Электрондық мәмілелерді жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жигули Диас Маратұлы
Электрондық мәмілелерді жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Аннотация
Мақалаға негіз болған , тақырыпты ашу барысында басшылыққа алынатын мәселе болып - электрондық мәмілелерді жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі табылады.
Мақала электрондық мәміле түріне , осы саладағы тұтынушылардың құқықтарын заң тұрғысынан қорғауға және мәміле субъектілерінің назар аударуы қажет мәсеселерді толығымен ашуға бағытталған.
Автор мақала жазу барысында электрондық мәмілеге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген авторлардың еңбектерін басшылыққа ала отырып , тек қазіргі уақытта өзекті болып табылатын мәселелерді қамтыған. Заңи тұрғыдан және іс жүзінде тұтынушылардың құқықтары қаншалықты дәрежеде қорғалатындығына байланысты салыстырмалы анализ жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін нақты ашып көрсеткен.
Мақаланың тақырыбы қазіргі таңдағы деңгейлі мәселе аясында таңдалған, себебі бүгінгі сауданың көрігін қыздырып отырған сала - электрондық коммерция .
Аннотация
Основополагающим моментом в раскрытии темы , послужившей основой статьи, является вопрос защиты прав потребителей при заключении электронных сделок.
Статья направлена на вид электронной сделки , юридическую защиту прав потребителей в данной сфере и полное раскрытие вопросов, на которые необходимо обратить внимание субъектам сделки.
Автор при написании статьи , руководствуясь трудами авторов, проводивших исследования, связанные с электронной сделкой, освещал только те вопросы, которые в настоящее время являются актуальными. В зависимости от того, насколько юридически и фактически защищены права потребителей, проведен сравнительный анализ, четко раскрыты достоинства и недостатки.
Тема статьи выбрана в контексте проблемы современного уровня, так как сфера, которая сегодня подогревает привлекательность торговли - электронная коммерция .
Аnnotation
The fundamental point in the disclosure of the topic that served as the basis of the article is the issue of consumer protection when entering into electronic transactions.
The article is aimed at the type of electronic transaction, legal protection of consumer rights in this area and full disclosure of issues that need to pay attention to the subjects of the transaction.
When writing the article , the author, guided by the works of authors who conducted research related to electronic transactions, covered only those issues that are currently relevant. Depending on the extent to which consumer rights are legally and actually protected, a comparative analysis is carried out, and the advantages and disadvantages are clearly revealed.
The topic of the article is chosen in the context of the problem of the modern level, since the sphere that today fuels the attractiveness of trade is e-Commerce .
Кілт сөздер: электрондық мәміле, тұтынушы, электрондық коммерция, заң , субъект, н.қ.а. , интернет-маркетинг.
Ключевые слова: электронная сделка, потребитель, электронная коммерция, закон, субъект, интернет-маркетинг.
Keywords: electronic transaction, consumer, e-Commerce, law, subject, Internet marketing.

Кіріспе
Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәмілелер жасайды , соның ішінде электрондық мәміле түрі қазіргі таңдағы елімізде болып жатқан ахуалға байланысты өзектілігі артты. Автор электрондық мәміле түріне және осы саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған зерттеу жұмысын жүргізеді. Электрондық мәмілелер жасасудады осы тұтынушылардың құқықтары бірқатар бұзылуға ұшырап жататыны, тақырыптың таңдалуына негіз болды. Зерттеу жұмысы интернет-маркетинг, деректердің электронды алмасуы (EDI), басқару жүйелері және деректерді жинаудың жүйелері сияқты аспектілерді дамытуға арналады.
Электрондық мәміле түрі жаңа сала түрі десекте болады, мысалы интернет дүкендер алғаш рет АҚШ-та 90-жылдардың басында пайда бола бастаған . Қазақстанда соңғы 5 - жылдық ішінде бұл мәміле түрін пайданушылар арасында маңыздылыққа ие болып отыр , бірақ заң тұрғысынан толықтай реттелмегендігін автор осы зерттеуде дәлелдейді . ҚР - ның Азаматтық Кодексінде , Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңында электрондық мәмілеге , тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған баптар бар , дегенімен электрондық мәмілелерді жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды реттейтін заңдар , н.қ.а. жоқтығын мақалада автор алға тартады.
Мақала объектісі болып интернет ресурстарын пайдалану арқылы жасалатын мәмілелерге толықтай түсінік беру, электрондық мәмілелерді жасау арқылы туындайтын тұтынушылардың құқықтарын қорғауға , реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің нормалары болып табылады.
Мақаланың мақсаты болып электрондық мәмілені жасаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып, тиімді жақтарын айшықтау, электрондық мәміле ұғымының құқықтық пайда болу тарихын зерттеу болып табылады .
