Дәстүрлі емес криминалистикалық техниканың бағыттары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Дәстүрлі емес криминалистикалық техниканың бағыттары
Орындаған: Құдайберген Тимур
ТОП: ЮП 317
Қабылдаған: Атаханова Г.М
Алматы 2020 ж.
Криминалистикалық білімнің жаңа, дәстүрлі емес бағыттары құқық қорғау органдарынан криминалдық күштердің жасап жатқан қылмыстарының жаңа түрлерін ашу, олармен күресудің жаңа әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл процесс қылмыстық іс жүргізуге бұрын қылмыстық іске қатысы жоқ деп саналатын объектілерді қарастырумен тығыз байланысты. Кейінгі кезде, құқық қорғау органдарының криминалистиканың қылмыспен күресудегі жаңа ғылыми-техникалық негіздеріне сүйенуі кездейсоқ емес. Өйткені қазіргі кезде қылмыскерлерде өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруда ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолдануда. Міне, осы себептен біз осы мақалада кейінгі кездері шет елдерде және көрші Ресей мемлекеттерінде қолданылатын және қолданыла бастаған қылмысты ашудың дәстүрлі емес әдістерін қарастыруды жөн көрдік. Криминалистикалық полиграфология. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында белгілі кеңестік барлаушы Рудольф Абелдің әшкереленуіне сол кезде онша белгілі емес полиграф аппаратының қолданылуы себепкер болды. Бұл жерде айта кететін жағдай, Абел жауап беруден үзілді - кесілді бас тартты, міне сол себептен американдық қарсы барлау қызметкерлері тіпті оның қай мемлекетке жұмыс істейтінін де білмеді. Американдық қарсы барлау қызметкерлері оны бір қараңғы бөлмеге отырғызып, денесіне әр түрлі датчиктерді бекітіп Жапония, Израил, КСРО сияқты көптеген мемлекеттердің әр түрлі географиялық орындарының түрлітүсті слайдтарын көрсетті. Міне, осы кезде Кеңес Одағының суреттерін көрсеткен кезде Абел аппаратқа физиологиялық әсер беріп өзінің қай мемлекетке жұмыс істейтінін білдіріп алды [1, 142 б.]. Осыдан кейін Кеңестер Одағының МҚК (КГБ) полиграфты қолдануды жедел түрде қолға ала бастады. Жалпы алғанда, грек тілінен аударғанда полиграф көптеген жазулар деген мағынаны білдіреді. Полиграфиялық қондырғы эмоция пайда болғанда жүретін бірнеше (16-ға дейін) физиологиялық процестерді бір мезгілде тіркеуге мүмкіндік беретін көпсалалы приборға жатады [2]. Белгілі бір эмоциялық жағдайда адамның дем алысы, қан қысымы, биотоғы (мидың, жүректің, т.с.с.) өзгеріске ұшырайды. Осы өзгерістерді полиграф аппаратының көмегімен анықтап тіркеуге болады. Бұл приборлар медико-биологиялық зерттеулерде, клиникалық медицинада, қолданбалы психофизиологияда қолданылады. Сонымен қатар, бұл қондырғының жиі қолданылатын бағытына жалғандықты детекциялауды жатқызуға болады. Арнаулы психофизиологиялық зерттеулер күрделі, көпсатылы процедураларға жатады. Бұл жерде полиграф адамға берілген ақпараттарға оның организмінің тез арадағы реакциялық әсерін тіркейтін прибордың рөлін атқарады. Айта кететін жағдай, бұл приборлар сыналатын адамның денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді және қауіпсіздік техникасына толық жауап береді. Американдық полиграфтық операторлар Ассоциациясының мәліметтеріне қарағанда қылмысты зерттеуге полиграфты қолданған кезде 87-90 % оң нәтижелер алынған [3 ]. Қазіргі кезде полиграфты қолдану арқылы ақпараттар алудың екі бағытын атап көрсетуге болады: 1) дәстүрлі - контактылық, яғни сыналушының денесіне датчиктерді қосу арқылы зерттеу; 2) контактылық емес, бұнда сөздің кейбір сипаттамаларының өзгеруіне немесе сыналушының физикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты (мыс. психологиялық стресс анализаторлары және т.с.