ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. ХІХ ғысырдың І жартысы – алғашқы кезеңдердегі ауызша әдеби тілді синтездеу дәуірі. Тілдің даму барысындағы сапалық белгілердің көріне бастауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Семинар тапсырмасы

Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі.ХІХ ғысырдың
І жартысы - алғашқы кезеңдердегі ауызша әдеби тілді синтездеу дәуірі. Тілдің даму барысындағы сапалық белгілердің көріне бастауы
Орындаған:Есенгелді Жансая
Тексерген: Бисенбаев Аманжол Куанбаевич

2020-2021 оқу жылы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Қазақ тілі қазақ халқын қураған ру, тайпа тілдері ретінде, ал берігірек, яғни 15-16 ғ- лардан бермен қарай, қазақ халқының біртутас ауызекі сейлеу тілі ретінде әлденеше ғасырлар бойы сол халықпен бірге жасап келе жатқаны мәлім. Сонымен қатар өзгетүркі халықтары сияқты, қазақ халқының әдеби тілі де болған. Қазақ халқы өзінің жазу мәдениетінде бірсыпыра уақыт бойы жазба әдеби тілі ретінде түркі тілдес халықтардың сауатты үрпақтарына ортақ болған, белгілі дәрежеде қалыптасқан шағатай немесе түркі аталған тілді пайдаланды. Қазақ қоғамында әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды. Сауданың жедел дамуына байланысты саудагерлер, алыпсатарлар, өсімқорлар шықты. Қулдардың әлеуметтік тобы жойылып, төлеңгіттер султандар жанынан кетіп, жеке руға айналды. Батырлар мен билердің әлеуметтік сипаты біраз өзгерді, жатақ, усақ қоленершілер пайда болды. Бұл көзде қазақ даласында ана тіліндегі мектептер, баспасөз, кітап шығару ісі болғанжоқ. 1822жылғы Устав бойынша қазақтарға балаларын орыс мектебіне беруге рүқсат берілгенімен, онда оқитын қазақ балаларының саны тым аз болатын. Патша үкіметі 19 ғ-дың ортасына дейін қазақ жеріне ислам дінін күштеп тарату саясатын ұстады, Екатерина II-нің. 1783 жылғы указы бойынша мемл. есебінен мешіттер салынып, діни кітаптар бастырылып тегін таратылды, қазан татарлары мешітке молда, жергілікті әкімш. орындарында тілмаш ретінде кеңінен пайдаланылды. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шаруалар көтерілісі кең өріс алды. Исатай- Махамбет бастаған буқаралық қӨзғалыс, Есет Көтібарұлы көтерілісі, Кенесары Қасымов басқарған т. б. қӨзғалыстар халық өмірінде өшпес із қалдырды. Міне, осындайэкономикалық, саяси-әлеуметтік өзгерістер сол тұстағы қазақ әдеби тіліне өз әсерін тигізді, ел билеу, әкімш. қүрылысқа және экономикалық жаңалықтарға байланысты көптеген жаңа атаулар мен сөз орамдары пайда болды. Бұл жаңа қолданыстар, ең алдымен, халық өмірінде елеулі роль атқарған ақын-жыраулар шығармаларында орын алды. Бұл көзеңнің ауызша әдеби тіл нормасын танытатын тілдік материалдар Махамбет, Дулат, Шөже,Шортанбай, Байтоқ, Жанақ, Орынбай т. б. ақындардың шығармалары болып табылады.
Россияның Қазақстан территориясын отарлауы аяқталуымен байланысты халықтың патриархалдық тұрмыс-тіршілігі бірте-бірте өзгеріп, көшпелі ел отырықшылыққа ауысып, мал ш-мен қатар егіншілік кәсіппен де айналыса бастады, сауда-саттық күшейді. Қалалар саны көбейді, әр жерден кен көздері ашылып, өндіріс орындары пайда бола бастады. Қазақ қоғамының қүрылысына да өзгерістер ене бастады, жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, кенөлері тарих сахнасын босатты. Рухани өмірде де жаңалықтар орын алды. Қазақ халқы оқу-біліммен етене жақындаса бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Қазақстанда 100-ге тарта 2 кластық уөздік және 1 кластық болыстық мектептер болып, онда 400-ге жуық шәкірт оқыды. Қазақтіліндетуңғыш баспасөз жарық көріп, кітап шығару ісі пайда болды. Бұл тұста ислам діні де етек жайып, кең тарады. Бұл жағдайлар бірыңғай улттық әдеби тілімізді қалыптастыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл тұрғыда Ыбырай мен Абайдың еңбектері ерекше. Олар қазақтың ауызша әдеби тілі мен көне жазба әдеби тілін шеберлікпен пайдалана отырып, оны стильдік жағынан жетілдірет ұсті. Ы. Алтынсарин ана тілінде оқытатын мектеп ашып, оның оқулықтарын өзі жазды. Қырғыз хрестоматиясын жазу үстінде Ыбырайдың алдында не бұрынғы шағатай тілі әсерінен қүтылмаған көне жазба әдеби тілді пайдалану, не жаңа жазба әдеби тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX г. 60-70-жылдарына дейінгі қазақ әдеби тілі және оны танытатын үлгілер
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілі жайындары пікілрлер
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Пәндер