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін алдымызға мынадай міндеттер қоямыз: электрондық мәмілелердің жасалу ерекшеліктеріне талдау жасай отырып түсінік беру , электронды мәміле жасасудағы пайда болатын тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған заңдардың , НҚА - дің тиімділігін , пайдасын анықтау. Электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында жүйелілік, логикалық-заңдық, бақылау , анализ , нақты-әлеуметтік сияқты жалпы ғылыми және арнайы білім әдістері пайдаланылды.

Әдебиеттерге шолу
Арнайы экономикалық әдебиетте электрондық сауда ұғымы көптеген авторлық және ресми анықтамаларға ие . Бұл терминнің ең кең тараған анықтамаларына электрондық сауда - бұл тауарды сатып алушы мен сатушының компьютерлер көмегімен Интернет арқылы жасалатын сауда түрі ұғымын жатқызуға болады . Көпетеген зерттеулерде электрондық сауда ғаламдық компьютерлік интернет желісінің көмегімен жүзеге асырылатын, бизнес субъектілерінің өзара ісқимылы арқылы жүргізілетін сауда ұғымы деп қарастырылған. Электрондық сауда терминінің ғылыми анықтамаларының бар болуымен қатар әртүрлі заңнамалық органдар мен беделді ұйымдардың оған берген ресми түсіндіруі де бар. Атап айтқанда, БҰҰның Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (UNCITRAL) электрондық сауда - бұл телекоммуникациялық желілер мен электрондық қаржы-экономикалық құралдарды пайдалана отырып , электрондық тәсілмен тауарларды , қызметтерді сатып алу - сатудың ұйымдастырылуы мен технологиясы деп есептейді . Сонымен қатар, электрондық сауда-саттық электронды құралдармен және виртуалды режимде жүзеге асырылатын сатып алу-сату ретінде түсіндіріледі .
Джан Чен Онлайн-бөлшек сауда стратегияларын зерттеу : АҚШ пен Қытайдағы жетекші компаниялардың тәжірибесі мақаласында электрондық сауда анықтамасы мен оның даму тарихын теориялық түрде баяндайды. Автор Э. Караяниса мен Дж.Александрдың Электрондық коммерциямақаласынан мынадай анықтаманы келтіреді : Электрондық коммерция материалдық және материалдық емес тауарларды және қызметтерді Интернет арқылы сатып алу сату бойынша мәмілелер жиынтығы ретінде анықталуы мүмкін . Оған онлайн бөлшек сауда, сатып алулар, онлайн аукциондар және онлайн төлемдер кіреді . Автордың пікірі бойынша, бұл анықтама электрондық коммерцияның мәнін анық және жан-жақты жеткізеді .

Әдіс және әдіснама
Мақала тақырыбын ашу мақсатында жүргізілетін ғылыми - зерттеуде нәтижеге жету үшін әдіс - тәсілдер қолданылады. Электрондық мәмілелерді жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесін зерттеуде жалпы ғылыми әдістертер қолданылды. Анализ әдісі арқылы электронды мәміле жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты баптарды заңнан іздеу арқылы жинақтау жүргізілді. Жалпы - ғылыми әдістің бір түрі абстракциялау әдісін қолдана отырып ғаламтор жүйесіндегі , электрондық мәмілелерге байланысты мақалалардан , жұмысты зерттеуге нақты пайдасын тигізетін әдебиеттердің , мағлұматтардың тізбегі құруға пайдасын тигізді.
Зерттеу жұмысында интерғылыми әдістерде қолданылды. Интерғылыми әдістердің ішіндегі модельдеу әдісі арқылы жұмысқа қыскаша шолуды презентация түрінде жасалған. Презентацияда электронды мәмілердің тарихына, қазіргі таңдағы сұраныс деңгейіне, электронды мәміленің жақсы және жаман жақтарына , осы тақырыпқа байланысты берген автор кеңестері баяндалған.
Объектінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу үшін қолданылатын ретроспекция әдісі электронды мәміленің шығу тарихын, қоғам қажеттіліктеріне сай өзгерістерін , қазіргі таңда иеленетін орнын , баспалдақ тәріздес түрде яғни динамикалық түрде бөліп көрсетуде таптырмас көмекші әдіс болды.
Электронды мәміле жасасудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау барысында басшылыққа алынатын заңдар мен тұжырымдарға бақылау жүргізуде экстрополяция әдісі қолданылды , бұл болашақта осы зерттеуге байланысты заң жобаларын дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді.
Тәжірбие жүргізуде , бірінші зерттеу жұмысыма байланысты жоспар құрылды. Жоспар зерттеушіге яғни авторға ең басты көмекші құрал болып табылады . Екінші зерттеудің нақты зерттелу аймағын анықталды. Үшіншіден әдебиеттердің , жаңалықтардың , ғаламтор бетіндегі мәліметтерді саралау арқылы пайдаланылатын әдебиеттерді бөліп қарастырылды.

