғалымдар оны аталық із, желі деп екі түрлі аударып жүр. С. Рзабаевтың пікірінше, аталық із дегеніміз дұрыс. Ал қазақы ұғымға, тіпті жақындатсақ, жылқы ішіндегі ру деп алсақ та болады. Яғни жоғарыда айтылған төрт айғыр - төрт «рудың» басы. «Ру» болу үшін бір айғырдан екі еркек құлын тарауы керек, әрине, ұрғашылары да болуы тиіс. Кемі 4 айғыр, 40 бие болуы қажет. Сұрыптау кезінде тұқымның әлсіздері былай шығарылып, тек мықтылары ғана қалдырылатыны белгілі жайт.
Қазақта ру - жеті атаға дейін сақталады. Ғалым-селекционистердің зерттеулері бойынша, жылқыда алтыншы, жетінші ұрпаққа келгенде тұқым әлсірейді екен. Демек, «жаңа ру» қалыптастыру керек.
Жоғарыда аталған төрт «рубасыдан» үш-төрт «атадан» кейін ғылым нәтиже бере бастады. Заурдан тараған Зубр (1959 жылы туған), Бүркіттен тараған «Барқыт» (1959 жылы туған) жаңа зерттеулердің басы болған.
1983 жылы осы екі айғырдан тараған жылқылардан жаңа зауыттық аталық із пайда болды. Бұл кеңес өкіметінде табындағы жылқы шаруашылығындағы алғашқы зауыттық аталық із болып тіркелді. Кейін Қайыңды зауытында «Баз», «Парадный» атты жабы тұқымды қазақы жылқының зауыттық аталық ізі дүниеге келді.
1. 2. Көшім, Мұғалжар жылқыларының өсіріліп шығарылу
Әуелде Ембі жылқы зауыты әскерге мініс көлік даярлады. Бірақ елуінші жылдарда жылқы көлік ретінде пайдаланылмайтын болды. Сондықтан енді ет-сүт бағытындағы жылқы әзірлеу қажет еді. Бұл бағыттағы асылдандыруға негіз болатын тұқым ретінде атақты ғалым Ю. Барминцев қазақтың жабы жылқысын ұсыныпты. Себебі жал-құйрығы қаба, даланың аққұйын боранын елей бермей, тебінге түсетін жабы - ғылым үшін таптырмайтын «материал» еді. Оны асылдандырып, жетілдіру арқылы ет-сүт бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту жолында М. Борисов, Ю. Барминцев, А. Беляев, С. Рзабаев, В. Ғұбашев, А. Нұрғалиев сынды ғалым-селекционерлер тынымсыз еңбек етті. Соның арқасында Көшім жылқысы дүниеге келді. Осы саладағы нәтижелі жұмыстары 1980 жылы М. Борисов, Ю. Барминцев, А. Беляев, С. Рзабаев, В. Ғұбашевтерге Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Сол тұста Ақтөбедегі Тәжірибе стансасымен Қайыңды, Талдық жылқы зауыттары да тізе қосып, жұмыс істеген. Осы кезеңдерден бастап бұл тұқымның өнімдері Бүкілодақтық көрмелерден үнемі жүлде алып отырған.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы дүрбелең жылқы шаруашылығына да кесірін тигізді. Тіпті асылтұқымды жылқының айырбасқа кеткен кезі де болды. Бұл кезде ақтөбелік ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының басшылары Мұғалжар жылқысын тіркете алмай, тағы әуреге түсті.
Қорытынды.
Қазір облыстағы 8 жылқы шаруашылығы Тәжірибе стансасының жылқы шаруашылығы бөлімімен тікелей жұмыс істеп отыр. Қазір Көшім жылқысынан - 3, Мұғалжар жылқысынан - 4 аталық із бар. Тағы 3 аталық із дайындалу үстінде.
Қазір өңірде өндіріс пен ғылымды ұштастыру қолға алынып жатыр. Елімізде ірі қараны көбейтуге арналған «Сыбаға», «Құлан», «Ырыс» секілді неше түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Мемлекет арнайы субсидия беріп отыр.
Көшім, Мұғалжар жылқыларының һәм қазақы жабының бір артықшылығы, суыққа төзімділігі. Қыс бойы тебінге түседі. Қолға тұратын сәті өте сирек. Сондықтан көп шығынды қажет етпейді. Сексенінші жылдарда сонау Якутиядан келіп, біраз жылқы алып кеткен мамандардың айтуынша, біздің жылқылар 60 градус суыққа да селт етпей, тебінге түсе береді екен. Өйткені Саха елінде қаншама суық болғанымен қар біздегідей қатпайтын көрінеді. Оның себебі Ақтөбедегідей ақбасқын боран жоқ, қалың ағаштың арасына түскен қар анау-мынау желді де «елей» бермейді. Біздің жылқыларға мұндай қардың астынан шөп тауып жеу қиын емес екен…
Өз аяғымен жайылатын жылқы етінде холестерин болмайтыны белгілі. Ал қымыз, оның пайдасы жөнінде айтып жатудың өзі артық. Ендеше, шығыны аз, пайдасы көп жылқы шаруашылығын неге қолдамасқа?!
Жылқы санының өскенін айттық. Ал енді оның қаншасы асылтұқымды? Осы жағына келгенде кібіртіктей беретініміз рас. Дамыған елдерде асылтұқымды жылқы саны 50 пайыздан асуын қатты қадағалайды. Біздің елімізде ол - 4-ақ пайыз, ал Ақтөбе облысында - 11 пайыз. Қазір жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп, Ақтөбенің жылқыларын пышақ үсті талап әкетеді. Былтыр 238 жылқы сатылған. Әсіресе, айғырға сұраныс көп. Бір айғырға 450 мың теңгені қиналмай береді. Негізінен, 2, 5 жас шамасындағы жылқылар сатылады. Рзабаевтың телефонында тыным болмайды. Шығыс Қазақстаннан, Солтүстік Қазақстаннан, Қостанайдан, Алматыдан, Көкшетаудан сабылатындар қаншама? Ана жолы даңқты палуан, Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те Ақтөбеге келген сапарында Серікбай ағасына әдейі соғып, 30 айғыр алатынын айтқан. Өйткені біздің жылқылар 300 келіден астам ет, 15 литр сүт береді. Жабағысының өзі 150 келіден кем бермейді. Базардың тіліне салсақ, 1 келі сүйекке 5 келі ет шығып тұр. Биелердің тірілей салмағы 560, ал айғырлардың тірілей салмағы 600 келіден де асады. Мұндай көрсеткішке орыстың рысактары мен ауыр жүк тасығыш (тяжелевоз - ред. ) жылқылары маңайлай да алмайды. Әрі олар суыққа төзімсіз.
Жылқы шаруашылығын ұстап отырғандарға жер беру мәселесін де қарамаса болмайды. Ғылымда бір құлынды биенің жайылымы үшін 16 гектар жер бөлу керектігі қарастырылған. Бірақ көп шаруашылықтарда ондай жер жоқ.
Тағы бір мәселе - маман даярлау керек. Қазір сауатты маман аз. Өкінішке қарай, республикадағы шаруашылықтардың 90 пайызында зооселекция жүргізілмейді. Өйткені маман жоқ…
Жылқының екі жауы бар - қасқыр мен ұры. Әсіресе, ұрылар. 2011 жылы TS-AGRO шаруашылығынан 653 келі шығатын «Ғажайып» деген айғыры үйірімен ұрланды. Бұл - шаруашылық үшін ғана емес, күллі еліміз үшін үлкен шығын, ғылымға деген қиянат.
Қазір ет-сүт өнімін беру бағытындағы жылқы шаруашылығы палатасын қай жерде құру керектігі жөнінде әртүрлі пікір бар. Әрине, әркім көрпені өзіне қарай тартады. Палатаны Ақтөбеде құру керек. Өйткені мұнда оған барлық мүмкіндік бар. Жоғарыда айтылғандай, жылқысының асылтұқымдысы 11 пайызға жететін Ақтөбеден басқа бірде-бір облыс жоқ. Күллі Қазақстан жыл сайын Ақтөбенің жылқысын таласып алады. Сонау кеңес заманының өзінде Мұғалжарда өткен аукционда мұғалжар жылқыларын жан-жақтан келген атқұмарлар сол уақыттағы бір жеңіл көлік бағасына сатып алатын болған. Сосын бізде мықты база бар. Анау кеңес заманының өзінде бүкіл одақта зауыттық аталық із Ақтөбеде ғана шығарылды.
1960-1970 жылдары профессор Ю. Н. Барминцевтің басшылығымен және Қазақстанның белгілі жылқы танушылары: М. Н. Борисов, Б. Х. Садықов, А. И. Беляев, П. А. Федотов, М. Н. Нечаев, А. И. Иманғалиев, В. П. Черепанова, В. Т. Белокобыленко, А. Е. Жұмағұл, С. С. Рзабаев, К. Д. Бахтыбаев, Б. Н. Бардин және т. б. ғалымдардың күш-жігерімен ХХ ғасырдың 20-жылдары жаңа бағытта ˗ өнімді жылқы шаруашылығы басталды.
Қазақстанның селекционер-ғалымдары қазақтың көне жылқысы жабы типін сұрыптау арқылы көпжылдық ғылыми селекциялық-асылдандыру мақсатында 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30-қарашадағы №156-бұйрығы бойынша Мұғалжар жылқы тұқымы апробацияланды.