с) жүргізілетін зерттеулер. Осы әдістердің біреуін немесе оларды кешенді түрде қолдану - сыналушы адамның белгілі бір сұрақтарды қойған кезде приборда тіркелетін реакциялық өзгерістерін жазып, бекітуге мүмкіндік береді. Аталмыш қондырғыны қолдану арқылы мынандай міндеттерді шешуге болады: - қылмыстың алдын алу, ашу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызығушылығын тудыратын тұлғаларды анықтау; - тергеу мен сот органдарынан жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіруге қажетті ақпараттарды жинауға және өңдеуге; - шұғыл-іздестіру шараларын дайындауға және жүргізуге; - құқық қорғау органдарында қызмет істеуге үміткерлерді таңдау, және басқа да кадрлық мәселелер. Басқаша айтар болсақ, полиграф аппаратында сынау кезінде қойылған сұрақтарға сыналушы әр түрлі әсерлер береді, ол, мысалы, ритмикасының өзгеруі, дем алу амплитудасының өзгеруі, пульсінің ақырындауы немесе жиілеуі, артериальдық қан қысымының және тері қабатының электрлік кедергісінің ауытқушылығы түрінде көрініс береді. Қандай да бір болмасын қойылған осы немесе басқаша сұрақтарға айқын көрінетін әсер беру, белгілі бір субъективтік себептердің салдарынан осы сұрақтың оған қойылған басқа сұрақтарға қарағанда маңыздылығын көрсетеді. Бұл жерде оператор сыналушыға қандай сұрақ эмоционалдық әсер бергенін айқын көріп, жазып тіркей алады. Қазіргі кезде алыс шет елдерді айтпағанда, көрші Ресей мемлекетінде полиграфты қолдану өте қарқынды дамуда. Атап айтар болсақ, ФҚК (ФСБ), ІІМ (МВД), СБҚ (СВР), ТЖМ (МЧС), салық және кеден органдарында және Қорғаныс министрлігінің кейбір бөлімдерінде міндетті түрде полигафиялық тексерістен өту туралы инструкциялар қабылданған. Сондай-ақ, жеке бизнес саласында да полиграфты қолданушылар саны өсіп келеді. Ал енді біздегі, Қазақстандағы жағдай қалай? Бұл жөнінде айтар болсақ, біздерде де кейінгі кездері құқық қорғау органдарында полиграфты қолдану кеңінен дами бастады. Полиграфты қолдану басқа да криминалистикалық құралдар мен әдістерді қолданудағы сияқты белгілі бір құқықтық негіздерге сүйенуді талап етеді. Қылмыстық-іс жүргізу заңдарында дәлелдемелерді жинау, бекіту, алу үшін техникалық құрал-жабдықтарды ғана емес, бұл үшін білімнің әр саласындағы мамандарды да тартуды қарастырған. Бұл жерде, міндетті түрде ғылыми-техникалық құралдарды қолдануды рұқсат ету жағдайлары қарастырылады. ҚР ҚІЖК 129 бабы қылмысты тергеу органдары ғылыми-техникалық құралдарды қолдана алады, және бұл үшін білімнің әртүрлі саласындағы мамандарды тарта алады деп көрсеткен. Алайда, не заңда, не заңдық күші бар актілерде қылмысты ашу мен тергеу үшін қолданылатын техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдердің нақты бекітілген тізімі көрсетілмеген [4, 110 б.]. Ал, криминалистикада, қылмысты тергеу барысында қолданылатын техникалық құралдарды пайдаланудың: заңдылық, ғылыми дәлелділік, тиімділік, қауіпсіздік және этикалық қағидалары жалпы тұжырымдалған. Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанда полиграф шұғыл іздестіру шараларын жүргізу аясында қосымша дәлелдемелік материалдар алу үшін қолданылуда. Полиграфологиялық зерттеулерді жүргізудің негізгі аспектісі азаматтардың жеке басына тиіспеушілік туралы конституциялық құқығын бұзбау болып табылады. ҚР Конституциясының 17 және 18 бабы адамның жеке басының абыройына, жеке өміріне және жанұялық құпияларына қол сұқпаушылығын декларациялаған. Осыған сәйкес, бірде бір тұлға өзінің келісімінсіз ғылыми, медициналық немесе басқаша да зерттеулердің объектісі бола алмайды. Біздің осы қарастырып отырған жағдайымызда да полиграфиялық зерттеулер жүргізу үшін сыналатын адамның жазбаша келісімін алу қажет. Криминалистикалық гипнология Жалғандықты және қателесуді анықтаудың дәстүрлі емес әдістерінің біріне бізде және көрші Ресей мемлекеттерінде ресми қабылданбаған және заңдастырылмаған, бірақ кейбір шет елдерде қолданылатын, ақпарат иесін гипноздық жағдайға енгізу арқылы одан жеке мәліметтер алу әдісі жатады. Гипноз деп адамдардың сыртқы сендіруге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz