Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы
Практикалық жұмыс № 6
1-тапсырма
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы - мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі -- әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 -- 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 -- 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 -- 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды. Қазіргі заманның балық шаруашылығы -- балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10 -- 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы -- тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 -- 450 мыңға дейін азайған итбалықтың -- 27 мыңы, 1990 ж. -- 13,8 мыңы, 1996 ж. -- 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір -- тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы -- Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі -- Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі -- жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы; 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы -- ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүк концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен салыстырганда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 -- 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі -- ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкгл (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі -- 50 мкгл (бүл -- 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қәуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭБ) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
2-тапсырма
Қазақстандағы тұщы су қоры - Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz