Гидрология. Суды қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ОМАРОВ АҢСАҒАН
Гидрология -- су туралы ілім. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылығын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. Мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор
Батпақ -- ылғал шамадан тыс жиналып, шымтезек түзілу процесі жүріп жатқан жерлер. Батпақ жер беті сулары ойыстарда, шұңқырларда, сондай-ақ, жер бетіне жақын орналасқан су өткізбейтін қабаттарда іркіліп жиналғанда немесе жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты толық ылғалдыққа дейін қаныққанда және осы жерлерде ылғал сүйгіш өсімдіктер өскенде пайда болады.
Су балансы(французша балансе - таразы) - табиғаттағы не жеке шағын аймақтағы, атмосферадағы ылғалдың жалпы кірісі мен шығынын бейнелейтін сандық сипаттама, нақты бір аудан бойынша судың келуі мен ағып кетуі және жұмсалуы (шығыны) арасындағы байланыс. Су балансының құрамдас бөліктеріне: атмосфералық жауын-шашын, жер үсті сулары, булану, өсімдік транспирациясы, шаруашылықта пайдалану және су ағындары (жер үсті және жер асты) жатады
Табиғаттағы су айналымы -- жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады. Су булары ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады. Атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс - кіші немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен атмосфераға қоса құрлықты қамтитын су айналымы - үлкен немесе дүниежүзілік су айналымы деп аталады.
Жер асты суы - жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.
Мұхит (Әлемдік мұхит) -- гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. Океанос -- мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.
Көл -- тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі - Каспий теңізі, ең терең көлі - Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.
Теңіз -- мұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі. Теңіз деп кейбір ірі көлдерді де атайды (мысалы, Арал, Каспий, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су жайлы
Гидрология туралы түсініктер мен зерттеулер
Су, су экологиясы жөнінде білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Қайнар - бұлақ ғылыми өндірістік кешені
Студенттің практика бойынша есебі
Су құрамы
Тақталап суару
Су кадастры
Әлемдік мұхит туралы ақпарат
Өзендер және классификациясы, морфометриялық сипаттама
Пәндер