Мұғалжар жылқылары таза тұқымды өсіру әдісі арқылы және базалық шаруашылықтарда селекциялық табындарда қазақ жылқыларын жетілдіру негізінде шығарылды.
Тұқымды шығару жұмыстары 1929-1930 жылдары жылқы табынын жетілдіру мақсатында, Ақтөбе облысындағы № 52 «Эмбі» (қазіргі уақытта «Мұғалжар» АҚ) жылқы зауытынан бастау алады.
Мұғалжар тұқымын шығаруды, жергілікті қазақы жылқының ең үздік жабы типті айғырларын тұқымдық және өнімдік қасиеттеріне қарай тиянақты іріктей отырып, Қазақстанның әр аймағына тарата, таза тұқымды мал өсіру әдісімен көбейтіп, жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді.
Қазіргі таңда мұғалжар тұқымының ішінде өсіру ортасына және өнімдік деңгейіне байланысты төрт генетикалық типке бөлінген жылқылары өсіріледі.
Мұғалжар жылқысының «эмбілік» және «қайыңдылық» деп аталатын тұқым типі, «сарыарқа» және «құландылық» зауыттық типі бар.
Мұғалжар жылқы тұқымы күй талғамайды, құбылмалы ауа райына төзімді, денсаулығы мықты, мол өнімді, күшті келеді. Сондай-ақ қатал ауа райы жағдайының өзінде өсіп жетіле береді. Жайылымда қомданған мұғалжар жылқыларын сойса 55-60% ет пен май түседі. Ал биелерінен тәулігіне 14-16 литр сүт шығады.
Айғырларының тірідей салмағы 480-550 кг, биелерінікі 450-480 кг, 2, 5 жастағы төлдері байталдары 360-390 кг, ал құнандары 380-405 кг тартады. Жүз биеден алынатын құлын саны 80-95%.
Ақтөбе облысындағы Эмбі совхозының 1954 жылы Бүкіл одақтың ауыл шаруашылық көрмесінде 1-дәрежелі диплом алған Золотник деген айғыр арнаулы сынақ кезінде тәулігіне 264 километр жол жүрген.
Мұғалжар жылқысы 17 зауыттық аталық іздерден тарайды, олар: эмбі, қайынды типіне жататын -
Буркут (1929 жылы),
Писатель(1928 жылы),
Заур (1929 жылы),
Зубр 46-59,
Бархат 15-57,
Баз 114-60,
Парадно 175-54
Бау 208-96,
Бекзат 187-91,
Палуанторы 136-91.
Сарыарқа (2009 жылдан бастап - Қожамберді) типіне жататын -
Маупас 9-55,
Мескер 98-62
Мейман.
Құланды типіне жататын -
Паток 131-64,
Залив 136-65,
Арал-9-94
Құлан 77-95.
Сонымен қоса мұғалжар жылқысының 17 аналық ұясымен ғылыми жұмыс жүргізіледі.
Олар Ақтөбе облысының асыл тұқымды шаруа қожалықтарында қайыңды және эмбі типті жылқылары, Қарағанды облысы Шет ауданы «Шолақ Еспе» жылқы зауытында Сарыарқа (2009 жылдан бастап - Қожамберді) типі, Қызылорда облысы Арал ауданында ЖШС «Құланды» жылқы зауытында құланды типі өсіріліп жатыр.
Қайыңды және эмбі типті жылқылардың ғылыми селекциялық-асылдандыру жұмысын селекционер-ғалым С. Рзабаевтың жетекшілігімен және шәкірттері ғылыми асылдандыру жұмысын жүргізеді.
Сарыарқа (2009 жылдан бастап Қожамберді) типті жылқылардың ғылыми селекциялық-асылдандыру жұмысын академик И. Н. Нечаев жүргізген, кәзіргі таңда шәкірті Ғ. Бақтыбаев асылдандыру жұмысын жүргізеді.
Құланды типті жылқылардың ғылыми селекциялық-асылдандыру жұмысын селекционер-ғалым А. Е. Жұмағұл жүргізген, кәзіргі таңда шәкірті А. Тұрабаев асылдандыру жұмысын жүргізеді.
Бұл жылқылардың генетикалық құрылымдары анықталып, одан әрі оларды жетілдіруде жоспарлы асылдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Аталған барлық типтің ішінде құнды тұқымдық айғырлардан бастау алатын, ата-тегінің шежіресі анықталып қаланған ұрпақтарынан зауыттық аталық іздері қалыптасқан және оларды ары қарай жетілдіруде.
Мұғалжар тұқымды жылқының конституциясы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz