Қазақстандағы девиантты мінез құлықтың көріністері, оның алдын-алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы девиантты мінез құлықтың көріністері,оның алдын-алу
Республикада 5 784 583 бала тұрады, яғни еліміздегі халықтың үштен бір бөлігі. 2 млн. астамы мектепке дейінгі жастағы балалар, 3 млн астамы мектеп жасындағы балалар, 421 690 (18 жасқа дейінгі) білім алушы жастар, олардың ішінде 25 344 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 153 мыңнан астам бала ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар. Барлық санаттағы балаларға әртүрлі мүмкіндіктер мен конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

Балалардың мүдделерінде өткізілген мемлекеттік саясатқа қарамастан республикада балалардың құқықтарын қорғау саласында негативті үрдістер байқалады.

Біріншіден, балалардың денсаулығын сақтау саласында проблемалар бар. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанда арасында құқық бұзушылық пен қылмыс, қадағалаусыздық пен панасыздық, балаларға қатысты қатыгездік көрсету, зорлықтың алдын алу мен болдырмау мәселелері өзекті қалпында қалуда. ҚР БП мәліметі бойынша 2018 жылы балаларға қатысты 2 125 қылмыс жасалынды, балалар арасындағы құқық бұзушылық 3156. ЮНИСЕФ зерттеуіне сәйкес 66%-ға жуық жасөспірімдер құрдастары немесе одан да көп ересек балалар тарапынан зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке ұшырайды, 63% зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәлары болды, 44% құрбандары болды және 24% мектептегі басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілер актілерін жасады. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың өсуі 8,8% -ға өсуі байқалады (2017ж.-356, 2018ж.-739 жағдай). Жасөспірімнің ішімдікке, нашақорлық және уытқұмарлыққа берілуі проблемалары өзекті болуда: қылмыстардың төрттен бірін кәмелетке толмағандар мас күйінде жасайды. Қылмыстың көп бөлігі өмір, денсаулық пен балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы отбасыда жасалынады.

Келесі проблема, еліміздің әлемдік қауымдастығының ашықтығы, жоғары технологиялық дамуы балалардың Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желідегі контенттен қорғалмауына алып келді, балалар саудасы, балалар порнографиясы мен жезөкшелік проблемаларын күшейтті.

Еліміздегі өзекті проблемаларының бірі -- балалардың өмірден өздігінен кетуі. Жеткіншектердің арасындағы суицидтің таралуы бойынша Қазақстан әлем бойынша алдыңғы қатардан орын алады. Осал жағдайда аз қамтылған отбасыдан, көп балалы отбасыдан, толық емес отбасыдан және ата-аналары жұмыс жасамайтын отбасыдан шыққан балалар, ерекше қолдауға ерекше қажеттіліктегі балалар мен отбасылар, ерте жастағы неке, жеткіншек жастағы жүктілік проблемалары да өзекті.

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз ғалым Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық -- әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

Девиацияның екінші түрі -- делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық: майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Заңды мінез-құлық түрлері және қалыптасу ерекшелігі
Деструктивті мінез құлық
Мінез – құлық психологиялық категория және индивидтің негізі ретінде
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
Пәндер