Негізгі бөлім
Электрондық коммерция - сатып алушылар мен сатушылар арасындағы желілік өзара байланыстар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуге бағытталған қызмет түрі болып табылады . Электрондық коммерция құралдары бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастыруға және заңды тұлғалар арасында мәміле жасасуға, электрондық биржаларда қызмет жүргізуге, тапсырысты және тұтынушылық тауарлармен көрсетілетін туристік білім беру, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Тауарды жарнамалау, оларға тапсырыс беру, ақы төлеу, жеткізу жұмыстары желілік құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мысал келтіретін болсақ желілік жарнамалау кезінде дүкен өзінің Web-тізілімін немесе Web-сайтта арнайы сөре жасайды, мұнда сатып алушы тауардың ерекшеліктері мен сипаттамалары туралы хабарды жеткілікті дәрежеде оқып қана қоймай , сонымен бірге мультимедиа-құралдарын пайдалана отырып, оны көре алады .
Электрондық коммерциядағы қарастырылуы тиіс мәселелердің бірі болып - қауіпсіздік табылады . Интернет-магазиндердің ақпараттарын қолданудан , өзгертуден және жоюдан, рұқсатсыз қол сұғудан сақтау қажет, себебі интернет желісінде бұндай жағдайлар жиі кездеседі . Электрондық саудадағы кез-келген кәсіпорын өз қауіпсіздік саясатын жүргізуі қажет. Онда нені, неліктен қорғау керектігін, кімге жауапкершілік тағылатындығы және қандай ақпарат қол жетімді екендігі нақты көрсетілген қауіпсіздік ережелері немесе нұсқамасы анықталуы шарт . Клиенттен серверге дейінгі ақпарат жолы - ең қауіптілігі жоғары бөлім. Алаяқтар сауда кәсіпорындарының интернет-магазиндерін бұзу арқылы клиенттің жеке мағұлматтары көрсетілген клиент жайлы ақпараттарды көре алуы мүмкін . Кей жағдайда тек сатып алушының жеке мағұлматтар мен карт шоттары жайлы ақпаратты жинау мақсатында да мұндай дүкендер құрылады. Қауіптердің алдын-алу, азайту және жою үшін SSl(Secure Socket Layer) хаттамасы қолданылады. Ол американдық Netscape Communications компаниясымен құрылған . SSL сервистік хаттамалар мен тасымалдаушы хаттамалар (TCPIP) арасындағы мағұлматтардың қауіпсіздігін заманауи нүктеден-нүктеге дейін криптографиялық байланыс арқылы қамтамасыз етеді. Осыған дейін тұтынушы пен сервер алмасатын ақпартттарды ешқандай техникалық жабдықтаусыз қарауға мүмкіндік болатын .
Тауарлардың тізімін көрсететін Интернет желісі арқылы сатып алушының желілік тәсіл арқылы таңдаған тауарлардың және оларға тапсырыстың қоржынын қалыптастыруға негіз болады . Қоржындар туралы барлық ақпараттар жүйеде қалады және сатушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді . Сатып алушы сайтқа жіберілетін және тұтынушы нені сатып алғысы келетіні туралы мәліметтерді жинайтын электрондық бағдарламадан тауарды қалағанынша таңдай алады . Тауардың ақысы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып немесе бәрімізге белгілі дәстүрлі тәсілмен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз төленеді. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде неғұрлым тұрақты қарқынды дамуын соңғы екі жылда бастады, бұл интернет пайдаланушылардың санының артуымен және әлеуметтік желілердің ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен түсіндіріледі .
Тұтынушылардың құқықтары адам құқығының ажырамас бөлігі . Өмір сүруге құқық, адамгершілігінің қорғалуына құқық, жеке өміріне қолсұқпаушылық, пікірін білдіру бостандығы, жеке өмірінің қорғалуына деген құқықтар сияқты тұтынушылар құқығы өркениетті қоғамда адамның жеке өмірінің негізгі шарты болып есептеледі жəне олар мемлекетпен танылуы жəне қорғалуы тиіс .
Тұтынушылар құқықтарының мазмұны жəне оның қоғамда таралуы -- тарихи құбылыс . Халықаралық-құқықтық құжаттарында бекітілген тұтынушы құқықтарының қазіргі кездегі тізімі -- жетілген қоғамның нормасы болып табылатын эталондар мен стандарттардың тарихи құрылуының нəтижесі . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КЕПІЛДІ БАҒАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Кепіл объектісі ретінде жылжымайтын мүліктің ерекшеліктері
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық құқық негіздері жайлы
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мәміле ұғымы, нысаны және түрлері
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Мәмілелер жайында
Пәндер